Оплата электроэнергии по Единому платежному документу



жүктеу 32.65 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі32.65 Kb.

Тұрмыстық тұтынушыларға арналған

ЖАДНАМА
Құрметті тұтынушы!
2010 жылғы 01 маусымнан бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушыларға көрсеткіштерді жазып, төленетін соманы өздігінше есептеуге арналған жол қосылған өзгертілген түбіртекті таратады. Осымен қатар түбіртекте есепке алу аспабының өткен кезеңдегі алынған көрсеткіштер негізінде есептелген сома мен тұтыну көлемі көрсетілген жол болады.

Есептеудің жаңа әдісі – тұтынушылар мен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС арасындағы қарым-қатынастың дамуының кезекті кезеңі. Ол Алматы қаласы мен Алматы облысы өңірінің тұтынушыларына қызмет көрсету сапасын арттыруға және қолайлы етуге септігін тигізеді.



Электр қуатын есептеу тәртібі:

Есептеулерінде тәулік мезгілі бойынша сараланған тарифты қолданатын тұтынушылардың электр қуатының шығынын анықтаған кезде шығын күндізгі және түнгі тарифке сәйкес жазылады.

Өткен жылдың осы кезеңі бойынша көрсеткіштер болмаған жағдайда есептеу көшер сәттегі соңғы алынған екі көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

Есепке алу аспабы болмаған жағдайда тұратын адамдар санына байланысты тұтыну нормативтерін пайдалана отырып жүргізілетін болады.

Дербес шот бойынша баланс «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның есептеулері негізінде жүргізіледі.

Шот-түбіртегін алып, Сізге мыналарды орындау қажет:

1. «Электр қуаты» бағанында «өздігінше толтыру» жолын толтыру:

- есепке алу аспабының көрсеткішін енгізу,

- көрсеткіштерді алған күнді көрсету;

- тәулік мезгілі бойынша немесе тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша электр қуатының шығынын есептеу және есептелген соманы көрсету;

- есептелген соманы төлеу.



немесе

2. Сіздің өткен кезеңдегі тұтыну деректері негізінде есептелген соманы төлеу,


Тұтынушының жазған көрсеткіштері дерекқорға енгізіледі және келесі шот-түбіртектерде көрсетілетін болады.

2010 жылғы маусымнан бастап әрекет ететін шот-түбіртегінің құрылымы туралы ақпарат.



Өздігінше есептеуге арналған жолды сипаттау



көрсеткіш енгізу торы



көрсеткіш алу күні

тұтынушы берген көрсеткіш бойынша есептелген шығын



тұтынушы есептеген төлем сомасы


  1. «Мөлшері» бағанында – тұтынушының немесе «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС көрсеткіштері бойынша есептелген электр қуатының шығыны көрсетілген.

  2. «Артық төлеу/қарыз» бағанында тұтынушыда соңғы уақытта пайда болуы мүмкін сальдо (қайта төлеу/қарыз) көрсетіледі. Сальдо шамасын энергосбыттың аудандық бөлімінде нақтылауға болады. Қарыз/артық төлеумен келіспеген жағдайда өзара есептеулерді салыстырып-тексеру актісіне қол қоюды сұраймыз.

  3. «Қайта есептеу» бағанында нақты тұтынған электр қуатын қайта есептеудің қорытындысы көрсетіледі.

Қандай жағдайда нақты тұтынылған электр қуаты үшін қайта есептеу жүргізіледі ?

1. есептеу аспабынан бақылау көрсеткіштерін алу кезінде.

2. санауышпен түрлі әрекеттер жасау кезінде ( пломбадан шешу/пломбалау;

ауыстыру/орнату/алу; ажырату/қосу).

3. тұтынушы сұрауы бойынша (үй иесі ауысқанда; тұратын адамдар саны өзгергенде).

4. "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-ның тарифтері ауысқан кезде



Ескерту:

1. түбіртекте тұтынушыларға мәлімет үшін «АЖК» АҚ өкілдері алған соңғы көрсеткіштер көрсетілген;

2. есептеу көрсеткіштері мен тұтынушылар берген көрсеткіштерде айырмашылық пайда болған кезде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС есептеу аспабынан бақылау көрсеткіштерді алуға өтінім жібереді.

"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС сіз электр қуаты үшін төлем жүргізу қызметінің жаңа жүйесінің барлық артықшылықтарын бағалайды деп сенеді.



Қосымша мәліметтерді сіз ала аласыз: «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның Контакт-орталығынан 356-99 99, 399 99 00 телефоны арқылы, www.esalmaty.kz сайтынан; «Қазақстан тұтынушылар лигасы» АЗТБ 277-92-57 шұғыл байланыс телефондары бойынша, Beeline абоненттері үшін 2518 қысқа нөмірі арқылы, KCell абоненттері үшін 2040, қоңырау шалу тегін; www.potrebitel.kz.
Құрметпен, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС.
Каталог: data -> nws
data -> V –viii кластар њсњн башќорт љЎљбиљтенљн интернет-олимпиада яуаптары
data -> Военно-технический и научный потенциал ирана
nws -> Ақпараттық хабарлама
nws -> «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының хаттамасы 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, мекен-жайы бойынша орналасқын «ҚазМұнайГаз»
nws -> «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ Қаражатының есебінен оқуына ақы төлеу үшін кандидаттарды іріктеудің ережесі п-25-34
nws -> Ол туралы ақпараттық хабарлама республикалық «Егемен Қазақстан»
nws -> 2010 жылы 25 мамырда 10 сағат 00 минутта өтетін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет