Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің



жүктеу 1.05 Mb.
бет1/3
Дата13.12.2017
өлшемі1.05 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3


«БЕКІТЕМІН»

Басқарма басшысы

____________Л.Базарқұлова

«____»__________2016 ж.

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2015 жылға арналған жоспардың негізгі көрсеткіштері мен жоспарда көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы

сараптама - талдау
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда жоспарлы түрде шаралар атқарылуда.

2015-2016 оқу жылының басында облыста 1225 білім ұйымдары:

- 733 жалпы білім беретін орта мектеп;

- 337 балабақша және 432 шағын орталық;

- 4 мектеп-интернаты, 14 мектеп жанындағы интернат, 5 балалар үйі (оның 3-і жекеменшік) және отбасылық үлгідегі 7 балалар үйі (1 жекеменшік), 1 жасөспірімдер үйі, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы;

- 38 (32 - мемлекеттік, 6 – жекеменшік) қосымша білім беру мекемелері;

- 7 арнайы мектеп-интернат, 7 облыстық психологиялық –медициналық – педагогикалық консультация, 15 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинет;

- 70 колледж жұмыс жасайды.

Облыстың білім беру саласына 2011-2015 жылдар аралығында бөлінген қаржы көлемі 466,0 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы – 110,3 млрд. теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2012-2015 жылдары аралығында 94,3 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы 25,4 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Құрылыс жұмыстары туралы мәлімет

2015 жылы 18 жаңа мектеп (2920 орындық) және 1 мектепке реконструкция жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: үш ауысымды оқытуды жою үшін 1180 орындық 11 мектеп, апатты мектептерді жою үшін 840 орындық 5 мектеп салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, бүгінде Ұлттық қор есебінен 2015 жылы басталған 3150 орындық 6 мектептің құрылысы жалғасуда және жергілікті бюджет есебінен 1200 орындық 2 орта мектеппен 2 жапсаржай салу жоспарланып отыр.

Одан басқа, 2016-2017 жылдары Ұлттық қор есебінен - 20 мектеп, жергілікті бюджет есебінен - 12 мектеп салу жоспарлануда. Осылайша 2017 жылы үш ауысымда оқытуды толық жою көзделіп отыр.

2015 жылы 55 білім нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған бюджеттен - 6 млрд. 475,5 млн.теңге қаржы жұмсалды.

2016 жылы 21 білім нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарын және 5 мектептің ауласын аббаттандыру жұмыстарын жасау жоспарланып, оған бюджеттен - 4 млрд.758,0 млн.теңге қаржы бөлінді.



Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

2014-2015 оқу жылы облыс бойынша мектеп бітірген түлектердің саны -14342, оның тестілеуге қатысқаны- 9259 (64,5%), ҰБТ-ның орташа балы - 77 құрады. «Алтын белгі» белгісіне үміткер 349 түлектің 191-і өз білімдерін растады, «үздік аттестатты» 62 түлек иеленді.

ҰБТ бойынша жоғары көрсеткішке жеткен; Қапшағай қаласы –(95,9%), Текелі қаласы (83,9%), Талдықорған қаласы (81,3%),Талғар (81,1), Панфилов (80,2). Төмен көрсеткіш: Балқаш (66,5), Ұйғыр (68,6), Алакөл (68,8), Кербұлақ (72,8), Ескелді (73,4) аудандары.

2014-2015 оқу жылын 14342 түлек мектепті бітірді. оның 7247-сі (50,5%) жоғарғы оқу орнына түссе (грантқа түскендері -1199), 3825-і (26,7%) колледжге, 2647-сі (18,5%) жұмысқа орналасты, әскер қатарына шақырылғандар саны - 77 (0,5%), ауыруына байланысты оқуға және еңбекке жарамсыз - 153 (1,04%), Республикадан тыс оқуға кеткендер саны - 155 (1,06%), жұмысқа орналаспағандар саны - 238 (оның 7-і ауыруына байланысты) немесе 1,7 пайызы.



Ыстық тамақ туралы

2015-2016 оқу жылында 737 мектептің 531-де (73,0%) ыстық тамақтандыру ұйымдастырылып, онда 271240 оқушы (87,0%) қамтылды (2014-2015 оқу жылында 514 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған). Оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан шыққан 26033 оқушы 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды. Асханасы жоқ 93 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған.



Тасымалдауды ұйымдастыру туралы

Облыс бойынша мектебі жоқ 70 елді мекенде, саяжайларда және тиісті мектептері жоқ елді мекендерден тасымалдауды қажет ететін бала саны - 18251, оның – 18053-і тасымалданады, яғни 99,0 % құрайды, 85 бала интернатқа орналастырылған, 113 оқушы туыстарының үйінде тұрады. Облыс бойынша оқушыларды тасымалдайтын автокөлік саны – 193, оның 56-ы мектепке қарасты.



Оқулықтармен қамтамасыз ету

2014-2015 оқу жылында оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерге 2,3 млрд.тенге бөлінді, ол 2014 жылмен салыстырғанда 1,3 млрд. тенгеге өскен.



Тірек мектептері (ресурстық орталықтар)

Облыста 239 (33,0%) шағын жинақталған мектепте 19818 бала (6,0%) оқиды, оның ішінде 238 мектеп ауылды жерлерде орналасқан. Ауылдық жерлердегі оқушылардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста 9 тірек мектебі құрылған.

2011 жылы 2 тірек мектебі (Ақсу ауданында Сиқымов атындағы ОМ, Жамбыл ауданында Ынтымақ ОМ).

2012 жылы 2 тірек мектебі (Балқаш ауданында Ақкөл ОМ, Кербұлақ ауданында Малайсары ОМ).

2013 жылы 3 тірек мектебі (Талдықорған қаласы Өтенай ауылы №21 ОМ, Райымбек ауданында Тасашы ОМ, Қапшағай қаласы Кербұлақ ауылында №7 ОМ).

2014 - 2015 оқу жылында 2 тірек мектебі (Қаратал ауданында Р.Қошқарбаев атындағы ОМ және Саркан ауданында Новопокровка ОМ).



Педагогтің кәсіби іс - әрекетінің табысты болуы үшін облыс әкімінің қолдауымен 7 номинация бойынша өткізілетін кәсіби байқаулардан өзге республика деңгейінде өтетін «Орта білім беретін үздік ұйым», «Үздік педагог» байқауларына да облыс педагогтерінің қатысуы дәстүрге айналған.

12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу аясында әзірлену мақсатында енгізілген білім стандарты 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы және Панфилов ауданындағы Хамраев атындағы орта мектептерде апробациядан өткізілуде.

Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі-2015» байқауында І орынды Талдықорған қаласындағы №10 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі Түсіпжанова Зарина Мұхтарқызы иеленді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын (17 млн. 091 мың теңге) Ескелді ауданы Жетісу орта мектебінің ұжымы иеленді.

«Жылдың үздік педагогі-2015» республикалық байқауға қатысқан Қапшағай қаласы мектеп гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Г.Құлжанова, №1 Текелі қаласының информатика пәнінің мұғалімі Б.Молбаев, Қарасай ауданы Алтын ауыл мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, А.Елікбаевалар жүлделі орындар мен грант иегерлері атанды.

«Үздік ауыл мектебі-2015» байқауының жеңімпазы Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылындағы Үмбетәлі орта мектебі.

«Е-learning» электрондық оқыту жүйесіне 140 (134- жалпы білім беретін орта мектептер, 6- колледж) 67 білім беру ұйымы (63- жалпы білім беретін орта мектептер, 4- колледж), 2013 жылы -73 білім мекемесі ( жалпы білім беретін орта мектептер-71, колледж -2).

2015-2016 оқу жылында кеңжолақты интернетке 595 (80,7%) білім мекемесі қосылған.

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектептер жаңа модификациялы 302 – химия (45,2%), 271 – биология (40,5%), 332 – физика (49,7%), 374 – лингафонды-мультимедиялық (53,9%) кабинеттері орнатылған.

Облыстың 604 мектебінде 2459 интерактивті тақта орнатылған.

Облыс бойынша 2014 жылы республикалық бюджеттен 225 млн. 355 мың теңге қаржы 55 химия кабинетіне, жергілікті бюджеттен 270 млн, 402 мың теңге 66 физика және 61 млн. 455 мың теңге 15 лингафонды –мультимедиялық кабинетке жұмсалды.

Бүгінгі күні облыс бойынша жаңа модификациялық кабинеттер саны: химия- 302, биология- 271, физика- 332, ЛМК- 360 кабинет.

Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жарыстарға 23 оқушы қатысып, оның 9 жүлделі орындарды иеленді (4-алтын, 1-күміс, 4-қола). 2015 жылдың 28-30 қаңтар аралығында республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауына 22 оқушы қатысып, 14 жүлделі орындарды иеленді (1 орын-1,2 орын- 4,3 орын-9).

2014-2015 оқу жылында Орал, Атырау қалаларында өткен республикалық жарыстарға 60 оқушы қатысып, 3 алтын, 7 күміс, 17 қола медальдарға ие болды. Қорытынды есепте құрама команда жүлделі 2 орынды және «Үздік олимпиадалық команда» атағын тағы да растады. 2014-2015 оқу жылында халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларына 276 оқушы қатысып, оның 167 жүлдегер атанды (31 алтын, 44-күміс, 92-қола), (2013-2014 оқу жылында -155, 2012-2013 оқу жылында 130 медальді иеленді).



Мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінің жалпы көрсеткіштері:

- 0-7 жасқа дейінгі мектепке дейінгі бала саны – 267763;

- 0-18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 9966;

- мектепке дейінгі білім беру мекемелер саны– 816, бала саны – 58805;

- жалпы типтегі мектеп-интернаттар саны – 4, бала саны – 1204;

- көмекші мектеп-интернаттар саны – 7, бала саны – 965;

- мектеп жанындағы мектеп-интернаттар саны – 14, бала саны – 1093;

- психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация – 7;

- психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттері – 15;

- қосымша білім беретін мекемелер саны – 38, бала саны – 14449;

- аула клубтары – 54, бала саны – 9251;

- мектеп жанындағы балалар мен жасөспірімдер патриоттық қозғалыс клубтары – 11, бала саны – 390.

- қала сыртындағы лагерьлер – 34.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында облыста 2015 жылдың қорытындысы бойынша 382 балабақша, оның ішінде 208-і жекеменшік және 434 шағын орталық (3-і жекеменшік) жұмыс жасайды. Жыл басынан 9367 орынға 112 мектепке дейінгі мекеме ашылды, оның ішінде 11-і мемлекеттік, 88-і (5617 орын) жекеменшік балабақша.

Барлығы 58,8 мың бала қамтылған, оның ішінде 15,8 мың бала немесе 26,8% жекеменшік балабақшаларға барады. 2015 жылдың басында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 64% құраса, жыл соңына 77,3% артты.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиемен және оқытумен қамтуда 73,8%-дан 88,4%-ға дейінгі деңгейді Алакөл, Ақсу, Көксу, Балқаш, Талғар, Ұйғыр, Панфилов, Жамбыл аудандары мен Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары көрсетуде. Төменгі көрсеткіш Қарасай (52,9%), Еңбекшіқазақ (66,0%), Іле (65,1%), Сарқан (64,5%), Райымбек (68,2%), Ескелді (70,4%), Қаратал (71,5%) Кербұлақ аудандары көрсетуде (72,0%).

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастыру үшін 37987 бала тіркелген, оның 19577-сі 3-6 жастағы балалар немесе 51,5%. Кезекке тіркелген балалардың басым көпшілігі Еңбекшіқазақ - 5679, Іле - 4003, Қарасай - 6308, Талғар - 1516 аудандары мен Талдықорған қ.- 11400, Қапшағай қалаларында - 2448.

Бүгінгі күнде облыс аумағында 1 млн. 918 мың адам тұрады. 2009 жылғы халық санағынан кейін облыс тұрғындарының саны 274 мыңға артты, оның ішінде 240 мыңы немесе 87%-ы Алматы қаласына жақын орналасқан Іле, Қарасай, Талғар, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарының үлесінде.

Мектепке дейінгі мекемелерге халықтың сұраныс деңгейін төмендету үшін балаларды қамтудың артуы және мектепке дейінгі ұйымдарды ашуды қаржыландыру көрсеткіштерін жыл сайынғы нақтылау кезінде мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жандандыру жұмыстары жүргізілуде.

Балалары мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтылмаған ата-аналарға арналған балабақшалар жанында 23 кеңес беру орталықтары жұмыс жасайды (Алакөл - 2, Балқаш - 3, Панфилов - 3, Сарқан - 5, Қаратал - 1, Кербұлақ - 5 аудандары мен Текелі - 1, Қапшағай - 1, Талдықорған - 2). Облыстағы 3 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, 139 қамтылған. Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап 8 балабақшаға арнайы логопед, дефектолог мамандары бөлініп, жұмыс жүргізуде, түзету жұмыстарымен барлығы – 114 бала қамтылды.

Мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі - ППТК) түзету-педагогикалық қолдау көрсету көзделген. Облыста жұмыс істеп тұрған 15 ППТК негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі.

2015 жылдың ақпан айынан бастап облысымыздың 6 балабақшасында жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламалары апробациядан өткізілуде (Талдықорған қ., Жамбыл, Көксу, Панфилов, Қарасай аудандарында).

Облыстағы мектепке дейінгі мекемелерде 6256 педагог жұмыс істейді, оның 1019 жас педагог мамандар, бұл педагогтардың 16,2%-ы.

Мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтардың 57,8%-ы жоғары білімді, арнайы орта білімді – 40,4%, жалпы орта білімді - 1,7 % педагог жұмыс істейді. Оның ішінде мектепке дейінгі жоғары білімі бар мамандар 49,6% (3106).



Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету мақсатында облысымызда 7 көмекші мектеп-интернаты жұмыс жасайды, онда 965 бала тәрбиеленуде. 2015 жылдың есептік кезеңде 9966 балаға психологиялық-медико-педагогикалық-консультациялардан кеңес берілді.

15 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін 208 инклюзивті білім беру жүйесі енгізілген, мектептерде мүмкіндігі шектеулі 1646 оқушы білім алуда. Онда 376 логопед, дефектолог мамандары қызмет етуде. Сонымен қатар, Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары мен Алакөл, Сарқан және Қарасай аудандарындағы жалпы білім беретін мектептерде дамуының психикалық тежелуі бар балаларға арналған 28 мектепте 83 арнаулы сынып бар, онда 398 бала білім алуда.



Қосымша білім беру, жаз кезінде оқушылардың жазғы демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуы

Облыста мектеп оқушыларының тұлғалық, әлеуметтік, дене бітімі жағынан, шығармашылық дамуы және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2015-2016 оқу жылында барлығы 38 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, оның ішінде 32 мемлекеттік, 6 жекеменшік. Қосымша біліммен қамтылған оқушы саны 14449 немесе ол жалпы оқушылар санының 4,4 % құрайды.

Қосымша білім беру желісін дамытуда 2015 жылдың қаңтар айында «Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы» 585 орынға ашылды, қыркүйек айында Райымбек ауданы Кеген ауылында 250 орынға арналған балалар өнер мектебі ашылды.

Сонымен қатар, 4275 спорт секциясына 97090(331383) бала қатысады, бұл оқушылар үлесінің 29,3% құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерде және колледждерде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жоспарлы түрде бұқаралық спорттан жарыстар, спартакиадалар ұйымдастырылып өткізілуде. Мысалы, мектеп оқушылары арасында 3987 мектепішілік, 2116 аудандық және колледж білім алушылары арасында 668 (волейбол, баскетбол, футбол, шағын-футбол, футзал (ұлдар, қыздар) тоғыз құмалақ, спорттық бағдарлау, Президенттік көпсайыс, гимнастика, жеңіл атлетика, үстел теннисі, шаңғы, веложарысы және т.б.) іс шаралар өткізілді. Аталған жарыстарға 230134 бала қатысты.

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, балалар мен жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беруді жандандыру мақсатында мектеп жанынан (Алакөл, Ескелді, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қаратал, Көксу, Панфилов, Райымбек, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласы) 10 (336) балалар-жасөспірімдер патриоттық қозғалыс және дене дайындығы клубтары мен 2 (54) кадет сыныбы ашылып жұмыс жүргізілуде. 2015 жылдың мамыр айында өткен «Қауіпсіз дөңгелек - 2015», маусым айында өткен республикалық «Жас Ұлан» әскери-патриоттық жарысында Алматы облысының командасы 1-ші орынды иеленді.

2015 жылдың жаз кезінде оқушылардың жазғы демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуы 2 бағытта жүргізілді:

- балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру;

- балалар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамту.

2015 жылдың жаз кезінде балалар мен жасөспірімдерді жазғы демалыста сауықтырумен 1-10 сынып арасындағы 290 377 оқушының 169 788 оқушысы қамтылды. Бұл 58,5 % құрады.

Балалар мен жасөспірімдерді жазғы демалыста жұмыспен қамтумен 1-10 сынып арасындағы 290 377 оқушының 144 949 оқушысы қамтылды. Бұл 50 % құрады.

Жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 220 256 271 теңге бөлінді.

Бөлімнің жұмысын жетілдіруде қарастырылатын мәселелер:

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаларды, оның ішінде ерте жастағы балаларды дамытудың әртүрлі нысандарын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізуде:

- мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтерінің желісін кеңейту;

- мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті, санаторлық топтарды ашу бойынша ұсыныстар енгізу;

- консультативтік пункттер желісін кеңейту;

- мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде ұсыныстар енгізу;

- балабақшалар желісін ұлғайту мақсатында жергілікті жерлерде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікме механизмін жандандыру, инвестицияларды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- мектепке дейінгі мекемелерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуді және олардың үнемі біліктілік санатын көтеруді жүзеге асыру;

- балаларды ерте жастан дамыту бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық-медициналық түзеу кабинеттері желісін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;

- мектепке дейінігі және жалпы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлары жасалған инклюзивті сыныптар (топтарын) ашу;

- балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерде логопедтік пункттер қызметін жандандыру;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды дефектологтар, логопедтер, психологтар, әлеуметтік педагогтар сияқты мамандардың психологиялық-педагогикалық қолдауын қамтамасыз ету;

- ата-аналармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- жаз кезінде оқушылардың жазғы демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;

- бұқаралық спорттық шараларды, мектеп пен колледж оқушылары арасындағы спартакиадаларды, мектеп лигасын ұйымдастыруды жандандыруОблыс бойынша 2013-2015 оқу жылында тәрбие бағытындағы жұмыстар «Білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі кешенді бағдарламасына» сәйкес жүргізілді.



Техникалық білім беру

Облыста 2015-2016 оқу жылында 70 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында ауылшаруашылық, әлеуметтік және қызмет көрсету орталықтары, құрылыс, машина технологиясы және жабдықтау, техникалық, педагогикалық, заңгерлік, экономикалық, медициналық бағыттары бойынша (115 біліктілік) 32261 білім алушы білім алуда.

Облыста 70 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 41-і мемлекеттік, 29-ы жекеменшік.

41 мемлекеттік колледждің 3-і жабық (ЛА 155-4, ЛА 155/8, ЛА-155/14) мекемелерде орналасқан, 2-і облыстық деңсаулық сақтау басқармасы тарапынан қаржыландырылады (Талғар және Талдықорған медициналық колледждері).

2015 жылы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы медициналық колледжі жабылды.

2015 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында 600 орындық жаңа колледж ашылды. Колледждің 4 мамандық бойынша шеберханалары мен 400 орындық жатақханасы іске қосылды. 2015-2016 оқу жылында колледжге алғашқы 100 білім алушы оқу қабылданды.

Сонымен қатар, 2015 жылы жекеменшік 3 колледж ашылды (Талғар ауданында Панфилов ауылындағы Көпсалалы облыстық үздіксіз білім беру, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында Шапағат медициналық, «Аяжан» Қарасай медициналық).

2015-2016 оқу жылына облыстық білім басқармасына қарайтын коллеждерге мемлекеттік тапсырыс негізінде 6049 білім алушы қабылданды, оның 5849-ы жергілікті бюджет есебінен, 200-і республикалық бюджет есебінен. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік білім беру тапсырысы облыстық бюджеттен 112 адамға артты.

2014-2015 оқу жылында колледждерді 11134 түлек бітірді, оның 5107-і мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде. Күндізгі бөлімді бітірген 8954 түлектің 6262-і жұмысқа орналасты (69,9%), оның 3730-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (73%). Жоғары оқу орындарына және колледждерге 835 түлек оқуға түсті (9,3%), 349 түлек әскери борышын өтеуде (3,9%), 1 жасқа дейінгі балалармен демалысқа шыққандардың саны – 551 (6,2%), Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткендердің саны – 23 (0,2%), жұмысқа орналаспағандардың саны – 934 адам (10,4%).

2015 жылы 51 колледжде бітіруші түлектердің кәсіби дайындық деңгейіне тәуелсіз бағалау өткізілді. Тәуелсіз бағалау сараптамасына 61 мамандық бойынша 6562 түлек қатысты. Жалпы СТБ-ға қатысқандардың ішінде емтиханды бірден біліктілігін растағаны 6432 түлек (98%).

Облыстағы 70 колледжде 3123 инженер-педагогикалық қызметкерлер жұмыс жасайды, оның 2746-сы оқытушы және 377-сі өндірістік оқыту шеберлері. Жыл бойы 1123 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері өз білімдерін жетілдіру курстарынан өтті, оның ішінде шетел орталықтарынан – 30.

2015 жылы Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің оқу ғимаратының, Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің шеберханасының, Қапшағай көпсалалы колледжінің акт залы мен спорт залы, асхана және фойесінің, Үшқоңыр кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі ауласын көріктендіру және Талдықорған гуманитарлық колледжінің су құбырлары мен канализациясының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 643,1 млн.теңге бөлінді.

Облыстағы мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қазіргі заман талабына сай жабдықтау үшін облыстық бюджеттен 16 колледжге 61,9 млн.теңге бөлінді.

2015 жылы жоғарыда аталған жобаның II кезеңіне «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Алматы экономикалық колледжі енді. Дүниежүзілік банктің есебінен 36,3 млн.теңгеге жаңа және облыстық бюджеттен қосымша 30% (10,0 млн.теңге) қаржыландырылды.

2012 жылдан бастап дуальді оқыту жүйесін енгізуге 8 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары белгіленіп, облыстағы 8 ірі кәсіпорындармен келісімшартқа отырған. Дуальді оқыту жүйесі негізінде 2014 жылы оқып бітірген 367 түлектің 335-і мамандығы бойынша жұмысқа орналасты (91,3%). 2015 жылы 327 түлектің 251-і мамандығы бойынша жұмысқа орналасты (76,8%), 76-сы жоғары оқу орындарына түскен.

2014-2015 оқу жылында облыстағы дуальді оқыту жүйесі негізінде оқу процесін жүргізетін 14 колледж облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бекіткен жол картасына енгізілген. Бүгінгі күні, олар 28 кәсіпорынмен дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша үш жақты 58 келісімшартқа қол қойды. Барлығы 18 мамандық бойынша дуальді оқыту жүйесі негізінде 604 білім алушы оқиды.

2015-2016 оқу жылында қосымша 4 колледжге дуальді оқыту жүйесін енгізу үшін кәсіпорындармен келісімшартқа қол қою мәселелері қарастырылуда. Колледж басшылары дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша 93 кәсіпорындармен үш жақты келісімшарттарға қол қойды. Барлығы 18 (25,7%) колледжде 24 мамандық бойынша дуальді оқыту жүйесі негізінде 709 студент оқиды.

Қол қойылған келісімшарттарда мемлекеттік ұйымдарда және бизнес-аумағында мемлекеттік және жекеменшік серіктестік жағдайы негізінде техникалық және қызмет көрсетудің білікті мамандарын даярлау үшін тапсырмалар анықталған.

2015 жылы Дуальді оқыту жүйесі негізінде оқу процесін жүргізетін 14 колледждің 59 арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері «Өрлеу» ұлттық біліктілігін арттыру орталығының кестесі бойынша курстардан өтті.

Колледж басшылары 14155 білім алушының кәсіптік практикадан өту үшін облыс кәсіпорындарымен 1535 келісімшартқа отырды. «Литер» Корпорациясы Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің 10 білім алушысының (1276,0 мың теңге көлемінде) оқу төлемақыларын төледі.

Талдықорған сервис және технологиялар колледжінің базасында кәсіпкерлер палатасы мен рестораторлар қауымдастықтың еріктерімен 2015 жылдың наурыз айында мейманханаларға мамандар даярлау үшін ресурстық орталық ашылды.

Колледждерде 152 мүгедек бала оқиды. 2014-2015 жылдары облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, 38 колледжге мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз кіріп-шығулары үшін (адаптация және пандус) бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Колледждерде 475 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балар оқытылады. Оларға колледждерде барлық жағдайлар жасалынған. 2015 жылы 158 түлек бітірді, оның 90-ы жұмысқа орналасқан, 11-і жоғары оқу орынына түскен, 2-і әскери борышын атқаруда, 15-і балалармен демалысқа шыққан.

Жұмысшы мамандар даярлайтын колледждерде (7033 білім алушы) төмен отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5984 білім алушыларға бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылғын барлығы 85%.



Сонымен қатар, білім саласында бір қатар проблемалар да туындауда. Республика бойынша техникалық және кәсіптік біліммен жастардың ең төменгі қамтылуы 9,4% (347 430 жас адамдардың 31 858 адамы қамтылған, Алматы қаласымен салыстырғанда - 30,1%).

Аталған проблеманы шешу үшін міндетті түрде келесі тапсырмаларды шешу керек:

А) Білімгерлерді міндетті түрде мемлекеттік тапсырыспен қабылдауды арттыру. 2016-2017 оқу жылында жергілікті бюджет есебінен білім алушыларды қабылдау тапсырысын 500 адамға, республикалық бюджет есебенен 500 адамға арттыру жоспарлануда.

Б) Облыста жұмысшы мамандардың жетіспеушілігіне байланысты Іле, Ескелді және Кербұлақ ауданында 2018 жылдан бастап республикалық бюджет себінен 3 колледж салу үшін инвестициялық жобаға ұсыныс енгізілді.

В) Талғар политехникалық, Бастөбе сервистік-техникалық, Талдықорған саз, Талғар агробизнес және менеджмент колледждеріне облыстық бюджет есебінен жатақхана салу үшін инвестициялық жобаларға ұсыныс енгізілді.



Тәрбие жұмысы

Жалпы білім беретін 737 орта мектепте 37 әлеуметтік педагог, 1029 психолог, 182 мектеп инспекторы, 886 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 543 педагог-ұйымдастырушы жұмыс атқарады.

Облыстың білім беру ұйымдарында орын алған зорлық және қатыгез қарым-қатынас фактілерін есепке алу жөніндегі нұсқаулық журналдар жүргізіледі. Мектептерде «Сенім жәшігі», аудандық, қалалық білім бөлімдерінде «Шұғыл бағыт» телефонына түскен қоңыраулар есепке алынып, зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдарында «Зорлықсыз балалық шақ» атты анықтамалық ақпараттық стендтер ілінген.

Облыс мектептерінде 581 «Полицияның жас көмекшілері» жасақтары құрылып, құрамына 5121 оқушы кірді.

Ағымдағы жылы «Полицияның жас көмекшілері» жасақтарымен мектеп қабырғасында 1650 рейдтік шаралар өткізу барысында мектеп жарғысын бұзу бойынша деректер анықталды (528 оқушы).

Мүдделі органдармен «Түнгі қаладағы балалар», «Жалпы біліммен қамту», «Түнгі қала» акциялары және «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» іс-шаралары бірлесіп өткізіліп тұрады.

2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «Қоғамдағы менің орным...», «Закон, по которому мы живем», «От правонарушения до преступления–один шаг», «Жить по закону...», «Патриотическое воспитание молодого поколения», «Профилактика правонарушений, наркомании и табакокурения среди молодежи» тақырыптарында сынып сағаттары, психологиялық тренингтер, семинарлар, кездесулер, «дөңгелек үстел», әңгімелесулер, құқықтық ойындар, дәрістер және құқық апталықтары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында «Қоғамдағы менің орным..», «Біз қаңдай Заңмен өмір сүреміз?», «Құқықбұзушылықтан қылмысқа дейінгі бір қадам», «Заңмен өмір сүру..», «Жастардың патриоттық тәрбиесі», «Жастар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, темекі шегудің алдын алу» тақырыптарында сынып сағаттары, семинарлар, кездесулер, лекциялар, құқықтық тәрбие бойынша апталықтар ұйымдастырылып, өткізілді.

Мектеп оқушылары мен колледж білім алушыларының құқықтық сауаттылықтарын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көркем – танымдық іс – шаралары, ашық сабақтар, байқаулар, апталықтар «Ел рәміздері – бостандықтың белгісі», «Көк байраққа – назар!!!», «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің тұғыры», «Мемлекет және рәміздер», «Желбірей бер, көк байрағым - көгімде» және т.б. шаралары өткізілді.

Білім алушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында Ұйғыр, Панфилов аудандары мен Текелі қаласында «Профилактика насилия, вымогательства и суицида среди несовершеннолетних», «Административная ответственность несовершеннолетних и их родителей» тақырыптарында семинарлар өткізілді.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты барлық білім беру ұйымдарында спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, өткізіледі.

Облыс аумағында 3246 спорттық құрылым бар, оның ішінде 2520 білім беру ұйымдарында орналасқан. 121 спорт мектебі жұмыс жасайды. Барлық спорттық құрылымдарға мектеп оқушылары мен студенттері қатысады.

Жыл сайын жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, күрес және т.б. спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып тұрады. 2014-2015 оқу жылында өткізілген жарыстарға 17 562 жасөспірімдер мен жастар қатысты. Облыс аумағындағы 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне 25 864 бала спорттың 47 түрінен дәріс алуда.

Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағытында барлық білім беру ұйымдарында «Мамандық таңдау», «Менің мамандығым», «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыптарында технология кабинеттерінде бұрыштар ұйымдастырылып, Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларындағы мектептер ішінен кәсіптік бағдар беру кабинеттері ашылды. Сонымен қатар, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» (СЕРПІН-2050) жобасын насихаттау және түсіндіру бойынша 2014-2015 оқу жылының сәуір айында мектеп оқушылары арасында «Өз таңдауыңды жаса», «Мамандықтың бәрі жақсы...», «Кәсіби маман болу, менің таңдауым» тақырыптарында ашық сабақтар, тәрбие сағаттары өткізілді. Білім басқармасы облыстық «Ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында мектеп оқушылары, колледж студенттері арасында акция ұйымдастырды. Білім басқармасының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «Менің кәсібім-менің мақтанышым», «Менің болашақ мамандығым» тақырыптарында шығармалар байқауы өткізіліп, үздік деп танылған шығармалар басқарма басшысының мақтау қағаздарымен марапатталды.

2014-2015 оқу жылын аяқтаған түлектерді «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» (СЕРПІН-2050) бағдарламасы бойынша солтүстік аймақтарға оқуға тарту бойынша 434 талапкер жоғары оқу орындарына, 8 талапкер кәсіптік-техникалық колледждерде білімін жалғастыруда.

2015 жылы білім басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Тұрғындар арасында мемлекеттік-жеке серіктестіктің дамуы жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу», «Шетелдік мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып инновациялық технологияларды енгізу арқылы іс-шаралар өткізу», «Діни экстремизмнің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кәмелетке толмағандарға және жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткізу», «Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының дамуы, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралар өткізу», «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы жұмысқа жастардың өзін тарту», «Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінің заманауи жағдайын көтеру. Отбасының тәрбиелік маңызын, ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін көтеру; ата-аналардың құзырлығын және белсенділігін қалыптастыруда жеке тұлғаның мақсатын көтеру», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге орналастырудың баламалы нысандарын (қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбие, асырап алу) дамыту бойынша жұртшылық арасында ақпараттық – түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына қабылдауға ниет білдірген үміткерлер даярлау» тақырыптарында лоттар жариялап, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс атқарды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі - балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік ортада ең осал, аз қорғалған санаты, яғни балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайын жақсарту болып табылады.

