Өнеркәсіп өндірісі



жүктеу 52.75 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі52.75 Kb.




Статистика

2009 жылғы қаңтар-наурызда



Өнеркәсіп өндірісі

2009 жылғы қаңтар-наурызда Өскемен қаласының қаржылық корпорацияға  жатпайтын, 1-ден 50-ге дейін адамы бар ірі және орта кәсіпорындары, қосалқы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, ауылшаруашылық құрылымдары, ұйымдаспаған экономикалық қызмет орындары қолданыстағы бағамен 42470,2 млн. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің нақты индексі 2008 жылғы қаңтар-наурыздағы деңгейге қатысты 91,1%-ды, 2008 жылғы наурызда 92,0%-ды, 2009 жылғы ақпанда 101,4%-ды құрады.



Негізгі капиталға инвестициялар

Есеп берген кәсіпорындар бойынша 2009 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға 9518,0 млн. теңге сомасында инвестиция игерілді, бұл 2008 жылғы сәйкес кезеңдегіден 6,7%-ға артық. Инвестицияның көп бөлігі жабдықтар және құрал-саймандар сатып алуға – 53,5%, құрылысқа және ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға – 45,4%, басқа да күрделі жұмыс шығындары – 1,1% бағытталды.

2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өскемен қаласында мал шаруашылығы өнімін өндірумен 2 ауылшаруашылық құрылымы, 24 шаруа қожалығы және 2,8 мың малы бар  жұртшылық шаруашылығы айналысты.
Шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал мен құстың өнімділігі мынандай деңгейге шықты: 1 сиырға шаққандағы орташа сүт мөлшері – 493 кг (2008 жылғы қаңтар-наурызда 98,6%), 1 мекиенге шаққандағы жұмыртқаның орташа мөлшері – 26 дана (96,3%).
2009 жылғы 1 сәуірде 2008 жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда құс саны – 3081 басқа (25,2%), жылқы – 117 басқа (5,8%) көбейді. Бұлармен қатар қой мен ешкі саны – 1658 басқа (28,1%), шошқа саны – 2491 басқа (22,2%), мүйізді ірі қара малдың саны – 1010 басқа (18,8%), сиыр саны – 452 басқа (18,4%) азайды.

Құрылыс

Құрылыс қызметі. 2009 жылғы қаңтар-наурызда ірі және орта жалдау құрылыс ұйымдары өз күштерімен 5608,9 млн. теңгенің (өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17,8%-ға кем) жұмыс көлемін орындады. Жалдау жұмыстары көлемінің негізгі бөлігі жеке меншік формасындағы кәсіпорындарға (97,4%), 2,6% - мемлекет меншігіне тиесілі болды.


Жалдау жұмыс құрылымында 93,2%-ын құрылыстық-монтаждық жұмыстар, 3,1%-ын ағымдағы жөндеу жұмыстары, 0,5%-ын күрделі жөндеу жұмыстары, 3,2%-ын басқа да жалдау жұмыстары алды.
Объектілер мен қуаттылықтарды пайдалануға енгізу. Қаңтар-наурызда пайдалануға жалпы ауданы 31361 м2 болатын 79 ғимарат берілді, соның ішінде 51 ғимарат тұруға тағайындалмаған және 28 ғимарат тұруға тағайындалған.

Көлік

2009 жылғы қаңтар-наурызда жол жүк көлігі кәсіпорындары 497,2 мың тонна жүк тасыды. 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жүк тасымалы көлемі 24,1%-ға артты. 2009 жылғы қаңтар-наурызда барлық қатынастардағы жүк айналымы 10,0 млн. тонна-шақырымды* құрады.
2009 жылғы қаңтар-наурызда Өскемен қаласының көлік кәсіпорындары 15900,0 мың  жолаушы* тасыды, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,1%-ға көп. 2008 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда жолаушы тасымалы айналымы 16,4%-ға кеміп, 131,5 млн. жолаушы-шақырымды* құрады.
*-жеке кәсіпкерлер мен көліксіз ұйымдардың есебінсіз

Сауда және басқа да қызметтер

Жедел деректер бойынша 2009 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек тауар айналымының көлемі Өскемен қаласы бойынша 25785,7 млн. теңгені құрады, соның ішінде ресми тіркелген сауда кәсіпорындары 12555,8 млн. теңгенің тұтыну тауарларын, сауда объектілері бар жеке тұлға кәсікерлері 9173,7 млн. теңгенің тауарларын, базарларда сатушылардың 4056,2 млн. теңгенің тауарларын сатты.


2009 жылғы қаңтар-наурызда қаланың көтерме сауда кәсіпорындары 58264,3 млн. теңгенің тауарын сатты. Сонымен қатар, сыйақы немесе келісімшарт негізіндегі (комиссиялық агенттер арқылы) көтерме тауар айналымы осы кезеңде 411,9 млн. теңге есептелді.
2009 жылғы қаңтар-наурызда сауда қызметінің көлемі 840,8 млн. теңгені құрады, оның басым бөлігі қоғамдық тамақтандыру қызметінің үлесінде.

Шағын бизнес

Статистикалық тіркелім деректері бойынша Өскемен қаласында 01.04.2009 жылы 6723 шағын бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар) тіркелді, бұл 2008 жылғы осы күнмен салыстырғанда 5,4%-ға артық. Тіркелгендердің 63,2%-ы іс-әрекеттегі кәсіпорындар болып табылады, яғни экономикалық қызметті атқара алады немесе жүргізе алады, соның ішіндегі кәсіпорындардың 70,3%-ы белсенді болды.


01.04.2009 жылы шағын кәсіпкерліктегі жұмысшылар санын 01.04.2008 жылдың деректерімен салыстырғанда 19,0%-ға төмендеді және 22662 адамды құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызда шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 7288,5 млн. теңгенің өнімін (тауарлар, қызметтер) өндірді және 2008 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеді.

Бағалар мен тарифтер индексі

2009 жылғы наурызда облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағасының жиынтық индексі мен тарифтері өткен айға қатысты – 100,9%-ды, 2008 жылғы желтоқсанға қатысты – 102,0%-ды құрады.


2009 жылғы наурызда облыс бойынша азық-түлік тобындағы  тауарлардың баға индексі өткен айға қатысты – 101,0%-ды, 2008 жылғы желтоқсанға қатысты – 101,5%-ды құрады.
2009 жылғы наурызда облыс бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобының баға индексі өткен айға қатысты 101,1%-ды, 2008 жылғы желтоқсанға қатысты – 102,1%-ды құрады.
2009 жылғы наурызда облыс бойынша халықтар үшін қызмет етудің баға индексі мен тарифтері өткен айға қатысты – 100,5%-ды, 2008 жылғы желтоқсанға қатысты – 102,5%-ды құрады.

Еңбек нарығы

Өскемен қаласы бойынша филиалдарды, сонымен бірге санына қарамастан барлық денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарын, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдар және банктерді қосқанда барлық ірі және орта кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің тізім бойынша саны 2009 жылғы қаңтар-ақпанда орта есеппен 109244 адам (облыс бойынша сәйкестік көрсеткіш 36,7%) болды. 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда қала бойынша жұмысшылар саны 3,2%-ға төмендеді.


Үйлестіру, жұмыспен қамту Департаментінің және ШҚО әлеуметтік бағдарламасының деректері бойынша 2009 жылғы 1 сәуірде Өскемен қаласында жұмыссыздар 2267 адам (2008 жылғы 1 сәуірде – 1870 адам) болды.

Еңбекақы төлеу

2009 жылғы қаңтар-ақпанда жұмысшылардың жалпы жалақы қоры (ірі және орта кәсіпорындар, филиалдарды, сонымен қатар санына қарамастан барлық денсаулық сақтау, білім беру ұйымдары, басқарма, сақтандыру органдары, қоғамдық ұйымдар және банктерді қосқанда) Өскемен қаласы бойынша 11603,5 млн. теңгені құрады, немесе облыс бойынша сәйкестік көрсеткіш 41,6%. 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда қала бойынша еңбекақы қоры 5,6%-ға өсті. Өнеркәсіп үлесіне жалпы еңбекақы қорының 31,3%-ы тиді.


2009 жылғы қаңтар-ақпанда Өскемен қаласы бойынша орташа атаулы еңбекақы 55443 теңге көлемінде болды, бұл 2008 жылғы сәйкес кезеңінің деңгейінен 10,2%-ға жоғары болды.

Демографиялық жағдай

Жедел деректер бойынша Өскемен қаласы халқының 2009 жылғы 1 қаңтардағы саны 299,0 мың адам болды, соның ішінде қала халқы – 287,4 мың адамды (жалпы санының 96,1%-ы) және ауыл халқы – 11,6 мың  адамды (3,9%) құрады. 2009 жылғы 1 қаңтардағы тұрғындар саны 2008 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда 0,1%-ға артты.


2008 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда туылғандардың саны 13,7%-ға кеміп, 843 адам болды. Содан басқа өлі туылған 14 бала тіркелді.  
2009 жылғы қаңтар-ақпанда 716 адам қайтыс болды, 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,8%-ға кем.
2009 жылғы қаңтар-ақпанда Өскемен қаласында 303 неке және 200 ажырасу тіркелді. 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда тіркелген неке саны 7,1%-ға, ажырасу 8,1%-ға артты.
Жедел деректер бойынша 2009 жылғы қаңтар-ақпанда Өскемен қаласындағы көші-қон процесіне 1716 адам қатысты, соның ішінде қалаға 1091 адам келіп, 625 адам кетті.

Халықтың ауруға шалдығуы

ішектің бактериалды жұқпалы ауруымен (55,6%-ға) көбейгені байқалды.


Сальмонеллезбен (43,8%-ға), қышымамен (35,5%-ға), мерезбен (21,8%-ға), тыныс органдарының құрт ауруымен (13,0%-ға) ауыру жағдайларының саны азайды.
Облыс бойынша Өскемен қаласының үлесіне сальмонеллезбен ауырған жағдайдың – 42,9%-ы, педикулезбен – 37,5%-ы, мерезбен – 36,8%-ы, жоғарғы тыныс жолдарының өткір жұқпалы ауруымен – 29,9%-ы,  ішектің өткір жұқпалы ауруымен – 33,3%-ы, ротавирусты энтеритпен – 17,9%-ы тиді. 

Қылмыстылық

2009 жылғы қаңтар-ақпанда қаланың құқық қорғау органдары 837 қылмыс тіркеді, 2008 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 26,8%-ға кем. 2008 жылғы  сәйкес кезеңмен салыстырғанда Октябрь тірек бекеті бойынша қылмыс саны 27,6%-ға, Үлбі тірек бекеті бойынша 28,4%-ға, Сол жағалау тірек бекеті бойынша 10,6%-ға төмендеді. 
Құқық бұзушылық құрылымында 2009 жылғы қаңтар-ақпанда неғұрлым үлкен үлесті криминалдық полицияда тіркелген қылмыстар (92,5%), экономика саласындағы қылмыстар – 3,3%, басқа қызметтер бойынша қылмыстар – 4,2% алды.

 






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет