Өрел ауылдық округі әкімінің 2016 жылда атқарған жұмысы туралы есептік баяндамасы Елбасының 2016 жылғы 05 ақпандағы №190 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



жүктеу 73.86 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі73.86 Kb.

Өрел ауылдық округі әкімінің 2016 жылда атқарған жұмысы туралы есептік баяндамасы
Елбасының 2016 жылғы 05 ақпандағы № 190 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімі бекіткен кестеге сай, қаңтар айында ауыл тұрғындарымен есепті кездесулер белгіленген.

2017 жылға округ аумағындағы Өрел ауылында 1157 адам, Еңбек ауылында 378, Аршаты ауылында 451, барлығы - 1986 адам бар. Оның 334-і мектеп оқушылары, 151 бала мектеп жасына дейінгілер, 263 і зейнеткерлер, 76 мүгедектігі бар азаматтар, 31 көпбалалы аналар, 179 студенттер, 898 адам экономикалық белсенді топты құраса, 388 азамат өзін-өзі қамтитындар.

Бүгінге ауылдық округте 118 шаруа қожалығы тіркелген, 15 жеке меншік дүкен, 1 жанар май құю станциясы, 1 дәріхана, 1 дәмхана, 1 наубайхана,1 ТҚКС, 1 ағаш өңдейтін цех, 1 ағаш бұйымдарын жасайтын шеберхана, 3 ағаш тілетін пилорамалар, 1 ат шанасын иетін шағын шеберхана, 2 электрмен дәнекерлеушілер, 1 дизель аппаратурасын жөндеу, токарь қызметін көрсететін шеберхана, 1 тері өнімдері мен жүн қабылдау орны, 3 шағын қонақ үй, 2 тойхана мен қатымхана ауыл тұрғындарының қажетін өтеуде.

Өткен жылдағы есеп беру кезіндегі айтылған ескертпелер мен ұсыныстарға тоқталатын болсақ о л а р:

Еңбек ауылында қосымша екі су шүмегін орнату арқылы ауылды толық ауызсумен қамту.

Аршаты ауылындағы басты мәселе – жол қатынасының нашарлығы, ауыл көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Өрел ауылында – ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, «Бұқтырма» өзені жағалауын шегендеу , су құбырын тарту жұмыстарын аяқтау.

Өрел ауылында 438 млн. теңгеге су құбырын тарту жұмыстары 2014 жылы мамыр айында басталып, 2015 жылдың қараша айында толық аяқталып пайдалануға берілді.Өрел ауылы тұрғындары үшін маңызды мәселе - ауылды таза ауыз сумен қамту түбегейлі шешілді. Жалпы, ұзындығы 14 шақырымды құрайтын су құбырының құрылысы толығымен аяқталды және 2016 жылы Өрел ауылының су құбырымен қамтылмаған көшесінде тұратын зейнеткерлер мен көпбалалы аналардың өтініштері ескеріліп, аудандық бюджеттен 1млн.700 мың теңге қаражат бөлінді және осы көшеге ұзындығы 200 метрлік қосымша су құбыры тартылып құдық қойылды. Қорытындысында қосымша 6 отбасы үйлеріне су тартқызып алды. Өрел ауылындағы су құбырына қызмет көрсетуші мекеменің көмегімен 2016 жылғы жаз айларында көптеген ауыл тұрғындары су құбырына қосылды. Бүгінге Өрел ауылы бойынша 140 үй , 8 мекеме 2015 жылғы қараша айынан бері су құбырына қосылып су алып отыр. Құбыр тарту үшін жер қазу жұмыстарын атқаруда ауыл орналасқан аумақтың үлкен тасты болуы жұмысты қиындата түсті. Республикалық маңыздағы күре жолға күрделі жөндеу өткізу 2015 жылдан басталып жыл сайын көктем, жаз айларында осы жол бойында үш бірдей мердігер мекемелер жұмыс атқарды. Жол жөндеу жұмыстары мамыр айында басталып қараша айына дейін жалғасты. Осы кезеңде барлығы 16 адам жұмыспен қамтылды. Өрел ауылының «Орманшылар» көшесінде соңғы жылдары мамыр, маусым айларында жауған жаңбырдан кейін тасыған өзен суы үйлерге қауіп төндіріп келген. Осы мәселені біржола шешу мақсатында 9млн 329 мың теңгеге «Бұқтырма» өзені жағалауын шегендеу жұмыстары атқарылды. Жалпы ұзындығы 340 метрлік «дамба» тұрғызылып су көтерілгенде болатын қауіп жойылды. «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ауылдық округтер орталығын абаттандыруға бөлінген 9 млн 215 мың теңге қаражатқа Өрел ауылының барлық көшелеріне құм-тас төгіліп жаймаланды. Осы жұмыстарды атқару кезінде жергілікті тұрғындардан 4 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Ауыл тұрғындарының өтініштері бойынша түнгі жарық шамдар қойылмаған көшелерге 5 көше шамдары орналастырылды. Жергілікті қоғамдастықтың шешімімен Өрел ауылында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы орын дайындауға және ауыл жастарының бос уақыттарында пайдаланулары үшін ауылдық клубқа стол теннисін алуға қаражат қарастырылып игерілді. Жергілікті маңыздағы Аршаты – Берел бағытындағы 14 шақырымдық жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылып осы жолдың тозығы жеткен бөлігіне құм-тас төгіліп жаймаланды және қалған бөлігінде жол табанын көтеріп грейдермен тегістеу жұмыстары атқарылды. Аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында бөлінген 1 млн. 900 мың теңге қаражатқа Аршаты ауылының «Бұқтырма» және «Мектеп» көшелеріне құм – тас төгіліп жаймаланды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының 2 ші бағыты бойынша шағын несие алып, өз кәсібін өркендетем деген 2 адамға 4 млн. теңгенің шағын несиесі ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы берілді. Биылғы жылы да арнайы бағдарлама аясында жеңілдетілген пайызбен несие беру жалғасып отыр. Ауылдық округ тұрғындары үшін өз ісін бастаймын деген азаматтарға несие ауыл туризмін, жылқы шаруашылығы, оның ішінде қымыз өндіремін деген адамдарға, жол бойы бизнесімен шұғылданамын дегендерге, етті бағыттағы ірі қара малын өсіру бағытындағы жобаларға, мал тұқымын асылдандыруға бағытталған жобаларға берілетін болады.

Ауылдық округтегі ірі қара малының тұқымын асылдандыру бағытында «Мөлдір» шаруа қожалығы, «Ақеділ» шаруа қожалығы, «Шұғыла» шаруа қожалығы етті бағыттағы 6 бас ірі қара малының бұқаларын әкелді. Оның 4 і өз ауданымыздағы «герефорд» асыл тұқымды ірі қара малын өсіріп отырған шаруашылықтың бұқалары.

Ауылдық округтегі тіркелген 118 шаруа қожалықтары мен жекеменшік аулалардағы мал басы өткен жылға осы кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда барлық түрінен өскені байқалады.

Мал шаруашылығынан алынатын өнім көлемі де өткен жылмен салыстырғанда азаймаған, кейбір түрлерінен өсім байқалады. Мал шаруашылығын өркендету мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ие. Қолдау мен көмек осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылуға тиісті. Олар «Сыбаға», «Жайлау», «Құлан», «Алтын асық». Бұл бағдарламаларға ауыл тұрғындарын тарту, бағдарламалар жөнінде кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу жергілікті атқарушы биліктің міндеті. Осы бағытта Аршаты ауылынан 2014 жылдан бері «Сыбаға» бағдарламасына «Шұғыла» шаруа қожалығы /Жатағанов Шалқар/ қатысып 8 млн. теңге несие алып 2 бұқа мен 35 бас ірі қара малдарын сатып алса биылғы жылы Кітапбаев Ринат аталмыш бағдарламаға қатысуға құжаттарын өткізіп отыр. Асыл тұқымды мал әкелгені үшін қымыз өндіргені үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаражат «субсидияға» қол жеткізген Жатағанов Ш.- 1 млн. теңге. «Мөлдір» шаруа қожалығы /Болаев Сьезд/ «Каз агроқаржы» арқылы мал басын 100 бас ірі қараға жеткізіп ұстағаны үшін 4 млн 500 мың теңгеге 1 МТЗ 82 тракторы, 1 пресс подборщик, 1 погрузчик алып осы соманың 50 пайызын көмек ретінде мемлекет төледі де 2 млн.250 мың теңгесін ғана өзі төлейтін болды. Оған қосымша әр бас аналық малға 18 мың теңгеден «субсидия» алды және 4 бас асыл тұқымды бұқаның әр басына 150 мың теңгеден «субсидия» алды. «Мұрагер» шаруа қожалығы (Изеков Серікбек) қымыз өндіргені үшін 500 мың теңге «субсидия» алуға қол жеткізді.

Жол бойынан демалуға қолайлы көрікті жерлерді сатып алып демалыс орындарын салу, пантымен емдеу орындарын ашу, қымызханалар ашу,сүт өнімдері мен ұлттық тағам түрлерін сататын шағын дүкен ашу, ағаш өңдейтін шағын шеберхана ашу, ат шанасын, ер тоқым жөндейтін доға иетін таға , шеге соғатын шағын шеберхана ашу, жаз бетінде жекеменшіктің малын бағумен шұғылдану, шағын наубайхана ашып нан пісіру, жекеменшік көлігімен жолаушылар тасымалымен шұғылдану, сауда орындарына қалалардағы базарларға ет тасымалдаумен шұғылдану,шағын қонақ үйлер ашу. Осы бағытта алғашқы қадамдар жасалып, ауыл туризміне ден қоюшы азаматтар шығып жатыр. Олар ауылда алғашқылардың бірі болып тамақтану орнын ашқан Дүйсембаев Қайырды. Жол бойына дәмхана ашты енді осы кәсібін біртіндеп кеңейту жоспарында бар. Шағын қонақ үй ашып, әсіресе, жазда келетін туристерді қабылдап, оларды қалаған жерлеріне апаруға, демалуға жағдай жасаумен шұғылданып келе жатқан Сүлейменов Исатай, ауылда ең алғашқы болып доңғалақ жөндейтін шеберхана ашып көршілес Жамбыл, Берел, Аршаты ауылдары тұрғындарына да қызмет көрсетіп өзінің жеке кәсібін орнықтыра түскен Бекпауов Айдын, ағаш өңдейтін шағын цех ашқан Смирнов Андрей, ағаш бұйымдарын жасаумен шұғылданып отырған жеке кәсіпкер Бәтекенова Гүлжихан, Алматы қаласынан келіп 10 млн. теңге көлемінде өз қаражаттарына туристер қабылдайтын «Ясная поляна», «Армантур» демалыс орындарын салуды бастап отырған Скрынник Ольга, Сакен Қашағановтар.

Жаз айларында қымыз өндіріп сатумен айналысатын Жайсаңбаев Сержан, Бәтекенов Мейрам, Қоңырбаев Асылхан, Мақышев Бақытжан, Бөленханов Темірбек, Бөленханов Сансызбай, Изеков Серікбек, Камалиев Серікжан, Жақыпов Болатхан, Маликов Базархан, ауылда отырып шұғылдануға боларлық бұдан басқа да кәсіп түрлері жеткілікті. Осындай азаматтарды ауылдық округ үнемі қолдайды және кәсіпкерлікпен шұғылданамын дегендерге қолдау үнемі көрсетілетін болады.

2016 жыл бойынша ауылдық округте 8 жаңа жоба жасалып олар толығымен жүзеге асты. Олардың 4-і кәсіпкерлік саласы, 4-і ауыл туризмін дамыту бағытындағы жобалар. Жобалардың жалпы құны 36 млн. теңге жобаға қатысушылардың өз қаражаты есебінен. Осы 8 жобаны іске асыру барысында 22 жұмыс орындары ашылды.

2016 жылы жергілікті 4 салық түсімдері түгелдей ауылдық округтің өзінде қалдырылды. Бұл қаражат көздері ауыл тұрғындарының ұйғаруымен ұсынылған «жергілікті қоғамдастық» мүшелерінің шешімімен бекітілген мақсаттарға жұмсалды. Олар: ауыл көшелерін түнгі жарықтандыруға – 2389000т, жергілікті жолдың қыс мезгілінде ұсталынуына – 1045000, санитарлық тазалық жұмыстарына – 100000т.

2016 жыл бойына жиналған салық түрлері төмендегідей көрсеткіштерді құрады:

- Жеке табыс салығы – 1281000т

- Мүлік салығы - 82100т

- Жер салығы - 230800т

- Көлік салығы - 3186300т

- Барлығы: 4780200т.

2016 жылы жергілікті салықтардан түсіп қолданылмаған 1246200т бүгінге ауылдық округтің өзін-өзі қаржыландыру есепшотында.

Аршаты ауылының өзінде бюджет қаражатына қаншама жұмыстар атқарылып игілігін бүгінге ел көріп отыр. Соңғы 3 жылдың көлемінде ғана 277 млн.876 мың теңгеге көпір , 36 млн. теңгеге бастауыш сынып ғимараты, 71 млн. теңгеге спорт залы салынып мемлекеттің 385 млн. теңгесі ғана осы ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту мақсатында жұмсалды. Еңбек ауылында да соңғы жылдары күрмеуі шешілмей келе жатқан телефон байланысы, ауыл клубын жекеден бюджет қарамағына алып жөндеу, ауылдағы ауыз су мәселесі шешіліп ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған біршама жұмыстар атқарылды. Осының барлығының игілігін ауылдықтар көріп отыр. Осы қаражатқа салынған ғимараттарда балалар болуы керек. Бүгінге ауылдық округ бойынша 2016 жылдың басынан бері 26 бала туса оның 20 ы Өрелде, Еңбекте 2 Аршатыда 4 бала туған. Қайтыс болғандардың саны бүгінге 17 адам Өрелде – 11, Аршатыда – 3, Еңбекте – 3 адам. Кеткендер саны 20 келгендер саны 13.



Өрел ауылының «тірек елді мекендерінің» қатарына еніп мемлекет тарапынан қаражат бөлінуі, ауыл әлеуетінің артуы, ауыл тұрғындарына тіршілік ету үшін барлық жағдайдың жасалынуының арқасында ауыл іргелес елді мекендер үшін шын мәнінде «тірек» болды. Оған дәлел ауыл халқының соңғы жылдары біршама тұрақтанып, ішкі көші-қон мәселесінің оң сипат алуы. Мектеп оқушыларының, балабақша тәрбиеленушілері санының тұрақтануы. Алда әрине атқарылар жұмыстар көп. Әсіресе ауылдық елді мекенде мал ұстау ережесін сақтамау, ауылдың, көшенің ластануына жол беру. Жекелеген аулалардың, жекеменшік дүкендердің сырт келбетінің, қоршау шарбақтарының тозығы жетіп, ауыл көркін кетіріп тұруы алаңдатарлық мәселеге айналып ауылдық округ тарапынан нақтылы қимылды талап ететіні анық. Осындай кемшіліктерді болдырмау ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын түзеу үшін атқарылады.

Ауылдық округ әкімі аппаратының күнделікті жұмысының басты бағыты - ауылдықтарды жұмыспен қамтудағы мемлекеттік саясатты барынша жүзеге асыра отырып, ауыл азаматтарының тұрмыс жағдайын көтеру, олардың өз отбасын, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуіне бағыттала беретін болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет