Өндірістік менеджмент пәні бойынша дәріс конспектісі



жүктеу 0.81 Mb.
бет1/5
Дата17.04.2018
өлшемі0.81 Mb.
түріКонспект
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті


Менеджмент және маркетинг кафедрасы

Есімхан Г.Е.


Өндірістік менеджмент

пәні бойынша дәріс конспектісі
050724 - Технологиялық машиналар және жабдықтар

050801 - Агрономия мамандықтары студенттеріне арналған


Қостанай, 2011


Авторы: Есімхан Г.Е. менеджмент және маркетинг кафедрасының аға оқытушысы


Рецензенттер:

Дюзельбаева Г.М.., э.ғ.к., доцент, банк ісі кафедрасының меңгерушісі

Жахеева М.Б., э.ғ.к., М. Дулатов атындағы КИПУ доценті

Есімхан Г.Е.

Стратегиялық жоспарлау. Пәнді бойынша оқу құралын алмастыратын дәріс конспектісі - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 63 б.

Әдістемелік нұсқаулықта «Өндірістік менеджмент» пәні бойынша жекелеген тараулар мен бөлімдерді оқу бойынша дәріс конспектісі, өзін - өзі тексеру сұрақтары, бақылау сұрақтары берілген.

Факультеттің әдістемелік кеңесімен бекітілген 13.01.2011ж. хаттама № 1

© А.Байтурсынов атындағы

Қостанай Мемлекеттік Университеті

МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................5

1 тақырып. Өндірістік менеджментке кіріспе....................................................6

2 тақырып. Өндірістік менеджменттің теориялық және тәжірибелік эволюциясы..............................................................................................................8

3 тақырып. Кәсіпорын өндірістік менеджменттің өндірістік жүйесі және объектісі ретінде....................................................................................................11

4 тақырып. Кәсіпорынның техникалық-өндірістік базасы және оның құрамы....................................................................................................................13

5 тақырып. Кәсіпорынның өндірістік қоры мен материалды ресурстарын басқару....................................................................................................................15

6 тақырып. Жаңа өнімді жасау және өндіріске технологиялық дайындық.....19

7 тақырып. Өндірістік процестерді ұйымдастыру.............................................21

8 тақырып. Жұмыс орындарын ұйымдастыру....................................................27

9 тақырып. Өндіріс түрлері және кәсіпорынның өндірістік құрылымы..........30

10 тақырып. Өндірісті басқару процесі және оның ұйымдастырылуы............33

11 тақырып. Өндірісті жоспарлау......................................................................36

12 тақырып. Өндірісті жедел басқару..................................................................39

13 тақырып . Сапаны басқару.............................................................................41

14 тақырып. Өнімді материалды -техникалық қамтамасыз етуді басқару..45

15 тақырып. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын басқару...........48

16 тақырып. Кәсіпорынның жөңдеу және техникалық қызметін басқару...50

17 тақырып. Инструментті өндірісті басқару...................................................53

18 тақырып. Кәсіпорынның қоймалық шаруашылығын және көлікті басқару....................................................................................................................56

19 тақырып. Өнімді сатуды басқару.................................................................60




КІРІСПЕ
Өндірістік менеджмент менеджменттің теориясының қолданбалы курсына негізделген. Осы пәннің алдында «Экономика және менеджмент», «Құқық негіздері», «Психология», арнайы технологиялық пәндер циклы. «Өндірістік менеджмент» курсы арнайы пәндер циклына жатады. Оны оқу болашақ ауылшаруашылық мамандарды даярлауға көп көмегін тигізеді. Ол аграрлық базистегі және рационалдық шешімдерді жасауға көмектеседі.

«Өндірістік менеджмент» курсында өндірістік жүйелерге байланысты мәселелер қарастырылады, өндірістік бөлімшелерді басқару мәселелері, оның үрдісіндегі жүзеге асатын шешімдер қарастырылады. Мұнда жер, материалдық және басқа да ресурстарды рационалды түрде пайдаланудың әдістері мен тәсілдері, аграрлық өндірістің еңбек және басқа да ресурстарын, оның өндірістік инфрақұрылымы қарастырылады. Кәсіпорында өнім сапасы мен басқару сапасын үнемі жетілдіру негізінде бәсекеқабілеттілікке ұмтылуға ерекше назар аударылады. Аталған курстың негізгі мақсаты болып, мамандарды, болашақ ауылшаруашылық өндіріс мамандарын өндірісті тиімді басқарудың теориялық және тәжірибелік білімдерімен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған пәнді оқыған соң студенттер қазіргі кездегі ауылшаруашылық өндірісіндегі тиімді басқарудың ғылыми және тәжірибелік түрлері, қағидалары, әдістерін білуді; рационалды басқару шшімдерін қабылдай алуды, өндіріс, өнім мен еңбекті ұйымдастыра білуді; агробизнестің жаңа формаларындағы өндіріс технологиясының бәсекеқабілеттілікке сай ұйымдастыра алуды; аталған курсты оқыған студент адамдардың еңбек қызметін басқарудың теориялық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруды үйренеді.



1 тақырып. Өндірістік менеджментке кіріспе
Мақсаты:

«Өндірістік менеджмент» және «операциялық менеджмент» ұғымдарының мазмұнын ашу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.


Жоспар:

1. Ұғымы, мақсаттары мен тапсырмалары

2. Өндірістік және операциялық менеджмент
1. «Өндірістік менеджмент» пәні бар әлем университеттерінде менеджерлерді, экономистерді, инженерлерді дайындау үшін міндетті компонент ретінде қарастырылады.Бүгінгі таңда осы пәннін мазмұнын қарастырмайтын, білім мен біліктілікті талап етпейтін бірде-бір өндіріс пен бизнес саласы жоқ деуге болады.

«Өндірістік менеджмент» пәнінің мақсаты өнеркәсіптің өндірістік қызметімен байланысты, басқарушылық шешімдерді қабылдау саласында, студенттердің теориялық білімдері мен тәжірибелік машықтануларын қалыптастыру болып табылады.

Пәннің тапсырмалары:


  • өндірістік сала және қызмет саласы өнеркәсібінің өндірістік (операциялық) қызметін басқарудың теориялық негізін зерделеу.

  • өнеркәсіптің өндірістік (операциялық) қызметінің басқару саласында стратегиялық, тәсілдік және шұғыл шешімдерді қабылдау әдістерін игеру.

  • өндірістік (операциялық) менеджменттің саласында шешімдерді қабылдау, әдістер мен амалдардың кең шеңберін пайдалануды, соның ішінде жаңа ақпараттық технологиялар базасын игеру.

Пәнді оқыту емтихандық статика, экономико-математикалық құру, микроэкономиканың, салалық экономиканың, өнеркәсіп экономикасының, өндірістің салалық технологиясының, менеджменттің негізі, қызметтің кәсіпкерлік жағдайына негізделеді.

Пәнді оқу нәтижесінде алған білімдер – бизнес қисынның, ренжирингтің, бизнесті ұйымдастыру және халықаралық бизнес менеджментінің негізі болып табылады.

«Өндірістік менеджмент» пәнін оқыту объектісі өнеркәсіп (ұйым) болып табылады.

Өндірістің (ұжымның) бір-бірінен өлшемімен, ұйымдастырушылық-құқықтық түрлерімен, салалық керек-жарақтармен және басқа да мінездемелермен ерекшеленетіндіктен, осы пәнді зерделеу кезінде барлық өнеркәсіптер үшін сипатты, жалпы болсын, жеке болсын өнеркәсіптердің спецификасын анықтау қажет.

Өндірістік менеджменттің оқыту пәні болып, өнеркәсіптің өндірістік қызметін басқаруды ұйымдастыру және технология табылады.

2. Өндірісті басқару – менеджменттің алғашқы тарихи қалыптасқан ғылыми пәні. Сонымен қатар мамандарды дайындау үшін университет бағдарламаларына бірінші енгізілген. Өндіріс басшылары бұрын да, қазір де өнімді өндіру процесін басқарудың барлық есептеріне сауатты мамандарды тапсыруға болатын пән болып қала береді. Өйткені ондай қатынас сақталған болатын, яғни дамыған елдердің ( АҚШ, Англия, Франция т.б.) халықтарының бір бөлігі өндірістік қызметпен айналысып, ұлттың ауқаттылығының негізгі қайнар көзі болатын.

Өткен ғасырдың соңында, ішкі бәсекелестік пен масштабтағы бәсекелестікке байланысты, көптеген елдерде (әсіресе дамыған елдерде) халықты қамтамасыз ету түбірімен өзгеріп кетті. Ауқаттылықтың негізгі қайнар көзі өндірістік сала емес, қызмет саласы болды.

Бұл қызмет саласын басқаруда адамдардың түсініктерін және өндірістік менеджменттің анықтамасын кеңейту қажеттілігін оятты.

Осы жерде операциялық менеджментке түсініктеме беріледі.

Операциялық менеджмент – бұл материалдардың, ақпараттардың немесе сатып алушыларды қайта даярлаумен байланысты қызметтің барлық түрлерін басқару.

Операциялық менеджмент кез-кезген операцияларды тиімді және жаңашыл басқарумен қорытындаланады.
Бақылау сұрақтары:

1. «Өндірістік менеджмент» түсінігіне анықтама беріңіз.

2. Өндірістік менеджмент жалпы жүйеде (бас менеджментте) қандай орын алады?

3. Өндірістік және операциялық менеджменттің жалпылығы және айырмашылығы неде?

4. Өндірістік менеджментте объект түрі мен зерделеу пәні ретінде не болып табылады?

5. Менеджерді дайындау жүйесінде өндірістік менеджменттің рөлі.


Әдебиеттер:

1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары

2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

2 тақырып. Өндірістік менеджменттің теориялық және тәжірибелік эволюциясы

Мақсаты:


Өндірістік менеджменттің (өндіріспен басқарудың) теориялық және тәжірибелік даму тарихын тану, өндірістік саладағы зерттеудің әртүрлі бағыттарын зерделеу.

Жоспар:


1. Өндірісті басқаруды зерттеу

2. Өндіріс және еңбек ұйымының ғылыми саласында өнеркәсіптік революция мен енгізулер

3. Өндірісті басқарудың жаңа көзқарастары мен жүйелері
1. Адамның қызметін ұйымдастыру мәселесі оның жер бетінде пайда болғаннан бері қалыптасқан. Бізге бірінші болып жеткен қолданбалы сипаттағы өндірісті ұйымдастыру саласындағы жасаулар. Хаммурапи патшаның заңдар жинағы, 2 Навуходоносордың заңдылығымен бекітілген бос адамдарды жұмысқа тарту; Александр Македонскийдің әскери стратегиялары; Әл-Фараби және Әл-Ғазали ғалымдарының басқарушыларына талап жүйелері; Николо Макиавеллидің мақсатын дәлелдеу; Томас Гоббстың, Джеймс Стюарттың, Иереми Бенташтың басқарушының мінез-құлықтарын зерттеулер, дәлелдемелер және т.б.

Өндірісті басқаруға әдептік көзқарас, еңбек мамандығының экономикалық артықшылығын А.Смит қарастырғаннан кейін ғана 18 ғасырда өндірістік басқару қалыптаса бастады. (1776ж.)

Мамандандыру ұсақ операциялар қатарына өндірістік процесті бөлуді білдіреді. Әрқайсысы жеке жұмысшылармен орындалып, жұмысшылардың шеберлігі мен олардың еңбектерінің тиімділігіне әсер етті. 1798 жылы Э.Уитли бөлшектерді құрастыруда, олардың алмасымдылық принципін құрап және оны атқыш қару өндірісінде өнеркәсіпте қолдануды жеткізген. Тез арада бұл принцип өндірісте және өнімнің басқа түрлерінде пайдаланылып, өнеркәсіптің дамуына қатты серпіліс берді.

2. Өнеркәсіптік революция (XVIII ғ. басы - XIX ғ. басы) өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру мүмкіндігі жасалып, ғылыми эксперимент енгізуді талап етті.

1878 жылы Фредерик Уинслоу Тейлор өндірісті басқару саласында сол кезде болған тәжірибені қайта қарастыруды жандандырды. Өзінің жұмыстарында ол аналитикалық әдісті пайдаланып және қайталанатын операцияларды нормалау мен еңбек тиімділігін арттыруға ерекше мән берген.

Генри Л. Гантт өндірісті басқаруға тағы бір тәсіл енгізген. Технологиялық процесті жеке операциялар құрамдасы ретінде қарастыра отырып, ол қолданылатын операциялар жолын жоспарлау әдістерін құрастырды. Гантт өндірісті ұйымдастыру және еңбек ақысын көтермелеу жүйесін ұйымдастыруда өзінің теорияларын шығарды.

1910 жылы «өндірістік менеджмент» теориясын қарастыруды қолға алды, өндірісті басқарудың ғылыми үйлесімділігінің жиынтығына әсер етіп, өндірістік процестер мен терминделген басқарманың үйлесуін қарастырған.

3. 1924 жылы Уолтер Шухарт статистика әдістерін сапаны бақылау мақсатында пайдаланып, үлгілер таңдауының және процестердің сапасын бақылауына статистика іріктеу негізін салған.

Уитнидің шығарған, бөлшектерді өзара алмастыру мәселесі түпкілікті шешімін тапты. Шухарт еңбектері өндірісті жүйелер ретінде ұсыну қажеттілігін анықтады.Соған ең алдымен назар аударғандардың бірі У. Эдвардс Деминг (1950ж.) болды. Ол менеджменттің еңбек шарттары жұмыс процесін жақсартуға және жасалынатын өнімдер сапасын жоғарылатуға әсерін тигізу қажет деп есептеген.

1960 жылы басқару ғылымында «операциялық менеджмент» термині жарық көрді. Ізбасарлар қатары бұл терминнің пайда болуын талдау әдісімен салыстыру бойынша өндірісті басқаруда жинақтау (синтез) әдісін пайдалану артықшылығына ауыстырылуымен түсіндіріледі. Жинақтау түсінігі тұтас жүйеге жатады. Өнеркәсіптердің басқаруда жинақтау әдісін пайдалану, өнеркәсіптердің стратегияларын құрастыру басқару саясатының жоғары деңгейіне жетуге көмектеседі.(У.Скиннер) Өндірістік менеджменттің дамуының негізгі елеулі кезеңдері 1-ші кестеде ұсынылған:




Жылдар

Құбылыстар

Авторлар

1776

Өндірісті бөлу туралы ілімді құрастыру

А.Смит

1798

Бөлшектердің өзара алмасымдылық принциптерін іске асыру

Э.Уитни

1878

Ғылыми басқарманың пайда болуы

Ф.У.Тейлор

1916

Ганттың кестені құрауы

Г.Л.Гантт

1922

Қозғалыс теориясын зерделеу. Өндірістік технологиясының пайда болуы

Ф.Гилберт, Л.Гилберт

1913,1942

Синхронизацияланған жинақтау сызықтарын құру

Г.Форд, Соренсон

1924,1950

Сапа бақылау жүйесін енгізу

Шухарт, Деминг

1938

Компьютер құрастыру

Дж.Атана

1957

Сынаушылық әдісін құрау (СРМ)

Көптеген авторлар

1960

Материалдарда қажеттілікті жоспарлау жүйесін құрастыру (MRP)

Көптеген авторлар

1975

Стратегиялық менеджментті дамыту

У.Скиннер

1980

Компьютерлік жобаларды құрастыру

Көптеген авторлар

1981

Майысқақ өндірістік жүйе құру (FMS)

Көптеген авторлар

1985

Автомат хаттамасын құру (MAP)

Көптеген авторлар

1987

Интеграцияланған компьютерлік өндірісін құру

Көптеген авторлар

1995

Өндірістік менеджментті дамыту (SCM)

Көптеген авторлар

Бақылау сұрақтары:

1.XVIII ғ. дейін өндірісті ұйымдастыру саласында қандай негізгі жетістіктер болды?

2. Неге XVIIIғ. аяғы - XIX ғ. басы кезеңінде өндірісті зерттеу және оны ғылыми басқару жүргізіле бастады?

3. Ф.Тейлор және оның ізбасарларымен өндірісті ғылыми ұйымдастыру саласында қандай құрылымдар жасалды?

4. «Әкімшілік басқару» мектебінің өкілдерінің өндірістік менеджменттің теориясы мен тәжірибесінде негізгі жетістіктері қандай?

5. Өндірісті басқару саласында жаңа құрылымдар туралы не білесіздер?
Әдебиеттер:

1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары

2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

3 тақырып. Кәсіпорын өндірістік менеджменттің өндірістік жүйесі және объектісі ретінде

Мақсаты:


«Өндірістік кәсіпорын» түсінігін анықтауға әртүрлі көзқарас қалыптастыру.
Жоспар:

1. Кәсіпорын және оның нарықтық экономика жүйесіндегі орны

2. Кәсіпорынның белгілері және топталуы

3. Кәсіпорын өндірістік менеджментінің өндірістік жүйесі және объектісі ретінде


1. Өндірістік менеджменттің объектісі болып, өнім жасау, жұмыстарды орындау және пайдаланушыларға қызмет көрсетуі бойынша қызметі жатады. Бұл қызмет дәстүр бойынша кәсіпорын деп аталатын ұйыммен жүзеге асады.

Кәсіпорын материалдық өндіріс саласының алғашқы түйіні, нарықтық қатынастың субъектісі. Ұйымдастыру-экономикалық қатынаста кәсіпорын, еңбекті бөлу нәтижесінде оқшауланған және нақты шаруашылық бірлік түрін қабылдаған өндірістік процестің бөлігі болып табылады.

Кәсіпорын егер оларға заңдылықты актілермен тыйым салынбаса, шаруашылық қызметінің кез-келген түрлерін жүзеге асыра алады. Осыған орай, ол іс жүзіндегі заңға қайшы келмейтін кез-келген шешімдерді қабылдауға құқылы. Кәсіпорынның үлгісі 1-ші суретте ұсынылған:

Жұмыс күші Тауар, қызмет

бағасы


Мүліктік жиынтық шаруашылық бірлігінің өндіру процесі

ЖҚӨ



Ресурстар Кіріс


КҚӨ

ЖҚӨ - жай қайта өндіру жобасы

КҚӨ - кеңейтілген қайта өндіру жобасы

Кәсіпорын – бұл өз бетімен шаруашылық жүргізетін субъект, заңды тұлға құқығына ие, мүліктің ұжымдық еңбегін пайдалануы негізінде өнімді өндіреді және жүзеге асырады, қызмет көрсетеді. Кәсіпорын өзінің құрамындағы басқа заңды тұлғаларға ие болмайды. Әрбір кәсіпорын заңды тұлға ретінде өзінің жарғысына, есептік балансына, банктегі өзінің есеп шоттарына ие болады.

2. Кәсіпорынның негізгі белгілері мен топталуы төмендегіде сипатталады:

1) өндірістік-техникалық бірлік;

2) ұйымдастыру-әкімшілік жекелігі;

3) шаруашылық оқшаулану;

4) ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бар белгіленген атаулар.

Шығарылатын өнімнің қызметі мен сипаты саласына тәуелділігіне байланысты кәсіпорындар өндірістік, ауылшаруашылық, көліктік, сауда және т.б. бөлінеді. Мамандандыру деңгейіне қарай кәсіпорындарды үшке бөледі:



  • әмбебап;

  • мамандандырылған;

  • аралас.

Негізгі өндірістік процестердің механизациялау және автоматизациялау деңгейлерін есепке ала отырып, кәсіпорындарды:

  • автоматизацияланған;

  • жиынды-механизацияланған;

  • бөлшектеп механизацияланған деп бөледі.

3. Жоғарыда көрсетілгендей, кәсіпорынның өндірістік (операциялық) жүйе түрінде өндіріс ұйытқы болатын күрделі әлеуметтік-техникалық (әлеуметтік-экономикалық) жүйені құрайды.

Айналу процесі
Жұмсау Шығару


Элементтер Қайта жаңару Пайдалы өнім
Сурет 2. Өндірістік жүйенің блок-сызбасы
«Өндіріс» - қандай да бір пайдалы нәрсені құрау үшін заттардың, қызметтердің мақсаты бағытталған жұмысы. Дж. Риггс өндірістік жүйенің анықтамасын былай берді: «мақсатты бағытталған процесс – пайдалы өнім элементіне айналатын процесс».

Қазіргі уақытта жеке авторлар ( Макаренко, Минько және т.б.) өндірістік жүйеге кең түсінік береді. Олардың ойынша, өндірістік жүйе – элементтердің бір-бірімен байланысу жиынтығы; қоғам мен адамның қажеттілігін қанағаттандыратын және кіріс алатын материалды өнімді жасау және іске асыруға бағытталған шектеулі ресурстарды бірегей жинақтау.


Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорын түсінігі және оның нарықтық экономикадағы орны.

2. Кәсіпорынды сипаттайтын негізгі белгілер қандай?

3. Кәсіпорынды жіктеудің жолдары.


Әдебиеттер:

1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары

2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.



4 тақырып. Кәсіпорынның техникалық-өндірістік базасы және оның құрамы
Мақсаты:

Кәсіпорынның техникалық-өндірістік базасының құрамын және түсінігін анықтау.


Жоспар:

1. Кәсіпорынның техникалық-өндірістік базасы және оның құрамы

2. Техникалық-өндірістік базасының құрылуы және дамуы

3. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы оның бөлімшелері және түрлері


1. Кәсіпорынның техникалық-өндірістік базасы өндірістің қаражаты мен шарттар жиынтығын білдіреді. Солардың көмегімен адам тікелей немесе жанама әсер ететін еңбек заты – шикізат, материалдар, жартылай өнімдер, яғни түпкілікті мақсаты өнім жасау болып табылады.

Техникалық-өндірістік базасы белсенді элементтерден (ең алдымен технологиялық құралдардан) және пассивті элементтерден (ғимараттар, құрылыстар, коммуникациялар, объектілер) құралады.

Белсенді элементтердің нақты құрамы:

1.энергетикалық және қуатты құралдар, яғни бір энергия түрінен екіншісіне ауыстыруды жүзеге асырады (қазандар, реакторлар); іске қосу үшін энергияны пайдалануда және өндірісте тәжірибе жүзінде пайдалану үшін ( электробөлшектер, жылытқыштар т.б.).

2.шикізат пен материалдарды тікелей қайта өңдеу үшін тағайындалған еңбек құралдары: механикалық, химиялық, термикалық (станоктар пештер, химиялық ванналар т.б.).

3.өлшеу және реттеу құралдары, құрылғылар мен зертханалық техника.

4.есептегіш техникалар - ЭЕМ жүйесі.

5.құралдардың басқа түрлері, солардың ішінде ерекше орын алатын табиғатты қорғаушы әртүрлі тазалаушы құрылғылар, фильтрлер т.б.

Белсенді бөлігіне сонымен қатар көтергіш-Көліктік жабдықтар мен құралдардың барлық түрлері жатады.

2. Өндірісті нәтижелі басқару үшін басшылар мен мамандар техникалық-өндірістік базаның және алдымен барлық құралдардың элементтері қандай жағдайда екенін білу қажет. Ол үшін тәжірибеде аталғаннан басқа жабдықтарды жіктеу де бар.

Өнеркәсіп тізімінде тұрған және баланста есептелетін барлық құралдар бекітілген және бекітілмеген болып бөлінеді.

Бекітілген құралдар – бұл іске келтірілген-келтірілмегеніне, жөндеуге жататын-жатпайтынына қарамастан пайдалануға тапсырылған құралдар.

Бекітілмеген құралдар – қоймада, қорда және артық (пайдалану кезеңінде) сақталғандар.

Өзінің техникалық жағдайына байланысты құралдар – жаңа (бұрын пайдаланылмаған) және пайдаланылатын (яғни бұрын істейтін, жөнделетін, жөндеуді қажет ететін, пайдалануға жарамсыз және есептен шығаруға жататындар) болып бөлінеді.

Техникалық-өндірістік база үнемі айналымда болады, яғни оның құрамы ылғи өзгертіліп отырады.

Жөндеу – бұл істен шығудың алдында тұрған немесе жұмысқа жарамсыз құралдарды қайта жандандырудың іс-шаралар кешені.

Жаңарту – бұл іс жүзіндегі құралдардың құрылымына физикалық және моральдық тозуларын жою мақсатымен өзгерістер енгізу (мысалы, ескі бөлшектерді жаңасына ауыстыру т.б.).

Қайта құру және техникалық қайта жабдықтау – бұл құралдардың толық жүйелерін жаңасына ауыстыру. Қайта құру және техникалық қайта жабдықтау үлкен материалды шығындармен байланысты, сондықтан тек сол мүмкіндіктер бар кезінде немесе шаралар таусылған кезде жүзеге асады.

3.Өнеркәсіптің өндірістік қуаты – бұл номенклатура және сұрыпталымның берілуі кезінде өнімнің анықталған сапасын жылдық шығару мүмкіндігі , яғни оларды оптималды шарттарды пайдалануда негізгі өндірістік қорларды пайдалануы көмегі кезінде уақыт бірлігімен шығарылады. Өндірістің қуаттың түрлері:

1) Теориялық

2) Максималдық

3) Экономикалық

4) Тәжірибелік.

Өндірістік қуаттылық – динамиканың және әртүрлі факторлардың әсер етуіне байланысты өзгереді. Сондықтан белгілі бір уақыт кезеңінде қолдануға есептелген.

Қуаттылық - жоспарлық кезеңнің басында енгізілетін қуаттылық және кезеңнің соңында шығатын қуаттылық болып бөлінеді.

Мк = Мн+Ме+Мр+Мо+Миз+Мв, мұндағы Мк – жоспарлық кезеңнің соңындағы қуаттылық; Мн - жоспарлық кезеңнің басындағы қуаттылық; Ме – жаңа қуаттарды құрып енгізу; Мр – қайта құрылымды ендіруге байланысты қуаттың өсуі; Мо - техникалық қайта жабдықтау нәтижесінде қуаттылықтың артуы; Миз – номенклатуралық өнімнің өзгеруі кезінде қуаттылықтың артуы (төмендеуі).


Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорынның технико-өндірістік базасының түсінігі мен құрамы.

2. Кәсіпорынды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін өндірістік база туралы кәсіпорын басшылығына нені білу қажет?

3. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы және оның бөлімшелері.

4. Өндірістік қуаттылық не үшін анықталады?

5. Өндірістік қуаттылықтың түрлері.


Әдебиеттер:

1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары

2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет