Өмір сүру сапасына бағытталған өмір сүру сапасын арттыруға бағыт алғАН


Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау



жүктеу 0.54 Mb.
бет2/3
Дата07.05.2019
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
2019 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдары есепке алған жұмыссыздардың саны 80 адамды құрайды (былтырғы жыл деңгейінде). Жұмыссыздарды деңгейі – 4,3%. Есепті жылы 2906 адам жұмыспен қамтылды, немесе 2017 жылға қарағанда 3,2 % көп.

Тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейін жоғарлатудың негізгі құралы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

2018 жылы Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 336 млн.тг.бөлінді, Бағдарламаның қатысушылары 3268 адам болды (2017 жылмен салыстырғанда 107 адамға көбірек).

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша: По первому направлению программы: «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту» 97 адам оқып шықты (оның ішінде 10 адам 2017 жылы тігінші мамандығынан аусқандар), оның 65 жұмыспен қамтылды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағытты жүзеге асыру аясында 67 адам жалпы 253,1 млн.теңге сомасында несие алды, «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша оқып шықты және жалпы 481,0 мың теңге сомасына 2 грант берілді тенге (Абдықалықова Р.С - Абай қ., тігін цехы және Красюк Г.И. - Дубовка а.о., «Твой стиль» киім тігу бойынша шеберханасы).

Үшінші «Еңбек нарығын тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 80 адам, жастар практикасына - 44 адам, қоғамдық жұмысқа – 278 адам жіберілді. Сонымен қатар арнайы жұмыс орындарынаесту қабілетін жоғалтқан 4 мүгедек жұмыспен қамтылды.

2019 жылы Бағдарламаны жүзеге асыруға 288,0 млн. теңге жұмсау жоспарланып отыр. .

Оның ішінде, жұмыс берушінің қажеттілігі аясында «Стежок» ЖШС – 30 адамды, «Дедал» ЖШС – 15 адамды одан әрі жұмысқа орналастырумен оқыту жоспарланып отыр. 42 микронесиеге 181 млн.теңге сомасында және 5 грантқа 1,262 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді. Жұмыспен қамтудың жәрдемдесуiн өлшемімен 1600 адамды қамту қарастырылып отыр.

Ауданда 1433 жұмыс істейтін кәсіпорын бар (2 ірі, 5 орташа, 225кіші, 943 ЖШС, 258 ШҚ). Мемлекет Басшысының Тапсырмасын орындау үшін барлық 1433 кәсіпорын жалақыны көтеру және жұмыс орындарын сақтап қалу туралы меморандум қабылдады.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы

01.01.2019 жылғы жағдай бойынша аз қамтылған отбасылар саны 95 отбасыны құрады, онда 452 адам тұрады. Баласы жоқтар деңгейі 0,8% құрады.

01.01.2018ж. жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек енгізілді, онда алдағы ауқытта жұмыс істеген әлеуметтік жәрдемақының 3 түрі біріктірілген (АӘК - атаулы әлеуметтік көмек, МБЖ – мемлекеттік балалар жәрдемақысы, АМЖ – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға)

Жаңа форматтағы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 95 отбасыға төленді, оның ішінде алатындар 452 адам жалпы 13359 мың теңге сомасына. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 55 отбасыға төленді, шартты емес ақшалай көмек 40 отбасыға төленді.

Тұрғын үй көмегі 319 отбасыға төленді, оның ішінде 422 адам жалпы 10050 мың теңге сомасына.
Мүгедектер мен қарттардың өмір сапасын жақсарту

01.01.2019 жылығы жағдай бойынша Абай ауданында 2456 мүгедек тұрады.

Қолжетімді орта құру үшін ауданда 85 объектке төлқұжат берілді, оның ішінде 55 объект бейімделуге жатады, 38 объект бейімделген. Барлық объектілер ішінара қолжетімді және «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталына енгізілген.

Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 384 адамға қызмет көрсетіледі, оның ішінде 319 жалғызбасты мен қарттар және 65 мүгедек балалар.

2018 жылдың қорытындысы бойынша үйде тәрбие алатын және оқитын 19 балаға жалпы 306,0 мың теңге сомасында материалдық жәрдемақы тағайындалды; басқа адамның көмегіне мұқтаж 1,2-ші топтағы 13 мүгедекке жалпы 319,0 мың теңге сомасында үстеме төленді; 1 топтағы мүгедектерге және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға жолда жүру үшін матералдық көмек жалпы 1185,0 мың теңге сомасында 247 мүгедекке төленді; жекелеген санатты азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді: Түберкүлез ауруына шалдаққандарға -– 31 адам, жалпы 933,7 мың теңге сомасына, табиғи апатқа ұшырап зардаб шеккендерге - 13 адам, жалпы 844,1 мың теңге сомасына.

Есепті жылы сауығудың қаражытымен қамтылғандар ЖОБ (жеке оңалту бағдарламасы) тіркелген 1575 бірлікті құрайды.

2019 жылы жіргілікті бюджет қаражатынан жоспарланып отыр:

- Арнайы гигиеналық құралдармен мүгедектерді қамтамасыз етуге және ым тілі мамандары қызметін ұсынуға, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге жалпы 105 млн. 673 мың теңге сомасы бөлінді.

- Үйде тәрбиеленіп оқитын 17 мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге – 525 мың теңге.

- Жергілікті өкілдік органның шешімі бойынша жеке санатты азаматтарға әлеуметтік көмек – 23 млн. 062 мың теңге

- обеспечение нуждающихся инвалидов специальными гигиеническими средствами и предоставление услуг специалистами жестового языка, индивидуальными помощниками в соответствии с индивидуальной программой реабилитации инвалида на общую сумму 105 млн. 673 тыс. тенге;

- материальное обеспечение 17 детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому – 525 тысяч тенге.

- социальная помощь отдельным категориям граждан по решениям местных представительных органов – 23 млн. 062 тыс. тенге.

Республикалық бюджет қаражатынан:

- Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыруға 2019 жылға - 32 млн. 644 мың теңге бөлінді.
Білім беру

Ауданда 46 білім беру мекемесіқызмет жасайды: 31 жалпы білім беретін күндізгі мектептер, 3 оңалту мекемелеріндегі жалпы білім беретін мектептер, 9 балабақша, 3 балалар өнер мектебі.



Мектепке дейінгі білім беруді дамыту

Ауданда 9 балабақша, 8 мектеп-балабақша кешені және 7 шағын орталықтар бар. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтиды 85,5% құрайды.

2018 жылдың наурыз айында мектепке дейінгі білім беруді 0,9% жоғарлатқан Құрма жалпы білім беретін орта мектебінің жанынан 50 орынға шағын-орталығы ашылды. Ол үшін 2018 жылы жергілікті бюджеттен жөндеу жұмыстары жүргізілді және жиһаз бен шағын-орталыққа керек жабдықтар жалпы 7 млн.200 мың теңге сомасына сатып алынды.

Балабақшада орындарды үлестіру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында біздің аудан «Балабақшаға электрондық кезекке тұру» республикалық пилоттық жобасына қатысады. 2018 жылғы 1 тамыздан бастап балабақшада орындарды үлестіру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық форматта іске асырылады.

Балалардың тәрбиесінде ерекеше білім беру қажеттілігі үшін жағдайды жасаған мектепке дейінгі мекемелердің даму үлесі 39% құрайды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелер жанында 8 логопед орындары ашылған. Дамуда мүмкіндігі шектеулі 3 жастан 6 жасқа дейінгі 140 бала Абай қаласындағы «Бөбек» арнайы балабақшасына барып жүр. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің оқуы мен тәрбиесімен қамтылмаған балалардың ата-аналарына әдістемелік көмек беру үшін ауданның барлық балабақшалары ата-аналарға арналған «Сырттай балабақша» облыстық әлеуметтік-педагогикалық жобасына қатысады. «Бөбек» балабақшасы «Жас ата-ана мектебі» облыстық жобасына қатасады.

Орта білім беру

Жалпы орта білім беру мекемелерінің қызметі жүйесінде Мемлекеттік нормативке сәйкес барлық ауылдық округтерде мектептер бар. Мектебі жоқ кіші елді мекендердегі 215 оқушыны 8 базалық мектепке сапалы және жайлы жеткізу қамтамасыз етілген. Осы жылы 13474,0 мың теңгеге тағы бір мектеп автобусын сатып алу жоспарланып отыр.

Оқушылардың сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ауданда шағын жинақталған мектептерді бiртұтас бiлiм беретiн кеңiстiкке біріктіретін тірек мектептері құрылған. 2018 жылғы қыркүйек айында қалған 6 шағын жинақталған мектептер бекітілген Құрма ОМ, Топар кентіндегі Б.Момышұлы атындағы ОМ және Абай атындағы ОМ базасында тірек мектептері ашылған.

Мектептердің 74,1% инклюзивті білім үшін жағдай жасаған мектептер құрайды. Бұл мектептерде пандустар орнатылған және логопед орындары ашылған. Білім беру дамуының облыстық оқу-әдістемелік орталығының тағылымдама алаңы №1 қосымша білім беру орталығы болып табылады, онда 38 оқушы инклюзивті білім алуда. Денсаулықтары бойынша 21 оқушыға үйде білім алу ұйымдастырылғын.

Мектептердегі оқу-тәрбиелік процесті 926 педагог іске асырад, оның ішінде 54,6% (506) педагог жоғарғы және бірінші біліктілік санатты иеленген. 2018 жылы Үкіметтік Қаулысымен мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа тәртібі бекітілген, ол педагогтың санатын жоғарлатуға мүмкіндік береді және лауазымдық жалақының 30%-нан 50% шейін көлемде қосымша ақы алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ауданның 122 педагогы аттестаттаудан сәтті өтті.

Жол картасына сәйкес үштілді білімді дамытуда осы оқу жылында ауданның 11 мектебі үштілді білім беруді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысады. 2018 жылы ағылшын тілі, физика, химия, биология және информатика пәндерінің 22 мұғалімі көпмерзімді тіл курстарын өтті және С1 және В1,В2 деңгейлі сертификаттарға ие болды. Олардың барлығы қыркүйектен бастап БЛЖ-н (базалық лауазымдық жалақыдан) 200% мөлшерлемеде қосымша ақы алады (35 мың теңге).

Жыл сайын ауданның білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базалары нығайтылуда.

2018 жылы 193 млн.099 мың теңге сомасына аулданның 4 мектебіне толық жөндеулер жүргізілді (Абай қаласының №10 МГ, №14 МЛ, №12 ТМ (РО), ШЦДО №1 ҚБМО) және 79 мил.191 мың теңге сомасына ағымды жөндеулер жүргізілді (Ақбастау ОЖББМ, Самар ЖББМ, Топар кентінің Абай атындағы ЖББМ, Қарабас кентінің №15 ЖББ). Осы білім беру мекемелерінде терезелерді ауыстыру, шатырды жөндеу, электрмонтажды жұмыстар, жылу беру жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы 208761,0 мың теңге сомасына Абай қаласының 3 мектебінің толық жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, 150 млн.теңге сомасына Дубовка ЖББМ жөндеу жүргізілмек. «Бөбек» арнайы балабақшасында 15482,0 мың теңге сомасына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Топар кентіндегі Б.Момышұлы атындағы ЖББМ және Жартас ауылының «Жұлдыз» МБК толық жөндеу жүргізу үшін 4653,0 мың теңге сомасына жобалық-сметалық құжаттама әзірленбек.

2018 жылы ауданның 16 мектебіне ПИК 35 жиынтығы жалпы 13 млн. 412мың теңге сомасына алынды, ол мұғалімдердің жұмыс орындарын 40% дейін компьютермен қамтуын жоғарлатты. Алдағы уақытта мұғалімдердің жұмыс орындарын 100% дейін компьютермен қамту үшін ПИК 325 жиынтығын алу міндеті тұр.

Ауданның компьютерлік паркі 1572 бірлікті құрайды. Оқушылардың санының көрсеткіші бір компьютерге 5,1 құрайды, 8 млн.652 мың теңге сомасына алынған 75 компьютер мен ПИК 35 жиынтығы сатып алынған есебінен.

Абай қаласы мен Топар кентінің 8 мектебінде «Сириус-2014» ЖШС оптоталшық байланысы арқылы 30-дан 50 сек/Мбит интернет жылдамдығы қамтамасыз етілген.

Ауданның 11 мектебі 8 с/мбит интернет жылдамдығына қосылған.

2018 жылы «Астел» АҚ серіктес антенналарын орнату есебінде қашықтықтағы 12 ауыл мектептерінде интернет жылдамдығы 4 мБитке дейін көбейді.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жүйелі түрде қолдану мақсатында ауданның барлық мектептері Bilimland порталының Цифрлы білім ресурстарын пайдалануда. Аудан педагогтарының инновациялық тәжірибелерін көрсету үшін №14 МЛ «Мектеп ТВ» мектеп студиясының ресурстары мен мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылады.

Ауданның 21 мектебінде жаңа модификациядағы кабинеттер бар, ол қажеттіліктің 84% құрайды. 2018 жылы Абай қаласының №10 МГ 3 млн.971мың теңге сомасына ұл балалар мен қыз балаларға технология кабинеттері алынды. от потребности. Осы жылы пәндік кабинеттерді алдынала толықтыру үшін жергілікті бюджет қаражатынан 3 млн. теңге және жиһазбен жабдықтауға и 15347,0 мың теңге бөлінді.

Ауданның 6 мектебіне 5 млн. 644 мың теңге сомасына интеллектуалды ойын кабинеттері алынды, 7996,8 мың теңге сомасына 3 робототехника лабораториялары алынды. Осы жылы 5 млн. теңге сомасына №14 МЛ және №1 ҚББМО робототехника лабораторияларын алу жоспарлануда.

Оқу жылының басында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен, «Балаларға тегін IT-класстар» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында Құрма ЖББМ және и №14 МЛ IT–класстар ашылды. Енді оқушылар бағдарламалаудың, модельдеу және құрастыру дағдыларын жетілдіруге мүмкіндіктері бар.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жазғы мезгілде аудан мектептерінің базасында тұрғындар үшін цифрлық және компьютерлік сауаттылық бойынша курстар ұйымдастырылды. Барлығы 4353 адам курстан өтті.

Оқу жылының басына қарай 3,6,8 сыныптарға мазмұны жаңартылған оқулықтар мен жұмыс дәптерлері алынды, 8-10 сыныптарға химия, физика, биология, информатика бойынша билингвальді оқулықтар және 5-7 сыныптарға 101148,0 мың теңге сомасына өлкетану оқулықтары алынды.

Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу және білімнің сапасын жоғарлату мақсатында №10 МГ мен №5 МГ каскад әдісі арқылы ауданның барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибесінің көрсетілімі жүзеге асырылуда. 2018 жылдың сәуір айында үштілді оқытуды жүзеге асыру аясында «Жетістікке жеткен мұғалім - табысты оқушы кепілі» аудандық байқауы өтті. Байқаудың жеңімпазы №10 МГ биология пәнінің мұғалімі Л.А. Малеваная 2018 жылдың қараша айында Прага қаласында шетелдік тағылымдамадан өтті. Осы мақсатқа жергілікті бюджет қаражатынан 1 млн. теңге бөлінді. №10 МГ ағылшын тілі пәнінінң мұғалімі М.А. Мустахаева жазғы мезгілде Индияда ағылшын және шетел тілдері Университетінде ҚР БҒМ бойынша тағылымдамадан өтті.


Қосымша білім және оқушылармен тәрбиелік жұмыс

Ауданда қосымша білім алып жатқан оқушылардың үлесі 77% құрайды. Бұл көрсеткішке мектеп үйірмелері мен мүдделестер бойынша клубтардың, 3 балалар өнер мектебінің, 2 қосымша білім беретін мектеп-орталықтарының, №14 МЛ «Мектеп ТВ» мектеп телестудиясының жұмыстарының есебінде қол жетіп отыр.

Балаларды қосымша білім берумен қамтуын жоғарлату мақсатында 2018 жылдың желтоқсан айында Топар кентіндегі бұрынғы колледж ғимаратында мектеп жасындағы 320 балаға Технопарк ашылды. Ғимараттың ағымды жөндеуі 32 млн. 875 мың теңге сомасына жасалды, 15 млн. теңге сомасына жиһаз бен жабдықтар алынды. Аталған технопаркте оқушылар төмендегі жұмыстармен айналысады:

- 3D модельдеу, бағдарламалау және компьютерлік дизайн;

- электроника мен автоматика;

- техничесалық модельдеу және құрастыру;

- интеллектуалды қабілетті дамыту;

- көркем шығармашылық;

- эстрадалық-драмалық студияда және телестудияда жұмыс;

- хореография;

- автоіс;

- семсер жекпе-жегі;

- химия-биологиялық лабораторий зерттеулері.

2019 жылы Технопарктің алдыңғы жағын және аумағын абаттандыру бойынша ағымды жөндеу жүргізу үшін 2019 жылы 30 млн.теңге бөлінді және алдынала толықтыру үшін 20 млн. теңге бөлінді.


Мәдениет

Мәдениет саласында «Абай ауданының мәдени-бос уақыт өткізу орталығы» КМҚК және «Абай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ тұрғындарға қызмет көрсетеді.

«Абай ауданының мәдени-бос уақыт өткізу орталығы» КМҚК құрылымына 20 объект енгізілген, оның ішінде 15 Мәдениет үйі мен клубтар, Мәдениет және демалыс саябағы, «Жігер» қалалық стадионы, «Юбилейный» концерт залы, жабық жүзу бассейні, Дубовка а.спорт залы.

2018 жылы аудан бойынша барлығы 2796 мәдени-бұқаралық ісшарасы өткізілді, оның ішінде ауылдарда 2519. Ісшараға қатысқандар саны 234,2. мың адамды құрады, оның ішінде аулддық жерде 199,2 мың адам.

Мәдениет үйлері мен клубтарда қызмет жасайтын клуб бірлестіктерінің саны 118 бірлікті құрайды, оның ішінде ауылдарда 94, оның ішінде қатысатындар саны 1327 адамды құрайды.

Есепті жылы қызметтің жаңа формаларын дамыту бойынша жұмыстарының аясында Қарабас кентінің МҮ Шығармашылық пен бос уақыт өткізу бөлмесі, жәнеде «Қазақша күрес» ұлттық спорты бойынша спортзалы ашылды. Топар кентінде сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмесі мен «Теремок» қуыршақ театры жұмыс жасайды.

«Абай ауданының мәдениет мекемелері базасының материалдық-техникалық дамуы» аудандық жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жалпы қаржыландыру 368 млн. 529,0 мың теңге сомасын құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 13 % көп (285 млн. 944,0 мың теңге).

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды бағдарламасы» аясында 12,4 млн. теңге сомасына Қоянды ауылдық клубының және 6 млн.406,0 мың теңге сомасына Топар кентінің Мәдениет үйінің ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық бюджет есебінен жалпы 19,3 млн. теңге сомасына Топар кентінің «Энергетик» МҮ және Жартас ауылының АМҮ ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы Абай ауданының мәдени-бос уақыт өткізу орталығының құрамына жаңадан салынған жабық жүзу бассейні енді, ол 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді: жүзу, фитнес-залы және тренажермен айналысу.

2019 жылы аудандық бюджет қаражатынан АМҮ жылу беру жүйесінің ағымды жөндеуі жоспарланып отыр, мәдениет және демалық саябағында жасанды шөп төселген спорт алаңын орнату, «Энергетик» МҮ және мәдениет және демалық саябағында бейнебақылау құрылғысын орнату және тағы басқа.

Тұрғындарға кітапханалық-ақпараттық қызметті 17 мемлекеттік кітапхана жүзеге асырады.

Кітапхана жұмысындағы басты ресурс ол кітапханалық қор болып табылады. Ауданның мемлекеттік кітапханаларының кітп қоры 334 мың 749дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде - - 103 630 дана.

2018 жылы толықтыру көздерінің барлығын есепке алғанда 5 688 дана жаңа әдебиеттер келіп түсті, оның ішінде мемлекеттік тілде 2 997 дана 10 млн. 992,1 мың теңге сомасына. Мемлекеттік тілде келіп түскен әдебиеттер 53 % құрайды.

2018 жыл бойы кітапханалар 18 мың 378 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 345 мың 923 дананы құрады. Жалпы келім саны – 172 926.

Электрондық қызметке жүгінген пайдаланушылар саны артуда. Кітапханалар интернет-ресурстарына еркін қолжеткізуге кітапханалық сайт арқылы мүмкіндік жасап отыр.

Жылдың ерекше оқиғасы жаңа формадағы жұмыстарды дамыту аясында Агрогородок ауылы кітапханасында, Топар және Қарабас кенттерінің кітапханаларында 3 коворкинг-орталықтарының ашылуы болды. Оларның негізінде танымдық-шығармашылық даму және мазмұнды бос уақыт өткізу үшін заманауи алаңдары құрылған.

Абай ОКЖ ұжымы үшін «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастырылған «Орталық аудандық кітапхана – аудандағы кітапхана жүйесінің жетекшісі» облыстық конкурсында жеңіске жеткендігі үлкен жетістік болды.

Есепті жылы Абай қаласындағы орталық балалар кітапханасының кіре беріс есігін ауыстыру және жөндеу жұмыстары, Сәрепті аулы кітапханасында терезелерді орнату, Самарка ауылы кітапханасында су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді. 879 мың теңге сомасына ішінара кітапханалық жиһаз жаңартылды.

2019 жылы Сәрепті және Құлаайғыр ауылы және Южный кенті кітапханаларында 3 коворкинг-орталығын ашу жоспарланып отыр. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 млн.115 мың теңге сома бөлінді. «Қолжетімді орта» бағдарламасы аясында мүгедектерге жағдай жасау үшін арнайы құралдар мен жабдықтарды алуға рамках 372,0 мың теңге бөлінді.


Денсаулық сақтау

Халықтың денсауылығы қоғам дамуының басты құрамы және әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының кепілі болып табылады.

Абай ауданының тұрғындарына Абай қаласының Орталық ауруханасы және Абай ауданының орталық аудандық ауруханасы медициналық қызмет көрсетеді.

Абай қаласы, Қарабас кенті мен Дубовка ауылының тұрғындарына Орталық қалалық аурухана қызмет көрсетеді, оның құрамына 90 керуеті бар көппрофильді стационар, ауысымына 525 келімі бар емхана және 2 ОДА (отбасылық дәрігерлік амбулатория) кіреді. Тіркелген тұрғындардың регистрі бойынша 36795 адамға қызмет көрсетіледі.

Орталық аудандық аурухананың құрамына 71 керуеті бар стационар, 138 келімі бар клиникалық-диагностикалық емхана, ЖЖКС (Жедел жәрдем көрсету стансасы), 5 ДА (дәрігерлік амбулатория), 5 ФАО (Фельдшерлік-акушерлік орын), 14 дәрігерлік пункт енеді. Қызмет көрсету ауданында 26371 адам тұрады, оның ішінде 5405 балалар, 923 жасөспірімдер, 6168 фертильді жастағы әйелдер женщин. Қызмет көрсету радиусы 130 км.

Медицина қызметкерлерінің жұмысында мақсаты денсаулық деңгейінің көрсеткіші әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына жоспарлы түрде ену үшін тұрғындардың денсаулығын нығайтуды көздейтін негізгі бағдарламалық құжат 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша ауданда ұзақ өмір сүру деңгейінің жоғарлауы, нәресте өлімі деңгейінің азаюы, ана өлімі оқиғалары тіркелген жоқ. Сонымен қатар, Абай қаласында түберкүлез ауруының өсуі (5,2%), онкоауруларының өсуі (10,5 %), Топар кенті бойынша АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының таралуының өсуі анықталды.

Денсаулықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты аурудың алдын алу жұмыстары болып табылады, осыған байланысты бірнеше жыл бойы тұрғындардың арасында ауруларды ерте анықтау бойынша ұлттық скрининг бағдарламасы жүзеге асырылуда.

2018 жылы бірқатар скринингтер шығарылды, жатыр мойыншасының ісігін, сүт бездерінің ісігін, тоқ ішек ісігін ерте анықтауға ерекше назар аударылды. Скринингтік профилактикалық тексеріп-қарау жұмыстары 100% орындалды. Барлық ауыратын адамдар тексерістен өтіп сауығып шықты.

Халықты сауықтыру бойынша тиімді қызметті жүзеге асырудың негізгі факторы медициналық кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қалалық ауруханада 72 дәрігер жұмыс істейді және 217 орта медициналық жұмыскерлер, аудандық ауруханада – 55 дәрігер және 161 орта медициналық жұмыскерлер жұмыс атқарады. Абай қаласы бойынша дәрігерлердің жетіспеушілігі 23,8% құрайды (7 бос орын).

Медициналық жұмыскерлерді тарту үшін аурухана басшылығы белсенді шаралар қолданады: бос орындар жәрмеңкесіне қатысады, жоғары сынып оқушыларына «ашық есік күндерін» ұйымдастырады, әкімдікпен бірлесе отыра баспанамен қамту бойынша жұмыстарды жүргізеді. Есепті жылы Абай қаласының 2 ықшам ауданындағы үйдің босап тұрған подъездегі пәтерлері қайта жөндеуге және медицина жұмыскерлеріне беру үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының коммуналдық меншігіне берілді.

«Дипломмен ауылға» жобасының аясында денсаулық сақтау саласының мамандарына жалпы 20,8 млн. теңге сомасына 7 көтермелеу жәрдемақысы ұсынылды және баспана алу үшін 7 бюджеттік несие берілді.

Медициналық жабдықтармен қамту мен пайдаланудың тиімділігін жоғарлату мақсатында есепті жылы Абай қаласының ауруханасына 17, 3 млн. теңге сомасына жабдықтар алынды. ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) жинақтағы аппараты, өкпені жасанды желдетудисплейі, офис жиһазы, емделушінің мониторы, хирургиялық сорғыш (2 дана), монополярлі және биополярлі қимасы мен коагуляция жасау үшін жоғарғы сапалы электрокоагулятор, , электрокардиограф (холтер), 15 компьютерлік техника сы сатып алынды. Аудандық аурухана хирургиялық және гинекологиялық ота жасау үшін құны 5,9 млн.теңге тұратын электрокоагулятор алды. Облыстық бюджет қаражатына 3, 9 млн.теңге сомасына 20 компьютер алынды. Қазан айында ауруханаға құны 40, 4 млн.теңге тұратын жылжымалы медициналық кешен төлеусіз тапсырылды, ол тұратын жері бойынша ауыл тұрғындарына профилактикалық тексерістен өтуге мүмкіндік береді. Желтоқсан айында емделушіге аурухана қалашығының ішкі ғимаратында және барлық аумағында еркін бағыт алуға мүмкіндік беретін 3, 9 млн.теңгеге «Навигация» ақпараттық жүйесі алынды.

Электрондық денсаулық сақтауды енгізу процесі белсенді түрде жүргізілуде. Қағаз негізіндегі құжаттар айналымын азайту мақсатында КМАЖ, СНЭР, ГАЖ, ЖМК-а АДАҚ және тағы басқа бағдарламалық кешендер еңгізілген. Аталған ақпараттық жүйелер дәрігер мен медбикенің күнделікті ескі жұмыстарды азайтіға мүмкіндік береді.

ТМККБК (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) аясында дәрігерлік препараттардың қолжетімділігін жақсарту үшін екі аурухананың емханаларында әлеуметтік дәріханалар қызмет жасайды, олар емделушіге дәрігерлік препараттарды қолжетімді бағаға алуға мүмкіндік береді, тұрғындардың талаптары бойынша ассортименті кеңейтілген.
Дене шынықтыру және спорт

Спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын ұстану қазіргі қоғамда замануи трендке айналуда.

Ауданда дене шынықтыру және спортпен 17 мың 639 адам шұғылданады. аудан тұрғындарының 30% қамтиды. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар азаматтар 30,1% қамтиды және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, дене шынықтыру спорт клубтарында спортпен шұғылданатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жалпы саныының 10,3 % (812 адам) қамтиды, балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан (7896 чадам).

Ауданда спорт инфрақұрылымы дамуда, 129 спорттық құрылыстар қызмет жасайды, тұрғындардың барлық әлеуметтік топтарына дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған, дене шынықтыру мен сауықтыру және спорттық құрылыстар тиімді түрде қолданылып жатыр.

2018 жылы спорт инфрақұрылымының әрі қарай дамуына 3 елді мекенде көпфункционалды кордтар орнатылған (Топар к., Карабас к. және Сәрепті а.); Топар кентінің Н.Әбдіров көшесіндегі №4 үйдің ауласында, Абай қаласының К.Маркс көшесіндегі №22 үйдің ауласында жасанды төсеме төселген спорт алаңы орнатылған.

2018 жылы Абай қаласында 320 көрермен орнына арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салына басталды

129 мектептің спорт секцияларында футболға, волейболға, баскетболға, грек-рим күресіне, қазақ күресіне, тоғызқұмалаққа, шашкиға, шахматқа, шаңғыға, боксқа және жеңіл атлетикаға 2939 оқушы қатысады.

Бұқаралық спортты дамыту мен дені сау ұрпақ тәрбиелеудегі үлкен рөлді, әрине, әлемдік атаққа ие болған бір топ спортшылар өсірген Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі атқарады. Мектепке 735 жасөспірім келеді, спорттың 6 түрінен спорттық жаттығулар ұйымдастырылған. Волейбол, қазақ күресі, жеңіл атлетика, бокс бойынша БЖСМ филиалдары Топар, Карабас кенттерінде, Вольный, Сәрепті, Құлаайғыр ауылдарында ашылған.

Абай қ. «Жігер» стадионында 47 адам пауэрлифтингпен, 130 адам футболмен айналысады. Олар «Абай» шахтасының командасы, «Жігер» футбол сүйер командалары және «Жастар» облыстық футбол мектебі мен «Шахтер» футбол клубының 3 балалар тобы. Топар кентінің стадионында 70 адам футболмен шұғылданады.

Ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарды бұқаралық спортқа тартуға үлкен назар аударылады. 40-тан астам мүгедектер шашки, шахмат, үстел теннисі және жеңіл атлетика бойынша жыл сайынғы сайыстарға қатысады. В районе уделяется внимание вовлечению в массовый спорт и людей с ограниченными возможностями. 2018 жылы тірек-қимыл аппаратымен зақымдалған, есту қабілеті зақымдалған мүгедек-спортшылардың арасында Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына облыстық Спатакиадасында, «Сарыарқа-2018» XXXII облыстық жазғы спартакиадасында және «Қарлы қыс-2018» XXVII облыстық қысқы спартакиадасында Абай ауданының құрама командасы 1-ші орынға ие болды.

2018 жылы спорттық-бұқаралық іс-шаралар аудандық күнтізбесіне сәйкес 89 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оған 24 мың адам қатысты. 2019 жылы 90 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

2019 жылғы жоспар:

- 320 көрермен орнына арналған замануи дене шынықтыру-сауықтыру кешенін іске қосу;

- 3 елді мекенде көпфункционалды кордтар орнату (Агрогородок а., Құлаағыр а., Самарка).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет