Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев құрамадағы ұлты қазақ боксшы Руслан Абдуллаевтан үлкен үміт күтетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Егемен Қазақстан" газетіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Өзбекстан бокс федерациясы

Толқын Қылышев Өзбекстан құрамасындағы ең мықты боксшылардың бірі саналатын этникалық қазақ Руслан Абдуллаевтың болашағы зор екенін жасырмады. 

“ 2023жылғы әлем чемпионы Руслан Абдуллаевқа да бес жыл тәлім бердім. Кезінде Русланды маған білікті бапкер Ерғали Әбубәкірұлы алып келген еді. Ол талантты боксшы. Русланнан зор үміт күтеміз. Өзбекстан чем­пионатында Руслан Абдуллаевтан бө­лек, төрт бірдей қазақ баласы жүлдегер­лер қатарынан көрінді. Енді олар құра­маға алынып, халықаралық жарыстарда сын­ға түседі”, – деді бапкер Қылышев. 

Айта кетейік, Руслан Абдуллаев 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 63,5 келі салмақ дәрежесінде топ жарған болатын. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.