Орал ќаласыныѕ экономика



жүктеу 159.13 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі159.13 Kb.
түріАнықтамалық


Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі


ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМАЛЫҚ


Қаңтар -тамыз

2017 жыл

Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП


Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

млрд. теңге



Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің құрылымы


Орал қаласының экономикасы
ӨНЕРКӘСІП
2017 жылдың қаңтар-тамыз айына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 95,2 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 105,9% құрайды. Өсім өнеркәсіптің келесі салаларында: өңдеу өнеркәсібінде 3,8% электрмен жабдықтау саласында 2,5% және сумен жабдықтау саласында өсім 93% құрайды.

Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (68,3%), онда өндіріс көлемі 65 млрд. теңге, нақты көлем индексі 103,8%.

Аталған саладағы өндіріс көлемінің өсуі, өнім өндіру көлемінің өсуімен байланысты:

сусындар 64,6%;

тоқыма бұйымдары 5,8 есе;

химия өнеркәсібінде 2,5 есе;

резіңке және пластмасс бұйымдарды өндіру 30%;

жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіру 15,5%;

қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру 62,9 есе;

машина және жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 36,3%;

жиһаз өндіру 24%;

Өңдеу өнеркәсібінің қалған бағыттары бойынша өндіріс көлемінің кемуі байқалады:

тамақ өнімдері 2,1%;

киімдер 27,6%;

машина жасау 16,1%;

металлургия өнеркәсібінде 4,6%;

Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 24 млрд.теңгені құрап, ол былтырғы жыл деңгейінен 2,5% жоғары болып отыр.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 5 млрд.теңге құрады, ол былтырғы жыл деңгейімен салыстырғанда 93% жоғары.



Орал қаласының экономикасы

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
бас


Орал қаласының экономикасы




АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық секторында 58 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде – 1 мемлекеттік кәсіпорын (сортты сынау бойынша инспектура), 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 36 шаруа қожалығы және 9 басқа да жер пайдаланушылар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және соның тек қана 12%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

2017 жылдың қаңтар-тамыз айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2517,6 млн. теңгені құрады, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 101%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру – 566,5 млн. теңгені құрайды, өсу қарқыны –99,3%, мал шаруашылығы – 1815,7 млн.теңге, өсу қарқыны – 101,6% құрады.

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, 2017 жылғы ірі қара малын сату 128,1%, сүт өндіру–100,3% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің 101,5%, негізгі үлесті «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.

2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында былтырғы 2016 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда шошқа 17,3%-ға (1089 бас) кеміген, себебі өз қажеттілігіне жұмсауына және жем-шөптің кымбаттауына байланысты.

Ірі қара мал басы 6,4% (4060 бас) құрады, оның ішінде сиыр 4% (2022 бас), қой 19% (3883 бас), ешкі 8,8% (1081 бас), жылқы 12% (262 бас), құс 28% (403246 бас) өсті.

Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 33 мың шаршы метр болатын 9 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.



К
Орал қаласының экономикасы
ӨЛІК

Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.

Қаланың жүк автомобиль көлігі 32 кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары (құм, қиыршық тастар), дәнді дақылдар, комбикорм,тыңайтқыштар, газ және газ тәрізді материалдар және т.б. болып табылады.

Қоғамдық көлікте 7 тасымалдаушы-кәсіпорын 36 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 338 автобус және 204 шағын автобус шығады.


Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ




Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2017 жылдың 1 қыркүйегіне қаладағы есепті деректер бойынша 29 570 шағын бизнес субъектісі тіркелген, (соның ішінде 5 610 заңды тұлға, 23 960 жеке кәсіпкерлер), олардың 22 212 (3 843 заңды тұлға, 18 369 жеке кәсіпкер) қолданыста (75%), еңбек ететіндер саны 42 203 адамды (12 211 заңды тұлға, 29 992 жеке тұлға) құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған шаруашылық субъектілерінің саны 10,1%-ға өскен.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 44 941,5 млн. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы сақталады.

Аталған кезеңге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 18 071,1 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 6 720,8 млн.теңге.



2017 жылдың қаңтар-шілде айларында Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне 16 462,8 млн. теңге несие берілді, оның ішінде қысқа мерзімге – 10 997,8 млн. теңге, ұзақ мерзімге – 5 464,9 млн. теңге. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қысқа мерзімге берілген несиелер 2 есе, ал ұзақ мерзімге берілген несиелер 1,5 есе өсті.

2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 203 (35,62га) жер учаскелері бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 65(8,57га).

Сонымен қатар 117 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сонын ішінде: 37 дүкен, 5 кафе, 5 кеңсе, 1 сауна, 1 ателье, 2 тіс оңдайтын бөлме, 3 дәмхана, 2 СҮ, 2 мейрамхана, 2 шаштараз, 4 автокешен, 1 дәріхана және 1 қонақ үй бар.





млн. теңге


Орал қаласының экономикасы


Орал қаласының экономикасы


САУДА млн. теңге

Орал қаласының экономикасы


САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ
2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 126 176,0 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңіне бөлшек сауданың нақты көлем индексі 107,9%-ды құрап отыр.

Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі 30,6% немесе 38 669,5 млн. теңгені құрап отыр. Азық-түлік емес тауарлар көлемі 69,4% немесе 87 506,6 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 171 979,7 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме сауданың нақты көлем индексі 85,5%-ды құрады.

2017 жылдың 1 қыркүйегіне тауар қорларының көлемі: көтерме саудада – 21 990,7 млн. теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 9 313,9 млн. теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.

2017 жылдың 1 қыркүйегіне қалада 55 ірі сауда үйлері, 1662 дүкендер мен дүңгіршектер, 25 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 486 объект, 249 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 70 ателье, 249 авто шеберхана, 151 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 40 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.


Орал қаласының экономикасы



Тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының индекстері

Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР

Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 2017 жылдың тамызында ағымдағы жылдың өткен аймен салыстарғанда 100,2%, 2016 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 106,5% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 98,4% сәйкесінше 107,5% құрап отыр.

2017 жылғы тамызында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,6%-ға өсті.

Үстіміздегі жылғы тамызда азық-түлік тауарларының баға индексі 98,4% құрады. Нан өнімдері және жармалар бағасы – 0,7%-ға, сүт өнімдері бағасы 1,6%-ға, күріш бағасы – 5,5%-ға қымбаттады. Қант бағасы 2%-ға, жұмыртқа бағасы – 2,6%-ға, жемістер-1,6%-ға, көкөністер- 19%-ға және картоп бағасы -24,3%-ға арзандады.

Үстіміздегі жылғы тамызда азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,5%-ға өсті, бұл киім және аяқ киім бағасы - 0,5%-ға, үйге қажетті заттар бағасы 0,5%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдар бағасы – 0,8%, жуғыш және тазалағыш құралдар -0,7%-ға өсуімен белгіленген. Бензин бағасы -0,6%-ға, дизель отыны -1,2%-ға қымбаттады.

2017 жылғы тамызда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 2,1%-ға өсті, бұл теміржол қызметтері бағасы – 0,1%-ға, әуе көлігі қызметтері 22%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметтері 1,1%-ға өсуімен белгіленген.





Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ


млн. теңге




И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 40856,7 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдан 54,1 пайызға артып отыр.

Соның ішінде: республикалық бюджет арқылы- 7761,5 млн.теңге құрады(қаңтар-тамыз 2016 жыл -1583,3 млн теңге).

Жергілікті бюджет қаражат арқылы- 2717,1 млн.теңге құрады (қаңтар- тамыз 2016 жыл -2668,3 млн теңге).

Шетел инвестициясы қоса ұйымдар мен кәсіпорындардың есебінен– 26669,6 млн.теңге (қаңтар- тамыз 2016 жыл -18058,4 млн теңге).

Басқа да қарыз қаражаты есебінен – 3708,4 млн. теңге (қаңтар- тамыз 2016 жыл -2671,3 млн теңге).

Негізгі капиталға инвестиция құйылуының негізгі көздері болып жеке инвестиция-65% және бюджеттік инвестиция -26%, қарыз қаражаты есебінен-9% болып отыр. Кәсіпорындардың және жұртшылық қаражаты өндіріс, көлік және байланыс, үй салу салаларына жұмсалып отыр.

Бюджеттік қаражат арқылы коммуналдық шаруашылық және сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, коммуналдық және несиелік үйлердің құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы, денсаулық сақтау мен білім беруге қатысты обьектілерді салуға, жол салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қаланың негізгі капиталға тартылған инвестицияның құрамы келесідей:

ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары -70% немесе 28769,5 млн. теңге;

машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар-26% немесе 10997,4 млн. теңге;

өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар-3% немесе 1089,8 млн теңге.

Облыстың негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі Орал қаласының үлес салмағы- 20,2% құрап отыр.( Бөрлі,Зеленов ауданынан кейін-3 орында).

Жеке қаражаты есебінен жалпы құны 1988,5 млн. теңгені құрайтын 34 нысана іске қосылды, соның ішінде: 2 кеңсе, 11 шагынмаркет, 1 асхана, 2 кафе, 1 жеміс-жидек өндеу цехы, құс сойатын цех, 1 шаштараз, 5 қойма,1 гараж, 3 сауда үйі,1- жөндеу, сауда, қызмет көрсететін нысан т.б. нысандар.

Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі – 16924,7 млн. теңге құрады, былтырғы жылға 107,6% құрап отыр.




Орал қаласының экономикасы

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 201,814 мың шаршы метр құрайтын 1947 пәтер іске қосылды, былтырғы жылдан екі есе артып отыр.

Оның ішінде: жұртшылық есебінен –112,8 мың. шаршы метр, былтырғы жылдан 2,4 есеге артып отыр.

Республикалық бюджет есебінен жалпы ауматы 7,5 мың ш.м.құрайтын бір үй тапсырылды(Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер ТЖЖ-сы жаңа шағынауданындағы Дақ№13 бес қабатты 90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы).

Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 17033,9 млн.теңге бағытталды (былтырғы жылға-189%) соның ішінде: бюджеттік қаражат есебінен 2410 млн. теңге, жеке меншік 11847 млн. теңге, қарыз қаражаты есебінен- 2776,8 млн теңге.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 86,6 мың теңге құрады (былтырғы жылға 99,6%). Соның ішінде: жұртшылық есебінен – 88 мың теңге құрады (былтырғы жылға 105%).


Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге



Б
Орал қаласының экономикасы

ЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ

2017 жылдың қаңтар-тамыз айына қала контингентінен мемлекеттік бюджетке түскені – 57193,4 млн. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке түскені – 14872,7 млн.теңге, ол жалпы салық базасының 26% құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет кірістері контингентте 90,9% құрап отыр, соның ішінде, республикалық салықтар бойынша 80,8% және реттейтін салықтар бойынша – 11,7%.

Ағымдағы жылдың есебі бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары 109,1% орындалып, немесе жоспардағы – 19944,7 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені – 21769,5 млн.теңге, соның ішінде бюджеттің бос қалдықтар сомасы – 1 340,7 млн.теңге.

Меншікті салықтар мен жергілікті алымдарының түсімдері бойынша жоспар (ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен түсімдерді есептемегенде) 109,6%-ға орындалды, немесе жоспардағы – 13068,4 млн.теңге, қала қазынасына нақты түскені – 14318,2 млн.теңге.

Реттейтін салықтар бойынша жоспар 109% орындалды, немесе жоспардағы – 9473,4 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 10321,9 млн.теңге соның ішінде, жоспардың орындалуы жеке табыс салығы бойынша 107,5%, әлеуметтік салық бойынша –110,9% құрады.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша есепті кезеңнің жоспары 101,5%, немесе жоспардағы- 3053,4 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені-3099,9 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық бюджеттің кірістер түсімінің жалпы сомасы 21769,5 млн.теңгені құрады немесе былтырғы жылдың нақты деңгейінен 2702,2 млн.теңгеге жоғары ол негізінен бюджет қаражаты қалдықтарының есебінен құралған.

Сонымен бірге, былтырғы 2016 жылдың осы 8109,3 млн.теңгеден 10321,9 млн.теңгеге дейін өсті, ол реттейтін салықтар бойынша норматив аударымдарының 8,5% өсуімен және еңбек ақы қорының өсуімен байланысты, атап айтқанда жеке табыс салығы бойынша өсу қарқыны – 128,8%, немесе түсімдер 1287,5 млн.теңгеге өсті, әлеуметтік салықтар бойынша өсу қарқыны 125,4% құрап, немесе 925,1 млн.теңгеге өсті.

Жергілікті салықтар мен алымдар. бойынша өсу қарқыны ағымдағы 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда -109,9% құрады

2017 жылғы 1 қыркүйегіне толық алынбаған салықтың жалпы сомасы (республикалық салықтар есебімен) контингентте – 5,1 млрд. теңге, соның ішінде қалалық бюджет бойынша аударымдар кезінде белгіленген норматив есептеу үшін реттелетін салықтар 69,5%, толық алынбаған салықтың сомасы – 800,8 млн. теңгені құрады.



Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТШЫҒЫНДАРЫ


Орал қаласының экономикасы




БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 95,5% орындалды немесе жоспарланған 19 864675,5 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 19 135 706,5 мың теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 257 641 мың теңге жоспарланса, одан 246 106,9 мың теңге немесе 95,5% игерілді;

- қорғаныс саласына 29 896 мың теңге жоспарланып, 27 250,4 мың теңге немесе 91,2% орындалды;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 144 379 мың теңге жоспарланып, жоспарланған сомадан 144 327,5 мың теңге орындалды;

- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 9 553 265 мың теңге сомадан 9 521 828 мың теңге игерілді;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 1 149 649 мың теңге жоспарланып, одан 97,6% немесе 1 121 579,7 мың теңге атқарылды;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 6 441 568 мың теңгеден 5 856 139,8 мың теңге орындалды немесе 90,9%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған


684 688,5 мың теңгеден 680 775,2 мың теңге орындалды немесе 99,4%;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 63 460 мың теңге жоспарланып, оның 93,3%-ы игеріліп, 59 195 мың теңге құрады;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 82 989 мың теңгеден 51,5% игеріліп, атқарылған сома 42 713,7 мың теңге құрады;

- көлік және коммуникация саласына жоспарланған 1 109 833 мың теңгеден 1 093 328,2 мың теңге немесе 98,5% орындалды.

- басқалар функционалдық тобы бойынша 19 071 мың теңгеден атқарылған сома 14 227,2 мың теңге (74,6%) құрады.

- трансферттер функционалдық тобы бойынша жоспарланған 328 236 мың теңгеден атқарылған сома 328 234,9 немесе 100% құрады.


Орал қаласының экономикасы


ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 300,8 мың адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 47% құрайды.

Соңғы оң жыл ішінде халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады, тек 2005 жылдан 2015 жылға дейін Орал қаласының халық саны 24% өсті.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Ақжайық.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан Ақмола облысы және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Есепті кезеңге АХАЖ органдарында 3753 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда- 5% азайып отыр.

Өлгендер саны 1470 адамды құрап отыр, былтырғы жылдан 9% азайып отыр.

Есепті кезеңге халықтың табиғи өсімі 2283 адамды құрады, былтырғы жылдың деңгейінен 2% азайып отыр.

Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ


адам

Орал қаласының экономикасы

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 6944 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 137% құрайды.

Тіркелген жұмыссыздар саны 1790 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 65% -өскені байқалады.

Есепті мерзімде 3093 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 173% құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға -1087 адам тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13% азайып отыр. Қоғамдық жұмыстарға бағытталған адамдар санының кемуі қоғамдық жұмысқа бағытталған уақытына байланысты, 2016 жылы бір жұмыссыздың аталған жұмыс түріне (азаматтардың санаттарына байланысты емес) тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігі 2 ай мерзім болса, ал 2017 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға орналастыру мерзімі 3 айға ұлғайтылды.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 2534 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе былтырғы жылға 106% құрап отыр. Оның ішінде: саудада - 494, ауыл шаруашылығында-59, өнеркәсіптікте-88, көлік және байланыста-32, білім саласында-122, деңсаулық саласында – 958, коммуналдық шаруашылық саласында –302, басқа салаларда-220 және уақытша жұмыстрада-259 адам.

Бір жұмысшының есепті кезеңінде орташа еңбек ақысы 115184 теңге құрады, былтырғы жылға 108,8% құрап отыр.



Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы шілде айына 23958 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 11% өскені байқалады.

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет