Организационно-педагогические условия развития профессиональной компетентности будущих учителей изобразительного искусства в процессе изучения специальных дисциплин



жүктеу 2.37 Mb.
бет7/13
Дата26.02.2018
өлшемі2.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Resume

In this article is eximined a traditional national art like a heritage of the kazakh nation. Traditional decorative art is a basic of art culture of nomads, its develop and specialities



Байдельдинов Асан Х.

63 орта мектебінің бейнелеу өнері және технология пәні мұғалімі


ОҚУШЫЛАРДЫ КӨРКЕМ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың мәдени өрісін көтеру, сұлулықты қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы төл мәдениеттің белсенді жасаушысы, иесі, жалғастырушысы болуына зор мән берілуде. Сонымен қатар оқушылардың өз елінің, халқының, соның ішінде өзі мекен ететін аймақтың мәдениетіне, дәстүрлеріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастыру – бейнелеу өнері, технология пәндерінің негізгі міндеттері болып отыр.

«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан да еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы – жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет.

Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым. Ұлы данышпан Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң» деген сөзі осыны дәлеледесе керек. Сондықтан бүгінгі ұрпақтарға білім-ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымыздың тағылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің мәні зор. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата-бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. Сол себепті жалпы білім беретін орта мектептерде бұл мәселені жолға қою, яғни егеменді елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру – басты міндет.

Эстетикалық мәдениетті дұрыс қалыптаспаған адам ғылымда, саясатта және қоғамда өзгелермен тіл табысуда мәдениетті түрде адамгершілікпен әрекет жасай алмайды. Сондықтан қазірден бастап мектеп оқушыларына ойлау, эмоционалдық сезімдерді қалыптастыру, экологиялық, патриоттық тәрбиелер ауадай қажет, оны ұлттық қолөнеріміз бен мәдениеттің қатысуынсыз жеткізу мүмкін емес.

Қазіргі күннің талабы – білімді, өнерлі, өнегелі жас ұрпақ тәрбиелеу. Әлемдік білім беру жүйесі ХХІ ғасырда жаңа, тың бағытта дами бастады. Білім берудің мазмұны, мақсаты өзгерді. Қоғам, мемлекеттік болған соң, ең алдымен, білім, тәрбие керек. Сондықтан да елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім мен өнер, мәдениет салаларына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Көркем эстетикалық тұрғыда тәрбиелеуде ұлттық өнерді үйретуде мына мақстаттарды алға қоюымыз керек:


  • халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын дүниетанымын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптасытыру;

  • жас ұрпаққа халқымыздың асыл дәстүрі мен салтынан мағлұмат бере отырып дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу;

  • ұлттық қолөнері және рухани-мәдени байлығымызды танып-білуге тәрбиелеу. Өз отанының және халқының қолөнер мұраларын танып, жетік меңгеру;

Еліміздің өркениетті елдер қатарынан алдыңғы орындарды иеленуге ұмтылуы жағдайында жас ұрпақты жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажеттігі арта түседі. Мұны жүзеге асырудың бір жолы олардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру болып табылады. Өйткені жеке тұлғаның эстетикалық тұрғыдан дамуы тәрбиенің құрамдас бөліктерінің барлығымен сабақтастықта, өзара байланыста жүзеге асырылады. Әсіресе, бұл сәндік-қолданбалы өнерді үйрету үрдісінен айқын көрінеді.

Жас жеткіншектерге ұлттық өнердің қыры мен сырын игерте отырып, олардың эстетикалық сезімталдығын, ой-қиялын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін шыңдау, балалардың өзі өмір сүретін ортасына сұлулық әкелуге деген құштарлығын, туған халқының көркем-мәдени мұраларына, эстетикалық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік қатынастарын тәрбиелеуге зор мүмкіндік туғызады.

Қазіргі уақытта эстетикалық тәрбие үлкен маңызға ие. Оның міндеттерінің бірі – жасөспірімдердің шынайы өмірге, өнерге эстетикалық қарым-қатынастарын қалыптастыру. Ал бұл шығармашылық тұрғыдан іздемпаз тұлғаны дамытудың факторы саналады. Адамның шындыққа, өнерге эстетикалық қарым-қатынасы эстетикалық қабылдаудан басталады және онсыз қалыптасуы мүмкін емес. Осыған байланысты балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдау және бақылау қабілеттерін дамытудың қажеттілігі артады. Осы қабілеттердің дамуы өмір мен өнердегі әсемділікті, ұлылықты, шынайылықты түсінуге және оларды талғамсыздықтан ажырата білуге мүмкіндіктер жасайды. Эстетикалық қарым-қатынастар эмоционалдық сипатқа ие болғандықтан өмір мен өнердің эстетикасын тану, эстетикалық күй кешу, сезіну арқылы жүзеге асырылады. Әсемдікті, ұлылықты қабылдау адамды алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды әсер қалдырады.

Эстетикалық тұрғыдан қабылдау адамның туа біткен қабілеті болып табылмайды. Ол білгілі бір мәдениеттіліктен, даярлықтан, эстетикалық білімділіктен талап етіледі. Бұл эстетикалық қажеттілік, қабілет, талғам, бағалау және т.б. сапаларды қамтитын жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігін арттыра түседі.

Шындыққа эстетикалық қарым-қатынас затты, құбылысты эстетикалық тұрғыдан бағалаулан да көрінеді. Ал эстетикалық тұрғыдан бағалау эстетикалық талғамнан талап етіледі. Жасөспірімнің эстетикалық талғамы оның эстетикалық тұрғыдан сезімін білдіру, оны саналы ойдан өткізу, көркемдік сапаны эмоционалдық бағалау, көркемдік нысанды жеке эстетикалық қажеттілігі деңгейімен салыстыру және т.б. қабілеттерді қамтитын психикалық қасиеттерінің күрделі кешені болып табылады. Эстетикалық талғам жеке тұлғаның қажеттіліктері мен идеалымен қатар жүретін күрделі білім. Ол жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиелілігінің көрсеткіші, көркемдік дамуының деңгейі болып саналады. Эстетикалық талғамның дамуында қиял, елес және көркемдік ой үлкен мәнге ие болады. Жасөспірімдірдің осы сапаларының дамуына тарихы мен мазмұны терең сәндік-қолданбалы өнер сласындағы жан-жақты білімдер, аталған өнер түрлерінің туындыларын жасау барысындағы шығармашылық тапсырмаларды орындау ықпал етеді.

Жасөспірімдердің сәндік-қолданбалы өнерді меңгеру үрдісінде эстетикалық мәдениетін қалыптасытыру оның адам өміріндегі рөлін жетік түсіндіруден, оның маңыздылығы мен мәнін және спецификалық заңдылықтарын толық ашып көрсетуден де талап етіледі. Бұл жағдай сабақтарда халық өнерін қазіргі мәдениеттің ажырымас бөлігі тұрғысынан, кәсіби өнермен өзара әрекеттестігі, ерекше типтегі шығармашылық тұрғысынан қарастырғанда ғана мүмкін болады.

Мектептегі технология сабағында және үйірме жұмыстары барысында шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды көркем еңбекке баулу халқымыздың мәдени мұрасын жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қиялына қозғау салып, көркем еңбекке баулуда сыйлық заттар жасатудың тәрбиелік мәні зор. Ұлтты танытатын сыйлық заттар жасау барысында әр бұйымды, дәстүрді зерттеу арқылы ізденіс туындайды, оқушылар бойында патриотизм қалыптасады.

Ең басты міндет оқушыларды көркем еңбек арқылы қызығушылықтарын арттырып, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекке деген ынтасын арттыру.

Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарын талдап қана қоймай, соларға ұқсатып жасау баланың шығармашылық жұмысқа, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттырады, әдемі заттар жасауға талпындырады, рухани-адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады, еңбекке, еңбек адамдарына құрметі қалыптасады, өз еңбегін және өзгелер еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді. Осы тұлғалық сапалардың қалыптасуы барысында эстетикалық мәдениет элементтері де үлкен мәнге ие болады.

Қазіргі таңда ұлттық ерекшеліктермен жасалған бұйымдарға сұраныстың артуы оқушыларды қазақ халқының кәсіптік қолөнер бұйымдарын дайындай білу іскерлігіне баулу қажеттігін тудырады. Бұл мәселені шешудегі негізгі себеп: оқушы жастарды жаңа экономикалық жағдайда еңбек етуге, өз бағыт-бағдарын анықтауға, мүмкіндіктерін іске асыруға даярлау.

Ұлтымызды танытатын домбыра, қобыз, жетіген, т.б. музыкалық аспаптар, киіз үй, бесік, алтыбақан, қымызға арналған ыдыс-аяқтар, ою-өрнектер, төрт түлік, аңыз-ертегі, салт-дәстүр осының барлығын пайдаланып, түрлі композициядағы сыйлық зат жасау оқушылардың жеке шығармашылықтарын қалыптастырады. Мысалы: домбыраның құрылысы, түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын үйретіп, бұйымға қажетті ағаш бөлігін таңдап алу керек. Ағаш бөлігіне домбыраның сызбасы орындалып, артық бөліктері арамен кесіп алынып тасталады, сонан соң қашау, түрпі, т.б. құралдардың көмегімен кішкене домбыра жасалады. Сонан соң астына домбыраны орналастыратын тұғыр жасалады. Бұл бұйымдар қайрақ қағазбен өңделіп бір-біріне клейленіп, лакталады. Осылайша бір ғана домбыраны пайдалану арқылы қаншама түрлі сыйлық зат жасауға болады.

Домбыраның бірнеше түрлері бар, оны әр түрлі жағдайда орналастыру, сонымен қатар бұйымның сан алуан болуы оның тұғырына байланысты. Қаламсалғыш бұйым ретінде де, ою-өрнек немесе басқа да заттармен біріктіріп ойластыруға болады. Екі немесе үш бұйымды пайдаланып, күрделі композициядағы сыйлық заттар да жасауға болады.

Сыйлық заттар жасауға бейімделген оқушылар үйлерінде де үнемі көркем еңбекпен айналысады, халқымызды танытатын бұйымдардан неше түрлі композиция ойластырады, алдағы жасайтын туындыларының эскизін салып, ізденіске түседі. Оқушылардың мұндай жұмыстарға қызығушылықтары өте жоғары, бір-екі жұмыстан соң-ақ қажет құралды, материалды өздері таңдай білу қабілеттері пайда болады. Жасаған бұйымдары өте сәтті шыққанда, оқушы өз еңбегінен ләззат алып, қуанышқа бөленеді, қызығушылығы артып одан да әдемі жұмыс жасауға талаптанады. Егер көп қиналып, жұмысы жақсы шықпайтын оқушы болса, оған ұстазы көмектесіп отырып жасатқаны дұрыс. Әрине осындай сан алуан сыйлық заттар жасау, мұғалімнің оқушыларға бағыт-бағдар беріп, оқытып, баулуына, қиялдарын ұштауына байланысты.

Мұғалім әрқашан оқушыларды үйретіп, бағыт-бағдар бере отырып, өзі де жұмыс істеп, шеберлігін көрсету арқылы оқушыларды шабыттандыруы керек. Басты мақсат, оқушылар өз ұстазын “шебер” ретінде танып, үлгі тұтып, еліктеуіне қол жеткізу.

Кәдесыйлықтар жасауды тек қана арнайы топтарда ғана емес, мектептегі барлық сыныптардың технология сабақтары барысында да қолданған жөн. Әр сынып оқушылары өз жас деңгейлеріне қарай композиция құрады. Қолөнер шеберлерінің туындыларына асқан қызығушылықпен мән беріп, зерттей қарап, ұлттық өнерді қадір тұтады. Бұл жұмыстар келешек қолданбалы өнер шеберлерінің қалыптасуының бастауы.


Абжапаров Қуаныш

37 орта мектеп, Бейнелеу өнері, технология дизайнінің мұғалімі



ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел болады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениеті мен төркіндестігінің айғағы.

Қазақ халқы – кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процесске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан – жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай – ақ, Оңтүстік Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті де әсер етті.Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғырту үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде 19 – ғасырдың екінші жартысымен 20 – ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Міне осы жоғары өрлеуді қазіргі заман талабына сай, қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін әрі қарай дамыта беруді, жастарды, келешек ұрпақты осы салада оқытуды тереңдету мақсатында мен болашақ ұлттық мектептің моделін жасадым. Оның себебі әрбір өскелең ұрпақ өзінің қолөнер шеберлігін арттырып үйреніп, оны өзінен кейінгі ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру.

Астананың барлық мектебінде болмасам да біразында болдым. Байқағаным мектептерде, оның ішінде ер балаларды қазақ халқының қолөнер бұйымдарын үйрету, оқыту процесстері нашар екен. Сол себепті мен осындай ұлттық мектептің моделін жасап, ғылым және білім министрлігіне ұсыныс жасауды жөн көрдім.

Менің жасаған моделімнің сыртқы пішіні кәдімгі ашық тұрған кітап, жанында тағы бір мектеп ғимараты орналасқан - ол жабық тұрған екі кітапша, олар бірінің үстінде бірі жатыр. Екі ғимарат бір – бірімен екінші қабат арқылы байланысқан, бөлмелері кең, ауасы таза, коридорлары да кең, терезелері үлкен – үлкен. Әр сыныпта төрт терезеден, ішінде телефон, телевизор, тақта. Мектептің ішінде асханасы, компьютер сыныптары, ойын залдары. Үшінші қабатта бокс залдары бар. Ал жеке орналасқан екі қабатты ғимаратта оқушыларға қазақ халқының қолөнер туындылармен айналысуына толық мүмкіндік бар. Онда арнайы шеберханалар мен жеке сурет, дизайн, модельдеу архитектура бөлмелері бар.

Шеберхана ағаш және зергерлік бұйымдар жасау үшін арнайы жабдықталған. Шеберханада 10 – 15 оқушы бір мезгілде еңбекпен шұғылдана алады. Жалпы мектеп 400 – 450 балаға арналған. Оған оқушыларды конкурс арқылы қабылдайды. Оған талантты, қолынан іс келетін балаларды тарту.

Қазақ қолөнерінде ою - өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың ою - өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі. Ою - өрнек қолданбалы қолөнер бұйымдарының тұтыну және эстетикалық мән – мағынасын аша түседі.

Сондықтан қолөнер шеберлері жасаған заттардың әрқайсысының қалай әшекейленіп, өрнектелгеніне жеті зер салған жөн.

Ою - өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы әдет – ғұрып, салт - дәстүріне сай дамып, түрлендіріліп, жетілдіріліп отырған. Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою - өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Халық шеберлері ою - өрнекпен, сәулетті ғимараттарымен, киім – кешек, жиһаз, қару – жарақ, ат әбзелдерін, зергерлік әшекей заттарын т.б .тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп отырған. Міне осы әдет – ғұрыпты әрі қарай сөндірмей жалғастыру біздің міндетіміз.

Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдар мен зәулім ғимараттар - көз қуанышы. Ол жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын – шайтаннан қорғану және өзін - өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қоятын. Осының нәтижесінде ою - өрнек пайда болды. Ою - өрнек латынның «оrnamentum» сөзімен мәндес. Оның аудармасы әшекей, өрнек, бедер деген мағынаны білдіреді.Көшпелі қазақтар табиғаттың әдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына аса мән берген. Оған дәлел халықтың ежелгі қолданбалы өнерінің маңызды бөлігін ою -өрнектердің құруы. Ежелгі шеберлер үшін шабыт көзі табиғат өсімдіктер мен жануарлар әлемі болған. Олар ыдыс – аяқты, киім – кешекті, қару – жарақты, үйлер мен ғибратханаларды тамаша әшекейлеген. Тіпті ұлттық билердің де өзіндік ерекшеліктері болған. Бишінің түрлі өрнектер жасап қозғалуы үлкен шеберлікті талап еткен.

Дүниежүзілік бәсекеге түскен белсенді қоғамымыз ұрпағының енжар, самарқау болғанын көтермейді. Қазіргі кездегі мақсат – жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой – толғаны бар, адамгершілігі жоғары қабілетті, қарымтап алға басқан өмір ағымына ілесіп, өз мүддесі мен халық мүддесін қатар алға алып жүретін ойлы, ұғымтал, көреген, ынтымақшыл, жауапты, іскер жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі мұғалім жылына бір – екі рет өткізілер ашық панорамалық сабақтарды ғана емес, кез келген дәрісте оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етуі қажет. Қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы қалыптасқан оқушыны дайындау арқылы ғана ісіміздің оңға басатынын ұмытпағанымыз жөн. Бала жүрегінің пернелерін дәл табу оңай емес. Бүгінгі мұғалім шәкірттерді қаталдықпен емес, мейірім шуағымен, ағыл – тегіл білімімен ғана баурап ала алады. Сабақ жүргізу барысында мұғалімнің барлық оқушыға бірдей талап қойып, олардың жеке қабілеттерін ескермеуі ұтымсыз екені айтылып келеді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар үшін бұл талап тиімсіз екендігі өз алдына, біз олардың алдына балта шауып, өз қабілеттерін жарыққа шығаруына тосқауыл болуымыз кәдік.

Тәжірибе – қашан да тағылым көзі. Мұғалім түрлі жұмыстар атқарып, оны көпшілікке ұсынып, жалдатып, пікірін біліп отырса, сонда ізденіс болмақ. Осы орайда, шәкірт жүрегіне жол табар билікті, қадірлі ұстаз болу үшін мұғалімнің үнемі ізденіс үстінде болып тұру керектігін ескере келіп,оның шығармашылықпен, ғылыми – зерттеу жұмыстарымен ұдайы айналысып отыруы, күнделікті сабақ жоспары секілді, оқытушыға аса қажет дүниенің бірі екендігі туралы айта кету орынды. Жақсы ұстаз өзі біліп қана, сол білгендерін шәкірттеріне үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, оқушы бойындағы қабілетті дәл тауып, оның сол талантының ашылуына ұйытқы бола біледі. Яғни, «Бұлақ көрсең көзін аш».

Қазіргі таңда еліміздің білім беру саласында реформалау ісі жүріп жатқандығы белгілі, білім беру мазмұнына бұрынғыдан өзгеше көзқарас қалыптасуда, ұлттық менталитет дамуда. Педагогика ғылымы мен оқу тәрбие үрдісінде елеулі өзгерістер еңгізулуде.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінші сауатты, жан – жақты және білікті маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологиялар адамгершілік, рухани, азаматтық және көптеген адами қабілеттердің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бүгінгі күнде ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа технологияларды меңгермейінші, оны ұлттық менталитетпен үйлесімді етіп ұйымдастыра білмейінші, болашақ үшін кәсіби құзырлы, шебер маман даярлау да мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік келбетінің қалыптасуына мол септігін тигізеді, әрі тұтас педагогикалық үрдісті үйлесімді ұйымдастыруға қол жеткізеді. Оқу орындары, әрбір мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге лайық қарым – қатынастар жасалуы керек. Оқушылардың ғылыми қоғамын құруда, оның мүшелерін таңдауда түрлі үйірме, қолөнер шеберлігіне таңдау жұмыстарына көңіл бөлуде көп мән бар.Әрбір жасты өзі қызығатын ісіне тарта білу – оның шығармашылық жұмыспен өз қалауымен, беріле айналысуына бастау болады. Мысалы біздің №37 орта мектепте авиаүйірмесі, қолөнер үйірмесі, өзім өткізетін «ескерткіш жазу» мрамор, гранит тастарына жазу, портрет салу сияқты сыныптан тыс сабақтар баршылық.

Жаңа педагогикалық технологияларда көрсетілген негізгі мәселелердің бірі оқушының оқуға ынтасын арттыру, ұжымға, ортаға қызығушылығын ояту. Оқушыға білімнің тыңбай оқу нәтижесінде келетінін ескертіп отыру керек. Өзі өзіне келіп құйған бұлақтарды қабылдай берсе ғана үлкейетіні, іздеген адам сирек те болса, табатыны, іздемеген ешуақытта таппайтындығы, құр оқып қана қоймай, сол оқыған нәрсені іске асыру, өмірде қолдана білу қажеттігі айтылып отыруы шарт. Сөз соңында, мұғалім үнемі оқып, ізденуді тоқтатқан күні мұғалім болудан да қалатындығы туралы даналық сөзді естен шығармайық дегім келеді.

Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба да сонда: біздердің алдымызда егемен еліміздің болашағы отырғандығы әрдәйім жадымызда жүргей.




Жүнісбек С.

Бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі

7 мектеп гимназиясы, Жезқазған қаласы



ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ

Еліміздің ұлан - ғайыр даласы тарихи ескерткіштерге тұнып тұр. Егемендік алғанға дейін де барды танытып, барынша аян етуге талай талпыну болғанын білеміз. Бірақ осы көкейді тескен мақсат қағаз жүзінен, мінбеде айтылған сөздерден әрі аспады. Оның негізгі себебі біздің тарихымыз сол кездегі саясатқа байланысты билік басындағыларға қажет болмады. Еліміз қазір бүкіл әлемге танылды. Егемен еліміздің саяси - әлеуметтік тәуелсіздігін баянды етудің тегеуірінді бір кепілі мәдени – рухани жаңғыру. Демек саяси - әлеуметтік тәуелсіздігімізді мәдени рухани азаттықпен ұластырғанымызда ғана еліміздің егемендігі, халық тағдырына қатысты мұраттарымыз өміршең болады. Елімізде соңғы жылдары мәдени, рухани саланы дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр, оның ішінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша орындалып жатырған жұмыстар - ол ерекше. «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты Елбасының «Ұлытау-ежелгі, тарихи астана, қазақ халқының алтын бесігі,-ұлттық символымызды қалыптастырып, дамытуымыз керек» деп көптенгі ойды іске асыруға қозғау салған болатын. Ұлытаудың тарихи ескерткіштері ел өткендегісін көз алдыға елестетер көріністер, бұл біздің қазақ халқының үлкен мақтанышы және зор мәртебесі.

Жалпы өнер рухани байлықтың тұнып тұрған қайнар көзі болып саналады. Соның ішінде тоқталып отырғанымыз – бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан ғайыр.

Ертеден бастап, қазақ халқы осы бейнелеу өнеріне өте жақын, және біте қайнасып келе жатырғаны белгілі. Халықымыздың қол өнер шеберлерінің тіккен киім кешектері, киіз үйдің іші сыртын безендіруге қолданған адам таңғаларлық керемет ою өрнектері, ағаштан ойып жасаған ер тұрман, темірден жасалған зергерлік бұйымдары қазіргі таңда бүкіңл әлемді таңқалдырып отырғанына куәміз және біз оны мақтанышпен көрсете аламыз. Тәуілсіздік алғанға дейін осындай ата бабаларымыздың қолымен жасалған сәндік қол өнері туындыларын көре тұра, қазақ халқы көшпенді болғандықтан өнерге, оның ішінде бейнелеу өнерімен байланысы болмады деген пікірлерді естіп келдік. Қазір алғашқы дизайнерлік шешімдердің үй тұрмысында қолданылуы, біздің ұлы шеберлерімізден бастау алғанын мақтанышпен айтуымыз керек. Жалпы дүние жүзінде дизайн шешімдерінің алғашқы бағытының қалыптасып дамуына біздің ертедегі қол өнері шеберлеріміздің тікелей әсері болды деп айтуымызға әбден болады.

Егемендіктің алғашқы кезеңдерінен бастап ақ мәдени салада үлкен өзгерістер байқалып, өнерде жаңа өзіндік көзқарастар, бағыттар қалыптаса бастады. Жахандану заманында, алпауыт елдермен бірге ең бастысы ұлттық ерекшелігімізді сақтап қалу, әрбір қазақ азаматының негізігі борышы болмақ. Бұл бүгінгі күннің көкейкесті мәселесінің бірі. Өйткені дәл осы кезде неше түрлі ағымдар мен бағыттардың бәсекеге түсіп, арасынан ең көркемі, қарапайымы халыққа қажеттісі, әсіресе Батысқа елкітеп келе жатырған жастарымызға еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ой тастап тәрбие беретін, ұлттық сезімге тәрбиелейтін, өз мәдениетіне, өнеріне мән беріп, соны жандадыратын тарихи ескерткіштерімізге ерекше көңіл аударуымыз қажет. Ондай қажетті бағыттарды үсті үстіне дамытып, өз ұлтымыздың, еліміздің өнерін, ұлттық құндылықтарымызды дүниежүзіне көрсете білуіміз керек.

