Қазақтың жыл санауы бойынша 2024-те Ұлу жылы кірді. Бұл жылы кейбір жұлдыз белгілері табыс пен мансапқа жетсе, кейбіреуінің отбасылық өмірі мен жеке қарым-қатынастары нығаяды. Бұл туралы Stan.kz тілшісі осы жылға арналған жұлдыз жорамалды ұсынады.

Фото: pixabay.com

2024 жылы ерлер мен әйелдер үшін маңызды өзгерістер жылы болмақ. Себебі сәуір айында Юпитер мен Уран екеуі күш біріктіреді. Бұл кезде қаржы, технология, инновация саласындағы өзгерістер мен жаңа жетістіктерге қол жеткізуге болады.

Тоқты

(21 наурыз – 20 сәуір)
2024 жыл тоқтылардың жаңаратын кезеңі. Өйткені кармалық ай түйіні жыл бойы осы белгіде болып, бойындағы талантын кеңінен көрсете алады. Наурызда күннің тұтылуы жаңа қуат пен сенімділік әкеледі. Бұл жаңа бастамалар үшін тамаша уақыт. Сәуір танысуға, жеке қарым-қатынасты жақсартуға және неке құруға қолайлы уақыт болады. Бұл ай ақша табуға қолайлы мүмкіндіктер мен күтпеген қаржылай пайда әкеледі.

Шілдеден қазанға дейін Юпитердің оң әсері өмірдің көптеген саласында дамуға ықпал етеді. Күз – оқуға, саяхатқа және бизнеске қолайлы уақыт.

Торпақ 

(21 сәуір – 21 мамыр)
2024 жыл – торпақ белгісінің өкілдері үшін өсу мен дамудың жаңа мүмкіндіктеріне толы болады. Сіз өзіңіздің мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызға көбірек назар аударуыңыз керек. Ішкі қажеттіліктеріңізді анықтап, жаңа шешімдер қабылдайсыз. Өзгерістерге дайын болыңыз және жаңа мүмкіндіктерге ашық болыңыз. Сіздің тұрақтылығыңыз бен табандылығыңыз арқасында әл-ауқатыңыз артып, табысқа кенелесіз. Сіздің сенімділігіңіз басқаларға да оң әсерін береді. 

Мамыр – махаббат пен романтикалық қарым-қатынастар үшін қолайлы уақыт. Күзгі тұтылулар кәсіби іс-әрекеттерді қорытындылайды және жұмыс жоспарларына түзетулер енгізеді.

Егіздер

(22 мамыр – 21 маусым)
2024 жылы егіздер белгісінің өкілдері үшін үлкен өзгерістердің, шытырман оқиғалардың және жаңа мүмкіндіктердің жылы болады. Наурыз және сәуір айларындағы тұтылулардан соң, егіздердің жеке өмірінде жаңалықтар болады. Жаңа жоспарлар құрады. Ал бойдақ егіздердің өміріне кездесулер, жаңа таныстар және жаңа махаббат пайда болады. Мамыр айында сәттілік планетасы Юпитер бұл белгіге еніп, прогресс пен даму әкелсе, маусым айында Венера қарым-қатынасты жақсартады. Шілдеден қарашаға дейін жеке тұлға ретінде өсу, даму және сәттілік болады.

Жылдың аяғында, желтоқсанда сіз өзіңіздің жайлы аймағыңыздан шығып, кейбір кедергіні жеңіп, алға ұмтылу үшін көбірек күш салуыңыз керек.

Шаян 

(22 маусым – 22 шілде)
2024 жыл шаянда жеке өсуіне және дамуына көптеген мүмкіндік болады. Әртүрлі жетістікке салада жеткіңіз келсе, эмоционалды күшіңіз бен түйсігіңізге сенуіңіз керек.

Жайлы аймақтан шығып, күтіп тұрған өзгерістерге дайын болыңыз. Сізді бақ-дәулет пен үйлесімді қарым-қатынас күтіп тұр. Сіздің қамқорлығыңыз бен сезімталдығыңыз қолайлы орта құруға көмектеседі. 

Сонымен қатар бұл жылы шаяндар отбасы мен жеке қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады. Жақындарыңызбен араңыз суып кетсе, татуласатын және тепе-теңдікті ұстап тұратын уақыт екенін ұмытпаңыз. Сезіміңізді білдіруге және ғашық болуға дайын болыңыз.

Арыстан

(23 шілде – 23 тамыз)
Жұлдызжорамал бұл жылы арыстандарға мансапта өсуге, кәсіби дамуға және артуына сөз береді. Ортаңызда абыройыңыз бен ықпалыңыз күшейіп, мәртебеңіз көтеріледі. Дегенмен тиімді мүмкіндіктер туа қалса, жіберіп алмауға тырысыңыз. Жылдың бірінші жартысында лауазымыңыз жоғарылауы мүмкін. Ал екінші жартысында жаңа перспиктивалар күтіп тұр. 

Биыл арыстандар романтикалық қарым-қатынасты көбірек сезінеді. Жомарт және нәзік болуды ұмытпаңыз.

Бикеш

(24 тамыз – 22 қыркүйек)
Ұлы жылында бикештер дүниетанымын кеңейтіп, кәсіби салада дамиды және жаңа мансабында өседі. Мансабыңызда оң өзгерістер күтіп тұр. Жылдың басында табысыңыз артып, қызметіңізде мақтау-марапаттарға ие боласыз.  Өмірлік серігін іздеп жүргендерге махаббатын жолықтыруға барлық мүмкіндіктер бар.

Бәрін жүрегіңізге жақын қабылдаудан аулақ болыңыз. Қараша айында романтикалық кездесулер мен жеке қарым-қатынастарды нығайту үшін қолайлы уақыт.

Таразы 

(23 қыркүйек – 22 қазан)
Биыл таразыларға шапшаң қимылдап, жинақы болған жөн. Әр әрекетіңіз тиімді болса, жыл қаржылық және кәсіби тұрғыдан өте жемісті болмақ.  Таразыларға бірлескен инвестициялар мен салымдар жақсы пайда әкеледі. Қаржыңызды босқа шығындауға жол бермеңіз. Жеке өміріңізде өзгерістер болады. Жыл жақсы әсер етіп, қаржылық жағдайдың жақсаруына ықпал етеді. Жаңа мүлік алу кезінде несиелерді мақұлдай аласыз.

Бұл жылы сіздерге ескі мәселелеріңізді шешуге қолайлы жыл. Жақын адамдармен тұрақты қарым-қатынас сізге қажетті тәжірибе алуға көмектеседі.

Сарышаян

(23 қазан – 21 қараша)
2024 жылы сарышаяндар серіктестік саласына ерекше әсер етеді. Себебі іскерлік ынтымақтастық саласында қолайлы мүмкіндіктер шығып, мол табысқа қол жеткізесіз. Жылдың бірінші жартысында жеке қарым-қатынасты жақсартуға болады.

Бойдақ сарышаяндар екінші жартысын тауып, сәтті неке одағын құра алады. Жаңа пайдалы байланыстар қаржылық жағдайдың жақсаруына ықпал етеді. Бірақ мол қаражаттан ертеңгі күнге қор жинауды ұмытпау керек.

Сіз мамыр және маусым айларында кірісіңізді көбейтіп, тиімді инвестициялар, сатып алулар жасай алады. Жылжымайтын мүлік сатып аласыз. Білім алуға қолайлы жыл болады.

Мерген 

(22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Жұлдыздар мергендерге бұл жылы жұмысы мен денсаулығына ерекше мән бергені жөн екенін айтады. Жылдың бірінші жартысында мергендердің қызметінде жалақысы жоғарылап, абыройы артады. Материалдық жағдайы жақсарады және қарыздарын жабады. Махаббат пен отбасылық өмірдегі тағдыр сыйын бағалауға тырысыңыз. Егер бұрын әріптестеріңізден кеңес сұрап, көп сұраққа жауап алатын болсаңыз, енді өзіңізге көмекке жүгінетіндер көбейеді.

Бойдақ мергендер жеке өмірде уақытша ғашық болады. Бұл сезімның достық қатынаспен ғана шектеліп қалады.

Тауешкі
Тауешкілер үшін жыл тұрақтылықты уәде етпейді, бірақ Юпитер мен Сатурнның жағымды әсері өмірдің жақсаруы мен жаңа мүмкіндіктерге әкеледі. Басыңызға іс түссе, оны сізге берілген жаза ретінде емес, өзіңізді жаңа мақсаттарға жетелейтін тәсіл деп қабылдаңыз. Дау-дамайға түспеуге тырысыңыз.

Бірінші жартыжылдықта жинақталған тәжірибе мен көрсетілген табандылық бизнесте жетістікке жетуге көмектеседі. Наурыз және қазан айларындағы тұтылулар кәсіби қызметке өзгерістер енгізеді. Тауешкі қаржы және мансап тұрғысынан табысқа ие болады. Әмияныңызда қомақты қаржы болады, оны өз қалауыңызша жарата аласыз. 

Егер сіз ақшаңызды бизнеске немесе кіріс әкелетін активтерге салуды шешсеңіз, 2024 жылы көптеген жағымды жаңалық болады.

Суқұйғыш
Суқұйғыштарға сәттілік планетасы Юпитер отбасы мен үй саласына жағымды өзгерістер әкеледі. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға деген ұмтылыс сәтті болады. Жылдың бірінші жартысы-тұрғын үй мәселелерін шешудің сәтті кезеңі: үй, пәтер немесе жер учаскесін сатып алу. Жалпы, өмір сүру жағдайларының жақсаруын күту керек. Суқұйғыштар – әр жағдайға қарай бейімделе алатын белгі иелері. Жарты жыл бойы осы қасиетін қолдануға тура келеді. Ары қарай жемісін көруге жол ашық.

Жеке өміріңіздегі мәселелер шешімін табады. Туыстарыңыз және достарыңыз қаржы жағынан мәселелеріңізді шешуге көмектеседі.

Балық
Жұлдыз жорамалына сәйкес, 2024 жыл балықтар үшін қызығушылықтар мен байланыстардың кеңею жылы болады. Ақпаннан сәуірге дейін Юпитердің жағымды әсері көптеген қарым-қатынас, жаңа таныстық әкеледі, олар кез келген курстарға бару немесе шет тілін үйрену сияқты тәжірибе жинақтайды.

Қуанышыңызды бөлісе алатын достарыңыздан айырылмаңыз. Денсаулығыңызға, рухани әлеміңізге көңіл бөліңіз. Жыл соңына қарай кездесетін қиындықтарға барынша байыппен қарауды үйренесіз. "Жеті рет өлшеп, бір рет кес" қағидасын ұстаныңыз.

Аумалы-төкпелі мінезіңізбен қателік жіберіп алуыңыз мүмкін. Сақ болыңыз. Ішкі түйсігіңізге құлақ түріңіз.
Шілдеден қыркүйекке дейін денсаулығыңызға көбірек қамқорлық жасауға кеңес береді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.