Ақмолалық полицейлер мас күйінде өндірістік базаның гаражынан қоқыс шығаратын көлікті ұрлап кеткен 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол сол арқылы қызбен кездесуге бармақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: 716.kz

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 10 қаңтарда түнгі сағат 02.30-да Атбасар қаласында полицейлер жолда тайғанақтаған жүк көлігін байқаған. Тәртіп сақшылары жүргізушіге көмек керек немесе жоқ екенін анықтамақ болған. Алайда "МАЗ-5340 В2" көлігінің 30 жастағы жүргізушісі бұл көлікті басқару құқығы туралы құжаттарын да бере алмаған. Сонымен қатар әңгіме барысында полицейлер ер адамнан алкоголь иісін байқаған.

"Барлық мән-жайды анықтау барысында полицейлер ер адамның бұл көлікті қарауыл болып жұмыс істеген өндірістік базаның гаражынан ұрлағанын анықтады. Жүргізушінің айтуынша, алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін ол қызбен кездесуге қоқыс таситын көлікпен қонаққа бармақ болған. Оның үстіне, ол оқиға орнынан кетіп бара жатып, күзетілетін ғимараттың есігін қиратып үлгерген", — делінген хабарламада.

Фото: 716.kz

Ер адамға қатысты 608 ( Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы)бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Атбасар аудандық соты ер адамның ешқашан көлік жүргізуге құқығы болмағанын ескере отырып, 20 тәулікке бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар полиция 200 (Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Полицияның пікірінше, жағдай өте қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Өйткені мас күйінде жүк көлігін басқарған көлікті ұрлаушы жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін болатын.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.