Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі төмен оқушылармен



жүктеу 23.15 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі23.15 Kb.
түріСабақ

Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі төмен оқушылармен

ТРЕНИНГ САБАҚ


МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ СӨЗІ:

Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар! Құрметті оқушылар!

Бүгінгі біздің сабағымыздың І бөлімі психодиагностикадан басталады. ІІ бөлімі психокоррекциялық жұмыстарға арналады.
І. ТАНЫСУ ТРЕНИНГІ:

Мақсаты: Оқушылар арасында жағымды есте сақтау қабілетін орнату.

Нұсқау: Қазір, балалар , сіздер 1-ші (партадағы) оқушыдан бастап өз есімдеріңе жақсы сөзбен мақтау немесе мадақтау (сөзін қосып аяқтағанша алдындағы қағаздарынга жазып) айтып шығамыз.

1-ші оқушы «Менің есімім.........» деп бастап, 2-ші оқушы жалғастырады, әрі қарай танысу аяқталғанша жалғастырады. Сонымен, танысып болған соң, есімдері жазылған парақты алдына қояды.


НЕ ӨЗГЕРДІ?
Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Құралы: бірнеше ойыншық

Нұсқау:

Үстелдің үстіне бірнеше ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есіне сақтау ұсынылады. Содан кейін « Көзіңді жұм » деген нұсқау беріледі. Осы кезде жүргізуші 1 ойыншықты алып қояды. Жоғалғанын табу ұсынылады.


САНДАРДЫ ЕСІҢЕ САҚТА

Мақсаты: Баланың есту арқылы қысқа мерзімде есте сақтауының көлемін анықтауға арналған.



Нұсқау:

Қазір мен саған сандарды айтамын, ал сен , жүйелі түрде сандарды жоғарыдан төмен қарай оқуың керек. ( 2 секунд ішінде).

9,4,6,5,9,3,8,3 3,9,4,2,1,3,7,5, 2,1,7,0,1,8,9,5
СӨЗДЕРДІ ЖАТТАП АЛ

Мақсаты: Жаттап алу процесінің динамикасы анықталады.

Нұсқау:

Балаға 12 сөзден тұратын қатарды жаттап алу және қатесіз еске түсіру тапсырмасы беріледі.



Сөздер : ағаш, қуыршақ, гүл, кесе, құс, шаш, сурет, адам, кітап, қалам, киім, алма.

Жүргізуші сөзді бірінен соң бірін үш рет оқйды. Әрбір қатарды еске түсіріп қағаз бетіне түсіреді. Содан соң оқытылып тыңдалады.


МЕН ЖАҚСЫ КӨРЕМ ОЙЫНЫ

Ойын шарты:

Дөңгеленіп тұрып бір-бірімізге доп лақтырамыз. Доп кімнің қолына түссе , сол оқушы кімді жақсы көретінін айтады. Мысалы: мен анамды жақсы көремін. өйткені, ол менің ең жақын адамым. Немесе мен Айнұрды жақсы көремін.Өйткені ол сыпайы және т.б. ойынның соңында доп жүргізушінің қолына тиеді.

Сәлемдесу

Ойын шарты:

Екі оқушы ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып бір- бірімен сәлемдесуі қажет. Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін? Ағасы інісіне қандай жақсылықтар жасауы мүмкін?
БІР-БІРІНІҢ ЖАҚСЫ ҚЫЛЫҚТАРЫН АЙТЫП, МАДАҚТАУ

Ойын шарты:

Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші « Сиқырлы таяқшаны» отырған оқушылардың біріне ұсінады. Ол жанында отырған баланың жақсы жақтарын айтып мадақтайды да, таяқшаны оған береді. Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл сенің даусын қандай көркем! Гүлнар сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді! Марат мағагн сенің аккөңілділігін ұнайды және т.б. соңында балалар бір-біріне рахмет айтысып ойынды аяқтайды.


ПСИХОЛОГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Біріншіден мұндай ойындар балалардың қызығушылығын тудырып, оқу іс-әрекетіне танымдық ынтасын арттырады.



Екіншіден баланың қабілеттерін дамытады. ( зейінін бір жерге шоғырландыру, зейінді болуға керекті жерден қажетті нәрсені есте сақтау мен ойлап табуға үйретеді).

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет