«Ойлы жыр, орамды тіл» М. Әлімбаевтың 90 жасқа толуына арналған мәнерлеп оқу байқауының ережесі жалпы ереже «Ойлы жыр, орамды тіл»



жүктеу 24.49 Kb.
Дата07.04.2019
өлшемі24.49 Kb.

«Ойлы жыр, орамды тіл»

М. Әлімбаевтың 90 жасқа толуына арналған мәнерлеп оқу байқауының


ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже

1.1. «Ойлы жыр, орамды тіл»» мәнерлеп оқу байқауы ( бұдан әрі —Байқау) 2018 жылдың 26 қазан айында 5-ші сынып арасында өткізіледі.

1.2. Байқау ұйымдастырушысы: А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы
2. Байқау мақсаты мен міндеттері:

2.1. Оқушылар арасында кітап оқуды, М.Әлімбаевтың шығармашылығын насихаттау;

2.2. Оқушылардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;

2.3. Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

2.4 Әртістік қабілеті бар балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.
3. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу

Байқау М. Әлімбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша өтеді. Байқау аясында қатысушыларға ақынның шығармасын қазақ немесе орыс тілінде дауыстап оқу тапсырылады.


3.1.Байқаудың әділ қазылар алқасы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас мамандарынан, әдебиет пәнінің ұстаздарынан, кітапханашылардан, БАҚ өкілдерінен құралады.
3.2. Байқау екі кезеңнен тұрады:

- 1 кезең - өтінімдер мен байқау аясында оқылатын шығарма мәтінін қабылдау;

- 2 кезең – байқаудың өтуі, жеңімпаздарды анықтау, марапаттау рәсімі.
4. Байқаудың шарты

4.1. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауысының жазбасын қолдануға болмайды. Әр қатысушы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы тиіс. 


5. Оқылымды бағалау

5.1. Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі критерийлері:

-       таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;

-      сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр,

оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);

- мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына терең сезіну;

-   актерлік шеберлік;

-   орындаушының сыртқы келбеті;

- шығарма тақырыбы мен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен декорацияның үндесуі.

5.2. Қатысушылардың өнері 10-балдық жүйемен бағаланады.


6. Байқау мерзімі— 26 қазан 2018ж.

Сайысқа қатысу өтінімдері 2018 жылдың 28 қыркүйегіне дейін А.Гайдар атындағы Орталық қалалық кітапханада (Бейбітшілік көшесі, 19, тел.: 60157), төменде келтірген нұсқаға сәйкес қабылданады.


- байқауға 10-11 жас аралығындағы тілек білдірушілер қатыса алады.

- қатысушының аты- жөні;

- оқу орны;

- орындалатын шығармалардың атауы;

- байланыс телефоны, e-mail.

Байқауға қатысуға сұраныстар мына электронды пошта арқылы қабылданады: cgdbb@mail.ru 


7. Марапаттау
Жеңімпаздар диплом, алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет