“Ұлттық қор – балаларға” жобасы бойынша жыл басында балаларға ақша аударылғаннан кейін ұлттық қорда қанша ақша қалғанын ұлттық банк төрағасының орынбасары айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik

Ұлттық қор активтері 1% азайып, 59,4 млрд доллар қалды. Бұған “Ұлттық қор – балаларға” жобасына сай міндеттемелерді орындау себеп болды”, – деп хабарлады ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов үкімет отырысында. 

Қаңтарда инвестициялық табыс 0,11 млрд доллар болды. Қаңтардағы түсім 472 млрд теңгеге жетті. Оның 31 миллиарды ұлттық валюта түрінде түсті. 

  • Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлемдер түсе бастады
  • Ұлттық қор өкілі бала өмірден өтсе қордағы ақшаны кім алатынын айтты

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт көлемі 600 млрд теңге болған. 

Бұған дейін брифинг кезінде "Ұлттық қорда қаражат таусылып қалуы мүмкін бе және егер таусылып қалса балалар ақшасыз қала ма?" деген Stan.kz тілшісінің сұрағына Ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов жауап берген еді. 

"Біз ұлттық қордың қаражатына қол сұқпаймыз. Мұнда Ұлттық қорға түскен қаражаттың тең жартысын осы жобаны іске асыруға жұмсап отырамыз. Сол себепті мұндай қауіп жоқ", – деген спикер. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.