Алматы облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы саны – 3 238 құрайды, оның 1579 - жетім балалар, 1659 –і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы балалардың 81% отбасылық тәрбиеге орналастырылған. Атап айтсақ, 2 517 бала қорғаншылық және қамқоршылыққа, 73 бала патронаттық тәрбиеге, 32 бала отбасы үлгісіндегі балалар үйінде. Ал, қалған 614 бала (ол 19% құрайды) білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік жүйесінің 18 интернаттық мекемелерінде тәрбиеленуде.

Облыс аумағында жетімдік проблемасына жұртшылықтың назарын аудару, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды кезең-кезеңмен қысқарту, отбасы тұтастығы мен жанұя тәрбиесінің артықшылығын насихаттау мақсатында жыл сайын республикалық «Ризашылық», «Қамқоршы күні», «Қуан, сәби» және т.б. акциялары ұйымдастырылуда.

Құзырлы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдары бірлесіп жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын кеңінен дамыту және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін көбейту мақсатында жұртшылықпен ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылдың сәуір айында облыстық «Жетісу» телерадиокомпаниясының «7 студия» бағдарламасы арқылы білім басқармасы тарапынан аталған санаттағы балаларды орналастырудың баламалы нысандары жайлы сұхбат берілді. 5 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданында патронаттық тәрбиеге берілген балалар мен Есеновтар отбасы үлгісіндегі балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің өмірі жайлы түсірген бағдарлама жарық көрді.

Облыстық және аудандық, қалалық қоғамдық-саяси газеттерінде «Две роли патроната: любовь и работа», «Патронаттық тәрбие қажет па?», «Счастье-жить в семье» мақалалар жарияланды.

Сонымен бірге, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына қорғаншылық және қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге, асырап алуға орналастыру мәселелері бойынша ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «Жетісу» телерадиокомпаниясының жүгіртпе жолында хабарлама жарықтандырылып, осы бағытта «Жетісу» және «Огни Алатау» облыстық қоғамдық-саяси газеттерінде хабарлама – мақалалары жарияланды.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстардың нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің саны қысқаруда.

Статистикалық мәліметке сүйенетін болсақ, облыс көлемінде 2015 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі бала саны 2012 жылмен салыстырғанда 182 балаға азайған.

2014 -2015 оқу жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының 143 тәрбиеленушісі отбасылық тәрбиеге орналастырылды. Атап айтсақ, 61 асырап алынды, 59 бала қорғаншылық немесе қамқоршылыққа, 23 бала патронаттық тәрбиеге орналастырылды. Сонымен қатар, 60 тәрбиеленуші туған отбасына оралды.

Облыс көлеміндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме тәрбиеленушілерінің санын қысқарту мақсатында 2015-2017 жылдары патронаттық тәрбиенің дамуына және 5 отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін ашуына облыстық бюджет есебінен қаражат қарастырылды.

Облыс аумағында 2004 жылдан бері патронаттық тәрбие түрі жүзеге асырылуда. 2014 жылдың қыркүйек айында патронаттық тәрбиешілердің отбасында 43 бала тәрбиеленсе, 2015 жылдың желтоқсан айында патронаттық тәрбиеде 73 бала болды.

Патронаттық тәрбие түрі көбінесе Еңбекшіқазақ (27 бала), Қаратал (22 бала), Талғар (4), Іле (2), Көксу (2), Ақсу (2), Жамбыл (2), Райымбек (1) аудандары, Талдықорған (7), Текелі (4) мен Қапшағай (1) қалаларында дамыған.

Бүгінгі күнде облыс аумағындағы 7 отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде 42 бала тәрбиеленуде. 2014 жылдың қыркүйек айында 5 отбасы үлгісіндегі балалар үйлері болса (33 бала) (оның біреуі жекеменшік), 2015 жылдың қыркүйек айында Панфилов және Қаратал ауданында 2 отбасы үлгісіндегі балалар үйлері ашылды. Аталған мекемелерге Үштөбе балалар үйінің 5 тәрбиеленушісі, Алматы облыстық №1 балалар үйінің 4 баласы тәрбиеленуге берілді. 2016-2017 жылдары осындай 3 мекеме ашуы жоспарлануда.

Бала саны азаюына байланысты Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы №№7,8 қаулыларына сәйкес денсаулық сақтау басқармасына қарасты Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы және Жамбыл ауданындағы Қара-Қастек сәбилер үйлері, 2015 жылғы 24 маусымдағы «Үштөбе балалар үйі» мемлекеттік мекемесін тарату туралы» №266 қаулысы негізінде Үштөбе балалар үйі таратылды.

Республика көлемінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту шешімін табуға міндетті мәселелердің бірі.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы облысындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі 2015–2017 жылдарға арналған Кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. Осы жоспарға сәйкес 3 жыл ішінде аудан мен қалаларда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 223-не пәтер берілу жоспарланған.

Ерекше атап қажет, облыс бойынша 2006-2014 жылдар аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан аталған санаттағы балаларға 66 пәтер ғана бөлінсе, 2015 жылы 226 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл жақсы көрсеткіш.

«Жетім көрсең жебей жүр» деп дана қазақ атамыз айтқандай, облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекке орналастыру мақсатында жыл бойы жұмыстар жүргізілуде.

2014-2015 оқу жылында балалар үйлерінің 114 тәрбиеленуші 9-12 (оның ішінде 10, 12 сыныптар бар) сыныпты бітіріп, оның 6-уі-жоғарғы оқу орындарына, 103–і колледждерде және 5-уі 10 сыныпта оқуын жалғастыруда.

Сонымен қатар, қамқоршылық пен патронаттық тәрбиеге алынған 221 бала 9-11 сыныпты тәмамдап, оның 52-сі жоғарғы оқу орындарында, 155 кәсіптік және техникалық оқу орындарында, 105 –сі 10 сыныпта білім алуда.

Ағымдағы жылы С.Назарбаева «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі» бағдарламасы аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 7 мыңға жуық тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек ретінде білім беру депозиті, оның ішінде, Алматы облысы балалар үйлерінің 609 тәрбиеленушілеріне депозит ашылды.

«Бақытты балалық» партия жобасы аясында балалардың әлеуметтік бейімделуіне «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен білім басқармасының қолдауымен қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиедегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 278 баланың атына білім беру жинақтау жеке есеп шоттар ашылды.



Сонымен қатар, білім саласында бір қатар проблемалар да туындауда.

Ата-аналары тірі кезінде әлеуметтік жетімдер санатына жататын балалар саны көбеюде. Облыс аумағындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерінде бүгінгі күні тек 25-30% «нағыз жетімдер», қалған 70-75 % - ата-анасы тірі әлеуметтік жетімдер (тастанды, ата-анасы бас тартқан, ата-аналық құқығынан айырылған, бас бостандығынан айыру орындарында, ұзақ емдеудегі, іздеудегі ата-аналардың балалары).

Алакөл, Балқаш, Ескелді, Кербұлақ, Қарасай, Панфилов, Сарқан аудандарында патронаттық тәрбие дамымаған.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан аталған санаттағы балалар үшін жасалып жатқан шараларды талдау барысында айында Алматы облысындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі 2015–2017 жылдарға арналған Кешенді жоспардың төмендегі аудандар мен қалалар тарапынан орындалмағаны анықталды. Мәселен, Алакөл (2), Кербұлақ (2), Балқаш (1), Жамбыл (1), Сарқан аудандары (1), Текелі (1) және Қапшағай қаласы (6) өздері жоспарлаған талапты орындамады.



Аталған проблеманы шешу үшін міндетті түрде келесі тапсырмаларды шешу керек:

а) аудан мен қалаларда жұртшылықты жетім балалар мен ата-анасынының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге орналастыру (отбасы үлгісіндегі балалар үйі, патронаттық тәрбие, қорғаншылық пен қамқоршылық, асырап алу), мәселесі бойынша ақпараттандыру, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмыстарын күшейту қажет;

б) жергілікті атқарушы органдар тарапынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту жұмыстарын күшейту.

Облыстық білім басқармасының 2016 жылға арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
1. Құжаттардың орындалуын бақылау




Құжаттардың атаулары

Орындалу мерзімі

Жауапты адамдар

1

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

Жыл бойы

Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.


2

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР 07.12.2010 жылғы №1118 Үкімет Қаулысы)

Тоқсан сайын

Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Барлық бөлім басшылары



3

Қазақстан Республикасының «Бюджет Кодексі»

Жыл бойы

Маралбаева А.К.

Сейтқұлова А.О.



4

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі

Жыл бойы

Молотова А.М.

5

БҰҰ «Бала құқықтары туралы Конвенциясы»

Жыл бойы

Үшкемпірова А.М.

Молотова А.М.



6

Халықаралық бала асырап алу бала асырап саласындағы ынтымақтастық және балалар құқығын қорғау және ынтымақтастық туралы Конвенция

Жыл бойы

Молотова А.М.

Алиева Ғ.Ә.



7

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы» Заңы

Жыл бойы

Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Барлық бөлім басшылары



8

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы

Жыл бойы

Сулейменова Ж.М.

Барлық бөлім басшылары



9

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасының Заңы


Жыл бойы тұрақты



Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Бөлім басшылары

Бұхарова А.


10

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы

Жыл бойы

Бекітілген жоспарға сәйкес



Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Бөлім басшылары

Бұхарова А.


11

«Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 маусымдағы № 267 Заңы

Жыл бойы

Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Барлық бөлім басшылары



12

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы

Жыл бойы

Барлық бөлім басшылары


13

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» № 228-V Заңы

Жыл бойы

Елубаева Г.М.

Нүсіпбекова Н.Н.



14

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 маусымдағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Заңы

Жыл бойы

Елубаева Г.М.

Нұрпейісова Қ.Ж.



15

Қазақстан Республикасының «Кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылығы және балалар арасындағы қараусыздық пен бақылаусыздықтың алдын алу туралы» Заңы

Жыл бойы

Үшкемпірова А.М.

Төребаева Ә.Д.




16

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық - зорлық зомбылық профилактикасы туралы» Заңы

Жыл бойы

Үшкемпірова А.М.

Төребаева А.Д.

Молотова А.М.


17

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 «2008—2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» Заңы

Жыл бойы

Үшкемпірова А.М.

Рахимбекова С.А.



18

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы

Жыл бойы

Молотова А.М.

Алиева Ғ.Ә.



19

Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы» Заңы

Жыл бойы

Молотова А.М.


20

Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы

Жыл бойы

Молотова А.М.

Болатқызы Ж.



21

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561-IV Заңы

Жыл бойы

Елубаева Г.М.

Нүсіпбекова Н.Н.



22

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы


Жыл бойы

Абдолданова Б.С.

23

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы

Жыл бойы

Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Барлық бөлім басшылары



24

ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы




Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Барлық бөлім басшылары



25

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 17 мамырдағы «Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын, оның iшiнде балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» № 499 қаулысы

Жыл бойы

Елубаева Г.М.

Қайранбаева А.Т.

Төребаева А.Д.

Молотова А.М.


.

26

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»

№ 1080 қаулысы



Жыл бойы

Елубаева Г.М.

Қайранбаева А.Т.

Төребаева А.Д.


27

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысы

Ай сайын

Маралбаева А.К.

Сейтқұлова А.О.



28

Жаңа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 99 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қаулысының орындалуы

Жыл бойы



Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.




29

«Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Тоқсан сайын

Молотова А.М.

Болатқызы Ж.



30

«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Жыл бойы

Молотова А.М.

Алиева Ғ.Ә.



31

«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Жыл бойы

Молотова А.М.

Болатқызы Ж.



32

«Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Жыл бойы

Молотова А.М.

33

«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Жыл бойы

Молотова А.М.

Болатқызы Ж.



34

«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


Жыл бойы

Молотова А.М.

Алиева Ғ.Ә.



35

«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Жыл бойы

Молотова А.М.

Алиева Ғ.Ә.



36

«Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


Жыл бойы

Молотова А.М.

Алиева Ғ.Ә.



37

«Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Жыл бойы

Молотова А.М.

Алиева Ғ.Ә.



38

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №983 қаулысы

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.

39

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 04 сәуірдегі № 06-7/47 «Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығының орындалуы

Жыл бойы



Бұхарова А.К.

40

ҚР БҒМ, ІІМ (29.08/09.2001г. №701-2/645) «Оқумен қамтылмай қалған мектеп жасындағы балаларды ведомстволық есепке алудың формасын бекіту туралы» бұйрығы

Әр айдың бірінші аптасында

Қайранбаева А.Т.

41

«"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығының орындалуы

Жыл бойы



Бұхарова А.К.

42

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 07 тамыздағы «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы» № 323 бұйрығыЖаңа


Сәуір-мамыр

Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.



43

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткішгіштердегі тізбесін бекіту туралы» №13 бұйрығы

Жыл бойы

Тулибеков Е.С.

44

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 13 қаңтардағы «Жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік құжаттаманы жүргізу жөніндегі нұсқаулық туралы» №19 бұйрығы

Жыл бойы

Қайранбаева А.Т.

45

«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығы

Жыл бойы


Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.

Барлық бөлім басшылары


46

ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» №125 бұйрығы

Жыл бойы

Қайранбаева А.Т.

47

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бейіндеудің 2015-2017 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» № 544 бұйрығы

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.

48

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» №115 бұйрығы

Үнемі

Қайранбаева А.Т.

49

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалуы

Үнемі



Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Бөлім басшылары

Бұхарова А.


50

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығының орындалуы


Жыл бойы

Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.





51

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (2015 жылғы 25 желтоқсандағы №143 Жарлығы)

Үнемі

Барлық бөлім басшылары

52

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 246 бұйрығы

Жыл бойы

Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.




53

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы

4 қаңтардағы № 1 «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы



Жыл бойы Бекітілген жоспарға сәйкес



Бұхарова А.К.


54

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес шараларды ұйымдастыру

Қажеттілігіне қарай



Омарова М.Т.

Бұхарова А.К.




55

Алматы облысының әлеуметтік- экономикалық дамуының кешенді бағдарламасы

Тоқсан сайын

Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.

Исағұлова Г.Т.

Барлық бөлім басшылары



56

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Тоқсан сайын

Барлық бөлім басшылары


57

Мектептік тамақтандыруды және балалардың мектепке баруын ұйымдастыру бағдарламасы

Ай сайын

Қайранбаева А.Т.

58

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.,


59

«Үш тілде білім беруді дамытудың 2015- 2020 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы

Оқу жылы барысында

Басқарма қызметкерлері

60

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Мәңгілік ел жастары – индустрияға «Серпін-2050» бағдарламасы

Оқу жылы барысында

Үшкемпірова А.М. Төребаева Ә.Д.,

61

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы

Оқу жылы барысында

Рахимбекова С.А.

62

Алматы облысының білім басқармасының 2014 жылғы 22 тамыздағы «Колледждерде оқытудың дуальді жүйесін енгізу бойынша эксперимент режимінде жұмыс жасау туралы» №307-Ө бұйрығына сәйкес Алматы облысы бойынша дуальді оқыту жүйесін енгізу жол картасы

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.

63

Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру»

Оқу жылы барысында

Төребаева Ә.Д.

64

ҚР Мемлекеттік Хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №7 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасы музейлерінің жұмысын жаңғырту жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Рахимбекова С.А.


65

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен 2015 жылғы 25 мамырдағы №02-5/1230-вн бірлескен «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М

Төребаева Ә.Д. Рахимбекова С.А.



66

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімдігі арасындағы білім беру және жастар саясаты салаларындағы 2014-2016 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштер мен түбегейлі нәтижелерге қол жеткізу туралы меморандум

Тоқсан сайын

Маралбаева А.К.

Қайранбаева А.Т.

Төребаева Ә.Д.

Елубаева Г.М.

Молотова А. М.

Үшкемпірова А.М.



67

Алматы облысы әкімінің, Алматы кәсіподақ Одағы және Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер Конфедерациясы Алматы ұйымы арасындағы үш жақты Келісім

Тоқсан сайын

Төребаева Ә.Д.

68

Облыс әкімінің орынбасары Б.Өнербаевтың «Жол картасы аясында Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының кәсіптік бағдар беру бағытындағы тәжірибелерін Алматы облысында тарату бойынша 2015-2017 жылдарған арналған іс-шаралар жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М.

Төребаева Ә.Д.




69

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Алматы облысының білім басқармасы арасындағы жасалған Үшжақты Келісімнің орындалуы

Жыл бойы Бекітілген жоспарға сәйкес


Бұхарова А.К.

70

ҚР Премьер – Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №139 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Молотова А.М.

Елубаева Г.М.



71

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2015-2016 жылдарға арналған «Ұрпақ+» мәдени білім беру іс-шаралар жоспары

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М.

72

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №2038/4645/01-25.80-4 бұйрығымен бекітілген «Мерейлі отбасы» іс-шаралар жоспары

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Абдыкалиева М.Ш.

73

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі жоспары негізінде құрылған ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №24 бұйрығымен «Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын» жүзеге асыру

Белгіленген мерзімде

Үшкемпірова А.М.

Төребаева Ә.Д.



Рахымбекова С.А.

74

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген 2015-2020 жылдарға арналған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі» іс-шаралар жоспары

Оқу жылы барысында

Үшкемпірова А.М.

75

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 шілдеде №470 бұйрығымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Рахимбекова С.А.



76

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №242 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Абдыкалиева М.Ш.

77

Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық өңірлік іс-шаралар жоспары

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Абдыкалиева М.Ш.

78

Қазақстан Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі Алматы облысының аймақтық іс-шаралар жоспары

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Рахимбекова С.А.

79

Облыс әкімімен бекітілген «Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары»

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Абдыкалиева М.Ш.

80

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 01 маусымдағы № 541 Қаулысына сәйкес құрылған «Қаржы орталығы» АҚ-мен жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жұмысы

Шілде-тамыз


Бұхарова А.К.

81

Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алудың 2015-2016 жылдарға арналған облыстық прокуратура, облыс әкімдігі, ІІД бірлескен жоспары

Белгіленген мерзімінде

Үшкемпірова А.М Абдыкалиева М.Ш.

82

2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат (2015 ж.)

Оқу жылы барысында

Қайранбаева А.Т.

83

Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы (17.09.2013ж №375)

Оқу жылы барысында

Омарова М.Т.

Қайранбаева А.Т.





2. Педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесі




Қаралатын мәселелер

Орындалуы жөніндегі белгі

Жауапты адамдар



1.


Білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі

Тамыз


Омарова М.Т.

Сүлейменова Ж.М.



2.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары педагогикалық қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі


Тамыз


Исағұлова Г.Т.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет