Өндірісті нарықТЫҚ экономика жағдайында дайындау модельдері және оларды жетілдіру шаралары бердалиев Ж., Ералы А., Тілегенов И. С



жүктеу 24.77 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі24.77 Kb.

ӘОЖ 658.5.011(015)0-641
ӨНДІРІСТІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ДАЙЫНДАУ МОДЕЛЬДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ

ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
Бердалиев Ж., Ералы А., Тілегенов И.С.
Экономиканың ғылыми қамтымды моделін енгізу Қазақстаннің эксперттік әлеуетіндегі шикізаттың емес, өнімнің үлесін 70 %-ға дейін арттыру мақсатын көздейді. Әрбір өнеркәсіп саласында, әсіресе мұнай-газ кәсіпорнында ең қажетті жағдайы өндірістің тиімді жүргізілуі, яғни алдынала және жан-жақты дайындау. Өндірісті дайындау дегеніміз - өкімнің жаңа түрін, оларды модернизациялау, жаңа техниканы жасау, оларды іске асыру.

Өндірісті дайындауда ең қажетті шешілетін мәселелер: кәсіпорындарда үзіліссіз техникалық прогресспен және оның бірқалыпты жағдай жасалуын қамтамасыз ету, экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін келесі модельдер ұсынылады:

а) өндірісті дйындау кезендерінің моделі;

б) қолданыстағы техниканы, технологияны, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге жасалынған бір-біріне тікелей байланысты кешенді атқаратын жұмыстар;

Қазіргі кезенде нарықтық экономика жағдайында еліміздің экономикасының дамуына, әлеуметтік жағдайын жақсартуға мұнай, газ өндіруші өнеркәсіптің көлемі жағынан, басқа салаларымен салыстырғанда ең маңызды орын алатындығы ақиқат.

в) еліміздің нарықтық экономика жағдайында дамуының бірден-бір талабы, кәсіпорындарға өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру. Қазіргі заман талаптарына сәйкес мамандар өндірісті ұйымдастырудың негіздерін жетік білуі мен қатар кәсіпорынның тиімді жұмыс атқаруын арттыру, еңбек өнімділігін өсіру нәтижесінде өнімнің сапасын жақсарту, өндірісті жоспарлауға байланысты мәселелерді білікті шешуге қабілеттілігін қамтамасыз ететін шараларды іске асыру.

Өндірісті дайындау кезеңіндегі атқарылатын шаралар:

1) Жаңа технологиялық барлық қызмет көрсету үрдістерін қамту;

2) Зерттеу нәтижесінде анықталатын тиімсіз үрдістерін алып тастау;

3) Негізгі жұмысшылармен қызмет көрсету үрдістерін еңбек өнімділігіне зияны тимейтіндей жағдайда қоса атқару.

Өндірісті дайындау мысалында бұрғылау үрдістерін орындалуын дайындауда жеке және топ ұңғымалар құрылысын бастаудың алды болады. Өндірісті дайындау жаңа мұнай (газ) кен орындарын, немесе алаңдарын барлауға бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру кезінде ерекшелігі өте құнды. Оның нәтижелілігі ұңғымалар құрылысы бойынша алдағы жұмыстардың ерекшеліктері мен олардың көлемдерін зерделеруден басталады. Зерделеу барысында табиғи факторлардың келесі жұмыстарға әсер ету дәрежесін анықтайды, олар:

1) мұнарада монтаждау жұмыстарға (жердің бедері, топырақтың және кірме жолдардың күйі, климаттық жағдайлар);

2) ұңғымаларды бұрғылау мен бекітуге (өнімді қабаттардың қалыптасу тереңдігі, күрделенулердің жорамалданатын аумақтарының болуы, бұрғылынатын жыныстардың беріктігі);

3) ұңғымаларды сынау бойынша жұмыстардың ауқымына (өнімді деңгейлердің саны, олардың сипаттамасы).



Материалдық дайындық барысында кәсіпорын қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен, материалдармен және басқа да материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Бұрғылау өндірісін дайындауды жүргізудің негізі, кенорындарын (алаңды) пайдалану жобасы болып табылады.

Ұңғымалар құрылысының үрдісін жобалау кезінде, құрамына топтық және жеке жобалар мен сметалар, геология-техникалық тапсырыс, мұнара-монтаждау жұмыстарын, ұңғымаларды бұрғылауды, бекітуді және сынауды өткізуге нормативтік карталар-тапсырыстар, тәртіптемелік-технологиялық карталар, еңбектің озық тәсілдерінің нұсқаулық карталары, бұрғылау жабдықтарын монтаждауға типтік сызбанұсқалары және т.б. кіретін, жобалық-сметалық құжаттаманы зерттеп дайындайды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет