Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы № бұйрығына анықтама-негіздеме



жүктеу 51.44 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі51.44 Kb.


«Отандық тауар өндірушілердің және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің

2017 жылғы «__» _______ № ___ бұйрығына

анықтама-негіздеме





Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі



2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын,оны қабылдау «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іскери асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы « » маусымдағы өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қажетті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағын және «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2-тармағының
3-1) тармақшасын іске асыру мақсатында


3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы
№ 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ.

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау шығыстардың артуын немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттің қысқаруын көздемейді.

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;

  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

  4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

  5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің www.mdai.gov.kz ресми сайтында орналыстырылған.

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің www.mdai.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ ашық құқықтық актілердің интернет-порталында орналыстырылған (2017 жылғы 20 маусым,
94,2 КБайт).

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етілмейді.

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

2017 жылғы 15 маусымдағы
№ 01-3/1117-И «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне сараптау үшін жолданды:
  1. 2017 жылғы
    15 маусымдағы № 01-3/1118-И «IT – компаниялардың Қазақстандық қауымдастағы» ЗТБ-ға;

  2. 2017 жылғы
    15 маусымдағы № 01-3/1120-И «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ-ға;

  3. 2017 жылғы
    15 маусымдағы № 01-3/1119-И «Салалық машина жасаушылар кәсіби одағы» ҚБ-ға;

  4. 2017 жылғы
    15 маусымдағы № 01-3/1121-И «Қазақстанның ұлттық телекоммуникациялық қауымдастығы» ЗТБ-ға.


10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы сараптамаға жолданды.

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Жоба адамның және жалпы қоғамның құқықтары мен мүдделерін қозғамайды

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы (94,2 КБайт) ашық құқықтық актілердің интернет-порталында орналыстырылған (2017 жылғы 20 маусым).



Қазақстан Республикасының

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Заң департаментінің директоры Ғ. Жанқуатов



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет