Астанада ерлі-зайыптылар жанжалдасып, ер адам әйелін машинадан көшеге лақтырып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр

Белгілі болғандай, екеуі де мас болған. Олардың жолдағы жанжалы видеоға түсіп, полиция шақырылған.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Сағат 02.00 шамасында "102" пультіне оқиға куәгерінен GEELY көлігінің мас жүргізушісі жол бойында әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Жүргізуші көлікті тастап, жаяу қашуға әрекеттенгенімен, қамауға алынды.

  • Ақтаушылар мен даттаушылар: Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Бишімбаевты қорғап жатқан кімдер
  • "Келіншегім көліктен секірмек болды": Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай екінші әйелінің дуаланғанына сенімді

Көлік ішінде ер адамның әйелі болғаны белгілі болды. Оқиғадан сәл бұрын ерлі-зайыптылар дәмханада ішімдік ішіп отырған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар мас күйінде көлікке отырған. Көлік жүргізіп келе жатқанда ерлі-зайыптылардың арасындағы төбелес жалғасып, жүргізуші көлікті тоқтатып, әйелді көліктен лақтырып жіберген.

"Полицейлер жүргізушіні көлік жүргізуден шығарып, медициналық тексеруден өтуін сұрады. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Полиция талаптарын орындамағаны және алкогольдік масаңдық бойынша тест тапсырудан жалтарғаны үшін жүргізуші 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында 15 жылдан бері іздеуде жүрген кісі өлтіруші ұсталғаны туралы жазған едік. Ол әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырып жіберген. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.