Оралхан Бґкей тґр Алтайдыѕ асылы



жүктеу 46.29 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі46.29 Kb.
түріСабақ

Оралхан Бөкей - төр Алтайдың асылы!
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оралхан Бөкейдің өмірі мен еңбектері

жөңіндегі оқушылардың білімін тереңдету

және талантты тұлғаның қайталанбас

қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау.



2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық

белсенділігін арттыру, ойлау, есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оралхан Бөкейдің шығармашылығынан

үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сахналық көрініс.

Көрнекіліктер: Оралхан Бөкейдің портреті, слайд, қойылым, кітап көрмесі.

Сабақтың барысы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ойналып, барлығы қосылып орындайды.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

20-шы ғасырдың 60 жылдары қазақ әдебиетіне қаламгерлердің жаңа қуатты толқыны кеп қосылды. Кезінде қазақ әдебиетін әлемге паш еткен Мұхтар Әуезов талантты толқынның жаңалықтармен келгеніне тебірене толғанған екен. Қазақ әдебиетіне дүркін-дүркін қосылып жатқан дарынды қаламгерлер ұлттық сөз өнерінің үздік дамудағы жолын жалғастырып келеді. Қазақ әдебиетінің осылайша ғасырлар бойы жалғасқан көркемдік даму желісінде көрнекті жазушы жерлесіміз Оралхан Бөкейде бар.

Құрметті оқушылар, мұғалімдер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз Оралхан Бөкейге арналады. Оралхан Бөкей - төр Алтайдың асылы!

Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты өмірімен, шығармашылығымен танысу.



Оралханға арнау
1- оқушы: Өмірдің дес бермеген арынына,

Біртуар Қаратайдың дарынына.

Әдемі оза шауып өте шықтың,

Үн қосып Бұқтырманың сарынына.

2- оқушы: Шыдамай әділетсіздік күйігіне,

Кербұғы бет алды Алтай иініне.

Мұзтаудың биігіне шығып алып,

Көз салды пендешілік түйініне.

Қазір сіздереге Ермек Фариза өмірбаянын таныстырып өтеді.

Ермек Фариза : Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған.

1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған.

1968 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторлық қызметін атқарады. 1993 жылы шығармашылық сапарда жүріп, Үндістанда Дели қаласында қайтыс болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1986 ж «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

О.Бөкеевтің шығармашылық жолы 1970 жылдан басталады. О.Бөкеев әдебиетімізге өз өрнегімен келген жазушы. Ол алғашқы әңгіме повестерінен-ақ оқушысын бірден баурап әкетіп еді. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде өршілдікке тарта беретін.

  О.Бөкеев әу бастан - әдебиеттің киелі босағасын аттаған күннен бері өз заманын, сол заманда ғұмыр кешіп жатқан қарапайым еңбек адамдарын шығармаларына арқау еткен жазушы. Оралханның кейіпкерлері- өзіміз күнделікті көріп, араласып жүрген замандастарымыз. "Жетім бота", "Мынау аппақ дүние" повестерін, ондағы Тасжан, Нұрлан, Луйза бейнелері поэзия тілімен өрнектелген деуге болады. "Бәрі де майдан" повесіндегі Ақан мен Құмырай- адалдық пен арамдықтың, қарапайымдылық пен қатыгездіктің бітіспес күресін көрсететін типтік бейнелер.

 Оралханның қазақ әдебиетінде салып кеткен өзіндік жолы бар. Жазушы Алтайды, еңбектің сан түрлі саласында ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын тек өзіне ғана сыйымды, ғажап пейілмен сүйе білді. Олардың сан - салалы, қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді -кішілі шығармаларына өзек етті. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады.

Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын Оралхан Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол - табиғаттың асқақ жыршысына айналған табиғи тума талант.

Оралхан кейіпкерлерінің тағы бір ерекшелігі - олар арманшыл, қиялшыл болумен бірге ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағынышқа толы аңсау, ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақты сыр жатады. Олармен бірге белгісіз бір сағынышқа толы мұңға беріліп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың.  

Кез келген өнер иесі туралы әріден әңгіме қозғау барысында біз оның өмірін- дайындық, білімін жетілдіру, даму, өсу кезеңдері деп шартты түрде бөліп, бөлшектеп жататынымыз рас. Осы бір шарттылық шеңберіне Оралхан сыймайтын секілді. Себеп мынада: Оралханның қулық пен сұмдыққа толы қитұрқы өмірдің мәні мен мағынасын әлі толық ажырата алмай жүргенде жазылған шығармалары мен кейіндеу жазылған шығармаларын безбендер болсақ, бірін - бірі баса алтай, итжығыс түсіп жатар тұстары көп. Асылық болмасын, тіпті отызында жазылғандары қырық жасындағы "ағаларынан" өр де өршілдеу екендігін ешкім жоққа шығара алмас. Яғни Оралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді деген сөз. Оның әдебиет институты да, аспирантурасы да, академиясы да- айналайын ауылы, соның ақеділ адамдары, Өр Алтайы, оның табиғаты болатын. Соған тамсануын тауыса алмай, таңырқауын түгесе алмай көз жұмды. Қат - қат сағыныштрын өзімен бірге ала кетті.

Әңгімелері мен повестері: «Мұзтау», «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным», «ән салады шағылдар», «Үркер ауып барады», «Біздің жақта қыс ұзақ», романдары: «Атау кере», «Өз атыңды өшірме», пьесалары: «Құлыным менің», «Текетірес», «Қар қызы», «Зымырайды поездар», «Жау тылындағы бала». Оралхан Бөкейдің шығармалары бойынша «Сайтан көпір» көркем фильмі 1986 ж түсірілді.



Қойылым

Сонымен оқушылар Оралхан Бөкей кім?

«... Оралхан Бөкей - ақын. Әр әңгімесі, әр повесі ақындық жүрекпен өмір тылсымын терең түйсініп, сол жұмбақтан өзіндік тың пәлсапа түйе отырып жазылған».

Талаптан Ахметжан

«Оралхан Бөкей – суреткер. Табиғат пен адам жанын ақындық көзбен жіті тінтіп, екінің бірі байқай бермейтін тылсым құпияларды өрнектейді. Және де сол суреттері өзі көргендегідей тылсым күйінде, жұмбақ қалпында тұңғиығына сыр бүгіп тұрады».

Талаптан Ахметжан

Мұғалім сөзі: Өр едің, өр Алтайдай тірегім ең.

Айрылды қазақ сендей түлегінен.



Өзіңді қастерлеген туған елдің,

Жатарсың, орын алып жүрегінен- деп бүгінгі тәрбие сабағымызды аяқтайық. Қатысқандарыңызға рахмет!
Каталог: uploads -> doc -> 0afb
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0afb -> Сабақтың тақырыбы : Музыка бейнелейді : «Нар идірген» Сабақтың мақсаты : Оқушыларды «Нар идірген»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет