Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – президенттің күзет қызметі бастығын тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев күзет қызметінің бастығын тағайындады. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – президенттің күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды", –делінген хабарламада.

Роман Төреханов – 94 келі салмақ дәрежесінде, сондай-ақ абсолютті салмақ дәрежесінде кәсіпқойлар арасында бразилиялық джиу-джитсудан абсолютті әлем чемпионы.

Бұған дейін мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – президенттің күзет қызметінің бастығы лауазымын Шыңғыс Аринов атқарған. Ол төтенше жағдайлар министрі болғанын хабарлаған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.