Қожан Сәуле Жанболатқызы Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебі, бастауыш класс мұғалімі Тақырыбы: Ең жоғарғы ұғым – Адам! Мақсаты



жүктеу 26.12 Kb.
Дата27.06.2018
өлшемі26.12 Kb.

Қожан Сәуле Жанболатқызы

Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебі ,

бастауыш класс мұғалімі

Тақырыбы: Ең жоғарғы ұғым – Адам!

Мақсаты: « Адам» атты ұлы есімге деген құрмет сезімдеріне әсер ету, адамгершілікке,

қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке,

адами қасиетті жоғары ұстай білуге үйрету.

Ой-өрісін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдысын ,қызығушылығын

арттыру.

Тәлімдік қағидаларды, жақсы- жаман мінез- құлық, іс- әрекет, ынтымақ –

тастық, достық қасиетті ажырата, бағалай білуге баулу. Пікірталас барысында

өзіндік ойын еркін жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға

тәрбиелеу.

Түрі: пікірталас, топпен жұмыс

Әдісі: талдау, ой бөлісу, пікірлесу, қызығушылықты ояту

Көрнекілігі: слайдтар, тосын сый

Барысы:


  1. Шаттық шеңбері (Сәбилік кезең)

  2. «Кім тапқыр?» ойыны (тұсау кесу )

  3. Адам бойындағы қасиеттер Адам болам десеңіз ...(тоқымқағар )

  4. Адам өз өмірінің суретшісі ( Тілашар )

5. Мен-кіммін? (эссе жазу)автор орындығы ( Бастауышпен қоштасу )

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.



Психологиялық дайындық

Шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне игі тілек айту.

Оқушыларды топқа бөлу.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ең негізгі ұғым – Адам деп аталады.



Қызығушылықты ояту.

«Кім тапқыр?»ойыны.

Сөз тіркестері мен сөздерді пайдалана отырып, құрастырғанда адами қасиеттерге байланысты сөйлемдер шығады.


  1. Жақсы адамды көргенде оған теңел.

2. Жаман адамды көргенде өзіңді зертте.

3.Жақсы көңіл- күй жанға шуақ береді.



Адам бойындағы қасиеттер (сызба)

Демек, адам бойында жағымды, жағымсыз қасиеттер болады екен. Оны ұлы Абай атамыз «Адам болам десеңіз» өлеңінде бес асыл іс пен бес дұшпан деп атайтынын бәріміз білеміз. (слайд)

Ақылдылық , адалдық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, инабаттылық, шыншылдық, шыдымдылық, байсалдылық бұлардың бәрі адам үшін ең жоғарғы ұғым болып табылады. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден,ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.


  1. Адам өз өмірінің суретшісі.

Адам өмірінде түстің де алатын орны ерекше. Әр түс адамның жақсы, жаман қасиеттерін білдіреді.олай болса мына гүл күлтелерін топ болып өз қалаған түспен сәйкестендіреміз.

Түс бойынша өз бойларындағы жақсы қасиеттерді атау.

Міне , балалар, бір сыныпта оқитын оқушылар бір-біріне осындай мейірімділік, шыншылдық, қарым қатынаста болса, онда біз өз өміріміздің нағыз суретшісіміз.

Шығармашылық жұмыс.

Мен кіммін? тақырыбына эссе жазу. Автор орындығында отырып қорғау.



Қорытындылау.

Міне, балалар біз бүгінгі сабағымызда адам өмірінде, оның ішінде сіздердің өмірлеріңіздегі Адам деген негізгі ұғымды бірлесе отырып сараптадық.

Олай болса, сабағымызды Абай атамыздың мына өлеңімен аяқтаймыз.

Ақылы бар баласың,

Айтқан тілді аласың.

Намысты боп өссең сен,

Нағыз адам боласың!

Мадақтау . Смайликтер тарату.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет