Қоңырау қайдан естіледі?



жүктеу 92.55 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі92.55 Kb.

Сәбилердің бірінші тобындағы ойындар

Қоңырау қайдан естіледі?

Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады.Күуші апай бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады.Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр,қоңырауды табыңдар»,-дейді.Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды,одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші апай басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.



Жел көбік

Балалар бір-бірінің қолынанұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады:

Көпіре гөр көбік шар,

Көпіре бер кеңіп шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете көрме жарылып.

Өлеңді айтыпбара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі.Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бірдауыспен: «Тарс етті»,-дейді де тізірлеп отыра кетеді,Тәрбиеші жаңа көбік үрлеудіұсынады: балалар орынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп , ойын қайта басталады.

Күн және жаңбыр

Балалар алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардыңартыеда тізерлеп отырады да «терезеге»(орындықтың арқасыңдағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады»,-дейді.Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүгіріңдер!» деген сигналды естіп,бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардыңартына отырады. Тәрбиеші қайтадан : «Күн шықты! барыңдар,серуендеңдер»,- дейді, ойын қайта басталады.




Допты қуып жет

Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, далалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады.Ойын қайталанады.

Балалар қанша болса , допта сонша болуы керек.Олардың әрқайсысы

допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.


Бақшадағы тауықтар

Рейканың немесе жіптің көмегімен аздаған жер қоршалады. Ол- бақша. Одан қашық емес жерге орындық қойылады,бұл күзетшінің ролін алғашқыда тәрбиешінің белгілеумен белсенді балалар атқарады. Қалған балалар – тауықтар. Күзетші орындыққа отырған бойда тауықтар огородқа түседі,қорғанның астынан өтіп, бақшада жүгіреді,башаны шұқиды, қытқылдайды.Күзетші тауықтарды байқап, оларды бақшадан қуа бастайды- алақанын шапалақтайды, «Кыш-кыш» деп дауыстайды. Тауықтар қашып кетеді.Қорықшы бақшаны бір айналып шығады да қайтадан отырады. Ойын қайта бастслсды.Одан кейін басқа күзетші тағайындалады. Ойын осылайша 4-5 рет қайталанады.



Сәбилердің екінші тобындағы ойындар

Өз түсінді тап

Балалар үш-төрт жалаушалар алады. Біріншісі- жасыл, екіншісі-көк, үшіншісі- сары жалауша алады да 4-6 баладан бөлменің немесе алаңның бұрыштарында топтасады. Әр бұрыштағы орындықтың үстіне тәрбиеші әр түрлі жалаушалар ( жасыл, көк, сары,) қояды.

Тәрбиешінің: «Қыдыруға барыңдар», деген сигналы бойынша балалар топтанып немесе жеке- жеке алаңды немесе бөлмені аралап кетеді. «Өз түсіңді тап »,- деген жаңа сигнал бойынша балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.

Торғайдың балапандары мен мысық

Балалар бөлменің қабырғасына жағалай қойылған кішкентай скамейкада,үлкен текшелердің үстінде тұрады.Бұл-үй төбесінде немесе ұяларда отырған торғайлардың балапандары. Шеткіректе мысықотырады, оның ролін балалардың біреуі орындайды. Тәрбиеші: «Торғайлар балапандары ұшты»,- дейді. Торғайлар балапандары төбеден немесе ұялардан секіріп-секіріп түсіп, қанаттарын қағып, яғни қолдарын екі жағына созып, бөлменің ішінде жүгіріп жүреді, Бұл уақытта мысық ұйықтап отырады. Бірақ мысық тез ояна қалды, «мияу-мияу» деп керіліп талады да торғайдың балапандарын қуа жөнеледі. Олар үйдің төбесіне немесе ұяларына , өз орындарына баруы керек. Ұстаған торғайларбалапандарын мысық үйіне алып кетеді.


Масаны үста

Ойнаушылар бір-бірінен кол созымдай жерде дөгеленіп,

бетін ортаға беріп тұрады. Тәрбиеші ортада тұрады, оның

қолында шыбық (ұзындығы 1-1,5 м) оган картон қағаздан

жасап жіпке байланған маса (0,5 м) бар. Тәрбиеші масаны шыбықпен жоғарлау етіп айналдырып өтеді. Маса үстеріне ұшып бара жатқан кезде, балалар оны ұстауға тырысып, секіреді. Масаны кім ұстаса: «Мен ұстадым», - дейді.

Бұдан кейін тәрбиеші шыбықпен балалардың үстінен тағы да айналдырады.

Ойынды қайталап бастар алдында тәрбиеші балаларға 1-2 қадам кеін шегіну керек екенін ескерту керек, өйткені балалр масаны ұстаймыз деп секірген кезде шеңберді аздап тартылады.

Шыбықпен масаны айналдырған кезде, тәрбиеші балалар масаны ұстап алатындай биіктікте, брсе жоғартылып, бірсе төмендетіп тұруы керек.



Кегли

Ойынды пласмассадан жасалған кегллер қолданады. Оларды бір-біріне 10-15 см қашықта орналастырады.

Балалар 1-1,5 м жерден бір-бір доптан домалатады. Тәрбиеші балалардың қайсысың кеглиге тигізгенін белгілеп тұрады; жеңілгеніне онша назар аудармай, тигізе алмағандарға көмектеседі.

Құрсауды дөңгелет

Үш-төрт бала тәрбиешіге қарама-қарсы 1,5-2 м жерде тұрады. Тәрбиеші құрсауды кезекпен әр балаға қарай дөңгелетеді, ол ұстайды да керсінше тәрбиешіге қарай дөңгелетеді.

Балалар құрсауды дөңгелетуді және ұстауды жақсы үйренген кезде бір-бірімен өздері ойнай алады.

Естияр балалар тобындағы ойындар

Ормандағы аюда ...

Алаңның бір шетінен сызық жүргізілді. Бұл орманның шеті. Сызықтың арғы сыртынан екі-үш қадам жерде аюдың жататын жері сызылып белгіленді. Алаңның қарсы жақ шетінде сызықпен балалардыңүйі белгіленеді.

Тәрбиеші ойнаушы балалардың біреуін аю етіп тағайындайды. Қалған ойыншылар – балалар: олар үлерінде отырады.

Тәрбиеші: «Серуендеп келіңдер»,-дейді Балалар орманның шетіне барып, саңырауқұлақ басқа да жеміс-жидек теріп жүріп, істеп жүрген тірлегіне ұқсас қимылдар жасайды,(еңкейді және денесін тік ұстайды), сөйтіп, мынандай өлен айтады:

Аю жүрген орманнан,

Жидек тердім сол маңнан.

Аю отыр гүрілдеп,

Жарамайды мұның деп.

Ойнаушы балалар «гүрілдеп» деген кезде аю гүрілдеп тұрған кезде олар үйлеріне қашады. Аю оларды ұстағысы кледі. Ұстағандарын аю өзіне алып кетеді. Балалар қайтадан саңырауқұлақ, жеміс-жидек тере бастайды.

Аю екі-үш баланы ұстағаннан кейін, қайтадан жаңа аю белгіленеді немесе жаңадан таңдалады және ойын қайта басталады.




Торғайлар мен автомобиль

Алаңның шекарасы сызылады немесе жалаушалаомен белгіленеді. Алаңның бір жақ шетінде орындықтарда немесе скамейкаларда торғайлар отырады. Алаңның екінші жақ шетінде автомобиль тұратын жер (гараж) белгіленеді.

Тәрбиеші: «торғайлар ұясынан ұшады»,- дейді. Балалар скамейкаларынан секіріп-секіріп түсіп (олардың биіктігі 10-15 см), қолдарын екі жаққа жазып, әр түрлі бағытта жүгіре бастайды, қос аяқтапсекіреді.

Гудок беріледі де автобиль ( белгіленген бала) көрінеді. Тоғайлар үркіп, ұяларына ұшып кетеді(әрқайсы өз орындарына-ұяларына барады). Автомобиль гаражға оралады. Ойын басқа автомобильмен қайта басталады.

Ойында автомобиль болып ойнайтын балалалрға руль беруге болады. Тәрбиеші балалардың шеңберденшығып кетпеуін бақылайды.

Ойынға «дән шұкылауын» енгізуге болады. Тәрбиеші: «кішкене құстардың жем жегісі келеді, дән шұқи бастайды»,- дейді. Осы сөзді естіген кезде, балалар тізерлеп, отырып қалады да саусақтарымен еденді немесе жерді соға бастайды.



Кішкене құстар мен мысық

Тәрбиеші учаскеде үлкен дөңгелек(бөлмеде, залда оны жіппен де істеуге болады) сызады. Балалар дөңгелектің сыртын айнала тұрады. Бір баланы мысық етіп тағайындайды, ол ортада тұрады, қалған балалар – кішкене құстар.

Мысық ұйықтайды (көзін жұмады), ал кішкене құстар дөңгелектің ішіне келіп, сонда ұшып жүреді, отырады, дән шоқиды.

Мысық оянады да кішкене құстарды ұстай бастсйды, ал олар шеңбердіңсыртына қашады,Ұстаған құстарын мысық шеңбердің ортасына апарады. Тәрбиеші олардың қанша екенін санайды.

Ойын басқа мысықпен қайталанады.


Аңшы мен қояндар

Алаңның бір жағында аңшының орны қоршалған. Екінші жағында кішкентай дөңгелектермен қояндардың орындары белгіленеді. Әр қоршауда 2-3 -тен қоян бар.

Аңшы қояндардың ізін іздеп жүрген адам сияқтанып, алаңды бір айналып өтеді де орына келеді.

Тәрбиеші: «Қояндар жазық аланға шықты»,- дейді.Қояндар өздерін қоршаған дөңгелектерден жүгіріп шығып, қос аяқтап секіреді,алға қарай жылжиды. Тәрбиеші: «Аңшы» деп дауыстаған кезде, қояндар тоқтайды, аңшыға арқасымен бұрылады, ал аңшы орынан қозғалмастан, оларға доп лақтырады. Доп тиген қоян атып өлтірілген болып саналады, да аңшы оны алып кетеді.

Ойын үш рет қайталанғаннан кейін, атылған қояндардың саны алынады, басқа аңшы белгіленеді, ойын жалғастырыла беріледі.

Жалаушаны тап (қайда тығылғанын тап)

Балалар бөлменің қабырғасынан жағалай ұзына-бойына немесе алаңнын бір жағына отырады. Тәрбиеші балаларға жалаушаны көрсетеді де, оны жасыратынын айтады. Тәрбиеші балаларға орындарынан тұрып. Теріс қарауды ұсынады. Бұдан кейін балалардың ешқайсысына қарамай тұрғанына көзі жеткенен кейін, жалаушаны жасырады да: «Ал іздендер,»-дейді. Балалар тығылған жалаушаны іздей бастайды. Жалаушаны кім бірінші болып тапса , сол ойын қайталаған кезде жалаушаны жасырады.

Жалаушаны балалар бірден таба алмай тындай етіп жасыру керек . Бірақ, егер балалар жалаушаны ұзақ уақыт таба алмаса, онда тәрбиеші жалауша тығылған жерге келіп, сол маңнан іздеуді ұсынады.

Жалаушаны бала жасыратын кезде, оған дұрыс орын табуға көмектесу керек.

Жалаушаны басқа нәрсемен ауыстыруға болады.

Ұшақтар

Балалар алаңның әр жерінде 3-4 жалаушалармен белгіленген колоннамен тұрады. Ойнаушылар ұшақтарды бейнелейді. Олар ұшуға әзірленеді. Тәрбиешінің: «Ұшуға әзірленіңдер!» деген сигналы бойынша балалар қолдарымен қимыл жасап, моторды іске қосқан болады. Педагог: «Ұшыңдар»,- дейді. Балалар қолдарын екі жаққа жазып, алаңда жан-жаққа бытырап, ұшып жүреді.

Тәрбиешінің : «отырыңдар» деген сигналы бойынша ұшақтар өз орындарын тауып, жерге қонады: балалар колоннаға тұрып, бірге тізілеп отырады.

Тәрбиеші қай калоннаның тез сапқа тұрғанын атап өтеді.

Алғашқы кезде колоннаның бастаушысы етіп екпіндірек балаларды белгілеу керек.

Балаларды жеңілірек жүгіруіне назар аударған дұрыс.



Ересек балалар тобындағы ойындар

Аққу-қаздар

Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады. Балалардың қалғандары қаз болады.

Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол- олардыңжататын орны.

Алаңныңшетінен орын сызып белгіленеді, ол қасқырдың үңгірі.

Бьақташы қаздарды жайлауға шалғынға айдап салады. Қаздар шалғында жүреді, ұшады. Содан кейін бақташы былай дейді:

Қаздар, қаздар!

Қаздар тоқтайды да, хормен жауап береді:

Қанқ , қаңқ , қаңқ!

Бақташы.- Қаздар, қаздар қаңқылдап,

Барасындар қай жаққа?

Қаздар. Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы. Біздің жерге түсе кет,

Түсіп сусын іше кет.

Қаздар. Сіздің жерге түсеміз,

Түсіп сусын ішеміз.

Бақташы. Болсын онда жол жайлы!

Қаздар. Бізге ол жаққа болмайды:

Жолды тосып сұр қасқыр,

Тау бөктерлеп жүр қасқыр!

Бақташы. Олай болса, қалаған,

Жақтарына бар аман!

Қаздар қанаттарын қағып (қолдарын жан-жағына сермеп) көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп,жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға тырысады.

Ұстаған қаздарды қасқыр үнгіріне алып кетеді.

Үш-төрт жүгірістен кейін ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады.

Содан кейін жаңадан қасқыр мен бақташы таңдалып алынады да ойын қайтала береді.

Ескерту. Тәрбиеші ойынды бірінші рет жүргізген кезде, ол балаларға қаздар көк шалғында жайылып жүреді, шөп жейді, сол кезде олар еңкейеді, мойындарын созады, ал ұшқан кезде қанаттарын қағады, деп түсіндіреді.

Жүгіріп өтуге үлгер

Тәрбиеші балалардың біреуімен жіптің екі ұшын ( оның ұзындығы 3-4м) ұстап, оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарай жайлап айналдырады. Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғары көтерілген кезде, жіптің астынан жүгіріп өтуге үлгеру қажет.



Психожаттығу, ертеңгілік жиын.

Мақсаты: Балаларды жинақтау және топтық атмосфераны қалыптастыру.

Балалар педагогтармен шеңберге жиналып отырады. Бәріне амандасу өлеңін жаттап алып, өлеңдете айтуы ұсыналады:


Қайырлы таң, Әсел (күліп және басын иіу)

Қайырлы таң, Әсет (шеңберде отырған балалардың аттары аталады)

Қайырлы таң. (Педагогтың аты-жөні)

Қайырлы күн (қолды жоғары көтеру, түсіру)

Қайырлы таң, көк аспан ( қолды жоғары көтеру, түсіру)

Қайырлы таң бәрімізге ( қолды жанымызға жаю, түсіру)


-Армысыз, қайырлы күн!

-Армысыз,қайырымды Аспан-ата!

-Армысыз,Мейірімді жер- Ана

-Армысыз,шұғылалы алтын-Күн!

-Қуанайық, шаттанайық бәріміз!

-Күліп шықты күн бүгін!

-Бәріміз күндей жарқырайық!

-Бәріміз тату болайық!

-Бәріміз дос болайық!
-Балалар, алақанымызды ашайық,

-Күннің нұрын салайық,

-Таза аудан салайық,

-Жүрек жылуынан салайық,

-Мейірімділік шоғын салайық,

-Жиналған жылы шуақты,

-Балаларға шашайық!
Сәлем, деймін, күнге мен!

Сәлем, деймін,мен саған.

Сәлем, деймін, апайға,

Балаларға, құстарға.

Еркем,еркем,еркем-ай,

Еркелеген еркем-ай.

Жақсы көрем өмірді,

Жақсы көрем мен сені.


Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезікен,

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізеттпен

Біздер сәлем береміз.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, апайлар,



Сәлем,сәлем, сәлем.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет