Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің



жүктеу 1.11 Mb.
бет1/4
Дата05.01.2018
өлшемі1.11 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4


«БЕКІТЕМІН»

Басқарма басшысы

____________Л.Базарқұлова

«____»__________2017 ж.

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ




2016 жылға арналған жоспардың негізгі көрсеткіштері мен жоспарда көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы

сараптама - талдау
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2016 жылы жергілікті бюджеттен 16 млрд.367 млн, теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні 14 млрд.942 млн. теңге игерілді.

Облыстың білім беру саласына 2011-2016 жылдар аралығында бөлінген қаржы көлемі 617,8 млрд. теңге, оның ішінде 2016 жылы – 149,6 млрд. теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналға н іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2011-2015 жылдары аралығында 94,5 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы 25,4 млрд. теңге қаржы бөлінді.

2015-2016 оқу жылының басында облыста 1225 білім ұйымдары:

- 742 жалпы білім беретін орта мектеп;

- 462 балабақша және 432 шағын орталық;

- 5 мектеп-интернаты, 15 мектеп жанындағы интернат, 5 балалар үйі (оның 3-і жекеменшік) және отбасылық үлгідегі 7 балалар үйі (1 жекеменшік), 1 жасөспірімдер үйі, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы;

- 38 (32 - мемлекеттік, 6 – жекеменшік) қосымша білім беру мекемелері;

- 7 арнайы мектеп-интернат, 7 облыстық психологиялық –медициналық – педагогикалық консультация, 15 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинет;

- Облыста 73 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бар, оның 41-і мемлекеттік, 32-сі жекеменшік.
Құрылыс жұмыстары туралы мәлімет
2016 жылы 6 жаңа мектеп (3600 орындық) және 1 мектептің (300 орындық) құрылысы жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Оның ішінде: үш ауысымды оқытуды жою үшін 3900 орындық 7 мектеп салынып, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, бүгінде Ұлттық қор есебінен 2016 жылы басталған 14850 орындық 20 мектептің құрылысы және жергілікті бюджет есебінен 4800 орындық 12 орта мектептің құрылысы жалғасуда.

Одан басқа, 2016-2017 оқу жылында анықталған 11 мектепке қосымша 3 мектеп және 6 жапсаржай салу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалуда. Осылайша 2017 жылдың соңына дейін үш ауысымда оқытуды толық жою көзделіп отыр.

2016 жылы 36 білім нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары және 5 мектептің ауласын аббаттандыру жұмыстары жүргізіліп, оған бюджеттен - 7 млрд.525,1 млн.теңге қаржы бөлінді.



  • Үш ауысымда оқитын мектептерді жою мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған кезең-кезеңмен құрылыс жұмыстарының салыну жоспары құрылды. 51 мектепке қосымша 43 мектеп салу жоспарланды. 2016 жылы 8 мектеп "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, 1 мектеп жергілікті бюджет есебінен салынып, пайдалануға берілді. 2017 жылы 44 мектеп (31-і ұлттық қор есебінен, 11-і жергілікті бюджеттен, 2-уі республикалық бюджеттен) салу жоспарланып отыр. Оның 36-ы (31-і ұлттық қор есебінен, 5-уі жергілікті бюджеттен) 2017 жылы пайдалануға беріледі, ал 8 білім беру ұйымы(6-ы жергілікті бюджеттен, 2 республикалық бюджеттен) құрылысының аяқталуы 2018 жылға жоспарлануда.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

2015-2016 оқу жылы облыс бойынша мектеп бітірген түлектердің саны -13323, олардың 9576-ы қазақ, 3113-і орысшы, 634-і ұйғырша оқыды. Ұйғыр тілінде оқыған 52 түлек ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орташа балы – 80,0 құрады (2015 жылы-77). «Алтын белгі» белгісіне үміткер 364 түлектің 216-і өз білімдерін растады, «үздік аттестатты» 171 түлек иеленді. (2015 жылы -349 түлек, оның 191-і білімдерін растады). ҰБТ бойынша 100-ден жоғары балл алған түлектер саны-1267,(14,2%) (2014-2015 оқу жылында бұл көрсеткіш 997 немесе 10,8% көрсеткен



Ыстық тамақ туралы

2016-2017 оқу жылында 741 мектептің 542-де (73,0%) ыстық тамақтандыру ұйымдастырылып, онда 310769 оқушы (87,0%) қамтылды.Оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан шыққан 26392 оқушы 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды. Асханасы жоқ 92 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған.



Тасымалдауды ұйымдастыру туралы

Облыс бойынша мектебі жоқ 70 елді мекенде, саяжайларда және тиісті мектептері жоқ елді мекендерден тасымалдауды қажет ететін бала саны - 16976, оның – 16771-і тасымалданады, яғни 98,0 % құрайды, 63 бала интернатқа орналастырылған, 113 оқушы туыстарының үйінде тұрады. Облыс бойынша оқушыларды тасымалдайтын автокөлік саны – 189, оның 63-ы мектепке қарасты. Облыс бойынша оқушыларды тасымалдау үшін 120 автобусқа қажеттілік бар, оның-11-і ескінің орнына,109 қосымша қажет.

Облыста 231(31,1 %) шағын жинақталған мектепте 18773 бала (5,3 %) оқиды, оның ішінде 203 мектеп ауылды жерлерде орналасқан. Ауылдық жерлердегі оқушылардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста 9 тірек мектебі құрылған.

Оқулықтармен қамтамасыз ету

Облыс бойынша 2016 жылы оқулықтар мен оқу әдістемелік жинақтарды қамтамасыз етуге 3 млрд. 015 млн. 232 мың теңге қаржы бөлінді,бұл 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда 675,3 млн. теңге қаржыға артық.



Тірек мектептері (ресурстық орталықтар)

Облыста 231 (31,1%) шағын жинақталған мектепте 18773 (5,3%) оқиды, оның ішінде 230 мектеп ауылды жерлерде орналасқан. Ауылдық жерлердегі оқушылардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста 9 тірек мектебі құрылған.

2011 жылы 2 тірек мектебі (Ақсу ауданында Сиқымов атындағы ОМ, Жамбыл ауданында Ынтымақ ОМ).

2012 жылы 2 тірек мектебі (Балқаш ауданында Ақкөл ОМ, Кербұлақ ауданында Малайсары ОМ).

2013 жылы 3 тірек мектебі (Талдықорған қаласы Өтенай ауылы №21 ОМ, Райымбек ауданында Тасашы ОМ, Қапшағай қаласы Кербұлақ ауылында №7 ОМ).

2014 - 2015 оқу жылында 2 тірек мектебі (Қаратал ауданында Р.Қошқарбаев атындағы ОМ және Саркан ауданында Новопокровка ОМ).



Педагогтің кәсіби іс - әрекетінің табысты болуы үшін облыс әкімінің қолдауымен 7 номинация бойынша өткізілетін кәсіби байқаулардан өзге республика деңгейінде өтетін «Орта білім беретін үздік ұйым», «Үздік педагог» байқауларына да облыс педагогтерінің қатысуы дәстүрге айналған.

Республикалық «Үздік педагог» байқауында әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған арнаулы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гулдана Нұрдинқызы Елшіманова мен облыстық Ш.Смағұлов атындағы физика-математика орта мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Айжан Елеуқызы Абуова, Алматы экономикалық колледжінің мұғалімі Асқарбеков Ерік Бірлікұлы жүлдегер атанды.

«Үздік ауыл мектебі-2016» байқауының жеңімпазы Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясы иеленді.

12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу мақсатында, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқулықтар Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы және Панфилов ауданындағы Хамраев атындағы орта мектептерде апробациядан өткізілуде.

«Облыста 140 білім беру ұйымы «Е-learning» электронды оқыту жүйесіне қосылса, 385 білім беру ұйымы «BilimLand» медиа ресурстарымен жұмыс жасауға мүмкіндік алып отыр. 2015-2016 оқу жылында кеңжолақты интернетке 628 (84%) білім мекемесі қосылған.

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектептер жаңа модификациялы 307 – химия (45,9%), 277 – биология (41,5%), 338 – физика (50,6%), 363 – лингафонды-мультимедиялық (54,3%) кабинеттері орнатылған.

Облыстың 742 мектебінде 2483 интерактивті тақта орнатылған.

Бүгінгі күні облыс бойынша жаңа модификациялық кабинеттер саны: химия- 307, биология- 277, физика- 338, ЛМК- 360 кабинет.



Дарынды оқушылармен жұмыс

Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жоба жарыстарына 36 оқушы қатысып, оның 13 жүлделі орындарды иеленді (І орын-2, ІІ орын-5, ІІІ орын- 6). 2016 жылғы 16-18 наурыз аралығында ХІ республикалық «Зерде» ғылыми жоба конкурсына 28 оқушы қатысып, 16 жүлделі орындарды иеленді (І орын-2, ІІ орын- 6, ІІІ орын-8). Конкурста жоғары жетістіктері үшін Алматы облысының командасы ІІІ орынды иеленіп «Үздік команда -2016» номинациясында марапатталды.

2015-2016 оқу жылында Көкшетау, Петропавл қалаларында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасына 72 оқушы қатысып, 4 алтын, 9 күміс, 11 қола медальдарға ие болды. Қорытынды есепте құрама команда жүлделі ІІ орынды және «Үздік олимпиадалық команда» атағын тағы да растады. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына облыстан 178 оқушы қатысып 135 медальді иеленді, оның 9-і алтын, 34-і күміс, 92-і қола медаль (2012 ж.- 124 медаль, 2013 ж.- 130 медаль, 2014-155 медаль).

Сонымен қатар, орта білім беру саласында бірқатар шешуді талап ететін мәселелер бар:


  • Облыс оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, білім сапасын көтеру;

  • Назарбаев Зияткерлік мектептерінің заманауи білім технологиялары мен оқыту тәсілдерін қолдану тәжірибелерін жалпы білім беру мекемелеріне тарату;

  • Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге дайындық жұмыстарын жүргізу;

  • Критериалды бағалауды енгізу;

  • Үш тілде білім беруге көшуге дайындық жұмыстарын жандандыру;

  • Кадр тапшылығы мәселесі;

Шешу жолдары:

  • Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру, оқу үрдісінде заманауи білім беру технологияларын қолдану;

  • Назарбаев Зияткерлік мектептерінің заманауи білім технологиялары мен оқыту тәсілдерін қолдану тәжірибелерін жалпы білім беру мекемелеріне таратудағы мақсатында құрылған қызметтестік жұмыс жоспарын орындау;

  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша педагогтарды біліктілікті арттыру курстарынан өткізу;

  • Мектептерде критериалды бағалауды енгізу мақсатында аймақтық және мектеп координаторларының жұмысын жандандыру;

  • Үш тілде білім беруді дамытудың кешенді жоспарын құру;

  • тапшы мамандықтарға мақсатты оқыту үшін аудан, қала әкімдерінің грантын бөлу;

  • жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үймен қамту немесе жалдамалы баспананың төлемақысын қамтамасыз ету;

- жас мұғалімге кәсіби тұрақтану кезеңінде әдістемелік қолдау көрсету;

- алғашқы үш жылдың ішінде үстемақылар қарастыру сияқты көтермелеулер көзделіп отыр.



Мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінің жалпы көрсеткіштері:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

- 0-7 жасқа дейінгі мектепке дейінгі бала саны – 269410;

- 0-18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 9966;

- мектепке дейінгі білім беру мекемелер саны– 894, бала саны – 63030;

- жалпы типтегі мектеп-интернаттар саны – 4, бала саны – 1157;

- көмекші мектеп-интернаттар саны – 7, бала саны – 954;

- мектеп жанындағы мектеп-интернаттар саны – 15, бала саны – 1244;

- психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация – 7;

- психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттері – 15;

- қосымша білім беретін мекемелер саны – 38, бала саны – 15814;

- мектеп жанындағы аула клубы – 41, бала саны – 7986;

- аула клубтары – 12, бала саны – 1315;

- мектеп жанындағы балалар мен жасөспірімдер патриоттық қозғалыс клубтары – 11, бала саны – 399.

- қала сыртындағы лагерьлер – 34.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында облыста 2016 жылдың есепті кезеңіне 462 балабақша, оның ішінде 283-і жекеменшік және 432 шағын орталық (3-і жекеменшік) жұмыс жасайды.

Барлығы 63,0 мың бала қамтылған, оның ішінде 15,8 мың бала немесе 31,5% жекеменшік балабақшаларға барады. 2015 жылдың есепті кезеңіне басында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 72,0% құраса, 2016 жылдың есепті кезеңіне 83,6% артты.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиемен және оқытумен қамтуда Сарқан 73,3%, Ескелді 77,6%, Қарасай ауданы 70,1% төменгі деңгейді көрсетуде, 90,0% жоғары пайызды Қапшағай қ., Қаратал, Жамбыл аударының үлесінде.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастыру үшін 39539 бала тіркелген, оның 14070-сі 3-6 жастағы балалар немесе 35,5%. Кезекке тіркелген балалардың басым көпшілігі Еңбекшіқазақ - 5206, Іле - 5039, Қарасай - 6705, Талғар - 5148 аудандары мен Талдықорған қ.- 9709, Қапшағай қалаларында - 1888.

Балалары мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтылмаған ата-аналарға арналған балабақшалар жанында 23 кеңес беру орталықтары жұмыс жасайды (Алакөл - 2, Балқаш - 3, Панфилов - 3, Сарқан - 5, Қаратал - 1, Кербұлақ - 5 аудандары мен Текелі - 1, Қапшағай - 1, Талдықорған - 2. Облыстағы 5 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, 186 қамтылған.

Мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі - ППТК) түзету-педагогикалық қолдау көрсету көзделген. Облыста жұмыс істеп тұрған 15 ППТК негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі.

2015 жылдың ақпан айынан бастап облысымыздың 6 балабақшасында жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламалары апробациядан өткізілуде (Талдықорған қ., Жамбыл, Көксу, Панфилов, Қарасай аудандарында).

Облыстағы мектепке дейінгі мекемелерде 7286 педагог жұмыс істейді, оның 327 жас педагог мамандар, бұл педагогтардың 4,4%-ы.

Мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтардың 58,4%-ы жоғары білімді, арнайы орта білімді – 41,3%, жалпы орта білімді – 0,2 % педагог жұмыс істейді. Оның ішінде мектепке дейінгі жоғары және арнайы білімі бар мамандар 52,2% .


Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету мақсатында облысымызда 7 көмекші мектеп-интернаты жұмыс жасайды, онда 954 бала тәрбиеленуде. 2015 жылдың есептік кезеңде 9966 балаға психологиялық-медико-педагогикалық-консультациялардан кеңес берілді.

15 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін 277 инклюзивті білім беру жүйесі енгізілген, мектептерде мүмкіндігі шектеулі 1555 оқушы білім алуда. Онда 336 логопед, дефектолог мамандары қызмет етуде. Сонымен қатар, Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары мен Алакөл, Сарқан және Қарасай аудандарындағы жалпы білім беретін мектептерде дамуының психикалық тежелуі бар балаларға арналған 25 мектепте 82 арнаулы сынып бар, онда 374 бала білім алуда.


Қосымша білім беру, жаз кезінде оқушылардың жазғы демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуы

Облыста мектеп оқушыларының тұлғалық, әлеуметтік, дене бітімі жағынан, шығармашылық дамуы және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2016-2017 оқу жылында барлығы 38 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, оның ішінде 32 мемлекеттік, 6 жекеменшік. Қосымша біліммен қамтылған оқушы саны 15814 немесе ол жалпы оқушылар санының 4,5% құрайды.

Сонымен қатар, 4275 спорт секциясына 97090(331383) бала қатысады, бұл оқушылар үлесінің 29,3% құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерде және колледждерде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жоспарлы түрде бұқаралық спорттан жарыстар, спартакиадалар ұйымдастырылып өткізілуде. Мысалы, мектеп оқушылары арасында 3987 мектепішілік, 2116 аудандық және колледж білім алушылары арасында 668 (волейбол, баскетбол, футбол, шағын-футбол, футзал (ұлдар, қыздар) тоғыз құмалақ, спорттық бағдарлау, Президенттік көпсайыс, гимнастика, жеңіл атлетика, үстел теннисі, шаңғы, веложарысы және т.б.) іс шаралар өткізілді. Аталған жарыстарға 230134 бала қатысты.

2016 жылдың жаз кезінде оқушылардың жазғы демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуы 2 бағытта жүргізілді:

- балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру;

- балалар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамту.

2016 жылдың жаз кезінде балалар мен жасөспірімдерді жазғы демалыста сауықтырумен 1-10 сынып арасындағы 307536 оқушының 226013 оқушысы қамтылды. Бұл 73,5 % құрады.

Балалар мен жасөспірімдерді жазғы демалыста жұмыспен қамтумен 1-10 сынып арасындағы 307536 оқушының 195087 оқушысы қамтылды. Бұл 63,4 % құрады.

Жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 256 270 751 теңге бөлінді.
Бөлімнің жұмысын жетілдіруде қарастырылатын мәселелер:

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаларды, оның ішінде ерте жастағы балаларды дамытудың әртүрлі нысандарын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізуде:

- мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтерінің желісін кеңейту;

- мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті, санаторлық топтарды ашу бойынша ұсыныстар енгізу;

- консультативтік пункттер желісін кеңейту;

- мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде ұсыныстар енгізу;

- балабақшалар желісін ұлғайту мақсатында жергілікті жерлерде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікме механизмін жандандыру, инвестицияларды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- мектепке дейінгі мекемелерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуді және олардың үнемі біліктілік санатын көтеруді жүзеге асыру;

- балаларды ерте жастан дамыту бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық-медициналық түзеу кабинеттері желісін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;

- мектепке дейінігі және жалпы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлары жасалған инклюзивті сыныптар (топтарын) ашу;

- балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерде логопедтік пункттер қызметін жандандыру;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды дефектологтар, логопедтер, психологтар, әлеуметтік педагогтар сияқты мамандардың психологиялық-педагогикалық қолдауын қамтамасыз ету;

- ата-аналармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- жаз кезінде оқушылардың жазғы демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;

- бұқаралық спорттық шараларды, мектеп пен колледж оқушылары арасындағы спартакиадаларды, мектеп лигасын ұйымдастыруды жандандыру.


Техникалық білім беру

Облыста 2016-2017 оқу жылында 73 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында ауылшаруашылық, әлеуметтік және қызмет көрсету орталықтары, құрылыс, машина технологиясы және жабдықтау, техникалық, педагогикалық, заңгерлік, экономикалық, медициналық бағыттары бойынша (122 біліктілік) 32252 білім алушы білім алуда.

Облыста 73 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 41-і мемлекеттік, 32-сі жекеменшік. 41 мемлекеттік колледждің 3-уі жабық (ЛА 155-4, ЛА 155/8, ЛА-155/14) мекемелерде орналасқан, 2-уі облыстық деңсаулық сақтау басқармасы тарапынан қаржыландырылады (Талғар және Талдықорған медициналық колледждері).

Сонымен қатар, биылғы жылы Шонжы ауылында жекеменшік «Дауа» және «Аяжан» медициналық колледждері, Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылында «Медресе-колледжі» ашылды.

2016-2017 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 5312 адам қабылданды, оның 3075-і жұмысшы мамандықтар бойынша. Сонымен қатар, медициналық колледждеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 227 студент қабылданды. Облыстағы 3 түзету мекемесінде орналасқан колледждерде жыл сайын 375 адам кәсіптік білім алуда.

Еңбек нарығына қажетті кадрларды зерделеу жұмыстарының және үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде мамандардың болжамды қажеттілігін анықтау нәтижесінде 2016-2017 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне «Құқықтану», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы қарастырылмаған.

2015-2016 оқу жылында колледждерді 10043 адам бітірді, оның 4943-і мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде.

Күндізгі бөлімді бітірген 8359 түлектің 6028-і жұмысқа орналасты (72,1%), оның 3648-і мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (73,8%).

Жоғары оқу орындарына және колледждерге 831 түлек оқуға түсті (10%) оның 498-і мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (10,1%).

339 түлек әскери борышын өтеуде (4,1%) оның 232-сі мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (4,7%).

Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткендердің саны – 28 (0,3%), оның 16-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (0,3%).

1 жасқа дейінгі балалармен демалысқа шыққандардың саны – 390 (4,6%), оның 198-і мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (4%).

Жұмысқа орналаспағандардың саны – 743 адам (8,9%), оның 351-і мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (7,1%).

Бүгінгі күні колледж басшыларына аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп қалған 745 түлекті жұмысқа орналастыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар, облыста «Tylek.kz» сайтын ашу мәселесі бойынша білім беру ұйымдарының ақпараттық веб-ресурсы құрылды. Ресурста «Оқиғалар», «Табысты жерлестер», «Біздің мақтанышымыз», «Жебеуші», «Блогтар», «Кәсіби бағдар» сияқты 6 модуль белгіленді. Қазіргі уақытта http://zhetysu-edu.kz/ доменімен Алматы облысының білім беру ұйымдары ақпараттық ресурсы жұмыс жасайды.

2016 жылы Биылғы жылы облыстағы 52 колледжде 76 мамандық бойынша 7623 бітіруші студенттер тәуелсіз бағалау емтихандарына қатысып, бірінші реттен 7620 білім алушы (99,9%) біліктіліктерін растады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 99,3 пайызды құраған.

Облыстағы 73 колледжде 3203 инженер-педагогикалық қызметкерлер жұмыс жасайды, оның 2801-і оқытушы және 429-ы өндірістік оқыту шеберлері. Жыл бойы 1123 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері өз білімдерін жетілдіру курстарынан өтті, оның ішінде шетел орталықтарынан – 30.

2016 жылы Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің оқу ғимаратына және Көксу ауылшаруашылық колледжінің 320 орындық жатақханасының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 430,1 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Бүгінгі күнге облыстағы 73 колледждің 396 шеберханалары мен зертханаларының 139-ның материалдық-техникалық базалары жаңартылды (35,1%). 2016 жылы облыстың техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қазіргі заман талабына сай жабдықтау және арнайы пәндерден оқулықтар алу үшін облыстық бюджеттен 25 колледжге 198,1 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер кәсіптік колледжінде «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығының «Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі» біліктілігі және «Фермер шаруашылығы» мамандығының «Жеміс-көкөніс өсіруші» біліктілігі бойынша жаңа мамандықтар ашу үшін облыстық бюджет есебінен 53,0 млн.теңге қаражат бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар алынды.

2012 жылдан бастап дуальді оқыту жүйесін енгізуге 8 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары белгіленіп, облыстағы 8 ірі кәсіпорындармен келісімшартқа отырған. Дуальді оқыту жүйесі негізінде 2014 жылы оқып бітірген 367 түлектің 335-і мамандығы бойынша жұмысқа орналасты (91,3%). 2015 жылы 327 түлектің 251-і мамандығы бойынша жұмысқа орналасты (76,8%), 76-сы жоғары оқу орындарына түскен.

2015-2016 оқу жылында дуальді оқыту жүйесі негізінде оқу процесін жүргізетін 18 колледж (25,7%) облыстық кәсіпкерлер палатасымен бекіткен жол картасына енгізілген, оның 5-уі ауылшаруашылық мамандықтар бойынша.

Биылғы оқу жылында дуальді оқытуды енгізу жөніндегі Жол картасына жаңа 6 колледж және 5 колледж қосымша мамандықтар бойынша енгізілді.

Колледж басшылары дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша 132 кәсіпорынмен үшжақты келісімшарттарға қол қойды, оның 19-ы агроөнеркәсіп кәсіпорындарымен. Колледждерде 37 мамандық бойынша дуальді оқыту жүйесі негізінде 1034 студент оқиды, оның 271-і ауылшаруашылық мамандықтары бойынша.

Қол қойылған келісімшарттарда мемлекеттік ұйымдарда және бизнес-аумағында мемлекеттік және жекеменшік серіктестік жағдайы негізінде техникалық және қызмет көрсетудің білікті мамандарын даярлау үшін тапсырмалар анықталған.

Колледждерде 143 мүмкіндігі шектеулі білім алушылар бала оқиды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік колледждердің барлығына мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз кіріп-шығулары үшін бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Облыс колледждерінде 508 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім алуда, оның 302-сі ер балалар және 206-сы қыз балалар. Оларға колледждерде сапалы білім мен саналы тәрбие алулары үшін барлық жағдай жасалынған. 2015-2016 оқу жылын 140 түлек бітірді және 2016-2017 оқу жылына қабылданғандар саны - 185.

Жұмысшы мамандар даярлайтын колледждерде (8234 білім алушы) төмен отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 6532 білім алушыларға бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылғын барлығы 79,3%.



Сонымен қатар, білім саласында бірқатар проблемалар да туындауда.

Республика бойынша техникалық және кәсіптік біліммен жастардың ең төменгі қамтылуы 9,45 (299052 жас адамдардың 28390 адамы қамтылған.



Аталған проблеманы шешу үшін міндетті түрде келесі тапсырмаларды шешу керек:

А) Білімгерлерді міндетті түрде мемлекеттік тапсырыспен қабылдауды арттыру. 2016-2017 оқу жылында жергілікті бюджет есебінен білім алушыларды қабылдау тапсырысын 500 адамға, республикалық бюджет есебенен 500 адамға арттыру жоспарлануда.

Б) Облыста жұмысшы мамандардың жетіспеушілігіне байланысты Іле, Ескелді және Кербұлақ ауданында 2018 жылдан бастап республикалық бюджет себінен 3 колледж салу үшін инвестициялық жобаға ұсыныс енгізілді.

В) Талғар политехникалық, Бастөбе сервистік-техникалық, Талдықорған саз, Талғар агробизнес және менеджмент колледждеріне облыстық бюджет есебінен жатақхана салу үшін инвестициялық жобаларға ұсыныс енгізілді.


Тәрбие жұмысы

Жалпы білім беретін 741 орта мектепте 93 әлеуметтік педагог, 1065 психолог, 182 мектеп инспекторы, 913 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 544 педагог-ұйымдастырушы жұмыс атқарады.

Облыстың білім беру ұйымдарында орын алған зорлық және қатыгез қарым-қатынас фактілерін есепке алу жөніндегі нұсқаулық журналдар жүргізіледі. Мектептерде «Сенім жәшігі», аудандық, қалалық білім бөлімдерінде «Шұғыл бағыт» телефонына түскен қоңыраулар есепке алынып, зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдарында «Зорлықсыз балалық шақ» атты анықтамалық ақпараттық стендтер ілінген.

Облыс мектептерінде 583 «Полицияның жас көмекшілері» жасақтары құрылып, құрамына 5253 оқушы кірді.

Ағымдағы жылы «Полицияның жас көмекшілері» жасақтарымен мектеп қабырғасында 1665 рейдтік шаралар өткізу барысында мектеп жарғысын бұзу бойынша деректер анықталды (628 оқушы).

Мүдделі органдармен «Түнгі қаладағы балалар», «Жалпы біліммен қамту», «Түнгі қала» акциялары және «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» іс-шаралары бірлесіп өткізіліп тұрады.

2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «Қоғамдағы менің орным...», «Закон, по которому мы живем», «От правонарушения до преступления–один шаг», «Жить по закону...», «Патриотическое воспитание молодого поколения», «Профилактика правонарушений, наркомании и табакокурения среди молодежи» тақырыптарында сынып сағаттары, психологиялық тренингтер, семинарлар, кездесулер, «дөңгелек үстел», әңгімелесулер, құқықтық ойындар, дәрістер және құқық апталықтары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында «Қоғамдағы менің орным..», «Біз қаңдай Заңмен өмір сүреміз?», «Құқықбұзушылықтан қылмысқа дейінгі бір қадам», «Заңмен өмір сүру..», «Жастардың патриоттық тәрбиесі», «Жастар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, темекі шегудің алдын алу» тақырыптарында сынып сағаттары, семинарлар, кездесулер, лекциялар, құқықтық тәрбие бойынша апталықтар ұйымдастырылып, өткізілді.

Мектеп оқушылары мен колледж білім алушыларының құқықтық сауаттылықтарын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көркем – танымдық іс – шаралары, ашық сабақтар, байқаулар, апталықтар «Ел рәміздері – бостандықтың белгісі», «Көк байраққа – назар!!!», «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің тұғыры», «Мемлекет және рәміздер», «Желбірей бер, көк байрағым - көгімде» және т.б. шаралары өткізілді.

Білім алушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында Ұйғыр, Панфилов аудандары мен Текелі қаласында «Профилактика насилия, вымогательства и суицида среди несовершеннолетних», «Административная ответственность несовершеннолетних и их родителей» тақырыптарында семинарлар өткізілді.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты барлық білім беру ұйымдарында спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, өткізіледі.

Облыс аумағында 3246 спорттық құрылым бар, оның ішінде 2520 білім беру ұйымдарында орналасқан. 121 спорт мектебі жұмыс жасайды. Барлық спорттық құрылымдарға мектеп оқушылары мен студенттері қатысады.

Жыл сайын жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, күрес және т.б. спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып тұрады. 2015-2016 оқу жылында өткізілген жарыстарға 18 162 жасөспірімдер мен жастар қатысты. Облыс аумағындағы 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне 25 864 бала спорттың 47 түрінен дәріс алуда.

Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағытында барлық білім беру ұйымдарында «Мамандық таңдау», «Менің мамандығым», «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыптарында технология кабинеттерінде бұрыштар ұйымдастырылып, Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларындағы мектептер ішінен кәсіптік бағдар беру кабинеттері ашылды. Сонымен қатар, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» (СЕРПІН-2050) жобасын насихаттау және түсіндіру бойынша 2015-2016 оқу жылының сәуір айында мектеп оқушылары арасында «Өз таңдауыңды жаса», «Мамандықтың бәрі жақсы...», «Кәсіби маман болу, менің таңдауым» тақырыптарында ашық сабақтар, тәрбие сағаттары өткізілді. Білім басқармасы облыстық «Ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында мектеп оқушылары, колледж студенттері арасында акция ұйымдастырды. Білім басқармасының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «Менің кәсібім-менің мақтанышым», «Менің болашақ мамандығым» тақырыптарында шығармалар байқауы өткізіліп, үздік деп танылған шығармалар басқарма басшысының мақтау қағаздарымен марапатталды.

2015-2016 оқу жылын аяқтаған түлектерді «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» (СЕРПІН-2050) бағдарламасы бойынша солтүстік аймақтарға оқуға тарту бойынша 428 талапкер жоғары оқу орындарына, 21 талапкер кәсіптік-техникалық колледждерде білімін жалғастыруда.

2016 жылы білім басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Тұрғындар арасында мемлекеттік-жеке серіктестіктің дамуы жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу», «Шетелдік мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып инновациялық технологияларды енгізу арқылы іс-шаралар өткізу», «Діни экстремизмнің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кәмелетке толмағандарға және жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткізу», «Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының дамуы, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралар өткізу», «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы жұмысқа жастардың өзін тарту», «Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінің заманауи жағдайын көтеру. Отбасының тәрбиелік маңызын, ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін көтеру; ата-аналардың құзырлығын және белсенділігін қалыптастыруда жеке тұлғаның мақсатын көтеру», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге орналастырудың баламалы нысандарын (қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбие, асырап алу) дамыту бойынша жұртшылық арасында ақпараттық – түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына қабылдауға ниет білдірген үміткерлер даярлау» тақырыптарында лоттар жариялап, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс атқарды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі - балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік ортада ең осал, аз қорғалған санаты, яғни балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайын жақсарту болып табылады.

Алматы облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы саны – 3 111 құрайды, оның 1568 жетім балалар, 1543–і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы балалардың 83% отбасылық тәрбиеге орналастырылған. Атап айтсақ, 2 485 бала қорғаншылық және қамқоршылыққа, 66 бала патронаттық тәрбиеге, 30 бала отбасы үлгісіндегі балалар үйінде. Ал, қалған 530 бала (ол 17% құрайды) білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік жүйесінің интернаттық мекемелерінде тәрбиеленуде.

Облыс аумағында жетімдік проблемасына жұртшылықтың назарын аудару, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды кезең-кезеңмен қысқарту, отбасы тұтастығы мен жанұя тәрбиесінің артықшылығын насихаттау мақсатында жыл сайын республикалық «Ризашылық», «Қамқоршы күні», «Қуан, сәби» және т.б. акциялары ұйымдастырылуда.

Статистикалық мәліметке сүйенетін болсақ, облыс көлемінде 2016 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі бала саны 2014 жылмен салыстырғанда 297 балаға азайған.

2016 жылдың 9 айында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының 87 тәрбиеленушісі отбасылық тәрбиеге орналастырылды.

Облыс көлеміндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме тәрбиеленушілерінің санын қысқарту мақсатында 2016 жылы патронаттық тәрбиенің дамуына облыстық бюджет есебінен қаражат қарастырылды.

Облыс аумағында 2004 жылдан бері патронаттық тәрбие түрі жүзеге асырылуда. 2014 жылдың қыркүйек айында патронаттық тәрбиешілердің отбасында 43 бала тәрбиеленсе, 2016 жылдың қазан айында патронаттық тәрбиеде 66 бала болды.

Патронаттық тәрбие түрі Еңбекшіқазақ, Қаратал, Талғар, Іле, Көксу, Ақсу аудандары, Талдықорған, Қапшағай қалаларында дамыған.

Бүгінгі күнде облыс аумағындағы 6 отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде 30 бала тәрбиеленуде.

Республика көлемінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту шешімін табуға міндетті мәселелердің бірі.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы облысындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі 2015–2017 жылдарға арналған Кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. Осы жоспарға сәйкес 3 жыл ішінде аудан мен қалаларда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 223-не пәтер берілу жоспарланған.

Ерекше атап қажет, облыс бойынша 2006-2014 жылдар аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан аталған санаттағы балаларға 66 пәтер ғана бөлінсе, 2015 жылы 226 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл жақсы көрсеткіш.

«Жетім көрсең жебей жүр» деп дана қазақ атамыз айтқандай, облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекке орналастыру мақсатында жыл бойы жұмыстар жүргізілуде.



2015-2016 оқу жылында 9,11 сыныпты бітірген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйлерінің түлектер саны - 75, оның ішінде мүгедектігіне байланысты оқуға жарамсыз - 17 және 3-уі 10 сыныпта оқуын жалғастыруда, 3-і жоғары оқу орындарына, 52-сі колледждерге түсіп, білім алуда.

Жыл сайын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдарында 9-11 сынып түлектері арасында кәсіби бағдар беру және оларды жұмыспен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Колледждер және жоғары оқу орындарының өкілдерімен түлектердің кездесуі өткізіледі, онда балалар мамандықтармен, оқу шарттарымен танысады, оқу орны және оқушылардың өмірі және қызметі туралы бейне фильмдер көреді, оқу орны туралы мәліметтер алады.

Балалар үйлерінің түлектері облыс көлеміндегі колледждер мен лицейлерде тиісті мамандық бойынша білімдерін алып, колледж әкімшіліктерінің қолдауымен жұмысқа орналастырылады.

Ағымдағы жылы С.Назарбаева «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі» бағдарламасы аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 7 мыңға жуық тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек ретінде білім беру депозиті, оның ішінде, Алматы облысы балалар үйлерінің 609 тәрбиеленушілеріне депозит ашылды.

«Бақытты балалық» партия жобасы аясында балалардың әлеуметтік бейімделуіне «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен білім басқармасының қолдауымен қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиедегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 300 баланың атына білім беру жинақтау жеке есеп шоттар ашылды.



Сонымен қатар, білім саласында бір қатар проблемалар да туындауда.

Ата-аналары тірі кезінде әлеуметтік жетімдер санатына жататын балалар саны көбеюде. Облыс аумағындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерінде бүгінгі күні тек 25-30% «нағыз жетімдер», қалған 70-75 % - ата-анасы тірі әлеуметтік жетімдер (тастанды, ата-анасы бас тартқан, ата-аналық құқығынан айырылған, бас бостандығынан айыру орындарында, ұзақ емдеудегі, іздеудегі ата-аналардың балалары).

Алакөл, Балқаш, Ескелді, Кербұлақ, Қарасай, Ұйғыр, Жамбыл, Райымбек, Панфилов, Сарқан аудандарында патронаттық тәрбие дамымаған.

1. Құжаттардың орындалуын бақылау




Құжаттардың атаулары

Орындалу мерзімі

Жауапты адамдар



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

Жыл бойы

Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.




Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 жарғысы).

Тоқсан сайын

Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Барлық бөлім басшылары





Қазақстан Республикасының «Бюджет Кодексі»

Жыл бойы

Маралбаева А.К.

Сейтқұлова А.О.





Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі.

Жыл бойы

Молотова А.М.



Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы» Заңы.

Жыл бойы

Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Барлық бөлім басшылары





Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы.

Жыл бойы

Сулейменова Ж.М.

Барлық бөлім басшылары





БҰҰ «Бала құқықтары туралы Конвенциясы» 20 қараша 1989 ж., ҚР «Баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.

Жыл бойы

Үшкемпірова А.М.

Молотова А.М





Алматы облысының әлеуметтік- экономикалық дамуының кешенді бағдарламасы.

Тоқсан сайын

Барлық бөлім басшылары



Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Тоқсан сайын

Барлық бөлім басшылары



Алматы облысы әкімінің, Алматы кәсіподақ Одағы және Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер Конфедерациясы Алматы ұйымы арасындағы үш жақты Келісім.

Тоқсан сайын

Төребаева Ә.Д.



Алматы облысының үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы.

Тоқсан сайын

Төребаева Ә.Д.



Мәңгілік ел жастары – индустрияға бағдарламасы.

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.,



Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы.

Жыл бойы

Бекітілген жоспарға сәйкес



Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Бөлім басшылары

Бұхарова А.




«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты Қазақстан Республикасы Президентінің мақаласы.

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.,

бөлім қызметкерлері





Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (2015 жылғы 25 желтоқсандағы №143 Жарлығы)

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.,

бөлім қызметкерлері





Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» № 228-V Заңы.

Жыл бойы

Елубаева Г.М.

Жексембаева Н.Н.





Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 маусымдағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Заңы.

Жыл бойы

Елубаева Г.М.

Нұрпейісова Қ.Ж.





Қазақстан Республикасының «Кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылығы және балалар арасындағы қараусыздық пен бақылаусыздықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңы.

Жыл бойы

Үшкемпірова А.М.




Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық - зорлық зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-IV Заңы.

Жыл бойы

Үшкемпірова А.М.




ҚР Президентінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №176 өкімімен бекітілген «2016—2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту туралы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

Жыл бойы

Рахимбекова С.А.




ҚР Мемлекеттік Хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №7 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасы музейлерінің жұмысын жаңғырту жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Рахимбекова С.А.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен 2015 жылғы 25 мамырдағы №02-5/1230-вн бірлескен «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М

Рахимбекова С.А.





Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру»

оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д., бөлім қызметкерлері



Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы.

Қажеттілік бойынша ақпарат

Болатқызы. Ж



Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы» Заңы.

Қажеттілік бойынша ақпарат

Молотова А.М.




Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы.

Жыл бойы

Болатқызы Ж.



Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561-IV Заңы.

Жыл бойы

Елубаева Г.М.

Жексембаева Н.Н.




Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы.


Жыл бойы

Абдолданова Б.С.



Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы.

Жыл бойы

Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Барлық бөлім басшылары





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары».

оқу жылы барысында

Техникалық және кәсіптік білім бөлімі




ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы.




Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Барлық бөлім басшылары





Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 17 мамырдағы «Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын, оның iшiнде балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» № 499 қаулысы.

Жыл бойы

Елубаева Г.М.

Адамбекова А.М

Төребаева А.Д.

Молотова А.М.







Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 1080 қаулысы.

Жыл бойы

Омарова.М.Т

Елубаева Г.М.

Адамбекова А.М

Төребаева А.Д.






Жаңа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 99 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қаулысының орындалуы.

Жыл бойы



Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.






«Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Тоқсан сайын

Болатқызы Ж.



«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Жыл бойы

Алиева Ғ.Ә.



«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Жыл бойы

Молотова А.М.




«Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Жыл бойы

Молотова А.М.



«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Жыл бойы

Молотова А.М.



«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.


Жыл бойы

Алиева Ғ.Ә.



«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Жыл бойы

Алиева Ғ.Ә.


«Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.


Жыл бойы

Алиева Ғ.Ә.



Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы.

қажеттілік бойынша ақпарат

Болатқызы Ж.



«Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Жыл бойы

Молотова А.М.

Алиева Ғ.Ә.





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №983 қаулысы.

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 04 сәуірдегі № 06-7/47 «Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығының орындалуы.

Жыл бойы



Бұхарова А.К.



ҚР БҒМ, ІІМ (29.08/09.2001г. №701-2/645) «Оқумен қамтылмай қалған мектеп жасындағы балаларды ведомстволық есепке алудың формасын бекіту туралы» бұйрығы.

Әр айдың бірінші аптасында

Қайранбаева А.Т.



«"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығының орындалуы.

Жыл бойы



Бұхарова А.К.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 07 тамыздағы «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы» № 323 бұйрығы.Жаңа


Сәуір-мамыр

Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.





ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткішгіштердегі тізбесін бекіту туралы» №13 бұйрығы.

Жыл бойы

Тулибеков Е.С.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 13 қаңтардағы «Жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік құжаттаманы жүргізу жөніндегі нұсқаулық туралы» №19 бұйрығы.

Жыл бойы

Адамбекова. А.М.

Қайранбаева А.Т.





«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығы.

Жыл бойы


Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.

Барлық бөлім басшылары




ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» №125 бұйрығы.

Жыл бойы

Адамбекова.А.М.

Қайранбаева А.Т.





ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» №570 бұйрығы.

Қыркүйек, наурыз

Омарова М.Т.

Барлық бөлім басшылары





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бейіндеудің 2015-2017 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» № 544 бұйрығы.

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» №115 бұйрығы.

Үнемі

Адамбекова.А.М.

Қайранбаева А.Т.





Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалуы.

Үнемі



Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Бөлім басшылары

Бұхарова А.



Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығының орындалуы.


Жыл бойы

Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.







Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары. (2015 жылғы 25 желтоқсандағы №143 Жарлығы)

Үнемі

Барлық бөлім басшылары



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 246 бұйрығы.

Жыл бойы

Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.





«Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы.


Жыл бойы Бекітілген жоспарға сәйкес


Омарова М.Т. Бұхарова А.К.

Қабдұлова А.Ж.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес шараларды ұйымдастыру.

Қажеттілігіне қарай



Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.






Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Тоқсан сайын

Барлық бөлім басшылары



Мектептік тамақтандыруды және балалардың мектепке баруын ұйымдастыру бағдарламасы.

Ай сайын

Саманова С.К.



«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы.

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.,




«Үш тілде білім беруді дамытудың 2015- 2020 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы

Оқу жылы барысында

Басқарма қызметкерлері



ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Мәңгілік ел жастары – индустрияға «Серпін-2050» бағдарламасы.

Оқу жылы барысында

Үшкемпірова А.М.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы.

Оқу жылы барысында

Рахимбекова С.А.



Алматы облысының білім басқармасының 2014 жылғы 22 тамыздағы «Колледждерде оқытудың дуальді жүйесін енгізу бойынша эксперимент режимінде жұмыс жасау туралы» №307-Ө бұйрығына сәйкес Алматы облысы бойынша дуальді оқыту жүйесін енгізу жол картасы.

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.



«Жол картасы аясында Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының кәсіптік бағдар беру бағытындағы тәжірибелерін Алматы облысында тарату бойынша 2015-2017 жылдарған арналған іс-шаралар жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М.




«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Алматы облысының білім басқармасы арасындағы жасалған Үшжақты Келісімнің орындалуы.

Жыл бойы Бекітілген жоспарға сәйкес


Бұхарова А.К.



ҚР Премьер – Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №139 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары.

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Молотова А.М.

Елубаева Г.М.





ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі жоспары негізінде құрылған «Алматы облысының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының 2016-2017 жылдарға арналған жұмыс жоспарын» жүзеге асыру.

Белгіленген мерзімде

Үшкемпірова А.М.





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген 2015-2020 жылдарға арналған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі» іс-шаралар жоспары.

Оқу жылы барысында

Үшкемпірова А.М.



ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 шілдеде №470 бұйрығымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Рахимбекова С.А.





Қазақстан Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі Алматы облысының аймақтық іс-шаралар жоспары.

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Рахимбекова С.А.



Облыс әкімімен бекітілген «Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Абдыкалиева М.Ш.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 01 маусымдағы № 541 Қаулысына сәйкес құрылған «Қаржы орталығы» АҚ-мен жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жұмысы.

Шілде-тамыз


Бұхарова А.К.



Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы. (17.09.2013ж №375)

Оқу жылының барысында

Адамбекова А.М



2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат. (2017 ж.)

Оқу жылы барысында

Адамбекова А.М



Алматы облысының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының 2016-2017 жылдарға арналған жұмыс жоспары

Жеке жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде

Үшкемпірова А.М.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 24 қазандағы №440 бұйрығымен бекітілген «Оқыту мен тәрбиелеуде қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар оқушылар арасында шиеленіс жағдайды болдырмау үшін білім беру ұйымдары басшылары мен педагог қызметкерлердің жауапкершілігін артыруды» жүзеге асыру

Жеке жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде

Абдыкалиева М.Ш.



Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарының жол картасын іске асыру

Жеке жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде

Абдыкалиева М.Ш.


2. Педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесі







Қаралатын мәселелер

мерзімі

Жауапты адамдар



1

Білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі

Тамыз


Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.



2

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары педагогикалық қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі


Тамыз


Исағұлова Г.Т



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет