Астана қаласында халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сыртқы белгілері бойынша — №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін болған. Қазір эвакуация жүргізіліп жатқаны айтылады.

Министрлік сағат 08-24-те өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метрде электр кабельдері жанған. 

Бұған дейін Қарағандыда машина жасау зауытынан өрт шыққаны белгілі болған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.