Өмір сүру сапасына бағытталған өмір сүру сапасын арттыруға бағыт алғАН



жүктеу 0.54 Mb.
бет3/3
Дата07.05.2019
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3

Тілдерді дамыту

2018 жылы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын тапты .

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді және басқа халықтардың тілдерін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды орындауға аудандық бюджеттен 2 млн. 076 мың теңге сомасы бөлінді.

Оның ішінде 1 млн. 826 мың теңге сомасы мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстар жүргізілді (45 адам оқып шықты), ағылшын тілін оқыту бойынша курстар жүргізілді (45 адам оқып шықты). Семинарлар мен байқаулар өткізуге, сыйлықтар мен дипломддар алуға 250 мың теңге жұмсалды.

Мемлекетті әлеуметтік тапсырыс арқылы Мемлекеттік тілді және үштілділікті насихаттау бойынша жоба жүзеге асырылды («Тіл шебері» және «Абай оқулары» конкурсы)

«Қазтест» жүйесінен өту үшін аудан мекемелерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді (40 адамды қамтыды). 2018 жылы жалпы тесттен 67 адам өтті, оның ішінде 19 адам сертификатқа ие болды.

Мемлекеттік тіл әліпбиінің латын графикасына көшу бойынша іс-шараларын ұйымдастыруға аудан әкімінің өкімімен (14.03.2018ж № 41ө.) қазақ тілі әліпбиіне латын графикасын енгізу мәселелері бойынша топ құрылды, жұмыс жоспары бекітілді. Осы құрылған топ ММ, КММ, РММ қызметкерлерімен. 287 адам қамтылды.

Ономастика саласында атаулары моральды тұрғыда ескірген атауларды өзгерту жұмыстары жүргізілді. Ауданда 341 геонимдер (көшелер, тұйық көшелер, шағын аудандар және т.б.), олардың атаулары 15,2% моральды тұрғыда ескірген. 2018 жылы Қарағанды облысы әкімдігінің ономастикалық комиссиясына атауларды ауыстыру бойынша Абай ауданынын түскен 32 өтініш қарастырылып мақұлданды.


Ішкі саясат және дін

Ауданда 25 үкіметтік емес ұйымдар, 6 саяси партиялар, 11 кәсіподақ ұйымдары жіне 28 діни бірлестіктер бар.

Дін саласы жұмысының негізгі бағыты бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылып отырған ақпараттық-түсіндірме жұмысы болып табылады.

Жалпы профилактикалық ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу Мемлекет дамуының зайырлы ұстанымын нығатуға, азаматтардың ар-ождан бостандығы құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Есепті жылы 8065 адамды қамтыған 140 іс-шара өткізілді. Тұрғындардың барлық категшориялары қамтылды, оның ішінде қауіп төндіріп тұрған топтар да. Атаулы жұмыстарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша тартылатын теологттар жүргізеді. Ағымды жылы діни экстремизмнің алдын алуға және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау жұмыстарына 5100 мың теңге бөлінді. 3 жоба жүзеге асырылды. Қылмыстық - түзету жүйесінің мекемелерінде профилактикалық жұмыстарды дәстүрлі дін өкілдері мен теологтар жүргізеді.

Тағы бір бағыт, ол бұқаралық ақпараттық құрал мен әлеуметті желілер арқылы, сонымен қатар көрнекілік құрал арқылы үгіт-насихат ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Аудандық «Абай-ақиқат» газетінде «Дін және қоғам» атты айдарында 67 мақала жарияланған. 5000 кітапшалар мен 6 баннер орнатылды.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларын, Мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламаларды насихаттау бойынша 15 ауылдық және 1 аудандық ақпараттық тоб жұмыстарын жалғастыруда. Есепті жылы 29741адамды қамтыған 360 кездесу өткізілді. (2017 жылы 27327 адамды қамтыған 314 кездесу өткізілген).

Ауданда 1 ресми баспа басылымы тіркелген – «Абай-ақиқат» аудандық газеті. Газет беттірінде Елбасының мақсаттары мен міндеттер қойған құжаттары жарияланған. Ол үшін 33 тұрақты айдар жұмыс жасайды, оның 5 «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасына және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған.
Жастар саясаты

Аудан жастарының саны 14717 адамды құрайды (оның ішінде 7694 ерлер немесе 52%, 7029 әйелдер немесе 48%). Есепті жыл ішінде ауданның Жастар ресурстық орталығы 10 мың адамды қамтыған 198 іс-шара өткізді.

Елбасы жариялаған «Жастар жылын» өткізу аясында келесі бағыттарды қарастырған 2019 жылы біршама іс-шаралар кешені жоспарланып отыр: жергілікті жастар мүддесінің спцификасы бойынша әрбір ауылдық округ пен кенттерде жобаларды жүзеге асыру (спорт, экология, шығармашылық, білім беру және т.б.); «АbaiTEAM» волонтерлік корпусын ашу; экологиялық-туристік лагерін өткізу, патриоттық клубтардың жұмысы және т.б.
Бюджет

2018 жылы бюджетке түсім жоспары 102,8% орындалды; аудан бюджетіне 2 311,2 млн. теңге түсті. Бюджет шығыны 9 475 млн.теңгені құрады және 99,8% (жоспар 9 494,0 млн.теңге) деңгейінде игерілді. 2019 жылға бюджеттің табысты түсімі 8879,8 млн.теңгені құрау керек, оның ішінде жеке табыс түсімінің жоспары 2 041,9 млн. теңге деңгейінде бекітілген.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың табыс көздерін қалыптастыруға құқықлы.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттерді аудару келесі салық бойынша түсімнен іске асырылады:

- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы;

- Жеке тұлғалардың мүлік салығы;

- жеке және заңды тұлғалардың жер салығы;

- жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдар салығы.

2018 жылы 15 әкім аппаратының 5 –де (тұрғынадар саны 2000 адамнан артатын) бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді, ал қалған 10 ауылдық елді мекендерге 2020 жылдан бастап енгізіледі.

2018 жылы конкурс арқылы мемлекеттік сатып алуға 6972,5 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 4603,3 млн.теңге республикалық бюджеттен; 374,7 млн.теңге облыстық бюджеттен, 1994,5 млн.теңге аудандық бюджеттен. Барлық конкурстық істер ауқытылы өткізілді, жоспардан ауытқу болған жоқ.

2018 жылы мүлік жалдаудың түсімі - 4982,0 мың теңгені құрады немесе или 103,7% орындалды.

Мемлекеттік қызметтер
Абай ауданының мемлекеттік қызметтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 98 түрін көрсетеді. 2018 жылы 51446мемлдекеттік қызмет көрсетілді, қызмет көрсетуші қағаз формасында көрсеткен - 2199, бірақ олар «электрондық үкімет» веб-порталы және Госкорпорация арқылы көрсетілуі мүмкін - 16583, Госкорпорация арқылы – 9038, электронды түрде - 23626 қызмет.

Халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтін стандарттары мен регламентінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында www.abay.gov.kz. Абай ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында тиісті нормативті-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызметтердің төлқұжаты, ол қызметті көрсету тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқару органдарының жұмысы туралы есептері жарияланған.

Есепті жылы ауданның мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жоғарлату бойынша 3540 адамды қамтыған 134 түсіндірме іс-шаралары жүргізілді.

2018 жылдың 5 сәуірінде Абай ауданы әкімдігі 120 мемлекеттік қызмет көрсететін 20 мемлекеттік органдардың өкілдері н бір жерге біріктірген «OpenAbay» жобасын іске қосты. Бұл тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет және ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, мемлекеттік кірістер басқармасы, Это отдел жилищно-коммунального хозяйства, занятости и социальных программ, архитектуры и земельных отношений, сельского хозяйства, управление госдоходов, РЭО, кәсіпкерлер палатасы, әділет басқармасы және т.б.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Абай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.

Белгіленген жоспарға сәйкес әрбір азамат керекті ақпаратты ала алатын, әкімдік қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері туралы сұрақтары мен ақпараттарын бере алатын аудан әкімі аппаратының ресми сайтында интернет-қабылдауы құрылған. Сонымен қатар сайтта мемлекеттік тұрғын-үй қорынан баспана алу үшін кезекте тұрған және баспанаға ие болған азаматтардың тізімімен, балабақшаға кезекке тұрған балалардың тізімімен, аудан әкімнің, қала, кенті, ауыл округтері әкімдерінің жылдық есептерімен және т.б.таныса алады. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жоспарды орындау туралы есептер жарияланған. Сонымен қатар аталған бөлімде азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша өздерінің өтініштерін қалдыру үшін мүмкіндік берілген.

Жер учаскелерін бөлу кезінде, субсидирование мәселесін, мүлікті жария етуге жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аудан бюджетін бекіту және нақтылау бойынша тиісті комиссия құрамына кәсіпкерлердің өкілі енгізілген. Есепті жылы ауылдық округтердемобильді топтардың 14 кездесуі өтті. 9 адам жеке қабылдауда болды. Еңбек ұжымдарымен кездесу барысында 16 іс-шара өткізілді.

Есепті жылы сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауы ауданның 7 бөлімінде жүргізілді, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қатері анықталған жоқ.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті тәрбиелеуге бағытталған жоба жүзеге асырылды. Әлеуметтік роликтер конкурсы жүргізілді, жәнеде аудан мектептері арасында агитбригадалар конкурсы өткізілді.

Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес есепті жылы «Абай-ақиқат» аудандық апталық газетінде аудан әкімінің 2 мақаласы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында мемлекеттік мекеме басшылары мен мамандарының, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 37 мақаласы жарияланды.
Құқықтық тәртіп
2018 жылдың 12 айында аудан аумағында криминогендік жағдай қылмыстық құқық бұзушылықтың төмендегенін сипаттайды - 23,4% (870-тен 666-ға шейін), Абай секторының ішінде - 25,6% (528-ден 393-ке шейін), Топар кентінде – 20,2 % (342-ден 273-ке шейін), оның ішінде ауыр қылмыстар - 13,6% (с 59 -дан 51-ге шейін), Абай секторының ішінде – 19,4 % (36-дан 29-ға шейін), Топар кентінде – 4,3% (23-тен 22-ге шейін) және аса ауыр қылмыстар – 77,3 % (22-ден 5-ке), Абай секторының ішінде - 78,9% (19-дан 4-ке шейін), Топар кентінде – 66,7 % (3-тен 1-ге шейін).

Ауыр қылмыстар мен аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтардың төмендегені анықталды (81-ден 56-ға шейін), ауыр дене жарақаттары (18-ден 15-ке шейін), қасақана өлтiру (7-ден 3-ке шейін), зорлау (8 –ден 3-ке шейін), қарақшылық шабуылдар (1-ден 0-ге шейін), мал ұрлығы (21-ден 14-ке шейін), ұялы телефондар ұрлығы (142-ден 92-ге шейін), бөтен мүлікті тонау (583-тен 432-ге шейін), пәтерді тонау (179 –дан 117-ге шейін), сотқарлық (15-тен 9-ға шейін), автокөлікті тонау (3-тен 1-ге шейін), автокөлікті айдап кету (10-нан 8-ге шейін), жәнеде есірткінің жалпы тіркелуі 72,7% төмендеді (11-ден 3-ке шейін). Қорқытып алушылық анықталмаған (0). Сонымен қатар, алаяқтық жасау фактілері тіркелуінің өскені анықталды (29-дан 34-ке шейін) және ұрлық (25-тен 27-ге шейін).

Есепті жылы қоғамдық орындарда қылмыстық құқық бұзушылығының төмендегені анықталды (159-дан 135-ке шейін), көшелерді (71-ден 69-ға шейін), тұлғалар тобы (43-тен 28-ге шейін). Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылығының өсуіне жол берілмеді (17). Бірақта мас кезінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылығының өсуі анықталды (64-тен 83-ке шейін), есiрткi, психотроптық заттарды немесе басқа да есеңгiрететiн заттарды пайдалану салдарынан мас күйiнде жасалған қылмыстық құқық бұзушылығы (1-ден 2-ге шейін), отбасылық-тұрмыстық жағдайда болған қылмыстық құқық бұзушылығы ( 3-тен 5-ке шейін).

Абай ауданы аумағында 25 жол - көлiк оқиғалары тіркелген, оның салдарынан 5 адам қаайтыс болды, 37 адам түрлі жарақаттар алды, АППГ 50 жол - көлiк оқиғалары тіркелген, оның салдарынан 24 адам қайтыс болды, 65 адам түрлі жарақаттар алды.


Инфляция үдерісін баяулату
Инфляция үдерісін баяулату бойынша баға талдауын және кешенді жұмыстарды ұйымдастыру үшін Абай ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №28-ө өкімімен инфляция үдерісін баяулату бойынша жұмыс штабы мен жұмыс топтары құрылған.

Абай ауданында өнім өткізу үшін 386 сауда объектілері, 2 сауда үйлері (бұрын базар мәртебесіне ие болған), 1 коммуналдық павильон, 21 ғасыр сауда кешені, 10 наубайхана, 23 дәріхана, 12 автокөліктерге жанармай құю стансасы жұмыс жасайды.

2018 жылғы желтоқсандағы статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылдың қаңтар айына азық-түлiк тауарларынаың 10 атауына баға ның өсуі, 4 атауына баға төмендегені анықталды.

Бағаның өсуі: ажарланған күріш 11,5 % (230 –дан 260-қа шейін), қарақұмық жармасы 2,5% (154-тен 158-ге шейін), өлшенетін түтік кеспесі 4,8% (217-ден 228-ға шейін), тауық еті 9,3% (796-дан 878-ге шейін), сүт 3% (219-дан 226-ға шейін), сары май 6,9 % (1436-дан1544-ке шейін), күнбағыс майы 6,7% (402-ден 431-ге шейін), қант 25,% (186-дан 248-ге шейін).

Бағаның төмендеуі: бидаай ұны 1,9% (107-ден 105-ке шейін), түйінді пияз 45% (93-тен 64-ке шейін), картоп 49,3% (109-дан 73-ке шейін), сәбіз 19,7% (103-тен 86-ға шейін).

Ауданның сауда нүктелерінің көбісінде қойма бөлмелері жоқ, сондықтан азық-түліктер Қарағанды көтерме сауда қоймасынан алынады. Өнімдер бағасы көтерме сауда арқылы берушінің сату бағасына тәуелді болып табылады.

Бағаның өсуін болдырмау, жәнеде Абай қаласы аумағында 10-нан 15 % шейін базар бағасынан төмен өзінің өнімін сату бойынша жергілікті өндірушілерді қолдау мақсатында коммуналдық павильон жұмыс жасайды, онда делдалсыз «Волынка» ЖШС және Қарағанды қ. «Арыстан» ШҚ шұжық өнімдері сатылады, «Асқар» ШҚ (Көксі а/о) сүт өнімдерінің маусымдық сатылуы жүргізіледі, «Подвысоцский В.С» ЖК 15 атаулы бакалея өнімдері сатылады. Тұрақты негізінде Теміртау қ. «Аян-м» ЖШС сүт өнімдерін демалыс сайын келіп сатады.

Абай қаласының коммуналдық павильонының сенімді басқарушысына айына екі рет «Абай ауданының КӨБ» ММ өнімнің 19 түріне 2010 жылғы 1 наурызда №145 ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген ұсыныс бағаларын жолдап отырады, олар сол күні коммуналдық базардың ақпараттық стендіне ілінеді.

Әкімдіктермен және ауданның сауда объектілерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарды қайта бекіту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Аудан бойынша барлығы 357 меморандум бекітілді және жұмыс жасайды.

Сонымен қатар әлеуметтік қатарларды (сөре) ұйымдастыру бойынша сауда объетілерінің басшыларымен түсіндірмсе жұмыстары жүргізіледі.

Жыл қорытындысы бойынша 72 сауда нүктелерінде әлеуметтік қатарлар жұмыс істеп тұр.

Жалпы инфляция үдерісін баяулату және бағаның өсуіне жол бермеу бойынша баға мониторингін жүргізу жалғасуда .

Әлеуметтік маңызы бар өнімдерге айғақсыз бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда Қарағанды облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне ақпарат жеткізіледі.

2019 жылдың басынан өнімдерге баға өсуі бойынша тұрғындардан жедел желіге телефон арқылы өтініштер келіп түскен жоқ.



Коммуналдық қызметтер тарифінің төмендеуі

Мемлекет басшысының 2018 жылдың 5 қазанда халыққа Жолдауында белгіленген тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметтерінің тарифтерін реттеу және табиғи молнополиялар туралы тапсырмасын орындауда ауданымызда келесі жұмыстар жүргізілді:

- «ЕСО» ЖШС электрэнергияға 1% тариф төмендетті;

- Топар кентінде жылумен жабдықтауды пайдалану нормасы төмендеді, нәтижесінде қызметтің құны 140,50 теңгеден 110,45 теңгеге төмендетілді,

- Дубовка а/о, Сарака а/о, Көксу с/о Жартас а. және Вольный кентінде сумен қамту қызметі орташа 18,7 % төмендеді.

- ҚТҚ әкету қызметіне тариф орташа 2% төмендеді



Азаматтадың өтініштерімен жұмыс
Абай ауданының әәкімі аппаратына 2018 жылы барлығы 791 өтініш келіп түсті, оның ішінде ауызша 264, жазбаша 527. 361 өтініш жеке тұлғалардан і, ал 166 өтініш заңды тұлғалардан келіп түст. 2017 жылмен салыстырғанда өтініштер саны 126-ға көбейді.

Жеке тұлғалардан келіп түскен 361 жазбаша өтініштің: 95 – қанағаттандырылды, 227 – түсіндірілді, 8 – беті қайтарылды, 10 – қайта жолданды, 4 – мәлімет үшін қабылданды, 5 – тоқтатылды, 12 – орындалу үстінде.

Заңды тұлғаларданг келіп түскен 166 жазбаша өтініштің: 51- қанағаттандырылды; 68 түсіндірілді; 11 - тоқтатылды; 4 – беті қайтарылды; 3 – қайта жолданды; 29 – мәлімет үшін қабылданды.

Азаматтардың жазба түріндегі 527 өтініштерінің 107 коммуналдық шаруа бойынша (биыл 20% былтыр 22%). Тұрғын үй мәселесі бойынша 89 (биыл 217% былтыр 22%). Жер мен жерді пайдалану мәселесі бойынша 169 (биыл 32% былтыр 31%). Объестілердің құрылысы, қайта жабдықтау мен қайта жөндеу мәселесі бойынша 13 (биыл 2% былтыр 2%). Әлеуметті мәселе бойынша 13 (биыл 2 % былтыр 4%).

Аудан әкімінің ақпараттық порталына 97 өтініш келіп түсті (2017 жылы – 83, салыстырғанда 14-ке көп). Өтініштер бойынша шешімдер: 91 – түсіндірілді; 5 –қанағаттандырылды; 1 – мәлімет үшін қабылданды.

Барлығы 264 азамат жеке қабылдауда болды: оның ішінде аудан әкімінде – 193, аудан әкімі орынбасарында –71. Былтырғы 2017 жылмен салыстырғанда 97 азаматқа көбірек қабылдауда болған .

38 есепті кездесулерде 3123 адам қатысты. 112 өтініш пен ескертулер қабылданды. Көбісі елді мекендерді абаттандыру, көлікпен қамту, жәнеде жолды жөндеу мен құру жұмыстары мәселесі болды. Оның 56 орындалды, 36 өтінішке түсіндірме жасалды, 20 орындалу үстінде.

Құрметті жерлестер! Абай ауданының атқару органдары 2018 жылғы жұмыс қорытындысы осындай. Қол жеткізген нәтижелер Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтің салиқалы саясатының және әрбір тұрғынның қосқан жеке үлесінің арқасында болып отыр. Бүгін біздің алдымызда жаңа ауқымды міндеттер тұр, еліміздің дамуына және азаматтардың әл-ауқатының өсуіне бағытталған мақсаттарға жету жолында Абай ауданы өзінің лайықты үлесін қосатынына мен сенімдімін.



Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады, мен ауданда тұратын барлық жастарды туған ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне және әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысуға шақырамын. Еліміздің және кіші отанымыздың болашағы сендердің қолында!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет