Орал ќаласыныѕ экономика



жүктеу 160.38 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі160.38 Kb.
түріАнықтамалық


Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі


ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМАЛЫҚ


Қаңтар-мамыр

2018 жыл

Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП


Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

млрд. теңге



Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің құрылымы


Орал қаласының экономикасы
ӨНЕРКӘСІП
2018 жылдың қаңтар-мамырына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 67,1 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 120,6% құрайды.

Өсім өнеркәсіптің барлық салаларында байқалады: өңдеу өнеркәсібінде 29%, электрмен жабдықтау саласында 4,1%, сумен жабдықтау саласында-20,8%.

Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (67%), өндіріс көлемі 44,8 млрд. теңге.

Аталған саладағы өндіріс көлемінің өсуі, өнім өндіру көлемінің өсуімен байланысты: тамақ өнімдері 31%, сусындар 25%, киімдер 20%, жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту 21%, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 12%, металлургия өнеркәсібінде 86%, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру 0,2%, машина және жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 48%,машина жасау 13%, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 15%.

Өңдеу өнеркәсібінің тек төрт бағыттары бойынша өндіріс көлемі кеміді:

жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру-12%, резіңке және пластмасс бұйымдарды өндіру 35%, жиһаз өндіру 9,8%, тоқыма бұйымдары 33%.

Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 19,6 млрд.теңгені құрап, ол былтырғы жылдың индексінен 4,1% жоғары болып отыр.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 2,2 млрд.теңге құрады, ол былтырғы жылдың индексінен салыстырғанда 20,8% жоғары.

2018 жылы ИИДМБ және Индустрияландыру картасы шеңберінде 154 жұмыс орын құрылумен 3,0 млрд теңге 6 жоба іске қосылуда: «Агран» ЖШС-сэндвич-панель өндірісі. Құны-800 млн. теңге.Қуаттылығы-жылына/500 мың шаршы метр.Жұмыс орны-20.

«134» ЖШС-кірпіш зауытының құрылысы. Құны-455,2 млн.теңге.Қуаттылығы-жылына 20 млн дана.Жұмыс орны-70.

«Топан» ЖШС-химиялық өндіріс базасының құрылысы. Құны-854 млн.теңге.Қуаттылығы-жылына 4000 тонна. Жұмыс орны-40.

«Кублей» ЖШС-жануарлардан алынатын қалдықтарды өндеу бойынша цехтың құрылысы. Құны-551,6 млн.теңге. Қуаттылығы-тәулігіне 30 тонна.Жұмыс орны-5.

«Хасанов» ЖК-кондитерлік өнімдер өндіріс цехын жанғырту. Құны-94,4 млн. теңге.Қуаттылығы-жылына 52 мың тонна. Жұмыс орны-10.

«GLOBAL Procurement» ЖШС-бетондық араластыратын түйін. Құны-256 млн. теңге. Қуаттылығы-жылына 2112 жол плитасы,2208 шргетас блогы.Жұмыс орны-9.


Орал қаласының экономикасы


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
бас


Орал қаласының экономикасы




АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық секторында 58 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде–1 мемлекеттік кәсіпорын (сорт сынау бойынша инспектура), 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 36 шаруа қожалығы және 9 басқа да жер пайдаланушылар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және соның тек қана 12%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

2018 жылдың мамыр айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1091,2 млн. теңгені құрады, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 112,1%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру – 2,6 млн. теңгені құрайды, мал шаруашылығы – 1085,5 млн.теңге құрады.

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, 2018 жылы 111,6%, сүт өндіру–100,2% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің негізгі үлесін «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.

2018 жылдың мамыр айларында былтырғы 2017 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда - ірі қара мал 4029 бас немесе 1,9%, қой 4069 бас немесе 8,4%, ешкі 1175 бас немесе 11,3%, жылқы 266 бас немесе 1,1%, құс 361630 бас немесе 12,0%,-ға өскені байқалып отыр.

Сондай-ақ сүт өндірісі 0,2%, жұмыртқа 22,0%-ға өсті.

Ет өндірісі 9,8%-ға, шошқа басы 23,4%-ға, сиыр 7,9%-ға кемігені байқалып отыр.

Шошқа және сиыр басының кемуі жем-шөптің кымбаттауына және өз қажеттілігіне жұмсауына байланысты.

Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 31,1 мың шаршы метр болатын 9 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.



К
Орал қаласының экономикасы
ӨЛІК

Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.

Қаланың жүк автомобиль көлігі 32 кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары (құм, қиыршық тастар), дәнді дақылдар, комбикорм,тыңайтқыштар, газ және газ тәрізді материалдар және т.б. болып табылады.

Қоғамдық көлікте 7 тасымалдаушы-кәсіпорын 36 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 338 автобус және 204 шағын автобус шығады.


Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ




Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2018 жылдың 1 маусымына қаладағы есепті деректер бойынша 30 642 шағын және орта кәсіпкерлік (әрі қарай-ШОК) субъектісі тіркелген, (соның ішінде 6 013 заңды тұлға, 24 449 жеке кәсіпкерлер).

Тіркелген ШОК субъектілері ішінде 23 043 (4 101 заңды тұлға, 18 942 жеке кәсіпкер) қолданыста, яғни тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 75,6%-н құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өскен.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ШОК саласында еңбек ететіндер саны 75 622 адамды (39 817 заңды тұлға, 35 805 жеке тұлға) құрайды, 2017 жылдың 1 қаңтарына 6,3%-ға өскен.

ШОК субъектілерімен 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 523,1 млрд. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе 2016 жылдың осы кезеңіне 126,8% құрайды.

2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінен мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 11 559,9 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 4 046,0 млн.теңге.

2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне 11 091,6 млн. теңге несие берілді, оның ішінде қысқа мерзімге – 6 908,7 млн. теңге, ұзақ мерзімге –4 182,9 млн. теңге. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қысқа мерзімге берілген несиелер 23,8%, ал ұзақ мерзімге берілген несиелер 54,4% өсті.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында ШОК субъектілеріне 134(18,67га) жер учаскелері бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 37(5,95га).

Сонымен қатар 75 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сонын ішінде: 22 дүкен, 14 кафе, 3 СҮ, 5 автокешен, 3 дәріхана, 8 сұлулық салоны, 12 кеңсе, 1 кондитерлік цех, 3 ресторан, 1 асхана және 2 тіс оңдайтын кабинет бар.






Орал қаласының экономикасы


млн. теңге


Орал қаласының экономикасы


САУДА млн. теңге

Орал қаласының экономикасы


САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ
2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 91 207,9 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңіне бөлшек сауданың нақты көлем индексі 111,6%-ды құрап отыр.

Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі 36,4% немесе 33 234,2 млн. теңгені құрап отыр. Азық-түлік емес тауарлар көлемі 63,6% немесе 57 973,7 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 109 772,7 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме сауданың нақты көлем индексі 99,4%-ды құрады.

2018 жылдың 1 маусымына тауар қорларының көлемі: көтерме саудада – 22 498,8 млн. теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 9 072,5 млн. теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.

2018 жылдың 1 маусымына қалада 58 ірі сауда үйлері, 1709 дүкендер мен дүңгіршектер, 24 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 515 объект, 250 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 70 ателье, 257 авто шеберхана, 154 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 41 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.


Орал қаласының экономикасы



Тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының индекстері

Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР

Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 2018 жылдың мамырында ағымдағы жылдың өткен аймен салыстарғанда 100,2%, 2017 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 106,4% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 99,8% сәйкесінше 105,9% құрап отыр.

2018 жылғы мамырында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,1%-ға өсті.

2018 жылғы мамырда азықтүлік тауарларының баға индексі 99,8% құрады. Кондитер өнімдерінің бағасы ‐ 0,2%ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері, алкогольсіз сусындар ‐ 0,5%‐ға, алкогольді ішімдіктер ‐ 0,8%ға, май және тоңмай ‐ 0,9%ға, құмшекер ‐ 4,5%‐ға, макарон өнімдері ‐ 6,4%‐ға өсті. Сүт өнімдерінің бағасы 0,3%‐ға, қарақұмық жармасы ‐ 1,5%‐ға, картоп ‐ 3,5%‐ға, жұмыртқа ‐ 10,7%‐ға, қияр мен қызанақ сәйкесінше 20,3%‐ға және 16,4%‐ға арзандады.

2018 жылғы мамырда азықтүлік емес тауарлардың бағасы 0,3%‐ға өсті. Жиһаз және үйге қажетті заттардың бағасы 0,5%‐ға, шыны және қыш бұйымдар ‐ 0,6%‐ға, киім және аяқ киім ‐ 1,1%‐ға, тұрмыстық бұйымдар ‐ 1,2%‐ға қымбаттады. Бензин 2,4%‐ға арзандады, дизель отыны 1,6%‐ға қымбаттады.

2018 жылғы мамырда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 100,4% құрады. Тұрғын жайларды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеу бойынша қызметтер бағалары ‐2,8%‐ға, ыссы су ‐ 2,8%‐ға өсті. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметінің бағасы ‐ 0,7%‐ға, жолаушылардың әуе көлігі қызметі ‐ 14,2%‐ға қымбаттады.



Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ


млн. теңге




И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 37532,9 млн. теңгені құрап, былтырғы жылға 162% құрап отыр.

Соның ішінде: жергілікті бюджет қаражат арқылы- 1788,4 млн.теңге құрады (қаңтар-мамыр 2017 жыл -900,3 млн теңге), республикалық бюджет-3530,6 млн.теңге (қаңтар-мамыр 2017 жыл -3078,1 млн теңге).

Ұйымдар мен кәсіпорындардың есебінен– 31614,3 млн.теңге (қаңтар-мамыр 2017 жыл -15226,3 млн теңге).

Басқа да қарыз қаражаты есебінен – 599,6 млн. теңге (қаңтар-мамыр 2017 жыл -2412,1 млн теңге).

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар-123,1мың теңге құрады, былтырғы жылға-159% құрады.

Негізгі капиталға инвестиция құйылуының негізгі көздері болып жеке инвестиция-84% болып отыр. Кәсіпорындардың және жұртшылық қаражаты өндіріс, көлік және байланыс, үй салу салаларына жұмсалып отыр.

Қаланың негізгі капиталға тартылған инвестицияның құрамы келесідей:

ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары -79% немесе 29783,9 млн. теңге;

машиналар, жабдықтар, құралдар-19% немесе 6954,4 млн. теңге;

өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар-2,2% немесе 794,6 млн теңге.

Барлық қаражат есебінен жалпы құны 20952,5 млн. теңгені құрайтын 424 нысана іске қосылды, соның ішінде: 3 кеңсе, 6 шагынмаркет, 5 кафе, 2 сауда үйі, 2 мейрамхана, жол сервис кешені, 5 автокешен,7 қойма,цех, кеңсе, 376 жеке үйлер және 9 көппәтерлі үйлер, мектеп, монша, стоматология және гүлдер павильоны, макарон цехы.

Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі –6137,1 млн. теңге құрады, былтырғы жылға 66,5% құрап отыр.

Жалпы облыстық құрылыс жұмыстарының көлемінде қаланың үлесі 20% құрап отыр.


Орал қаласының экономикасы

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 124,6 мың шаршы метр құрайтын 1207 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға 118% құрап отыр.

Оның ішінде: жұртшылық есебінен –124,6 мың. шаршы метр.

Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 18024,8 млн.теңге бағытталды (былтырғы жылға-165,4%) соның ішінде: бюджеттік қаражат-2114 млн. теңге, жеке меншік- 15911 млн. теңге.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 126,5 мың теңге құрады (былтырғы жылға 135,6%). Соның ішінде: жұртшылық есебінен – 130,4 мың теңге құрады (былтырғы жылға- 143%).

Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге



Б
Орал қаласының экономикасы

ЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ

2018 жылдың 5 айының есебі бойынша қала контингентінен мемлекеттік бюджетке түскені – 38 363,9 млн. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке түскені – 10 216,9 млн.теңге, ол жалпы салық базасының 26% құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет кірістері контингентте 106% құрап отыр, соның ішінде, республикалық салықтар бойынша – 109,3% және реттейтін салықтар бойынша – 105,4%.

2018 жылдың 5 айының есебі бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары 130,1% орындалып, немесе жоспардағы – 12 152,9 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені – 15 805,5 млн.теңге, соның ішінде бюджеттің бос қалдықтар сомасы – 2 528,4 млн.теңге.

Меншікті салықтар мен жергілікті алымдарының түсімдері бойынша жоспар (ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен түсімдерді есептемегенде) 106,4%-ға орындалды, немесе жоспардағы – 8 231,2 млн.теңге, қала қазынасына нақты түскені – 8 758,6 млн.теңге.

Реттейтін салықтар бойынша жоспар 110,8% орындалды, немесе жоспардағы – 5 935,2 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 6 576,5 млн.теңге соның ішінде, жеке табыс салығы бойынша жоспардың орындалуы 114,7%, әлеуметтік салық бойынша –106,1 % құрады.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша есепті кезеңнің жоспары 103,1% орындалып немесе жоспардағы 1 768,1 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 1 822,9 млн.теңге.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық бюджеттің кірістер түсімінің жалпы сомасы 15 805,5 млн.теңгені құрады немесе былтырғы жылдың нақты деңгейінен 3 614,0 млн.теңгеге жоғары, ол негізінен бюджет қаражаты бос қалдықтары есебінен құралған.

Сонымен бірге, былтырғы 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда реттейтін салықтар бойынша түсім 339,5 млн.теңге, 6 237,0 млн.теңгеден 6 576,5 млн.теңгеге дейін өсті, ол реттейтін салықтар бойынша норматив аударымдарының өсуімен және еңбек ақы қорының өсуімен байланысты, атап айтқанда жеке табыс салығы бойынша өсу қарқыны – 105,7% немесе түсімдер 200,1 млн.теңгеге өсті, әлеуметтік салықтар бойынша өсу қарқыны 105,1% құрап, немесе 139,4 млн.теңгеге өсті.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша өсу қарқыны ағымдағы 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда -98,5% құрады.

2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша толық алынбаған салықтың жалпы сомасы (республикалық салықтар есебімен) контингентте – 7,4 млрд. теңге (соның ішінде толық алынбаған салық сомасы – 4,6 млрд.теңге), соның ішінде қалалық бюджет бойынша реттелетін салықтар үшін аударымдарда белгіленген нормативтерде тіркеу: жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық – 69,2%, берешек сомасы – 885,8 млн. теңге (оның толық алынбаған салықтың сомасы – 699,9 млн. теңгені құрады).



Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТШЫҒЫНДАРЫ


Орал қаласының экономикасы




БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 98,6% орындалды немесе жоспарланған 11 999 625,8 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 11 830 242,3 мың теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 138 609,0 мың теңге жоспарланса, одан 135 811,7 мың теңге немесе 98,0% игерілді;

- қорғаныс саласына 22 783 мың теңге жоспарланып, 15 595,3 мың теңге немесе 68,5% орындалды;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 75 355,0 мың теңге жоспарланып, жоспарланған сомадан 74 002,6 мың теңге орындалды;

- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 5 765 424,0 мың теңге сомадан 5 738 384,3 мың теңге игерілді;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 693 041,0 мың теңге жоспарланып, одан 97,7% немесе 676 808,7 мың теңге атқарылды;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 3 418 222 мың теңгеден 3 324 994,2 мың теңге орындалды немесе 97,3%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған


456 371,8 мың теңгеден 445 864,0 мың теңге орындалды немесе 97,7%;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 39 900 мың теңге жоспарланып, оның 86,0%-ы игеріліп, 34 315,5 мың теңге құрады;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 22 595 мың теңгеден 82% игеріліп, атқарылған сома 18 523,5 мың теңге құрады;

- көлік және коммуникация саласына жоспарланған 628 764 мың теңгеден 627 756,5 мың теңге немесе 99,8% орындалды.

- басқалар функционалдық тобы бойынша 6 054 мың теңгеден атқарылған сома 5 679,5 мың теңге (93,8%) құрады.

- трансферттер функционалдық тобы бойынша жоспарланған 732 507 мың теңгеден атқарылған сома 732 506,6 немесе 100% құрады.


Орал қаласының экономикасы


ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 305 789 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 47% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2,2% өскені байқалады.

Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Есепті кезеңге 2257 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда- 10% көбейіп отыр.

Өлгендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 23% көбейіп, 975 адамды құрап отыр.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Ақжайык.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарымен және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ, келгендер мен кетушілер саны 50 пайызға және 39 пайызға сәйкесінше азайды.


Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ


адам


Орал қаласының экономикасы



ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 2322 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14% азайған.

Тіркелген жұмыссыздар саны 2020 адамды құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артып отыр.

Есепті мерзімде 1726 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 102% құрап отыр.

Қоғамдық жұмыстарға -624 адам тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 18% азайып отыр.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 574 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе былтырғы жылға 35% құрап отыр.

Оның ішінде: білім саласында-144, деңсаулық саласында –14, ауыл шаруашылығында-1, өнеркәсіп саласында-29,саудада-1, көлік саласында-4, құрылыста-352, басқаларда-29.



Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы мамыр айына 24522 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 17% өскені байқалады.

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет