Өндіріс құралдарында тауарды тану



жүктеу 309.51 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі309.51 Kb.

Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 



экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедрасы

 

 



 

 

 



 

Кожахметова Г.А



Өндіріс құралдарында тауарды тану.

аударған Балтина Дария 

 Тақырып1: Өндіріс құралдарын тотастыру(өндіріске арналған тауарлар).

Экономикадағы әртүрлі салаларында өндірілген өнімдер келесі белгілері бойынша топталады:

1).Өнімнің түрі бойынша.

-бірден өндіруге шығарылатын өнімдер-ол ауылшаруашылық шикізаты,пайдалы қазбалар,жартылай дайын өнімдер(химиялық заттар,табақталған темір(болат),маталар және т,б)

-көліктің жекелеген бөлшектер мен бөліктері(электрматорлары,термостаттар,аккумуляторлар т,б)

-кәсіпорынның келісім шарты арқылы жүзеге асырылатын техникалық қызмет)сырлау,құйып шығару,формаға салу)

2).Жеткізіп отыратын тауарлар мен қызметтер.



-техникалық қызмет көрсету мен жөндеу(бөлшектер,майлайтын материалдар,сырлар)

-стационарлық жабдықтау(трансформаторлар мен крандар)

-басқа кәсіпорындардың көрсететін қызметтері(басып шығару, тазалау,қаржыландыру және сақтандыру)

3).Сыйымдылығы кең ауқымды капиталды мүлік-бұл зауыттың жабдықтарын орнату(ірі станоктар)және бекіту(қолмен істейтін станоктар,құрал-саймандар т,б).

4).Экономиканың салалары бойынша мына белгілерінен таниды,яғни өндіріс құралдары үшін:

-ауылшаруашылығы

-орман өсірушілік

-балық шаруашылығы

- тау-кен өнеркәсібі

-аңшылық


-құрылыс

-өңдеуші өнеркәсіп

-транспорт

-толайым сауда

-жекелеп сатылатын сауда

-қаржы


-сақтандыру

-қызмет көрсету

Ф.Котлер өнеркәсіпке арналған тауарларды келесі топтарын көрсетеді:

1.материалдар мен бөлшектер

2.сыйымдылығы кең ауқымды мүлік

3.көмекші материалдар мен қызмет көрсетулер



Материалдар мен бөлшектер-бұл өндіруші жасау кезінде толық қолданылатын тауарлар.Оларды екі топқа бөлуге болады:

-шикізат


-жартылй дайын өнімдер мен бөлшектер

Шикізатқа ауылшаруашылық өнімдер (бидай, мақта, көкөніс) және табиғи өнімдер(балық,орман,мұнай шикізаты,темір рудасы).

Жартылай дайын өнімдер мен бөлшектер,оған жататын материалдардың компоненттері(темір,иірілген жіп,цемент,сым т,б)және құрама бөліктер(кішігірек моторлар,шиналар,құюшы материалдар т,б).

Материалдық компоненттерді өңдегеннен кейін қолданады.Материалдық компоненттерінің арасындағы ұқсастық,тауарды сатып алу кезінде оның бағасы мен жеткізіп тұруына қарап алады.

Комплекстеулі өнімдер негізгі өнімдер құрамына еш өзгерусіз кіреді.

Капиталдық мүлік-бұл дайын өнімдерге жататын тауарлар.Оны 2топқа бөлуге болады:

-стационарлық құрылыстар

-көмекші құрал-жабдықтар

Стационарлық құрылысқа жататындар(заводтар,әкімшілік ғимараттар және т,б),стационарлық құрал-жабдықтарға (генераторлар,вертикалды бұрғылау станоктары, каттандыру -унификациялау және стандарттау

-жылдам істейтің жабдықтар,автоматтар,программаланатын станогтар,автоматтанған тез икемді жүйелер қолдану арқылы ағымды және жалпы өндіріс ұйымдастыру

-сапаны тексеруді қатаң жүргізу

-кіретін материалдарды тексеруді жоғары деңгейде жүргізу

Техникалық өнімдер қанша жоғары сапалы болса да дұрыс пайдаланбаса ұзақ жұмыс істемейді.Техникалық жабдықтарды пайдалану кезіндегі сапасы мен сенімділігін сақтау факторлары:

1).Машиналар мен механизмдерді өздерінің қолдану бағыттары бойынша пайдалану,техникалық құжаттарда көрсетілген режимдерді сақтау.

2).График бойынша регламенттік қызмет жұмыстарын жүргізу.

3).Керекті,жоспарлы және күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу.



Өнімнің қасиеттері-бұл өнімнің шығару,пайдалану,тұтыну кезінде білінетін объективтік қасиеттері.Әрбір өнім өзінің қасиеттерімен білінеді және сол арқылы басқа өнімдерден ерекшеленеді.

Өнімнің сапасы-бұл өнімнің қасиеттерінің жиынтығы өзінің бағыты бойынша тұтыну қажеттігін қанағаттандырады.

Шығарылатын өнімдердің сапасын арнайы бөлімдер:техникалық бақылау бөлімі(ТББ).ОТК-ның негізгі міндеттері:-стандарттарға, техникалық міндеттерге сай емес өнімдерді шығаруды болдырмау.

ОТК құрамына мынандай топтар мен бөлімдер болады:

1).Сырттан алуды техникалық бақылау бюросы-негізгі өндірістік жабдықтауға сырттан келетін өнімдерді техникалық тексеру.Өнім әкелетін өндірістер мен сапсажөніндегі келісімдер жасау,сапасыз өнімдерге,рекламациялық актлер жасау, материалдарды дұрыс сақтау.

2).Орталық өлшеу лабораториясы-цехтық өлшеу лабараторияларымен,тексеру-бақылау пунктерімен бірлесіп сызықтық,бұрыштық бақылау өлшеу құралдарының дұрыс қолданылуын,жаңа және қолданудағы өлшеу құралдарын тексеру жүргізіледі.Және ол өте дәл өнімдерді тексереді және өлшеудің жаңа тәсілдерін қолдануға енгізіледі.

3).Жарамсыз өнімді санау және анализ жасау тобы.

4).Барлық өндіріс цехтарындағы ОТК-ның тексеру пунктері, бұлар өнімнің сапасы мен толықтығын тексереді.

ОТК-тексеру операцияларын өндірістің басқа, цехтарымен, бөлімдерімен бірлесіп жасайды.Мысалы: метолографиялық, химиялық лабораториялар ОТК-ның тапсырмасы бойынша керекті анализдер жасайды.Керек болғанда өнімнің үлгілерін басқа мекемелер мен институттарға анализге жібереді.



Бас конструктор бөлімі-ОТК шығарылатын өнімдердің барлық техникалық документациялармен қамтамасыз етеді және оның жағдайын қадағалайды.

Жабдықтау және маркетинг бөлімі- ОТК заводқа келіп жатқан материалдар мен жабдықтар туралы,олардың жолдама құжаттары туралы,келген материалдар мен өнімдердің сапасы туралы хабарлап отырады(бұлар:сапа сертификаттары,алу және тексеру актілері,төлқұжаттар).Бұл құжаттар болмаса материалдар,өнімдер өндіріске жіберілмейді.

Техникалық бақылаудың түрлері:



Техникалық бақылау дегеніміз-бұл өнімнің немесе өндіру процессінің белгіленген міндеттерге сай болуын бақылау,бұларға өнімнің сапасы байланысты.

Техникалық бақылау мынадай белгілері бойынша белгіленеді:

1).Бақылау объектілері.

2).Өнімнің жасалу және болу сатылары бойынша.

3).Процесс кезеңдері бойынша.

4).Қамту толықтығы.

5).Бақылау құралдарын қолдану деңгейі.

6). Бақылау жасаушылар(мемлекеттік ведомсволығы).

7).Техникалық жабдықтау деңгейі.

8). Тексерілетін параметрлер мен қасиеттері бойынша.

Бұл қасиет бойынша бақылау мынадай болады:

-геометриялық параметрлер(сызықтық мөлшер,бұрыштық мөлшер,сыртқы беттерді толық қамтуы,формасы)

-физикалық параметрлер(жылу өткізгіштік,балқу температурасы т,б)

-механикалық параметрлер (қаттылық, мықтылық, жұмсақтық, серпімділік)

-химиялық қасиеттерді бақылау

-метолографиялық зерттеулер

-арнайы бақылаулар

-бітеулігін тексеру

-ішкі деректер барлығын тексеру

-функционалдық параметрлерін тексеру(әртүрлі жағдайда жұмысқа қабілеттілігі)

-көру арқылы анықтайтын қасиеттерді тексеру.

Техникалық бақылау процессінде,техникалық бақылау құралдарын пайдаланады(приборлар,саймандар,тексеру стендтері) материалдар реактивтері қолданады.

Егер бөлшектер,бөліктер немесе толық өнім техникалық құжаттарға сай жасалмаған болса,ол жарамсыз өнім деп аталады.

Жабдықтаушы заводтардан алынған шикізаттар мен өнімдер өндіріске дейін бүлінген болса өндірістік ақау деп аталмайды.



Түзелмейтін жарамсыз өнім –түзетуге техникалық мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан тиімсіз.

Жарамсыз өнім бөлінеді:

-сыртқы(шығарушы басқа цех немесе басқа өндіріс орны)

-ішкі(шығарушы цехта жіберілген кемшіліктер)

Жарамсыз өнім шығару себептері екіге бөлінеді:принциптік және ұйымдастырушылық.

Ұйымдастырушылық себептер-өндірістік кемшіліктер, жабдықтардың кемшіліктері,шикізатпен жинақ бөліктерінің жарамсыздығы бұрын анықталмаған.

Принциптік себептер-аспаптың күрделілігі,толық зерттелмеген процестер,жоғарғы талаптар.

Сапасыз пайдаланудан шығатын себептер болдырмау үшін кіріс бақылауын жүргізеді.



Кіріс бақылауы дегеніміз-жабдықтаушы өндіріс орнының өнімдерін

Тексеру,оларды өндірісте немесе жөндеуде қолданғанда жасалады.

Кіріс бақылауының негізгі мақсаты:өндіріске сапалық параметрлері нормативтік техникалық құжаттардан ауытқыған шикізат,құрама бөліктерді өндіріске жібермеу.

Кіріс бақылауына жататын өнімдердің тізімінде көрсетіледі: шикізат,материалдар,құрамдас бөліктердің аты,маркасы, стандарт, негізгі міндеттер,бақылау түрлері,бақылау көлемі,бақылау параметрлері,қабылдау ережелері,бақылау жүргізу құралдары.

 

Тақырып2.Бақылау мен сынақтар түрлері.

1). Сыртқы байқау-бұл тәсілмен тексереді атестаттарының сетификаттарының барлығын,онң заказға сәйкестігін,өнімді онымен келген құжаттармен салыстырады.Орамалардың жағдайын,консервация жағдайын,өнімнің сыртқы беттерінің бүтіндігін тексередіСыртқы байқау менсортты прокаттың, құймалардың көру арқылқұрамаларын тексереді.

2). Химиялық құрамын тексеру-химиялық физико-химиялық және физикалық тәсілдері қолданылады.Бұл керекті дәлділікке, ның нәтижесі бойншасезімдігіне,жылдамдығына байланысты.

Көбіне экспресс -анализдер қолданылады.Заводқа келетін немесе жөнелтілетін материялдардың химиялыққұрамын анықтау үшін маркалау анализі қолданылады.Оның нәтижесі бойынша өнімдердің құрамының белгіленген нормаларға сәйкес екндігі анықталады.Барлық құрамдас бөліктердің шамасы жоғары дәлдікпен анықталады.

Бақылау анализі-маркалау анализінің нәтижелерін тексеру үшін қолданады.Кейбір құрамдас бөліктерінің мөлшерін сол тәсілдермен,құралдармен анықтайды,бірақ оны мұқият және жоғары білікті мамандар атқарады.

Арбитраждық анализ-негізінен бақылау анализіне жатады,оны өнімді жабдықтаушы жақ пен тұтыну жақтың анализдерінің нәтижесі әртүрлі болғанда өткізіледі.

Ұшқындық бақылау тәсілі-тауардың құрамын жобалап анықтау үшін қолданылады.

3). Геометрлік параметрлерді анықтау-ол өлшеу арқылы

жүргізіледі керекті шаманы арнайы құралдар арқылы тексереді. Өлшеудің түрлері:абсолюттік-салыстырмалы,тура-жанама,түйісу-түйіспей өлшеу.



Абсолюттік өлшеу тәсілі-өлшенген шаманың өлшеуші құралдың көрсетуі бойынша анықталады.

Салыстырмалы тәсіл- үлгінің өлшемінен ауытқуы бойынша анықталады.

Тура тәсіл-бойынша анықталатын шаманың өзі өлшенеді.

Жанама тәсіл-бойынша керекті шаманы,басқа шаманы өлшеу арқылы екеуінің арасындағы заңдылық бойынша есптеп шығарады.

Түйісу тәсілі-өлшенетін зат мен өлшеу құралы бір біріне жанасу арқылы атқарылады.

Түйіспей өлшеу-тәсілінде өлшенетін зат пен өлшеуші құрал бір бірімен түйіспейді(Мысалы:оптикалық приборлар,пневматикалық приборлар).

Сызықтық өлшемдерді анықтауға бақылау үшін қолданады: өлшеуіштер,калибрлер,өлшеуші приборлар.Бұрыштарды өлшеуге бұрыш өлшеуіштері қолданылады.Колибрдің түрлері:нормальді,шекті, комплексті,дифференцияльді.

Нормальді колибрлер-номиналдық өлшемдер бойынша жасалады.

Шекті колибрлер-өнімнің жоғарғы немесе төменгі шекті өлшемдері бойынша жасалады.Шекті колибрлер екі түрде болады:

-өтетін

-өтпейтін



Комплекстік колибрлер бірнеше шамаларды тексереді. Дифференциялдық(жай) колибрлер бір шаманы тексереді.

Конструкциясы бойынша шекті колибрлер бөлінеді:

-жалғыз шекті колибрлер

-екі шекті колибрлер,бұл өтетін және өтпейтін колибр бірге жасалған

-бір жақты колибрлар,мұнда екі шекті колибр бір жағында орналасқан

-екі жақты колибр

Жұмыр біріктердің диаметрін бақылауға жақша тәрізді колибрлер қолданады,ал тесіктердің диаметрін тығын тәрізді колибрмен тексереді.

Ішкі және сыртқы өлшемдерді анықтайтын құралдар-штанген құралдар.



-штангенциркульдер-сыртқы және ішкі сызықтық өлшемдерді өлшейді

-штангенглубометр-тереңдік өлшемдерін анықтауға

-штанген рейсмус-биіктік өлшемдерін анықтауға немесе сызуға қолданылады

Микрометрлік өлшеу құралдар:

-микрометрлер

-микрометрлік тереңдік өлшеуіштер

-микрометрлік ішкі өлшемдер өлшеуіштері

-рычагтық микрометрлер

Өлшеуіш құралдарын таңдағанда метрологиялық(өлшеу бөліктері, өлшеу қателіктері т,б)пайдалану және экономикалық көрсеткіштер ескеріледі.Пайдалану және экономикалық көрсеткіштерге жатады:

1.Өлшенудің қйталау жиілігі(көптігі)және бақылауға қолайлығы.

2.Өлшеу құралдарының бағасы мен сенімділігі.

3.Жөндеуге дейін жұмыс істеу мерзімі.

4.Баптау және өлшеу уақытының ұзақтығы.

5.Құралдардың салмағы,көлемі,жұмыс істеу ауырлығы.

Өлшеудің дәлдігін жоғарлату үшін керек:

1.Дәл өлшеуші құралдарды қолдану.

2.Шкаланы жоғары дәлдік разрядымен 0-ге қою керек.

3.Өлшеу жұмыстарын білікті мамандарға тапсыру керек жағдайда процессті механикаландыру және автоматтандыру.

4.Өлшенетін өнім мен өлшеуші құралдарының температураларын теңестіру,өлшеуді қалыпты(20ºС)температурада өткізу керек.

5.Бөлшектердің беттерін берілген өлшем бойынша өңдегенде ауытқуларды шектеулі өлшемдермен белгілеу керек:

6.Өлшеуді бірнеше рет жүргізіп орташа шамасын анықтау.

Өлшеуіш құралдарымен пайдалану ережелері:

Дәл өлшейтін құралдарды алғанда тексеру керек:

-тексеру құжаттарының барлығын

-тексеру уақытының график бойынша сақталуы

Өлшеу алдында өлшеуші құралды таза жұмсақ шүберек пен сүрту керек және 0-ге қойылуын тексеру керек.Өлшеу кезінде өлшеуші құралмен өлшенетін бөлшек бетінде сырғанатпау керек,өлшеуші құралды қолда көп ұстап тұрмау керек,өлшеуіш температурасын жоғалтып алмау үшін.

Өлшеу жасалған соң өлшеуші құралдарды станоктың,металдың бетінде қоймау керек,тазалап тот бастырмайтын зат жағып,өзінің қорабына салу керек.Өлшеуші құралмен соғуға,құлатуға болмайды.

 

4). Механикалық қасиеттрді анықтау.Белгілі құралдағы және өңдеулі материалдың механикалық қасиеттері кернеу жағдайына (тексеру кезінде жасалатын)және әсер етуші күштердің сипатына(v,t) және сыртқы орта жағдайына байланысты болады.

Механикалық сынақтың мақсаты:материялдардың сенімділігіне әсер ететін қасиеттерін анықтау ( бөлшектердің, приборлардың, конструкциялардың,құралдардың).Бұл қасиеттердің жиынтығын материялдың конструктивтік беріктігі деп атайды.

Конструктивтік беріктікті бағалау үшін әртүрлі қасиеттердің жиынтығы пайдаланылады. Мысалы мынадай критерийлер жиынтығы: -беріктік қасиеттері-анықтау үшін статикалық күшпен созу арқылы анықталады(беріктік шегі,ағымдығы,жұмсақтығы)

-сенімділік қасиеттері(желіну беріктігі,тотығу беріктігі т.б)

Жалпы конструкцияның беріктігін тексеу стендік сынақ кезінде анықталады;бұл сынақтар кезінде тек материал ғана емес технологиялық,конструктивтік факторлардың қасиеттері анықталады.

Механикалық сынақтардың түрлері мен сипаттары.Сттатикалық сынаққа жатады:

-созу сынағы,t мax/δmax=0.5

-қысым сынағы t max/δmax=2

-бұрау сынағы t max/δmax=0.8

-ию(изгип)сынағы(бұл сынақта материалға созу және қысым күштері бір уақытта,бір зонада әсер етеді)

-қаттылық сынағы,бұл сынақта материалдың белгілі көлемі бір келкі емес,Жан-жақты қысым жерінде болады.Қалыпты кернеу δ,жанама кернеу t-ден үлкен болады,яғни t max/δ maх қатынасы кіші болғанда сынақ сипаты қатаң болады.



5). Металлографиялық зерттеулер.Макроанализ сипаттамасы: Макроскопиялық анализ дегеніміз-металл құрлысын көзбен немесе үлкейткіш әйнекпен(30 ретке дейін)қараймыз.Бұл жағдайда бұйымның үлкен бөлігінің сыртқы бетін көреміз,сондықтан мелаллдың сапасы мен ары қарай өңдеу жағдайларын анықтауға болады,металлдың қатаю ерекшеліктерін және бетін өңдеу сапасын анықтайды.Макроқұрылымды металлдың бетінен ғана емес оның сынған бетінен болады және мелаллдың бетін тегістеп қайрау және реактивтермен әсер еткеннен кейін көруге болады.Қайралған немесе реактивтер мен өңделген бөлшекті микрошлиф деп атайды.

Егер микрошлиф көлденең кескіндіден жасалса темплет деп аталады. Қайралған бете басқа заттар,май,кір болмау керек.Макроанализ әдісімен анықтайды:

-сынған беттің түрлері-жұмсақ,қатаң,нафтали тәрізді(болатта)т,б болады

-металлдың тұтас болмауы-отырған кезектік,орталық кезектік, астыңғы қуыстар,кристаларалық жарықтар,қысыммен өңдегенде пайда болған жарықтар,температурадан болатын жарықтар, дәнекерлеу кемшіліктері

-дендриттік құрылыс-кристалдаудың баяу жүруі

-құю кезінде және ірі құрамдардың химиялық біркелкі болмауы

-структуралық және химиялық біркелкі болмауы,металды жылумен,жылу және қысыммен немесе химия және жылумен өңдегенде пайда болады

Бұл жағдайда сынықтың түрін көру арқылы байқайды,ал басқа жағдайда микрошлифтер арқылы анықтайды.



6). Физикалық бүтін күйінде бақылау тәсілдері.Бүтін күйінде тексеру тәсілдері өнімнің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді,күрделі агрегаттарды авариядан сақтайды,едәуір экономикалық үнем береді,өнімді шығаруды тез меңгеруге және жаңа технологиялық процесстер меңгеруге көмектеседі.

Құймалармен,өңделетін өнімдер және дайын өнімдердің макро кемшіліктерін бақылауға бүтін түрде тексерудің мынадай әдістері қоданады:

-ультрадыбыстық

-магниттік

-құйынды ток

-радиациялық

-капиллярлық дефектоскопия

Ультрадыбыстық дефектоскопия-ультрадыбыстық сәулелерде қолданылады,олар терең қабаттарға өтеді және физикалық сипаттары әртүрлі қабаттардан кейін шағылысады.

Магниттік дефектоскопия-магниттік өрістің материалымен өзара әсер арқылы магниттік ағын өтеді.

Магнитографиялық тәсіл-кемшілігі бар жердің магниттік өрісін ферромагниттік пленкаға түсіру арқылы табады.Олүшін тексеретін жерді магниттайды,содан кейін оған магниттік лентены жабыстырады.

Радиациялық дефектоскопия-йондалған сәулелерді тексеретін заттан өткеннен кейін тіркеу және анализ жасау арқылы өткізіледі. Йондаушы ретінде рентгендік сәулелер,α-сәулелер,β-сәулелер,γ-сәулелер нейтрондық протондық ағындар ядролық реакция кезінде пайда болғанда пайдалынады.Радиацияны бүтін күйінде тексеру тәсілдері:

-радиографиялық

-радиоскопиялық

-радиометрлік



Каперлярлық дефектоскопия-арнайы индикаторлық заттардың (понетронттар)кемшіліктері бар,қуыстарға өтуі және одан пайда болған іздерді көру арқылы немесе арнайы өзгерткіш арқылы байқау.Бұл кезде зерттелуші дененің сау жерлері мен кемшілігі бар жердің түстері өзгеше болады.Осы өзгешелік көп болған сайын тексерудің сезімталдылығы жоғары болды және өте ұсақ кемшіліктерді анықтауға болады.Копелярлық тәсілді магниттік емес металдарды тексеруде кең қолданылады.

Копелярлық дефектоскопиялық тәсәлі-индикатордың люменесценттік іздерін зерттеуші дненің бетінде ультракүлгін сәуле түсіру арқылы тексереді.

Түрлі түсті тәсіл-индикатордың түрлі-түсті іздерін тексеретін объектің бетінде көрінетін жарықпен тексеру.

Тақырып 3: Ағаш материалдары және оны тексеру тәсілдері.

1.Кәсіпорынға келген ағаш материалдарын бақылау.

Ағаштарды класификациялау:

1).Пайдалануға жарамдығы бойынша:

-іскерлік

-төменгі сапалы

-отындық

Іскерлік ағаштар дегеніміз-жұмыр немесе жарылған,түбірлік қалдықтар,технологиялық жоңқалар.Бұларды қоданады:жұмыр жоңқаланғаннан кейін,сүргілегеннен кейін.

Төменгі сапалы-іскерлік ағашқа жатпайтын,бірақ өңдегеннен кейін пайдлануға болатын ағаштың қалдық бөлшектері.

Отындық ағаштар-отын немесе шикізат ретінде пайдаланады.

2).Алыну тәсілдері бойынша ағаш материалдары 7 топқа бөлінеді:

-ағаш материалдары

-ағаш-химия өндірісінің шикізаты

-композициялық шикізат материалдары

-модификацияланған ағаш өнімдері(целлюлоза,қағаз және жоңқалық плиталары)

-гидролиздік өндіріс өнімдері

-дрождық өндіріс өнімдері

-ағаш-химиялық өндіріс өнімдері

Бірінші топтағы ағаш өнімдері,ағашты механикалық өңдеу арқылы алынады.Механикалық өңдеу тәсілі бойынша 1топ 6 классқа бөлінеді:

1.Жұмыр ағаш материалдары-ұзын ағашты көлденең кесумен алынады.

2.Тілінген ағаш-ұзыннан көлденеңінен кесу арқылы алынады.

3.Жонылған-ағашты спираль бойынша жонумен алынады.

4.Сүргіленген ағашты пышақтармен сүргілеп бетін тегістеп өңдеу.

5.Жарылған-ағашты ұзынынан сына тәрізді құралмен бөлу.

6.Ұсақталған-арнайы өңдеу арқылы алынады,ағашты кестін,жонатын,ұнтақтайтын станоктармен өңдейді немесе кесу,жону, сүргілеу кезінде пайда болады.

Белгілі бір пайдалануға арналған керекті стандарттарға сай ағаш материалдарды сортимент деп атайды.Сортимент-бұл техникалық құжаттарда белгіленген өлшемдер,формалардың,біркелкі материалдардың жиынтығы.



Ассортимент-біркелкі материалдар мен өнімдердің құрамы мен ккәсіпорынның шығарған өнімдерінің әртүрлі сорттары түрлері,мысалы,әртүрлі ағаш түрлері мен әртүрлі қалыңдықтағы материалдар.

Жұмыр ағаш материалдары ағаш түрлері бойынша бөлінеді:

-қылқан жапырақты

-жапырақты

Өңдеу тәсілі бойынша 4 топ сотиментке бөлінеді:

1.Тілу мен сүргілеуге арналған

2.Целюлоза мен ағаштық массаға

3.Жону үшін

4.Жұмыр күйінде пайдалану үшін

Жалпы бағыттағы тілетін материал 4 сортқа бөлінеді және шикізат пакеттелген немесе пакетсіз түрде болады,ұзындығы 2 метрден кем болса тек пакеттелген болады.

1.Арнайы бағыттағы тілу материалдарына авиациялық, резонанстық(музыкалық аспаптар), қарындаштық, палубалық, мылтықтық,шаңғылық,кемеқұрастырушылық,шпалдық,ұршықтар үшін,целюлозамен,ағштық масса үшін.

2.Жұмыр күйінде қолданатын ағаштар-магталық кемелерге, радиомагталық,гидротехникалық құрылысқа,көпір салуға және электр бағандары,құрлыстық шахталық тіреулер,қыршалар.



Ағаштардың қасиеттері мен кемістіктері.Ағаш белгілі бір міндеттерге сай болуы керек:

-шамадан тыс кемістіктері болмауы керек,жеңіл өңделуі керек

-формасын жоғалтпауы керек

-күштің әсеріне қарсы тұруы керек,ылғал мен ауа әсеріне төзімді болуы керек.

Бұл қасиеттер ағаштың техникалық қасиеттерін көрсетеді:

-технологиялық

-физикалық

-механикалық



Физикалық қасиеттер-1 см қабаттағы жылдық сақиналар саны,ылғалдығы,кебу,ісіну,тығыздығы.

Механикалық қасиеттер-қысымда,созудағы,майыстырудағы беріктігі,қаттылығы.

Технологиялық қасиеттері-темірден жасалған бекіткіш бөлшектерді ұстау қасиеті.

Стандарттарға сәйкес емес ағаштардың кемістіктері болады. Кемістіктер-бұл ағаштың кейбір бөліктерінің кемшіліктері болуы,

бұл ағаштың сапасын кемітеді және пайдалану мүмкіндігін азайтады.

Ағаштың кемістіктерін сыртқы белгілері арқылы әр жеке сортиметтерде анықталады.Кемістіктер мына топтарға бөлінеді:

-бұтақ

-жарық


-діннің форма кемшіліктері

-ағаштың ішкі құрлыс кемшіліктері

-химиялық түстер пайда болуы

-саңырауқұлақтармен зақымдануы

-биологиялық зақымдануы

-бөтен заттар енуі

-механикалық зақымдану және өңдеу кемшіліктері

-қисайып кетуі

Бұтақ ашық немесе жабылған болып бөлінеді.Ашық бұтақ бөлінеді:

1.Кесілу формасы бойынша.

2.Сотаменттегі орны бойынша-орта қабатты, шеткі, қырлы, тік, тігілме.

3.Өзара орналасуы бойынша:шашырама,топтама,жайылма.

4.Бекіту жағдайы бойынша.

5.Ағашының жағдайы бойынша:сау,ашық,қоңыр,сау жарықшақты шірілген,шірік темекі тәрізді.

6.Сыртқа шығуы бойынша:бір жақты,толық өткен.

Жарық-бұл ағаштың ұзынан бөлінуі,жарықтың түрлері:

1.Жай,күрделі,аяздық,кебулік-түрлері бойынша.

2.Сортименттегі орны бойынша-беттік,шеткі,түптік.

3.Тереңдігі бойынша-терең емес,терең өтпелі,өтпеген.

4.Көлденеңі бойынша-қосылған,қосылмаған.

Діннің форма кемшіліктері:жұмыр,қырлы,сопақ,бұлтық,қисық,жай қисық,күрделі қисық.

Ағаштың ішкі құрылыс кемістіктері-қисық талшықтар,бұралған талшық,көзше,қалта,ортасы,екі орта болуы,кепкен бүір,рак беттегі талшықтық.

Химиялық түстену-бұл кесілген ағаштың химиялық және биологиялық процесстерәсерінен түстерін өзгертуі көбінесе малмалардың тоттығуынан болады.

Саңырауқұлақтық зақымдану-көгеру,шіру,қуыстану.

Биологиялық зақымдану-құрттардың тесуі, құстардың, паразиттік өсімдіктердің зақымдауы.

Бөгде заттар механикалық зақымдану,өңдеудегі кемшіліктер:

-сыртының күюі

-қабықтың түсуі

-қисық кесу

-жұлынған жерлер

-шығыңқы талшықтар

-кесу қалдығы

-тесік


-сызықтық

-иректік


-ойықтар

-жұлынған ойықтар

-майысу-бұл кептіргенде,кескенде,сақтағанда форманы өзгерту. Ол ұзыннан,бетінен,шетінен,көлденең,жай және күрделі болып бөлінеді.

Тақырып4. Майлау материалдары,химикаттар,мұнай өнімдері.

Майлау материалдарының негізгі міндеті үйкелетінн беттерді майлау,бөлшектердің қаталуын және үйкеліске жұмсалатын шығынды азайту.Үйкеліске беттерінің жабысуы мен ілегуін болдырмау.

Одан басқа майлаушы материалдар қажалуды белгілі бір деңгейде ұстайды,беттердің кемшіліктерін жояды,қажалу,жарықтардың ұлғаюына жол бнрмейді.

Материалдар түрлері:

1.Күштерді тасымалдау.

2.Саңылауларды азайту.

3.Үйкеліс жылыуын азайту.

4.Үйкеліс зонасынан қалдықтарды әкету.

Майлаушы материалдардың түрлері:

-қатты(графит,дисульфит молибдена)

-сұйық


-жұмсақ

Майлау материалдарды сапалық көрсеткіштері: созылмалығы, механикалық қосындылардың көлемі,су, суға ертілген қышқылдар, сілтілер,қату және тұтану температурасы, коксталуы, күлдігі, тотықтыру қасиеттері.

Жұмсақ материалдар үшін-колоидтық тұрақтылығы,бос сілтінің көлемі,булануы т,б.

Тақырып5. Резина материалдары.

Шикізаты каучуг болады.Каучуг табиғи және синтетикалықболады:

1.Бутадиендік-жұмсақ,жоғары температураға төзімді,жеңіл тоттығады.

2.Бутадиенстирольдік-автомашиналарды жасауға қолданылады.

3.Нитрильдік каучуг-майға төзімді резина алуға қолданылыды. Эриттік резина

4.Изопрендік каучуг тұрмыстық және медициналық заттар жасауға қоданылады.

Бұдан басқа кәсіпорынға резина шығару компоненттері алынады:

-толтырғыш(қара күйе)

-вулканизацияны тездеткіштер

-тоттығудан сақтаушылар

-баяулар

Резинаның классификациясы.

Синтетикалық бутадиендік каучугтен жасалған резина былай бөлінеді:

-эриттік резина-жоғары беріктік,жылуға төзімділік,бензин мен майда аз ісінеді,химиялық төзімді.(жұмыс киімдеріне,желімдерге былғары орнына,кабельдердің сыртына қолданылады)

-полисульфидтік резина-беріктігі жоғары емес,бірақ суық пен жылуға төзімді,газ өткізбейді(шланглер,түтіктер,аралықтар)

-эбонит-инертті, суға төзімді,диалектрик ретінде қолданылады.

Кеуекті резиналр(губкалар)-серпімдіматериал,соққыны жояды,амотизатор ретінде,жылу дыбыс өткізбейтін материял ретінде,фильтрлерде қолданылады.

Және резина бұйымдары стандартталған және нормальданған болып бөлінеді:

1.Техникалық жалпақ резина-аралықтар,клапандар, тығыздағыштар,амортизаторлар.

2.Резина арқандар-жұмыр,квадрат,төртбұрышты формада.Қасиеттері бойынша былай бөлінеді:қышқыл-сілтіге,жылуға төзімді,суыққа төзімді,май мен бензинге төзімдітамақтық.

3.Резина маталы ленталар-жалпы және арнайы бағыттағы(жылуға,аязға төзімді,майға төзімді,тағамдық)

4.Жалпы белбеулер-қолдануы мен конструкциясы бойынша үшке бөлінеді:сызықталған,қабаттап оралған.

5.Шлангтар-резинаматалы метал спираль қосылған.Олар соратын,қосымды болып топталады.Әрбір топ былай бөлінеді:

-бензинге төзімді

-суға арналған

-ауаға,оттегіне,нейтральді газдарға айналған

-неорганикалыққышқылдар мен сілтілердің әлсіз

ертінділеріне арналған

-сұйық тамақтық өнімдерге арналған

6.Техникалық резина түтіктер:

-қышқыл-сілтіге төзімді

-жылуға төзімді

-аязға төзімді

-май-бензинге төзімді

-тамақтық заттар

7.Резиналық тығыздаушылар.

Тақырып6. Тері.

Барлық терілік шикізаттар жаңа сойылған кезде 4 топқа бөлінеді:



1).Төлдердің терілері

1.Салмағына қарамай.

2.Құлынның терілері массасы 5 кг дейін.

3.Қой және ешкі терілері,барлық көлемдегі.

4.Шошқа терілері,ауданы 30÷70дм²

2).Өскелең.

-түйе,жылқы,есек,массасы 10 кг дейінгі терілер

-шошқа терілері ауданы 30÷70дм²

3).Ірі қара мал,жылқы,түйе,есек,буйвол,яктар,бұғылар массасы 17 кг дейін.

-түйенің жкрты терілері,алдыңғы немесе қазы

-шошқа терісі S=120÷200 дм²

-шошқа терісінің бөліктері 50 дм²



4).Ірі қара мал,жылқы,түйе,есек,буйвол,яктар,бұғылардың түрлері, массасы 12 кг артық.

Сапасы бойынша терілер төрт сортқа бөлінеді 1,2,3,4.



Сорт терідегі кемістіктердің саны және орналасуы бойынша анықталады.Шетте орналасқан тесіктердің үшеу ортадағының біреуіне теңестіріледі.Пайдалы ауданы деп терінің кемістіктерінің басқа жерінің ауданын айтады.

4-сорттың талаптарына сәйкес емес терілерді қалдық деп атайды.Бұған қолданылған терілер жатады,кеуіп қалған,түтінделген, жартылар,ұсақ бөліктер.

Кемістіктер деп терінің сапасын кемітетін зақымдануларды айтады.

Кемістіктер болады:

-жалпы барлық терілерде кездеседі

-спецификалық,кейбір түрлерге ғана

Терінің кемістіктері тірі кезіндегі және сойылғаннан кейінгі болып екіге бөлінеді.

Тірі кезіндегі кемістіктер терінің сапасын 60% дейін кемутуге мүмкін,тесіктер,қасан дақтар,иректілік.

Тесіктер-бұл диаметрі 5-6мм тесіктер бөгелектің (личинка) құрттарының тесуінен болады.Олар бекітілген және бекітілмеген болып бөлінедіБекітілген тесіктердің өзі өңделген терінің бетінен білінеді.

Дақтар әртүрлі формада болады.

Иректілік-бұл қалыңдаған жерлер.Бұл кемістік көбінесе өскелең малдар мен бұқалардың терілерінде болады.Бұл кемістіктер терілердің сапаларын көп кемітеді.Терілерді хромдалған бет ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді.



Тірі кезіндегі кемістіктерге мыналар жатады:қотырлар,қамшы орны, ер орны,қамыт орны,таңба орны,меңдер.

Сойылғаннан кейінгі кемістіктер пайда болады:сою кезінде,теріні сыпыру кезінде,консервілеу кезінде,сақтау және тасымалдау кезінде пайда болады.

Сыпыру кемістіктері-теріні сыпыру кезіндегі қателіктерден пайда болады.Теріні дұрыс жармау,ойылған жерлер:

-аздап кескен жерлер

-кесу сыртқа шықпаған

-қосылған майлар,сіңірлер теріде қалған

-жыртылған жерлер

-бөліктерінің жетіспеуі

-майдың тазаланбауы

-құйрық пен башайларда сүйектің қалып қоюы

Бұл кемістіктерден шикізаттың сорты 20% кемиді.

Консервтеу,сақтау,тасымалдау кемістіктері-бұл қызару,әртүрлі мөлшердегі дақтар,ашық қызылдан қоңыр қызыл сия түске дейін, тұздалған теріге микробтардың әсер етуінен болады.Осының нәтижесінде терінің беті көмескі болады.

Тұздық дақтар-ұсақ,қатты,диаметрі 5мм дейінгі дөңестер,түсі ашық сұрдан қоңыр сұрға дейін болады.Тұздық дақтармен зақымдалған жерлердің структуралық құрлысында өзгерістер байқалады.Осыларға жатқызатындар жарықтар,бүктелу,мүйіздену,көгеру,шіру т,б.

Тері шикізатының сапасын оргонолептикалық әдәспен қатар химиялық анализ әсересе бактерияскопиялықәдіспен тексеріледі.



Дерматин-бұл жасанды тері-матаны нитроцелюзитпен қаптау арқылы жасалған.Ол терілерді күрделі әсемдеу үшін қолданылады.Оның қасиеттері су өткізбейді,жақсы тігіледі,ыстыққа төзімді.

Кемшіліктері:тез ескіреді,теріден гигиеналық жағынан кем,тез жанады.Көп қолдананнан кейін жарылып түсіп қалады.

Тақырып7. Пластмассалар.Классификация мен сипаттамасы.

Пластмасса деген материал табиғи немесе синтетикалық полимерлер енгізінде жасалады.

1.Пластмассаларсмолалардың қыздырылғандағы өзгерулері бойынша екіге бөлінеді:

-термореактивті(реактопласстар)

-термопластикалық(термопласстар)

2.Қолданылған толықтырғыштар бойынша былай бөлінеді:

-композициялық

-смолалық

Композициялық пласмассалар да екіге бөлінеді:

-ұнтақтық

-талшықты

Өнеркәсіпте қолданылатын пластмассалардың ассортименті көп түрлі.

Плстмассалардың жақсы қасиеттері:

1.Жеңілдігі,бұйымдардың салмағы аз болады.

2.Химиялық төзімділігі,мысалы,пластмассалар агресивті ортада тоттықпайды.

3.Жоғарғы,электр изоляторлық қасиеттері оны диаэлектрлік ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

4.Жоғарғы механикалық беріктігі.

5.Жоғарғы технологиялығы.

6.Шикізаттың қымбат болмауы.

Тақырып 8. Приборлардың классификациялары мен сипаттары.

Бөлінеді:

-электрөлшеуші приборлар

-газбен сұйықтардың қысымын өлшейтін приборлар

-ауаның ылғалдығын өлшейтін приборлар

-механикаландыру мен автоматтандыру приборлары

Электрөлшеуші приборлар жұмыс істеу принциптері бойынша мына топтарға бөлінеді:

1.Электрлік-магниттік.

-амперметрлер

-волтьметрлер

-омметрлер

2.Электромагниттік приборлар.

3.Электродинамикалық приборлар.

4.Электростатикалық приборлар.

Дәлдік класы бойынша 8 класқа бөлінеді:0,05 0,1 0,2 0,5 1 1,5 2,5 4

Дәлдік классы прибордың шкаласында көрсетіледі,ол қалыпты жағдайдағы прибордың қателігін көрсетеді.

Өлшеу ортасы бойынша:

-тұрақты


-қозғалмалы

Көрсету құралы бойынша.

Сыртқы өрістен қорғау тәсілі бойынша.

Температура өлшейтін приборлар:

-термометр

-пирометрлер



Сұйықтар мен газдардың қысымын өлшейтін приборлар.

Оладың классификациясы:

-сұйықтық өлшенетін қысым сұйықтың бағанымен теңестіріледі

-пошендік,өлшенетін қысым поршенге механикалық күш түсіру арқылы теңестіріледі

-пружиналы,қысым пружинаның қысылуы арқылы анықталады

-электрлік-қысымды электрлік шамаға айналдыру арқылы өлшенеді(пъезо эффект)

Өлшенетін қысымның түрі бойынша приборлар бөлінеді:

-манометрлер

-вакуумметрлер

-мановакуумметрлер

-ағым қысымын өлшегіш

-тигометлер

-барометрлер

Ауаның ылғалдығын өлшейтін приборлар:

-гигрометрлер

-психометрлер

Тақырып 9. Құрлыстық материалдар.

Бұларға жатады:

1.Табиғи тас материалдар.

2.Керамикалық материалдар мен бұйымдар.

3.Минералдық қорттпалардан жасалған материалдар мен бұйымдар.

4.Минералдық байланыс материалдары.

5.Бетон.

6.Құрлыс ертінділері.

7.Жасанды тас бұйымдары.

8.Металл материалдар.

9.Темір бетон бұйымдар.

10.Жылу өткізбейтін және дыбыс өткізбейтін материалдары.

11.Органикалық байлаушы материалдар және олар арқылы жасалған материалдар.

12.Ағаш материалдары.

13.Пластмассалар.

14.Лак-сыр бұйымдары.

Құрлыс материалдарының негізгі қасиеттері: физикалық, химиялық, механикалықтехнологиялық.

Физикалық қасиеттерге жатады:салмақтық қасиеттері,тығыздығы, сұйықты өткізуі,газды,жылуды реактивті сәулелерді өткізбеу қабілеті, сыртқы зиянды ортаның әсеріне төзімділігі.

Химиялық қасиеттер-бұл материалдардың, қышқылдардың, сілтілердің,тұз ертінділерінің реакция жүргізетін және бұзатын әсеріне төзімділігі.

Механикалық өасиеттер-бұл материалдың қысымға, созуға, соғуға, басқа материалды күшпен ендіруге қарсы тұру қасиеттері.

Технологиялық қасиеттер-бұл материалдар бұдан бұйымдар жасағанда өңдеуге бейімділігі.

1). Табиғи тас материалдар мен бұйымдар(бұл тау жыныстары)-бұл материалдық масса біркелкі минералдық құрамда болады,бір немесе бірнеше минералдан тұрады.

Минералдар деп химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері бірыңай табиғи заттарды айтады(гипс,кварц,базальм,гранит т,б)

Негізгі классификациялық қасиеттері пайда болуы бойынша 3 топқа бөлінеді:

-ақтарылған

-шөгіндік

-метаморфозалық

Бұл құрлыс материалдары жоғары беріктілігімен, қаттылығымен, химиялық төзімділігімен ерекшеленеді,ал басқалары берік болмайды және суда ісінеді(гипс т,б).

2). Керамикалық материалдары-балшық массаларынан формалау мен күйдіру арқылы алынады.Ішкі құрлысы бойынша бөлінеді:

-кезекті-кірпіш,блоктар,тастар

-тығыз-плиткалар,канализация трубалары,сан-техникалық заттар

Қолдануы бойынша керамикалық бұйымдар мына түрлерге бөлінеді:

◊Қабырғалық-кірпіштер,тесіктері бар кезекті кірпіштер мен тастар,кірпіш пен тастардан жасалған ірі блоктар мен панельдер.

◊Жабу үшін-іші қуыс тастар,балкалар,панельдер,кезекті тастардан.

◊Сырттан қаптау үшін-кірпіштер,керамикалық тастар,плиткалар.

◊Ішкі қаптау мен ішкі құралдар-қабырғалар мен еденге арналған плиткалар,сан-техникалық жабдықтар.

◊Төбе жабу-черепица,дренадтық,канализациялық трубалар.

3). Минералдық балқымалардан жасалған материалдар мен бұйымдар-бұлардың ортақ қасиеттері құрамында силикаттардың болуы,олар балқығаннан кейін тез суытқанда шыны тәрізді түрге көшеді.

Негізгі шикізат бойынша бұларды үш топқа бөлуге болады:

-шынылар

-тастар


-шлактар

Шынылық балқымалардан жасалатын бұйымдар-бұл терезелік шынылар,оюланған шыны,сымдалған шыны,түрлі түсті сымдалған шыны,қорғаушы шынылар,күн көзіне жылудан сақтайтын шынылар,жылу өткізгіш,қаптағыш,профильдік,шыныпакеттер,стивит,шынылық блоктар,есіктік шынылар,витраналық шынылар,шынылық мозайкалар плиткалар,шыны трубалар,шыныбетондық конструкциялар,шыны мақта,көбікті шыны,газды шыны.

Балқымадан құйылған құйылған тас бұйымдар-өнеркәсіп орындарындағы едендерді қаптауға арналған плиткалар,коррозиялық орталарда қолдану,горизонтальдік шахта орындарындағы тіреулер жеңіл материалдар термодит,шлагтық мақта.

4). Минералдық байлаушы заттар-бұл ұсақталған ұнтақтар,сумен қосылғанда физико-химиялық процестердің арқасында қатты тас тәрізді күйге көшеді(гипс т.б).

Олар ауада және суда қатаятындар болып бөлінеді:

Ауада қатаятын заттар-бұлар ауада қатаяды және өзінің қаттылығын ауада ғана сақтайды.Бұларға гипстер,ауалық құрылысты известі,қышқылға төзімді цемент жатады.

Гидравликалық байлаушы заттар-бұлар тек ауада ғана емес суда да қатаяды және мықтылығын сақтайды.Бұлар гидравликалық известь, портланд цемент.



5). Бетон-жасанды тас,арнайы жинақталған байланыс материялы, су, толтырғыштардың(құм не гравил)қоспасының қатаюынан пайда болады.

Темір арматуралы бетонды темір бетон деп атайды.

1.Бетон қоладануы бойынша бөлінеді:

конструктивтік-бетондық темірбетонды құрлыс объектілерінің көтеруші объектілерін жасауға қолданады.

арнайы-ыстыққа төзімді,әдемілікке,жылу өткізбейтін.

2.Байлаушы материал бойына бетондар болады:

-цементтік

-силикаттық

-гипстік

-шлактық


3.Толтырғыштардың түрлері бойынша:

-тығыз толтырғыштармен

-кеуекті толтырғыштар

-арнайы,арнайы міндеттерге сай.

4.Қысымға беріктігі бойынша бетондардың маркасы 100-ден 800-ге дейін.

Бетонның сапасына қойылатын талаптар ұзақ уақытқа шыдауы,аязға төзімділік,су өткізбейді.



6) Құрылыстық лайлар-бұл қатайған байланыстық заттың ұсақ толтырғыштың және судың қоспасы.

Құрлыстық лайларға қойылатын сапалық талаптары: қозғалмалы, жақсы жабысуы,суды ұстауы,мықтылығы,ұзақ мерзімге шыдауы.

Лайлардың классификациясы:

1.Байлаушы зат бойынша:

-цементтік

-известік

-гипстік

-аралас


2.Қолдануы бойынша:

-қалау үшін-қабырғаларды кірпіштен қалау,ірі

элементтерден қабырға қалау

-өңдеу үшін-сылақ үшін,архитектуралық детальдар үшін,әдемілік қабаттар жасау

-арнайы,мысалы акустикалық суға қарсы

7). Минералды байлаушы заттар негізіндегі жасанды тас өнімдері. Оларды лайлы немесе бетондық қоспалардың минералдық байлаушы заттардың негізінде жасалған формаланып қатайған кезде алынады. Толықтырғыш ретінде кварцті құм,шлак,күл,ағаш үгіндісі.

Майысқан төзімді болу үшін асбест,ағаш,қағаз мокулатурасын т,б қосады.

Минералды шикізат байлаушы шикізаттар 4 топқа бөлінеді:

1.Гибптік және гипсбетондық(бөлу қабырғасына арналған панельдер,плиталар,вентиляциялық блоктар,гипсокартон табақтары)

2.Магнезиялды байлаушы заттар негізіндегі өнімдер.

3.Силикаттық-силикаттық кірпіш,силикаттық қуыс бұйымдар.

4.Асбесцементтік бұйымдар.

8). Металл материалдар мен бұйымдар-олар екі үлкен топқа бөлінеді қара және түсті металлдар.

Қара металлдар-бұл темір мен көміртегінің қоспалары(шойын мен болат)

Металлдардың қасиеттері-тығыздығы,балқу температурасы, беріктігі қаттылығы,ағымдылығы.

9).Темірбетон бұйымдар-олар бөлінеді:

1.Арматурасының түрі бойынша- алдын-ала тартылған және жай. 2.Тығыздығы бойынша-ауыр,жеңілдетілген,жеңіл,өте жеңіл.

3.Бетондардың түрі бойынша-цементтік,силикаттық,торламалы,арнайы.

4.Ішкі құрлысы бойынша-тұтас және қуыс,бір қабатты,екі қабатты,көп қабатты.

5.Көлем өлшемдері бойынша.

6.Қолданылуы бойынша-тұрғын үйлерге,қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттарға арналған,ауыл шаруашылық және гидротехникалық құрлысқа және жалпы пайдалану бұйымдарына арналған.



Тақырып 10. Физикалық қасиеттер және структуралық сипаттамасы.

Нақты тығыздығы(кг/м³)дегеніміз бірлік көлеміндегі әбден тығыздалған материалдың массасы:



Ρ=m1/V1

m1-материалдың массасы,кг

V1-тығыздалған материалдың көлемі,м³

Орташа тығыздығы ρo (кг/м³) дегеніміз бірлік көлемдегі табиғи жағдайдағы(қуыстар мен бірге)материалдың массасы.



Ρo=m1/V1

m1-материалдардың массасы,кг

V1-материалдық көлемі,м³

Ұзақ материалдардың өзгешелігі-үймелі тығыздылығы мен көсетіледі,бұл ұсақ дәндер тәрізді материалдардың оның алып жатқан жалпы көлеміне қатынасы,бөлшектердің арсындағы бос орындар бірге есептеледі.



 
Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет