1қаңтардан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) қолданылмайды. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл санаттағы азаматардың қанша төлеуі керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Егер азамат кәсіпкерлікпен айналыспаса, онда ол айына 4250 теңге көлемінде міндетті медициналық сақтандыруды өз бетінше төлей алады. Бұл төлемнен декреттік демалыстағы әйелдер мен көп балалы аналар босатылады.

Ал азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп,  салық салудың ыңғайлы режимін таңдауы керек. Бұл патент (салық ставкасы 1%), жеңілдетілген декларация (3%) және бөлшек салық режимі (4%).

"Салық және әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелетін және төленетін E-salyq Business мобильді қосымшасы арқылы салық салу режимін таңдауға болады. Жеке кәсіпкерлер үшін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің ең төменгі мөлшері 17 425 теңгені (міндетті зейнетақы жарналары – 8 500 теңге, әлеуметтік жарналар – 2 975 теңге, міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналар – 5950 теңге)”, – деп  мәлімдеді комитет өкілдері.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.