Қазақ бейнелеу өнерін қалыптастыруда ұлтымыздың мақтанышы, алғашқы кәсіпқой суретшіміз Әбілхан Қастеев ағамыздың еңбегі ерекше. Бірақ қазіргі уақытта әртүрлі ағымдардың пайда болуы, реализм бағытына, оның қаншалықты өмірге қажеттілігі жайлы теріс пікір айтушылар пайда болуда. Қалай дегенде де Әбілхан атамыздың шығармашылық жұмыстары біз үшін, Қазақ халқы үшін, қайталанбас әлемдік зор туынды екендігі белгілі. Мұны айтып отырған себебіміз, қазіргі шығармашылық көрмелерде жас суретшілердің батыстың мағанасыз салынған суреттеріне еліктеулерін көп кездестіретін болдық. Біз мектеп қабырғасынан бастап, ұлттық рухымыз бен болмысымыздың соншалықты жалаңаштануына жол бермеуге қызмет жасауымыз керек. Жезқазған қаласының №7 мектеп гимназиясында бейнелеу өнері және технология сабақтарында осы Ұлытау-Жезқазған өңіріндегі тарихи ескерткіштер мен тасқа салынған суреттерді оқыту арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беруге ұйымдастырылып жатырған мәдени-тәрбиелік жұмыстар жетерлік.

Еліміздің орта мектептерінен бастап, жоғары оқу орындарының өнерге байланысты мамандықтарының оқу бағдарламалары өзінің Отанын, салт дәстүрін, әдет ғұрпы мен жерінің сұлулығын, өз менталитетімізге тән тапсырмалармен толықтырылған жөн деп ойлаймын. Өйткені сол арқылы ұрпақты тәрбиелеп салт санамыз бен өзіміздің ұлттық бояу түсімізге тән әдет ғұрпымызды келешекке жеткізетін біз боламыз. Бұл біздің егемен еліміздің беделі жоғары елдер қатарында болуына қосатын мойнымыздағы парызымыз, себебі, өз отаныңды, ұлттық өнерімізді бізден артық түсініп, бізден артық жеткізетін біз, яғни қазақ халқы.

Әрбір шығармашылық өнер белгілі бір мағыналық терең ойды білдіретін, әрі көркем туынды болу керек, мағанасы төмен, бейнелеу өнерінің ешқандай талабын сақтамай құр шимай сызықтардың біздің халқымызға ешқандай қажеті жоқ деп ойлаймыз. Әрине бұл жерде суретші өмірдің тура жансыз көшірмесін жасауға міндетті емес. Ол өмірдің материалынан мәдениеттік көзқарас қалыптастыратын ерекше туынды жасауға міндетті. Бұл жерде атақты орыстың суретші-ұстазы В.Крымовтың бір естелігін айтып кеткен дұрыс сияқты. Бірде суретшілердің көрмесіне барып, жаңа бағытқа бет алған бір суретшінің жұмысын көрдім, керілген кенепке ешқандай бояу жағылмаған, тек ортасына үлкен бір көр шегені қағып қойған. Көрмеге келген көрермендер мынаны «қай нақұрыс» жасаған деп күбірлесіп өтіп жатыр. Екінші бір жұмыста стол үстіндегі шай жабдықтары бейнелеген натюрмортты көріп «қандай керемет» деп тоқтап мұқият зер салып қарайды. Міне осыдан қарапайым халықтың әдемі мен жаманды ажырата алатынын, ненің қажет, ненің қажет емес екендігін түсінетінін байқауға болады.

Әрине, айналадағы, өзге елдердегі болып жатқан жаңалықтарды, шет елдердегі жақсы өнер туындыларынан хабардар болу, оны білу, көру, тыңдау қажет, бірақ біз үшін ол тек салыстырма ретінде пайдаланғанымыз жақсы. Өнер арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеп, еліміздің болашаққа деген сенімін нығайта түсу біздің міндетіміз. Туған еліміздің әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең болуына, еліміздің жастарының санасы терең, әрі жан жақты, білім жоғары, елінің патриоты болуы басты шарт. Қазіргі таңда, кез келген суретшіміз ұлттық ерекшелігімізге сәйкес, әлемдік деңгейге көтеріліп, елімізді әлемге танытып жатыр. Қазіргі таңда мәдениет саласында елімізді алдынғы орында әлемге танытып жүрген спорт пен өнер салалары екені даусыз. Сондықтан біз шет елдердің өнер бағыттарына еліктеп, шет елде көрме ашамын, оларды таң қалдырам, сол арқылы танымал боламын деу таяз түсінік деп ойлаймын.

Біз, болашақ жастарымызға әрбір елдің мәдениетін, өнерін дамытуға ықпал жасайтын, ерекше орны бар тарихи ескерткіштерді, тасқа салынған суреттерді, адамның рухани байлығын жетілдіретін ұлттық өнерімізді қастерлеуді қалыптастыруды, оқыту барысында тиімді қолдана білейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет