«Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» облыстық дәстүрлі байқауы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 30 сәуірінде «О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық дәстүрлі байқауын»



жүктеу 8.68 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі8.68 Kb.

«Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің»

облыстық дәстүрлі байқауы
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 30 сәуірінде «О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық дәстүрлі байқауын» өткізді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасындағы талапты, талантты жастарды анықтау болды.

Байқаудың шарты бойынша байқауға 15-30 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, байқауға өнер мамандары (театр, эстрада әртістері, өнер оқу орындарының студенттері мен түлектері) жіберілген жоқ. Байқауға қатысушы 34 талапкер прозалық шығармадан үзінді (3 мин. Дейін), драмалық шығармадан монолог (3 мин. Дейін) және мәнерлеп өлең оқыды (2 мин. Дейін). Талапкерлер таңдап алған мәтіндерін жатқа айтты. Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау және жеңімпаздарды анықтау барысында көркем мәтінді оқу шеберлігіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәнеріне және киім кию сәніне назар аударды. Байқау жеңімпазы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жолдамасымен республикалық байқауға қатысуға жолдама алды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет