Организационно-педагогические условия развития профессиональной компетентности будущих учителей изобразительного искусства в процессе изучения специальных дисциплин



жүктеу 2.37 Mb.
бет13/13
Дата26.02.2018
өлшемі2.37 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Мысалы, № 45 мектепте 2-сынып оқушыларының ертегіге иллюстрация салған жұмыстарын зерттеу жолдарында айқын байқалады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне иллюстрация салған жұмыстарының композициялық шешімдерінде екі фризді, жұмысқа қарағанда бір фризді шешім басымырақ. Бір фриз дегеніміз - бір сызықтың бойында бейнелеуді білдіреді.

Жұмыстардың жалпы барлығы дерлік мағыналы байланыста жақсы келтірілген. Бірақ оқушылардың ішінен перспектива элементін қолданғандары шамалы. Ертегідегі басты кейіпкерге көбінесе мысық бейнесін алған. Біраз шығармашылық жұмыстың композициялық шешімдерінде, мысық шағын ғана және құйрығы шолақ қылып салынған. Бұл 6 -7 жас шамасындағы балалардың суреттерінде кішкентай бөлшектерді көп салатындығын дәлелдейді. Сонымен қатар оқушылардың ертегіні қызығып, мұқият тыңдағандары байқалады. Жұмыстардың ішіндегі ерекше шешімдер:

Мысалы, Оралханның композиция шешіміндегі ерекшелік, артқы фонда үйдің ішкі көрінісін бейнелегенде, сол жақта ұлттық сандықтың үстінде, әр түрлі түстегі төр көрпелер жинақталып салынған. Алдыңғы жоспарда - оң жақта қатықты төккен шолақ құйрықты ызаланған мысық көрінісі бейнеленген. Ал, оң жақтағы мақта қыз екі бүйірін таянған қалпында, мысықтың кесіп алған құйрығын ұстағаны бейнеленген. Жерде сыпырғыш жатыр, жалпы сурет дәптерінде ашық жер қалдырылмай, күлгін түске боялған. Осы композициялық шешімде, мақта қыз өзінің шартын айтып жатқаны анық байқалады.



Гүлімнің суретінде, мұңайған мысық бейнесі айқын көрініп тұр. Бұл жұмыста бір сызық бойында екі көрініс суреттелген. Талдың шартын естіген мысық және он жақ шетке қарай шелек ұстаған екі қыз бейнеленген. Төменгі жақ жасыл түспен біркелкі боялған, оның үстіне қанық түспен боялған гүлдерді салған.

Нұрболдың жұмысында, оң жақта қоңыр ұзын, қара мұртты ашуланған мысық қатықты төгіп жатыр, ал оң жақ шетте тұрған суырмаға мақта қыз қайшы алуға бара жатыр, бұл әрекетте қолды алдыға созған қимылы және суырма жаққа адымдаған аяқ алысы көрініп тұр. Жұмыстың орта тұсында диван, екі жақ шетінде орналасқан терезелерде сары перделер ілінген, айнала ақшыл көк түске боялған.

Ақеркенің композиция шешімінде, сурет дәптерін ерекше көлденең алған. Оң жақ бөлігінде көк түспен боялған, үйдің төменгі жағында ойылған тесікке тышқан қорқып, кіріп бара жатқаны бейнеленген. Сол жақтағы мысықтың кейпі: «тез дән алып шық» дегендей суреттелген.

Қорыта айтқанда, әлемдік білім беру жүйесі ХХІ ғасырда жаңарып, жаңа бағытта дами бастағаны бәрімізге белгілі. Мұндай зерттеу барысында дайындалған теориялық қағидалар мен зерттеу жұмысы нәтижесінде алынған мәліметтер келесідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Қазіргі жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда тәрбие мен оқу үрдісін жетілдіруде, оқушылардың бейнелеу өнеріндегі композиция шешімдерінің ғылыми – психологиялық және педагогикалық ерекшелігін зерттеуге назар аудару орынды да, қажет. Қазақ халқын, оның мәдениетін дүние жүзі мойындауы үшін ұлтымыздың тілін, дінін, салт-дәстүрін, ұлттық өнерін бағалай білуіміз керек. Денсаулығы мықты, білім деңгейі жоғары оқушыдан ғана болашақта білікті маман иесі шығады.
Әдебиеттер

1.Н.Н.Ростовцев. Методика преподавания изобразительного искусства в школе, М.:-Агар, -1997,

2. С.А.Аманжолов. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы, Астана, ЕҰУ, 2006

МАЗМҰНЫ

Д. Қамзабекұлы Мәдени мұра құндылығы; Міржақып Дулатұлы және ұлт

руханияты................................................................................................3-6
А.Т.Бимендина Астана қаласындағы тұңғыш эстетикалық

бағыттағы білім ошағының ерекшелігі..............................................7-10
Қ.К. Болатбаев Мәдени мұраның мамандық даярлаудағы маңызы........................10-14

С.Ә. Аманжолов Білім беру сапасын көтеруде арнайы ғылыми, оқу әдістемелік

зертхананың атқаратын рөлі .............................................................14-22
З.Ш.Айдарова Мектеп оқушыларына тәрбие

беруде мәдени құндылықтардың алатын орны................................22-29
Ұ.Н.Арқабаева 12 жылдық мектептегі «Өнер»

білім беру саласында жобалау мәселесі..........................................30-34

Нурабатыров Б.Б. Организационно-педагогические условия развития профессиональной

компетентности будущих учителей изобразительного искусства

в процессе изучения специальных дисциплин...............................34-37
Ә.С. Алдыбаева Ақпараттық мәдениетті оқыту процесін оқушы бойына

қалыптастыру ....................................................................................37-42


Ж.Ш. Балкенов

Ж.Ә. Кожиков Студенттерді ұлттық мәдени мұрадағы өрнек өнерінің көркемдік

құндылықтарына баулуды қалыптастыру......................................43-49


Аркабаева У.Н. Проблемы проектирования образовательной

области «Искусство» в 12-летней школе.......................................50-53


И.Ш. Ачилов Инновационные методы преподавания академического

рисунка и рисунка в вузе, колледже и в

художественной школе ……………………………………............53-58
Мадиева А.Т. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби

біліктілігінің оқушыларға сапалы білім берудегі рөлі .................58-62



Горбунова Г.А. Художественно-творческие способности

школьников в процессе обучения

средствами изобразительного искусства........................................62-66
Т.К.Самуратова Халық дәстүрлі өнері – ұлттық мәдени мұра....................................................................................................66-71
Байдельдинов А.Х. Оқушыларды көркем еңбекке аулу..................................................71-75

Абжапаров Қ. Ұлттық қолөнерді бейнелеу

өнері сабағында оқытудың рекшеліктері........................................75-78


Жүнісбек С. Тарихи ескерткіштердің

патриоттық тәрбие берудегі маңызы...............................................78-80


Жантілесова А. 5-6 сыныптарда батикті оқытудың әдістемесі................................80-89
Якубова М. ЖОО-да өткізілетін пленэр

практикасының маңыздылығы ........................................................89-91


Сымағұл Г. Қытай Халық Республикасында

бейнелеу өнерін сабағын оқыту ерекшелігі ...................................91-93


Адай А. Бейнелеу өнеріндегі суреттің маңызды рөлі..................................94-96
Мухажанов Б. Тарихи ескерткіштерді бейнелеу өнері сабағында

оқыту арқылы жастарға тәрбие беру................................................96-99


Габбасова С. Творчество И.Е. Репина................................................................99-101
Кумарова А.Т. Композиционная особенность

грамотного изображения

предметов с натуры по рисунку..................................................101-106
Буянжарғал Е. Ұлттық бейнелеу өнерінің ерекшелігі.........................................106-108
Ахметжанов М.М. Қазақ ою-өрнегі – халықтық мұра...............................................108-111
Малғаздарова Л.И. Қазақ халқының ою-өрнектерінің қолданылуы........................111-119
Рамазанова Д. Бейнелеу өнерін оқытудағы ескеретін кейбір мәселелер.....................................................................................109-120
Сүйіндікова П.А. Бейнелеу өнері сабағында 1-2 сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін зерттеу жолдары........................................................................................120-124

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ


МӘДЕНИ МҰРА ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

М А Т Е Р И А Л Д А Р Ы
Басуға 26.08.2010 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84/1

Кітап–журнал қағазы. Көлемі 8,2 б.т.

Таралымы 100 дана. Тапсырыс № 142
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ РББ

Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 13








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет