Литваның Каунас қаласында бокстан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы олжалы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz коллажы

Финалда 9 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықса, соның алтауы алтын медаль жеңіп алды.

Бұл қатарда 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен ұтты.

Сонымен қатар ирландиялық Паул Хэйл Джон жекпе-жектен бас тартқандықтан, Жандос Қыдырәлиев (63,5 келі) тағы бір алтынға қол жеткізді. Қорғаныста сауатты қимылдап, шабуылда ширақтық танытқанйінбай Елнұр Сүйінбай (67 келі) польшалық Кирилл Глобенкодан айласын асырды.

  • "Елге қайтаруға тырысамыз": Министр боксшы Бейбіт Шүменовтің әлі іздеуде екенін айтты

  • Атақты Майк Тайсон блогер-боксшымен жекпе-жек өткізеді

Фарух Тоқтасынов (71 келі) соңғы бәсекесін де қарқынды өткізіп, украиналық Максим Молоданға еш мүмкіндік берген жоқ. Азамат Бектас (75 келі) поляк Михал Ярлинскидің әлсіз тұсын тауып, жүлделі болды. Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) ағылшын Рамтин Мусадан бір бас жоғары екенін дәлелдеді.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) соңғы айқаста украиналық Иван Завадскийге, Алмат Әбдуәли (60 келі) латвиялық Матвейс Прокудинске, Абзал Құттыбеков (86 келі) ағылшын Исаак Охоға төрешілер шешімімен жол берді.

Нәтижесінде, қазақстандық боксшылар бұл жарыста 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдені иеленді.

Еске салайық, бұған дейін Даниял Сәбит (51 келі) пен Аманат Сабырғали (+92 келі) қоламен шектелген еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.