«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан



жүктеу 0.96 Mb.
бет1/6
Дата13.12.2017
өлшемі0.96 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан

әрі дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы

1061 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысын, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 633 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:



1. Қоса беріліп отырған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:

Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жыл сайын 30 қаңтарға және 30 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Осы Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуді бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2006 жылғы 7 қарашадағы

1061 қаулысымен



Бекітілген

 

 

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі

дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы

Бағдарламаның мазмұны

 

1.  Бағдарламаның паспорты

2.  Кіріспе

3.  Халықаралық сауданың және Қазақстандағы транзиттік әлеуетті дамытудың қазіргі заманғы жай-күйін талдау

3.1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытуға арналған алғышарттар

3.2. Алматы облысының «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағын құру жөніндегі әлеуеті және мүмкіндіктерi

3.3. Қазақстанның сыртқы саудасының қазіргі жай-күйін талдау

3.3.1. Қазақстан мен Қытайдың сыртқы саудасы

3.3.2. Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саудасы

3.3.3. Қазақстан мен Еуропа Одағы елдерінің сыртқы саудасы

3.3.4. Еуропа - Қытай - Азия - Тынық мұхиты өңірі елдерінің халықаралық саудасындағы жағдай

3.3.5. Халықаралық саудадағы трансұлттық корпорациялардың қызметi

3.4. Қазақстанда транзиттік контейнерлік тасымалды дамыту перспективаларын талдау

3.5. Бірыңғай көліктік-логистикалық жүйе - Ортаазия көлік-өнеркәсіп дәлізін құру

3.6. «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағын құрудың әлсіз және күшті жақтарын талдау

3.7. Жобаның Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін дамытудағы үлесін бағалау

3.7.1. «Қорғас-Шығыс қақпасы» құрлық порты арқылы транзиттік тасымалдар көлемінің өсімi

3.7.2. «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағының өнеркәсіптік аймағындағы өндіріс көлемінің өсімi

4.  Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерi

5.  Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi

5.1. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

5.2. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуға толық ауқымда қатысуы үшін жағдайлар әзірлеу және жасау

5.3. «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы ынтымақтастығы экономикалық аймағының базалық элементі ретінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамыту үшін алғышарттар жасау

5.4. Ортаазия көлік-өнеркәсіптік дәлізінің қазақстандық бөлігінің тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар қалыптастыру

5.5. Қазақстанның темір жол, автомобиль көлігінің нақты ықпалдасуына арналған жағдайларды қамтамасыз ету

5.6. «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағы және «Тасқала-Озинки» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру және дамыту

6.  Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

7.  Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

8.  «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрі дамыту бағдарламасын іске асырудың 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең)

 

1. Бағдарламаның паспорты



 

Бағдарламаның атауы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы

 

 

Бағдарламаны әзірлеу үшін

негіздеме

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегi іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 11-тармағы

4. Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың тұжырымдамасы

5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы



 

 

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы

 

Бағдарламаның мақсаты

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторын жедел көтеруге және Қазақстанның үйлесімді, аумақтық, геоэкономикалық дамуына, Қазақстанның шекара маңы сауда-экономикалық қатынастарын және транзиттік әлеуетін дамыту жолымен әлемдік шаруашылық жүргізудегі және халықаралық саудадағы тиімді ұстанымына бағытталған ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар қалыптастыру болып табылады

 

 

Бағдарламаның міндеттері

Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру; Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуға толық ауқымда қатысу үшін жағдайлар әзірлеу және жасау; «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағының базалық элементi ретінде «Қорғас» шекара маңы халықаралық орталығын одан әрі дамыту үшін алғышарттар жасау;

Ортаазия көлік-өнеркәсіптік дәлізінің қазақстандық бөлігінің тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар қалыптастыру; Қазақстанның темір жол, автомобиль көлігінің нақты ықпалдасуына арналған жағдайларды қамтамасыз ету; «Қорғас-Шығыс қақпасы» және «Тасқала-Озинки» шекара маңы сауда-экономикалық аймағын құру және дамыту

 

 

Қажетті ресурстар және

оларды қаржыландыру көздері

Қаржыландыру көздері республикалық бюджет қаражаты, жеке инвесторлардың, ұлттық компаниялардың өз қаражаты, даму институттарының тікелей инвестициялары, екінші деңгейдегі банктердің және басқа да қаржы институттарының қарыз қаражаты болып табылады

Бағдарламаны іске асыруға 2007 жылға республикалық бюджеттен 1627,0 млн. теңге мөлшерінде қаражат жұмсалады. 2008-2009 жылдарға арналған шығыстардың көлемi тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады

 

 

Бағдарламаны іске асыру

мерзімі

2007-2011 жылдар:

1-кезең: 2007-2009 жылдар;

2-кезең: 2009-2011 жылдар

 

 

Бағдарламаны іске

асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру Қазақстанның әлемдік нарықтарға шығуы, әлемдік шаруашылық ету жүйесінде тиімді ұстанымы үшін нақты жағдайлар жасауға мыналар арқылы ықпал ететін болады: 2011 жылға Қазақстанның сыртқы операцияларын тиімді басқару, жоспарлау үшін жағдайлар жасау;

Қазақстанның 2011 жылға қарай халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне, көлік, логистика, сауда және экспорттық өндіріс саласына бәсекеге қабілетті енуі үшін «өсу нүктелерін» экономикалық дамыту;

Қазақстан Республикасының өндірістік кооперациялар, субконтракциялар мен аутсорсинг түріндегі халықаралық технологиялық тізбектерге, инновациялық технологияларды дамытуға қатысуы;

Қазақстанның 2009 жылға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуға толық қатысуы үшін халықаралық маңызды объект ретіндегі «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінің қалыптасуы;

Қазақстанның көліктік жүйесін және 2011 жылы халықаралық контейнерлік тасымал саласындағы Ортаазиялық көліктік-өнеркәсіп дәлізінің -трансазиялық транзиттік дәлізінің қазақстандық учаскесінің сауда-өндірістік инфрақұрылымын дамыту;

Ресей Федерациясы (бұдан әрі - Ресей) және Қытай Халық Республикасымен (бұдан әрі - Қытай) сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту және Оңтүстік-Шығыс Азия, Eypoпa мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі -ТМД) басқа да елдерімен сыртқы саудабайланыстарын көп жақты дамыту;

2008 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық бәсекелестікті болдырмау үшін «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағы қызметінің сервистік, өндірістік және көліктік аспектілері бойынша халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі келісімге қол қою; 2011 жылы Қазақстанның инвестициялардың және халықаралық сақтандырудың халықаралық нарығына шығуы;

өндірістік қуаттарды және ірі трансұлттық корпорациялар қызметінің операторлық мүмкіндіктерін және әлемдік брендтердi орналастыру;

халықаралық басқару тәжірибесін алу;

көліктік және логистикалық қызметтер саласында халықаралық стандарттар мен жаңа технологияларды енгізу, тасымалдаудың озық технологияларын қолдану, операторлар мен экспедиторларжүйесін қайта қалыптастыру және дамыту, көліктің қауіпсіз қызмет етуін қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарға сәйкес навигациялық және телематикалық жүйелерді дамыту;

Қазақстанның, Қытайдың және Ресейдің кооперациялық байланыстарын кеңейту, қазақстандық өнімді өткізудің жаңа рыноктарын құру;

Қазақстанның шекаралық аймақтарының индустриялық-инновациялық инфрақұрылымын дамыту;

Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалаларының геоэкономикалық ресурстары негізінде көліктік дәліздер бойындағы арнайы технопарктік аймақтарды дамыту;

қазіргі заманғы ғылыми қажетсінетін технологияларды тарту жолымен Қазақстанның өнеркәсіптік құрылымын жаңғырту;

жоғары білікті мамандарды тарту және қосымша жұмыс орындарын ашу, жергілікті қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

 

2. Кіріспе



 

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мыналарға сәйкес әзірленген:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы;



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 11-тармағы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың тұжырымдамасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметінің құқықтық негізі мына үкіметаралық келісімдер болып табылады:

2004 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру туралы негіздемелік келісім;

2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісім.

Бағдарламаны әзірлеу Қазақстанның ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттырудың басты аспектілерінің бірі ретінде республиканы екі жақты шекара маңы ынтымақтастығын толыққанды дамыту, көліктік-логистикалық тұрғыда және транзиттік әлеуетті дамыту арқылы халықаралық сауда жүйесінде барабар көріну қажеттігінен туындаған.

Бағдарлама «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын (бұдан әрі - «Қорғас» ШМЫХО) одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын, басымдықтары мен міндеттерін айқындайды.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - Қазақстан) Қытаймен шекара маңы ынтымақтастығы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының (бұдан әрі - ШЫҰ) шеңберінде екі жақты стратегиялық әріптестікті нығайтудың және көп жақты өзара іс-қимылды дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес дамуда.

ШЫҰ Хартиясына сәйкес ынтымақтастықтың бағыттары түрлі нысандардағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықты, тауарлардың, капиталдардың қызметтердің және технологиялардың еркін қозғалысын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында сауда және инвестициялар үшін жағымды жағдай туғызуды қолдау және көтермелеуді қамтиды.

Бағдарлама шеңберінде Алматы облысы Панфилов ауданында «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағын (бұдан әрі - «Қорғас-Шығыс қақпасы» ШСЭА) құру болжанады. «Қорғас-Шығыс қақпасы» ШСЭА басты және жүйе құрушы элементі халықаралық контейнерлік жүк ағындарына қызмет ететін халықаралық маңыздағы құрлық порты болып табылады.

Бағдарлама, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының (Қазақстан) және Саратов облысының (Ресей) шекарасында халықаралық құрлық порты және өндірістік аймағы бар «Тасқала-Озинки» шекара маңы сауда-экономикалық аймағын (бұдан әрі - «Тасқала-Озинки» ШСЭА) құруды көздейді.

«Тасқала-Озинки» құрлық порты Бағдарламада жоспарланған мемлекеттік бақылаушы органдардың өзара іс-қимылының бірыңғай технологиялық жүйесі бар халықаралық маңызды порттар ретінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» құрлық порты, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Ақтау теңіз порты» АЭА) біріктіретін Ортаазия көліктік-өнеркәсіптік дәлізінің (бұдан әрі - ОКӨД) бірыңғай көліктік-логистикалық жүйесіне кіреді.

 

3. Халықаралық сауданың және Қазақстандағы транзиттік әлеуетті дамытудың



қазіргі заманғы жай-күйін талдау

 

3.1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық



орталығын одан әрі дамытуға арналған алғышарттар

 

Бүгінде жаңа бәсекеге қабілетті өндіріс пен қызметтерді орналастыруға арналған негізгі аумақтар мен инфрақұрылымдық осьтерді қалыптастыратын Қазақстанның шекаралық ынтымақтастығы мен транзиттік әлеуетін дамыту үшін жағымды экономикалық және саяси жағдайлар қалыптасуда. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыруда қазіргі заманғы әлемдік экономикадағы өндірістік және көліктік логистиканың тиімділікпен дамып келе жатқан қағидаларын қолдануға нақты мүмкіндіктері пайда болады.

Халықаралық экономикалық кеңістікте елдің экономикалық сәйкестігін анықтаудың базалық тетігі ретінде логистиканы дамыту Қазақстан үшін, мысалы көліктік дәліздердің қиылысында орналасқан және Еуропадағы ең мықты транзиттік әлеуетке ие Германиямен салыстырмалы түрде. Бүгінде Германия халықаралық нарықтарда ірі логистер болып табылады және әлемдегі экспорттаушы елдер арасында бесінші орынға ие. Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін іске асыра отырып, Орталық-азия өңірі мен Тәуелсіз елдер ынтымақтастығына (бұдан әрі - ТМД) көш басындағы орындарға ие болып, 2012 жылға қарай өзінің экспорттық әлеуетін дамытуға нақты жағдайлар туғыза алады. Бұған Қытаймен экономикалық ынтымақтастық шарттарының кеңеюі, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы ортақ экономикалық кеңістікті дамыту үшін оң ілгерілеу ықпал етеді.

Әлемдік тәжірибені талдау дамушы елдердің көпшілігінде шекара маңы қатынастары және аумақтар халықаралық сауда объектілері болып табылатындығын және халықаралық көлік дәліздерінде орналасқан құрлық порттары, теңіз порттары, әуежайлар, ірі темір жол тораптары - шекара маңы көлік өткіндеріне жақын аумақтардағы арнайы сауда-экономикалық аймақтарды құру жолымен дамитындығын көрсетеді.

Көрсетілген аймақтарда тұтастай елдер мен өңірлер таза өндірушілерге де аутсорсерлер, субконтрактерлерге және логистерлерге айналатын қаржыландыруды бөлу, тапсырыстарды орындау жүзеге асады. Бұдан әрі мұндай аймақтар экономиканың әлемдік жаһандануы жағдайында елдің халықаралық еңбек бөлінісінде ұстанымы кезінде жаңа бәсекелестік өндірістерді орналастыру үшін басты объектілер болып отыр.

Бүгінде Қытайдың экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтудың басты құралдарының бірі еркін сауда аймақтарын немесе экспорттық мақсаттағы сауда-экономикалық аймақтарын құру болып табылады. Қытайдың Коммерция министрлігінің мәлімдеуі бойынша жақын арада экспорттық өндірістердің 50 аймағы, бірінші кезекте солтүстік және батыс бағыттардағы шекара маңы аймақтарын ашу болжанып отыр.

Әлеуеттік транзиттік елдер Қазақстан мен Ресей халықаралық еңбек бөлінісінде, оның ішінде контейнерлік жүк тасымалының тез өспелі нарығына шығу бойынша өз ұстанымдарын айқындайды. Ресей басымдық тәртібімен Жапониямен және Оңтүстік Кореямен бірлесіп, Транссіб халықаралық көліктік дәлізін, ал Ұлыбританиямен бірлесіп, бұл дәліздік автомобилдік бөлігін әзірлеуде.

1986 жылдан бастап әлемде контейнерлік тасымалдардың көлемі орта есеппен алғанда жылына 10-11%-ға өскен, 2003 жылы ол 281,4 млн шартты 20-футтық контейнерді (ТЕU құрады, эксперттердің бағалауынша, 2012 жылға қарай ол басқа салалардан үлкен айырмашылықпен, тек көмірсутегілерін тасымалдау көлемімен бәсекелесе отырып, 375 миллион ТЕU-ға артады.

Бұл өсім төлемге қабілетті сұраныспен емес, тек көліктік инфрақұрылымның өткізушілік қабілетімен ғана шектелген. Бұл сұраныстың болуы, сөзсіз, осы нарықты экономиканың инвестициялық тартымды сегменттерінің біріне айналдырады. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның дамуына байланысты ағымдағы инвестициялық жобалар жылына миллион доллар сомамен бағаланады. Сондықтан порттарға, логистикалық орталықтар және тиеу-түсіру терминалдарына салынған инвестициялар бірнеше жыл ішінде ақталатын болады.

Қытай бүгінде Қазақстан мен Ресейдің негізгі сыртқы саудадағы серіктесі, контейнерлік тасымалдар көлем бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады - 2003 жылғы контейнерлік айналым 48 миллион ТЕU-ден астам. Ресейдің, Еуропаның және Қытайдың тауар айналымының жартысынан көбін контернейлерде тасымалданатын жүктер құрайды. Бұл ретте контейнерлік тасымалдардың ыңғайлылығы тасымалдардың мультимодалдығынан, жүк тиеу-түсіру жұмыстары уақытының қысқаруынан, «есіктен есікке дейін жеткізуден» көрінеді, бұл жүк тасымалдаудың осы саласына әлемде тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етеді.

Құрлық порты «Қорғас» ШСЭА құрылымында контейнерлік жүк ағындары мен өндірістің логистикалық, соның ішінде трансұлттық түрлерінде мамандандырылатын болады, бұл республикаға трансконтинентальдық технологиялық тізбекте өз орнын алуға және барлық трансконтинентальдық тауарлар мен қызметтер трафигінде халықаралық өндірістік корпорацияға ықпалын тигізуге мүмкіндік береді.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» құрлық порты сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың теміржол жолдарының нақты ықпалдасуының жоқтығымен байланысты мәселені шешеді.

Қазақстанның аумағы бойынша «шығыс-батыс» континентаралық контейнерлік тасымалдаулар ОКӨД арқылы өтеді. Жүк ағындарын қалыптастырудың Халықаралық жоспары бойынша ОКӨД «Семиглавый Мар» темір жол станциясы арқылы (Тасқала кенті) Қазақстанның Батыс Қазақстан облысының шекарасында Ресейдің Саратов облысындағы Озинки темір жол станциясына шығатын халықаралық контейнерлік тасымалдаулардың операторы ретінде анықталған.

«Тасқала-Озинки» құрлық порты Қазақстанның, Ресейдің және ТМД елдерінің теңіз порттары мен өзге де ірі континентальдық көліктік тораптарының қызметін континентальдық реттеуші-порт ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл порт - реттегішті қосу Қазақстан үшін маңызды «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көліктік дәлізінің қызметін айтарлықтай жандандырады және тиісінше жүк тартуға және Ортаазия көліктік-өнеркәсіптік дәлізінің толыққанды жұмыс істеуіне жағдайлар туғызады.

Нәтижесінде Қытайдан, Ресейден, Еуропадан, Ираннан, Үндістаннан және кері контейнерлік жүк ағындарын қалыптастыру және қайта бағыттау жолымен «Ақтау теңіз порты» АЭА және Қазақстанның жоспарланып отырған каспийлік порттарының жүк тартымдылығы ұлғаяды. «Тасқала-Озинки» құрлық порты Батыс Сібір, Орал және Ресейдің Еділ бойы өнеркәсіптік аудандарынан жүк ағынын қалыптастыратын Қазақстанның батыс аймақтарының көліктік тораптарындағы жүк қозғалыстарын бірыңғай логистикалық кестеге біріктіру есебінен жүк ағынын ұлғайтуға жағдайлар туғызады.

ОКӨД Қазақстан арқылы өтетін континентаралық бағдарлардың даму стратегиясының маңызды бағыттарының біріне айналуы керек және ол ең көп транзиттік түсімді, республика үшін мультипликативтік әсерді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ OКӨД шығыс бағыттан Орталық Азия мен Таяу шығыс, Ресей, ТМД және Балтық жағалауы елдері одан әрі Еуропа арақашықтығын, жүктерді жеткізу мерзімін, көліктік шығындарды тиімділікпен қысқарту тұрғысынан ұлтаралық компаниялар мен халықаралық көліктік операторлар үшін барынша тартымды болады.

Аталған көліктік дәліздің халықаралық мәртебесі мына: қазақстандық-қытайлық шекараның шығысында және қазақстандық-ресейлік шекараның батысында халықаралық ынтымақтастықтың екі аймағы құрылуымен қамтамасыз етілуі тиіс, олар Көліктік дәліз бен ірі көліктік-өндірістік шекаралық тораптардың сервис-сауда-өндірістік инфрақұрылымын барынша дамыту мақсатында осы аймақтар Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық сипатқа ие халықаралық мағынадағы шекаралық сауда-экономикалық аймақтар ретінде анықталуы тиіс.

ОКӨД-ті кең көлемді дамыту республиканың саудасы мен индустриялық-инновациялық дамуына жағдайлар туғызады және халықаралық сауда жүйесіне Қазақстанның алты облысын енгізеді, бұлар Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары.

Толыққанды қолданылатын транзитті ашу Азияның ең ірі жобаларының біріне сөзсіз айналады және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі кезінде маңызды рөлге ие болып, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін өсіруге объективті жағдайларды қамтамасыз етеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет