Определение перспектив развития малого инновационного предпринимательства в восточно-казахстанской области (вко)



жүктеу 181.58 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі181.58 Kb.

Резюме
В данной статье приведены результаты проведенного SWOT-анализа. Выявлены и структурированы сильные и слабые стороны малого бизнеса в инновационной сфере, а также потенциальные возможности и угрозы. Отмечены факторы, находящиеся вне зоны контроля малого бизнеса и даже институтов поддержки развития малого бизнеса и являющиеся основными угрозами для ведения бизнеса в малом инновационном бизнесе является. Отражена степень угроз развития инновационного предпринимательства по оценке экспертов. Предложены наиболее важные меры, которые требуют первоочередной разработки механизмов государственного регулирования инновационной деятельности.
Summary

Б.С. Сарина

АО «Институт экономических

исследований», Астана

Шығыс Қазақстан облысында шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту перспективаларын анықтау

Аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуы, ресурстарды пайдалану жағдайына және қолданыстағы экономиканы басқару жүйесі мен оның әлеуметтік-экономикалық нәтижесіне бағытталған инновациялық кәсіпкерліктің дамуына да байланысты.

Кәсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл аудармайтын, керісінше жаңа кәсіпкерліктің құрылуын қиындататын және шағын кәсіпкерліктің әрекет етуіне әрқилы шектеу қоятын жергілікті басқару органдарының аймақтарында әлсіз экономикалық даму байқалуда.

Шағын инновациялық бизнес жағдайын жан-жақты зерттеу мақсатында, соқтығысып қалуы мүмкін мүмкіндіктер мен қауіп-қатер типтерін бағалауы SWOT-талдауын жүргізді, ол инновациялық аяда шағын кәсіпкерліктің күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ әлуетті мүкіншіліктер мен қатерлерді анықтауға және құруға мүмкіндік берді.

Күшті және әлсіз жақтар – бұл шағын бизнестің ішкі сипаты, демек оның бақылауында. Мүмкіншіліктер мен қауіп-қатерлер сыртқы ортамен байланысты және шағын бизнеске өктем емес.

Шығыс Қазақстан облысындағы шағын инновациялық кәсіпкерліктің артықшылықтары аймақта шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайды құрумен тығыз байланысты, оның ішінде инновациялық аяда да.

Шығыс Қазақстан облысында бизнестің түсімді және динамикалық дамуын қамтамасыз ету үшін 2003-2005 жылдарға облыстағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аймақтық бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс аяқталған болатын.

Талдау көрсеткендей, облыста инвестициялық саясатты жүзеге асыру жөнінде заң шығарушы және құқықтық базаны құру мақсатында айқын қадамдар жасау қабылдануда. Кәсіпкерлікті дамыту қорлары жобаларды, жаңа технологияларды, олардың іске асырылуына қызмет көрсететін новаторлық және рационализаторлық ұсыныстарды сұрыптау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің аймақтық инновациялық жобаларын қаржыландыру үшін облыста «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалы, ««Жәрдем» Шығыс Қазақстандық инновациялық орталығы» ЖШС жұмыс істейді.

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың альтернативалық қайнарларын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Инвестицияны көлемі бойынша тартудың түпкі қайнарларына екінші деңгейлі банк секторлары және жеке микрокредитті ұйымдар жатады, микрокредиттік ұйымдардың жүйелерін кеңейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта басымды жобаларды, ғылыми әзірлемелерді, шағын кәсіпкерліктің субъектілерінен олардың іске асырылуына көрсететін новаторлық және рационализаторлық ұсыныстарды қарау және іріктеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазақстанның алдағы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) кіруімен байланысты халықаралық сапа стандартына өту бойынша кәсіпкерлер мен облыстың жергілікті органдарының арасында жұмыс белсендірілуде.

Әлемдік өндіріске бейімделудің қажеттілік жағдайында бірінші кезектегі міндет халықаралық стандарттарға өту болып табылады. Жоғары сапаға жетудің қазіргі әдістері ИСО стандарттарында бекітілген әдістемеге негізделеді. Қызметтің түрлерінен тәуелсіз барлық экономика секторларындағы ұйымдарға 9000:2000 ИСО халықаралық стандарттары жалпы және қолайлы болып табылады.

Облыста сапа менедджментінің жүйесін енгізу жұмысы интенсивті жүргізілуде. Бұл үдеріс кесте бойынша жүзеге асырылуда. 2004 жылмен 2007 жыл аралығында облыста ондаған шағын кәсіпкерлік куәландырылған.

Егер алдағы жылдары СМЖ өңдеп, енгізген болса, онда қазір жергілікті басқару органдарының тұтынушыларына бағдарлық мәнінің түсінігі келді. Облыста және жергілікті мемлекеттік органдарда СМЖ енгізу жоспарланып отыр.

2006-2008 жылдарға Шығыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аймақтық Бағдарламасын іске асыру аясында шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне өндірістік орындармен кәсіпкерлерді қамтамасыз ету үшін коммуналды объектілердің меншіктері тапсырылады, пәтерлерді қайта жоспарлауға рұқсат беріледі.

Шығыс Қазақстан облысы Экономикалық Кеңесінің мақұлдауымен Қазақстан Республикасының заңнамасында қарсылық көрсетілмеген бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымдық ресурстармен қамтамасыз етілетін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өндіріс объектілерінің құрылысына арналған жер телімдерінің шекаралары анықталған.

Өскемен және Семей қалаларында аз қамтылған халық бөлігін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында және тұрғын-үй бағадарламасын жүзеге асыру үшін тұрғын үй құрылысына жер телімдері бөлінуде.

Жергілікті басқару органдары мен кәсіпкерлік қозғалыс жетекшілерінің күшімен құрылған механизмнің арқасында кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын мәселелерді анықтау мен шешуге бағытталған комиссиялар мен жұмысшы топтарының жұмысына белсене қатысу, сондай-ақ шағын бизнес субъектілерін түрлі институттардың қолдауымен облыс кәсіпкерлері консультация алып қана қоймайды, бір-бірімен танысуға, келісімдерді реттеуге, пайдалы келісім шарттарды жасауға, аудармашылық, консалтингтік кеңселік және басқа да қызметтерді алуларына болады.

Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын, өзара қарым-қатынасын жетілдіру мақсатында кәсіпкерліктің дамуына әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша жұмысшы тобы мемлекеттік органдармен ай сайын мәжіліс жүргізеді.

Кәсіпкерлік бастаманы және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту аумағындағы жетістіктері үшін» атты Республикалық және «Шағын бизнес аясындағы ең жақсы кәсіпкерлер» атты облыстық байқаулар жүргізіліп тұрады.

Кәсіпкерлік және өндірістік департаменттері кездесу, семинарлар, кеңестер, байқаулар жүргізуді қамтамасыз етеді.

Қойылған міндеттер мен индустриялық аймақтарды жеделдете дамытуды іске асыру үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімімен 100% мелекеттік үлеспен «Шығыс Қазақстандық бизнесті дамыту аймақтық орталығы» акционерлік қоғамы бекітілген, оның негізгі функциялары бизнесті және оның қатысушыларын дамыту аймағының жұмысы бойынша қолдау, координация және бақылау болып табылады.

Сапалы бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған кәсіпорынды құру мен дамыту мақсатында облыста Шығыс Қазақстанда индустриалды аймақты құру Тұжырымдамасы әзірленген. Онда индустриалды аймақты құру мен қалыптастыруда перспективалық көрініс белгіленген. Сондай-ақ, бизнесті дамыту аймақтары құрылған.

Бюджеттен бөлінетін қаражаттардың шектеулігіне қарамастан, кәсіпорындар меншікті ресурстары және банк кредиттері есебінен жаңа өндірістерді енгізу, импорт орнын басатын өнімнің түрлерін жетілдіру, техникалық қайта жабдықтау бойынша жұмыс үнемі жүргізіліп тұрады. Шағын кәсіпорындардың өзі өндірістің дамуына маңызды инвестицияларды салады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша облыста жүргізіліп жатқан байқауларда ШКС (шағын кәсіпкерлік субъектілері) белсенді қатысуда.

SWOT матрицасында белгіленген әлсіз жақтардың талдауы облыстағы сияқты, бүкіл Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерліктің дамуындағы бір қатар проблемалық аспектілерді анықтады. Лицензияланған технология немесе елден тыс патенттерді сатып алу түрінде шетелдік деректерден білімді игеру аумағында кәсіпорындар ерекше белсенділік танытпайды. Кәсіпорындармен шарт бойынша ғылыми-зерттеу институттарымен жүргізілген ҒЗТКЖ көлемі мағынасыз болды және экономиканың бір-екі ғана салаларын қамтыды.

Облыстың және Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары өз беттерінше ҒЗТКЖ-мен айналысуға талпынбайды және осының өнімдерін алуға ақша салуға да бейімделмеген. Бұл мағынада өндірістің модернизациясымен айналысатын кәсіпорындар да салыстырмалы түрде инертті. Олар «кілт астындағы» жобаларды дұрыс көреді, ал ол уақытта импорттық техника мен құрылғыда технологиялық шешімдер іске асырылып қойған. Осының көптеген мәселелерінің бірі – аймақтағыдай, елде де бірыңғай инновациялық саясаттың жоқтығы.

Осы зерттеулердің нәтижесі толығымен заңды, облыстағыдай елде де өнеркәсіптік өндірістің құрылымы дәстүрлі секторларда шоғырлануға бөгет жасайды.

Экономиканың дәстүрлі секторларын технологиялық даму деңгейін, қазақстандық кәсіпорындардың модернизациялауын ұлғайту және қазақстандық ҒЗИ және өнеркәсіптік кәсіпорындармен анағұрлым тығыз қарым-қатынасты қалыптастыру шамасы бойынша, отандық ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық ұйымдардың өнімдеріне сұраныс артады.

Өкінішке орай, іс жүзіндегі қазақстандық ҒЗИ құрылымы экономиканың модернизация және әртараптандыру міндеттерін шешуге бейімделмеген. Ғылыми зерттеу жүйесінің посткеңестік өзгерістері оның бұл мақсатқа жетуіне әрекет еткен жоқ. Керісінше, бұл өзгерістердің көп бөлігі ҒЗТКЖ жүйесін сақтауға бағытталған. Сақтандыру стратегиясы жорамалға негізделген болатын, ол өнімге жалпы сұраныстың кезекті артуымен Қазақстан экономикасының өсуін жаңартумен ҒЗТКЖ секторы да жанданады. Басқаша айтқанда, ҒЗИ және өндірістік кәсіпорындар арасындағы байланыстар өтпелі кезеңнен соң экономикалық белсенділіктің артуы қалпына келтіріледі және жөнге салынады деп болжамданған. Дегенмен олай болған жоқ. өнеркісіптік өндіріске жалпы сұраныс мен көлемі өсті де, ҒЗТКЖ-ға сұраныс азайып қалды.
1 кесте. Қауіптілік матрицасы








Қауіптілік әсері







Бүліну

Сын жағдай

Ауыр жағдай

«Жеңіл жарақаттар»

Қауіп-қатердің іске асырылуының мүмкіндігі

Жоғары

13. Тұтынушылар жағынан сұраныстың өзгеруі

 


1. Шет елде жаңа технологияларды дамыту

2. Ірі кәсіпорындар жағынан бәсекелестіктің қысымы мен қатаңдатуы, сондай-ақ олардың арасындағы келісім

4. Мемлекеттік органдардың шаруашылық етуші субъектілерге бекітілмеген тексерістерді күшейтуі


10. Қызметтес серіктестердің арам ниеттілігі

 

 



 

 

 



Орташа

3. Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға кәсіпкерлердің қысым жасауы



5. Криминалдық құрылым жағынан құнерездік пен алым-салық

9. Елдегі қаржылық тұрақсыздық

14. Әлеуметтік-мәдени факторлардың өзгерістері 

Төмен

12. Стихиялық апаттар және ТЖ

 

 


11. Саяси ахуалдың өзгерісі 

 


6. Халықаралық нарықтағы мұнайдың, металдың және басқа ресурстардың бағасының түсуі

7. Халық өмір сүру деңгейінің төмендеуі

8. Халықаралық нарықтағы тұрақсыз экономикалық жағдай


 

 

 



Ескерту: саялы егістіктер – ерекше көңілді талап ететін аймақтар

ҒЗТКЖ аясының реформасы Қазақстанның ғылыми және инновациялық әлеуетіне келтірілген зиянға жатқызылған болатын. Нәтижесінде, дәл сол кезеңде елдің экономикалық өсуіне күшті ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық ұйымдар қажет кезде, Қазақстан орнықты қалыптасуынсыз ҒЗТКЖ аясындағы өзгерістерге тап келді.

Қазақстан өндірістік сектор жағынан жаңа технологияларға сұраныс әдетке айналдырылмаған кеңестік кезеңнің технологиялық даму үлгісін мұра еткен, ол жаңа технологиялардың пайда болуын қадағалап, өздерінің жеке мақсаттары үшін оларды бейімдеуге өнеркәсіптік кәсіпорындардың қабілетін дамытқан жоқ және кәсіпорындарда технология әзірлемесін мадақ еткен жоқ. Бұл жағдай осы уақытта да өзгеріссіз кейіпте қалып отыр. Өкінішке орай, халықаралық нарықтарда бәсекелесе алатындай шағын серпінді кәсіпорындарды құру үшін бұл үлгі мүлдем сай келмейді.

SWOT талдауы шағын инновациялық бизнесте бизнесті жүргізу үшін шағын бизнестің бақылауынан тыс факторлар қатары, тіпті шағын бизнестің дамуын қолдау институттары негізгі қауіп болып табылатынын көрсетті. Сарапшылардың бағалауы бойынша инновациялық кәсіпкерліктің дамуына қауіптілік деңгейі 1 кестеде көрсетілген.

Ел Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметімен анағұрлым басымды бағыттар ретінде шаған және орта кәсіпкерлікті дамыту болып бөлінген. Елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде облыста және елде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болуда.

Қазіргі күні Қазақстанда институционалды реформалар жүргізілген, сәйкес заң шығарушы орта қалыптасқан және осымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда жаңа инновациялық бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.

Алайда экономиканың көптеген секторларындағы технологиялық дамудың төмен деңгейі әсіресе, аграрлық секторда, мемлекет әрекет қылған экономиканың көп секторларына инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған соңғы жылдардағы шаралардың жеткіліксіз болғандығын көрсетті. Сондықтан да инновациялық кәсіпкерлік базасында өндіріліп жатқан өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ықпал ететін саясаттың, аудандардың мамандандырылуын, өндірістің шоғырлануын, табиғи-климаттық және экономикалық жағдайды есепке ала отырып құру. Аймақтардағы кәсіпкерліктің даму деңгейі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жағдайларға және жергілікті басқару органдарының қызметіне байланысты.

Барлық көрсетілген кедергілер мен қатерлерге қарамастан, қазіргі күні Шығыс Қазақстан облысындағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық ая ретінде бағаланатынын атап өткен маңызды. Облыстағы шағын кәсіпкерліктің дамуының серпіні оның инновациялық бағытындағы дамуына үміт береді.



Шағын бизнес халықтың жұмыспен қамтылуын, тауарлар мен қызметтердің кең ұсыныстарының қалыптасуын, бюджетке салық түсімдерінің шамалы үлесін қамтамасыз етеді және шынайы экономика секторларында инновациялық кәсіпкерліктің дамуының мүмкіндіктері бар. Осылардың іске асырылу мүмкіндіктері 2 кестеде көрсетілген.
2 кесте. ШҚО шағын инновациялық кәсіпкерліктің даму мүмкіндіктерін олардың мәнділік дәрежесі бойынша бөлу (1 – төмен деңгей, 2 – орташа деңгей, 3 – жоғары деңгей)


Инновациялық шағын кәсіпкерліктің даму мүмкіндіктері


Әсер етушілік

Іске асыру мүмкіндігі ость реализации


1

2

3

1

2

3

1

Ресей тәжірибесі бойынша шағын кәсіпкерліктің субъектілерін инновациялық қызмет жөнінде сараптық кеңес құру






*

*







2

Инновациялық аяда мақсатты қолдау бағдарламаларын қалыптастыру және шағын кәсіпкерлікті дамыту







*




*




3

Облыстың шағын кәсіпорындарында ҒЗТКЖ ынталандыру үшін жағдай жасау




*




*







4

Жоғары технологиялық өндіріс аумағына ғылыми-өндірістік кооперацияны, аутсорсингті, субконтрактацияны және серіктестікті, ғылыми сыйымды қызметтерді көрсету және зияткерлік меншікті саудаға салу







*







*

5

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғылыми-технологиялық зерттеулерін қаржыландыруда жергілікті басқару органының үлестік қатысуы, патенттік-лицензиялық шығындардың төлемін қоса алғанда.







*




*




6

Мемлекеттік инвестиция немесе бюджеттік кредит үлгісінде шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржыландыру







*




*




7

Әзірлеуге жіберілетін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлеме бөлігін өтеу тәжірибесін енгізу және облыстағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің оның коммерциялық іске асырылуына дейінгі кезеңде жаңа техниканы игеруі







*







*

8

Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне инновациялық қызмет аясын және инфрақұрылымдық ұйымның ресурстарын ұсыну







*







*

9

Мемлекеттік инвестиция немесе бюджеттік кредиттер үлгісінде еншілес капитал қорларын қаржыландыру







*




*




10

Ғылымның және өнеркәсіптің жоғарғы технологиялық аумағында қызмет ететін облыстағы шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне ресурстар мен қызметтерді беретін шаруашылық етуші субъектілерді қалыптастыру








*




*




11

Иновациялық аядағы шағын кәсіпорында ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық жобаларды қаржыландыру мақсатымен облыста коммерциялық және бейкоммерциялық ұйымдарды құру




*




*







12

Шағын кәсіпкерліктің инвестициялық қолдауының ілгерішіл нысандарын дамыту - – лизинг пен франчайзинг







*







*

13

Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін кластерлік-жүйелі әдістемені дамыту




*




*







14.

Ауылдың шағын индустриялануын дамыту

*







*







15

ШОК облыстық ақпараттық қызмет көрсету жүйесін құру




*










*

16

АҚШ тәжірибесі бойынша «Қызметінен босаған басқарушы жұмысшылардың кеңес беру бюросын» құру»

*







*







17.

Кәсіпорындарда менеджментті жетілдіру







*




*




Ескерту: те возможности, по которым влияние и вероятность реализации находятся на высоком и среднем уровнях требуют повышенного внимания руководителей


Талдау нәтижелері бойынша №3; 11; 13; 14; 15; 16 мүмкіндіктер аймақтағы инновациялық бизнестің дамуына үлкен әсер ететінін және іске асырылу мүмкіндігінің жеткілікті дәрежесін анықтады, бұларды әрине, мақсатқа қол жеткізу үшін пайдалану керек.

Басқару органдары мен шағын кәсіпкерлікті қолдау институттары басқа да мүмкіншіліктерді назарға алулары, олардың жүргізілуі бойынша шараларды қолданулары қажет, не дегенмен шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін аймақта олардың мәні аса маңызды емес.

Сонымен, инновациялық қызметтің мемлекеттік реттеу механизмдерін бірінші кезекте әзірлеуін талап ететін аса маңызды шаралары деп мыналарды атауға болады:



  1. Ірі инновациялық жобаларды қаржыландырудың жаңа үлгілерін әзірлеу.

  2. Болашақтағы уақытқа негізделген мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу, инновациялық дамудың стратегиялық басымдықтарын және олардың ресурстық қамтамасыз етілуін анықтау.

  3. Кредиттердің инновациялық аясына тартылған мемлекеттік кепілдіктерді беру.

  4. Басымды ғылыми-техникалық міндеттерді іске асыру үшін экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының қаржы ресурстарын біріктіру механизмін әзірлеу.

  5. Инновациялық қызмет аясында мандандырылатын мемлекеттік құрылымдардың, ЖОО-ның, еншілес қорлардың және қоғамдық бейресми ұйымдардың серіктестік өзара әрекеттестігінің қалыптасуы мен реттеуіне жәрдем ету.

  6. Меншіктің интеллектуалды құқықтарын және өндіріске, қолдан жасалған және контрафактілік өнімдерді сатуға қарсы механизмдерді қорғайтын әрекетшіл мемлекеттік жүйе құру.

  7. Экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағдарламаларына инновациялық міндеттерді енгізу.

  8. Инновациялық шағын кәсіпорындарда орындалатын ҒЗТКЖ нәтижелері мен ғылымсыйымды өнімдердің мемлекеттік сатып алу бағдарламаларын әзірлеу.

  9. Инновациялық бағдарламалардың тиімділігін бағалау әдістерін және әлемдік еншілес қаржыландыру тәжірибесін есепке ала отырып жобаларын әзірлеу және сертификаттау.

  10. Университеттер мен зерттеу орталықтары жанындағы шағын бизнеске орталықты құруда техникалық көмек пен технологияны беруге әрекет ету.

  11. Инновациялық жобалардың сарапшылық аясында жеке ұйымдардың дамуына әрекет ету.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет