Операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер банктің атауы 20 жылғы айы



жүктеу 44.76 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі44.76 Kb.

Электрондық терминалдар мен қашықтан

кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану

арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары

бойынша мәліметтерді ұсыну ережесіне

4-қосымша

№ 4-нысан




Операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер
_________________________________________________
банктің атауы
20___жылғы_____________________
айы


Операцияның түрі

Операцияны жүргізу ортасы

Төлем карточкасын немесе оның деректерін пайдалана отырып

Төлем карточкаларын пайдаланбай қолма-қол ақшаны салу арқылы

Төлем карточкаларын пайдаланбай банк шотынан ақша аудару арқылы

төлем карточкасы жүйесінің атауы

Операцияның белгісі

байланыс жүйесі/

арнасы


Операциялардың саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

Операциялардың саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

Операциялардың саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Басшы ______________________________________________________

(Тегі, Аты, Әкесінің аты)

Орындаушы ____________________________________ _____________

(Тегі, Аты, Әкесінің аты) телефон

20 ___ жылғы «____» _____________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер


1. Операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер төлем карточкаларын немесе оның деректемелерін пайдалана отырып, сондай-ақ оларды электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша салу, электрондық терминалдарды және қашықтан кіру жүйесін пайдалану бойынша банк шотынан ақша аудару арқылы пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдер және ақша аударымы бойынша беріледі.

2. 1-бағанда операциялардың мынадай түрлері көрсетіледі:

1) тауарларға және материалдық емес құндылықтарға ақы төлеу;

2) коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу;

3) ұялы байланыс операторларының қызметіне ақы төлеу;

4) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметіне ақы төлеу;

5) кабельдік теледидарға ақы төлеу;

6) салық төлемдері:

7) кеден төлемдері;

8) сақтандыру;

9) заемдар беру;

10) заемдарды өтеу;

11) сыйақы төленетін салымдарды орналастыру;

12) сыйақы төленетін салымдарды алу;

13) клиенттің бір банк шотынан басқа банк шотына аударымдар;

14) банк шотын қолма-қол ақша салу арқылы толықтыру;

15) ақша төлемі мен аударымының өзге түрлері.

3. 2-бағанда операциялар жүргізудің тиісті ортасы көрсетіледі:

Төлем карточкаларын немесе оның деректемелерін пайдалану кезінде:

1. банкомат;

2. POS-терминал;

3. импринтер;

4. банктік дүңгіршек;

5. интернет-ресурс;

6. ұялы телефон;

7. өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).

Төлем карточкаларын пайдаланбай:

1) банктік дүңгіршек;

2) интернет-ресурс;

3) ұялы телефон;

4) бір сәттік төлем терминалы;

5) өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).

4. 3-7-бағандарда төлем карточкаларын немесе оның деректемелерін пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымы бойынша мәліметтер көрсетіледі.

5. 3-бағанда төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі, ол бойынша мәліметтер ұсынылады.

6. 4-бағанда операцияға сәйкес келетін белгі көрсетіледі (банк шотынан ақшаны есептен шығарған кезде), ол бойынша мәліметтер ұсынылады:

І - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;

II - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;

III - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасынан тыс басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;

IV - Қазақстан Республикасының басқа банктері шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің меншікті желісінде жасалған операциялар;

V - Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, банктің меншікті желісінде жасалған операциялар.

7. 5-баған Мәліметтердің 6-тармағында белгіленген II, III, IV және V операцияларының белгісі бар халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша толтырылады. 5-бағанда мынадай деректер көрсетіледі:

1) бір процессинг орталығы пайдаланушылары арасында операциялар жүргізілген жағдайда - «1РС»;

2) халықаралық төлем жүйелерінің қатысуынсыз түрлі процессинг орталықтары арасында операциялар жүргізілген жағдайда - «Н2Н»;

3) түрлі процессинг орталықтары арасында халықаралық төлем жүйелері арқылы операциялар жүргізілген жағдайда осы жүйенің атауы көрсетіледі.

8. 6 және 7-бағандарда Мәліметтердің 1-5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес төлем карточкаларын және оның деректемелерін пайдалана отырып жүргізілген ақша төлемдері мен аударымының саны мен сомасы көрсетіледі.

9. 8 және 9-бағандарда Мәліметтердің 1-2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақшаны салу бойынша төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.



10. 10 және 11-бағандарда Мәліметтердің 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес электрондық терминалдарды және қашықтан кіру жүйесін пайдалану бойынша банк шотынан ақша аудару арқылы төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымының саны және сомасы көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет