Алматы қаласының прокуратурасы жылдар бойғы былықтан арылып, кепілден шығарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: tripadvisor.ru

2013 жылы шипажай директоры "Қазақстан" шипажайының барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алған. 

“2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Несие беру кезінде банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізбегені анықталды. Осыған қарамастан 2022 жылы сот жалпы 3 млрд теңге қарызды өндірді”, – делінген прокуратура мәлімдемесінде. 

Алматы қаласы прокуратурасының апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, бұл сома 1,8 млрд теңгеге дейін қысқартылды.  

Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыздығы мен жарамсыздығына байланысты оны жарамсыз деп тану үшін сотқа жүгінді.     

“Былтыр жыл соңында прокурордың арызын Алматы қаласы АМЭС қанағаттандырды.

Осылайша, прокуратураның іс-шаралары арқасында құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік санаторий заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқарды”, – деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.