ОќО, Ќазыєўрт ауданы, Ынталы елді мекені, «Ынталы» жалпы орта мектебі, Ж



жүктеу 114.3 Kb.
Дата19.05.2018
өлшемі114.3 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры – биікте.

Сабақтың мақсаты:

  • оқушыларды отанды сүюге тәрбиелеу сонымен бірге Отан алдындағы үлкен міндет елдің Тәуелсіздігін насихаттау, Тауелсіздік Алтын діңгегі - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне ғылыми тұрғыда сипаттама беру.

  • Сол арқылы оқушы бойынан өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға, өз еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.

  • Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, бүктемелер, кітаптар, нақыл сөздер.

Бақытгүл: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғыры – биікте» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Еділхан: Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!

Бақытгүл: Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

Еділхан: Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл Желтоқсан көтерілісіне тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сияқты жастарымыз қатысты. 1986 жылы алаңға жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Бақытгүл:

Желтоқсанда, Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ақ қырауға батқанда

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

Еділхан:

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.

«Күтпеген іс, ақыры не болар?» деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Данагүл:

Қазағымды Ұлтшыл деп,

Жалалы болған Желтоқсан!

Ұл-қызының қанына,

Табағы болған Желтоқсан!

Сапар шеккен Қайрат боп,

Мәңгілікке Желтоқсан!

Әлем саған елеңдеп,

Құлақ түрген Желтоқсан!

Бодандықтың шекпенін

Лақтырған Желтоқсан!

Ар-ұятым, абыройым,

Қасиетім сен, Желтоқсан!

Ерік-жігер, күш-қуатым,

Бәрі де сен, Желтоқсан!

Әдемі:

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқып ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз.

Жабылып жатса мектептер,

Жадырар қалай күніміз.

Тарылып жатса даламыз,

Қайтіп біз тыныс аламыз.

Қақымыз жоқ айтуға,

Әділет қайдан табамыз?

Гүлсезім:

Бұрқ етті қазақ баласы,

Кеудеде өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы.

Жібердік еркін ат басын,

Қиянат жанға батқасын.

Тоқырау таңын күйреттік,

Деп: «Теңдік күні батпасын».

Жанымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Қосайық басты бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

Нұржігіт:

Суық еді Желтоқсанның ызғары,

Жібімейтін кез келгенге мұз-қары.

Уақыттың, заманның өткендігін айғақтап

Ешқашанда жүрмейтұғын тайғақтап,

Дүниені дүр сілкінтті сол күні

Қазағымның ұлдары мен қыздары.

Ботагөз:

Тапталмасын деп қазақтың кек - ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Топты бастап шықты Ләззат алаңға,

Толған еді он алтыға небәрі,

Қаһарман қыз, ғажап қыз –

Ұрандады Ләззат қыз!

Жасқанбаған жауынан,

Біз-қазақпыз,қазақпыз!

Біз - қазақпыз, қазақпыз,

Өмір керек азапсыз.

Ел боламыз егемен,

Сонда ғана азатпыз.

Гүлден:

Қазақ қызы қорлық көрді сан қилы.

Арпалысып теңдік үшін халқының,

Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.

Елі үшін ерлігімен елене,

Абыройымен атағына бөлене,

Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,

Ұрпағына болар мәңгі өнеге.



Жүрсін:

Намысымның шырағы да – желтоқсан,

Сұрқай өмір сынады да – Желтоқсан,

Жігіттіктің ұраны да – Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

Желтоқсан – заман, толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың.

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Сәбира,

Құрбаны болған жаланың!

Бақытгүл: 16 желтоқсан күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты. Үкімет жастарға қарсы күш қолданды. Қаншама өмір қыршынынан қиылды, қанша ана аңырап баласын жоқтады?! Тірі қалғандары қуғынға ұшырады, оқудан, жұмыстан шығарылды. Оларды кейіннен ақтағанмен, бәрібір жүректе сыз қалды. Ел намысы жолында құрбан болған аға-апаларымыздың аруағына бас иеміз! Біздің жас тәуелсіз мемлекетімізді олардың рухы қолдасын.

Еділхан: Тәуелсіздік - ұлы рух. Ұлттық бақыт. Желтоқсан оқиғасы мен қоғамның, тарихтың, ұлттық жаратылысында бір құдіретті заңдылық, өзекті тұтастық бар.

Бақытгүл: Желтоқсан оқиғасы - халқымыздың ұлттық намысының оянуы, саяси сананың өсуі. Сан ғасыр, сан жылдар көрсетіп келген әділетсіздікке, шындықтың шексіз бұрмалауына қазақтардың көрсеткен қарсылығы - тарихи құбылыс.

Еділхан :

Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы».

Бақытгүл: Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жұргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.

Миллиционер: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

Савицкийді өлтірген сен бе ?



Қайрат:  - Жоқ, мен емес!

Миллиционер: - Сен өлтірген мойныңа ал! Алып кетіңдер! Бәрібір

құтылмайсың бұзақы



                          (Қайратты   алып    кетеді)

Перизат: Мәнерлеп оқу.

Еділхан:

Көрініс: «Қайратты тергеу сәті».

Бақытгүл: Тұрыңдар! Сот келеді.

Тергеуші Дана: Сот процесін бастаймыз!

1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?



1-куәгер Нұржігіт: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл, Қайрат оңбаған!

Тергеуші Дана: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?

2-куәгер Гүлден: Рас – рас, ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің

қолымда түсірген бейнетаспа бар.



Тергеуші Дана: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Қайрат: Мен ұлтшыл да кінәлі де емеспін.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп

табамын.


Қайрат: Хақ, о халқым!

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім бар.



(Қайғырған музыка журіп түрады)

Ақтық  сөзі:

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер-ай, айтып айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма сорыма,

Біріншіден мен анамды сағындым,

Екіншіден бұл құдайға не қылдым

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді міне абақтыға жабылдым.

Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар

Туа бермес сіз секілді  асылдар

Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,

Кесір болды ау біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың.

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға құлыным.

Айналайын ағалар мен жеңгелер,

Сіздерге кім бұл өмірде тең келер.

Сүмірейіп сот алдында отырған,

Бауырыңды енді кімдер ескерер.

Өздеріңе аман – саулық тілеймін,

Өздеріңмен бірге болсын тілегім

Өздеріңе тіл қата алмай достарым,

Қайғы мұңлы өмірімді бастадым.

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым,

Көре алмай мен де өтермін.



Тергеуші: Сот процесі аяқталды.

Еділхан :

Ән: «Желтоқсан желі»

Бақытгүл:

Желтоқсанды талай ақын жырлаған,

Бұл құбылыс таусылмайтын жыр маған

Таусылмайтын сыр маған.

Тұғырыма жаңа қонған Ескерткіш,

Сол күндердің, сол түндердің елесіндей мәңгілік

Айналасын ән қылып,

Алаңдағы сол дауыстар бүгінде,

Естіледі жаңғырып, - деп ақындарымыз жырлағандай, Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.

Еділхан: Бостандықтың шынжырлап маталған ескі өмірді қиратқан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толмақшы. Желтоқсан оқиғасының лебімен көкжиегімізден азаттық пен теңдіктің таңы атып, қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді.

Милана:

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын – ұраным.

Тәуелсіздік – өзіңді еркін сезіну,

Салт дәстүрім – қолдан түспес құралым.

Тәуелсіздік!

Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік – ар-ожданың кісілік.

Адамға адам жолдас, бауыр, туыс боп,

Ел жұртыңның алма құнын түсіріп.



Назерке:

Жалғасып соғыс өтті сан ғасырға,

Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да.

Еліме тәуелсіздік келіп жетті,

Мыңжылдық күрестердің арқасында.

Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,

Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.

Ел үшін мәңгілікке жалғасады,

Ақыл-ой, ар-намыстың күрестері.

Дана:

Тәуелсіздік бақытына оранып,

Елім жатыр шаттығына қуанып.

Желбірейді көкте туы әдемі,

Егемен ел бал дәуренің өткеріп.

Қазақ елін - туған жерді сүйемін,

Туған елім бірге жаным сүйегім.

Үлкен өмір сырларынан ой түйіп,

Намыс үшін өртенемін, күйемін.

Болмақ емес көңілімде ой бөтен,

Адал ойды қиялымда тербетем.

Қазақпын деп әлемге жар салып,

Асқақтаған армандарға жетем мен!

Еділхан: Бабаларымыздың арманы болған Тәуелсіздігіміз тұғырына мінді. Алматының қақ ортасындағы алаңға Тәуелсіздік тұғыры орнатылды. Онда болған адамның ойына міндетті түрде 1986 деген сан оралары сөзсіз. Бұл дегеніміз - ызғарлы желтоқсан, солақай саясаттың сойылына жығылған жастардың тағдыры. Тәуелсіздік тұғыры тұрған алаң біреу ғана.

Бақытгүл: Еділхан, мына менің қолымдағы хат Қайрат көкемнің ең соңғы жазған хаты екен, тыңдашы: «Алаңға барғанымыз - азаттық іздеп барғанымыз», - деп, сол азаттық таңының атқанын көрмей кетті-ау, қайран көкем!

Еділхан: Көңіліңді босатпа Бақытгүл, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыз азаттықты бізге аманат қып тастап кетті емес пе?

Бақытгүл: Дұрыс айтасың, Еділхан! Кенесары, Абылай, Сырым мен Исатай, Міржақып пен Мұстафа, кешегі Қайрат пен Ләззат аңсаған тәуелсіздікті қорғау, ата-баба арманын орындау - біздердің міндетіміз.

Еділхан: Бақытгүл, өзің білесің, еліміз егемендік алғалы қарыштап дамуда. Еліміздің жаңа астанасы Астанамызға 14 жыл толды. Еліміздің жаңа әнұраны еліміздің бейбіт аспанында шырқалуда. Тәуелсіздік үшін алаңға шыққан ұл-қыздарын да ұмытпай, еске алуда... Тәуелсіздік мәңгі болғай!

Би: «Қазақ биі»

Бақытгүл:

Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік,

Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын еттік.

Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік.

Қысқасы тәуелсіз ел болудың ең қиын белесінен өттік.

Еділхан:

Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,

Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?

Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,

Әлем шырқап, қосылып тұрар ма еді!

Сұрақ жауап ретінде диалог.

Лилия: Тәуелсіздік?! Тәуелсіздік бізге не берді?

Жігер: Тәуелсіз елдің ұланы қандай болу керек?

Әдемі: Осы сұрақтарға жауапты ұстаздарымыздан, көрермендерден алайықшы.

Лилия: Рахмет жауаптарыңызға. Енді өзіміз жауап берейік. Тәуелсіздік маған осындай керемет мектепте білім алуға жол ашты.

Жігер: Тәуелсіздік маған өз анам тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік берді.

Әдемі: Тәуелсіз елдің ұланы біз сияқты бақытты.

Лилия: Тәуелсіз елдің ұланы ана тілін, ата тарихын, бай дәстүрін қадірлейді.

Жігер: Тәуелсіз елдің ұланы қай елде білім алса да Қазақстанды дамытады.

Әдемі: Тәуелсіз елдің ұланы Хамза Есенжанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің атын әлемге паш етеді, мақтаныш етеді.

Бақытгүл:

Қандай дүние жетеді балауыңа


Бәрі сенің, жан-отан қалауыңда
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып
Қазақстан елтаңбасы жалауыда.
Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,
Туды міне, ел аңсаған азат күн!
Елдің туын биік ұстар әрқашан,
Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

Еділхан:

Тәуелсіздік - баға жетпес бағымыз,

Қымбаттан да, ең қымбатты бағымыз.

Тәуелсіздік - білектегі әліміз,

Тәуелсіздік - жүректегі әніміз.

Ән: «Атамекен»

Бақытгүл:

Бұдан былай біздің жүрегімізге желтоқсан қасіреті сияқты ұлтымыздың қайғысы емес, мерейлі-мерекелі, шуақты берекелі қуаныштар толсын деп тілейік!



Еділхан:

Бүгінгі кешімізге қатысқан кеш қонақтарына алғыс айта отырып, елімізде тек бейбітшілік, бірлік, ынтымақ, ырыс болғай деген тілекпен, «Тәуелсіздік тұғыры – биікте» атты кешімізді аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет