Орындаған: Алматы қаласы №176 мектеп-гимназия 3 «А» сынып оқушылары



жүктеу 129.74 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі129.74 Kb.

Тақырыбы: «Ешкі сүтінен түсетін пайда»

Орындаған: Алматы қаласы №176 мектеп-гимназия

3 «А» сынып оқушылары: Байсын Мұхаммед, Бақбергенова Қазына

Жетекшісі: Парменова Маржан Сағынайқызы



1.Ғылыми - жобаның мақсаты: Ешкі сүтінен түсетін пайданы зерттей отырып ешкі сүтінің ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау .

Міндеттері :

Ешкінің шығу тарихын анықтау.

Ешкі түрлері мен өмір сүру кезеңдерін қарастыру.

Атқаратын қызметі және оларды күту туралы мәлімет жинау.

Адам өміріне еті мен сүтінің пайдасы туралы мағлұмат жинау.

2. Зерттеу гипотезасы:

Зерттеу гипотезасы ретінде ешкі сүтінің емдік қасиеттерімен жан-жақты танысып, адам өмірінде алатын орнынының зор екендігін анықтау.



3.Зерттеу кезеңдері:

- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;

-Интернет мәліметтерімен танысу,іріктеу

- Тәжірибелер жүргізу;

- Емделушілер арасында сауалнамалар жүргізу

- Зерттеу жұмысын жинақтау,қорытындылау



4.Эксперимент әдістемесі:

1. Ешкі жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу.

2. Ешкі сүтінің күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу.

Кіріспе


Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау – тастағы жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және өздеріне тексеру жасады да нәтижесіне өз бағаларын берді. Өздері мен болашақ ұрпақтарының денінің саулығы болу үшін, ұлттық халық медицинасының бай тәжірибесі жинақталды. Қазақ медицинасы дәстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасының тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол.
Ата - бабаларымыз табиғаттың табиғи емінің әдіс – тәсілдерін меңгерген нағыз ұстасы және нағыз білгірі болды. Қазақтың халық медицинасының ХV ғасырда - ақ, 500 жылдың алдында іліми - ғылыми негізі қаланғанын қазақтың атақты шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі айқындап берді. Шипагерлік баян» кітабында да 728 түрлі дәрілік шөп, 318 түрлі дәрілік жануар, 52 түрлі минералды дәрі, 8 түрлі бағалы дәрі материалы жəне 4577 рецепт жазып қалдырған. Қазақ шипагерлігінің әлемдік деңгейін анықтауға жол ашты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында еліміздегі азаматтардың денсаулығын сақтау проблемасы, осы бағдарламаның жеті басты бағытының біріне айналғаны мәлім. Бұл Қазақстан Республикасында қабылданған «Мәдени мұраны» дамыту бағдар - ламасының шараларымен сәйкес келеді. Халықтық шипагерлік дәстүрі ұлттық мәдениеттанудың бір саласына жатады деуге толық негіз бар
Ықылым замандардан келе жатқан ғалымдар мен ойшылдар сүтті «денсаулықтың қайнар көзі», «өмір шырыны», «ақ қан» деп аса жоғары бағалаған. Сүт азықтық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыра алады, ал өзге бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес.
Аңыздарға жүгінсек, Ежелгі гректердің Абдерах қаласында тұратын атақты дәрігер бір бақуатты адамның баласын емдегенде ешбір емдік шөптің де, дәрі - дәрмектің де пайдасы тимеген. Сонда біз білетін аңыз адам Гиппократ науқасқа бір апта бойы күндіз және кешке есек сүтін, ал бір аптадан кейін сиыр сүтін іш деп кеңес береді. Нәтижесінде, әлгі науқас ауруынан біртіндеп айыға бастаған екен.
Гиппократ өз еңбектерінде сүтпен емдеудің жолдарын, сүттің шипалы болған кездерін тізіп көрсеткен. Сондай - ақ, әр түрлі мал сүтінің емдік қасиеттерінің бірдей болмайтындығын анықтаған.

Оның пікірінше, ешкі мен бие сүті көкірек ауруын жазса, сиыр сүті құяң мен қан аздыққа шипа болады.Гиппократ жүйкесі тозып, ашуланшақ болған адамдардың да сүт ішкені өте дұрыс екендігін атап өтеді.


Әбу - Әли ибн Синаның «Дәрігерлік ғылым қағидасында» да сүттің емдік қасиеті жөнінде сөз болған. Ол сүт пен сүт өнімдерінің кәрі - жасқа бірдей пайдалылығын айта келіп, жасы ұлғайған адамдар үшін таптырмайтын ас деп түйген. Ғалым әсіресе, ешкі мен есек сүті өте пайдалы екендігін баса айтып, олардың сүтіне тұз бен бал қосып ішкен дұрыс деп шешкен.
Ұзақ жылдар бойы ірімшік, сыр, сүт қанты, қаймақ және басқа да сүт тағамдары адамның бойында кездесетін түрлі сырқаттардың алдын алып, емдеп жазу үшін қолданылып келеді. Сүт пен сүт өнімдерінің семіздікті, бауыр, ұйқы безін және жүрек дертін емдеудегі маңызы өте ерекше.
С. Хигуши (Жапония) бірқатар дәрі - дәрмекті қоса қолданып, соның ішінде йогурт (айранның бір түрі) ішкізіп емдегенде, атом сәулесінен зақымданған 7 адамның үш айдың ішінде құлан - таза айығып кеткендігін жариялайды. С. Хигуши сүтте бар цистин мен глутатион атомның сәуле шығаруынан болатын зардаптардан ағзаны қорғайды деп тапқан.
Қазіргі кезде үнемі ұшырайтын аурулардан сақтануда көп көмегі тиюде.
Мысалы, өзге ұлттардың медицинасы сияқты қазақ медицинасында көптеген зерттеуді қажет ететін тақырыптар жетерлік. Сол мақсатта мен осы тақырыпты таңдадым.
«Қойды көсем бастайтын,

Өткелден үркіп саспайтын

Қарағай мүйіз серкелі..

Сексек ата баласы

Ешкі бассын үйіңді» -деп

халық айтқандай. Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «сойса еті- қалақтай , сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең –бір күндік, сауып ішсең –мың күндік»-деген мақалдардан айқын білініп тұр Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп , жылдам көбейеді . Ешкінің еті де, терісі де, сүті де, қылшығы мен түбіті де, тіпті мүйізі де күнделікті тұрмыс кәдесіне жарай береді. . Ешкінің еті аздау болғанымен ерекше күтімді қажет етпейді. . Көктем мен жаз айларында көкке жайылған ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер молайып әрі дәмі де өзгереді. Ол 600-ге тарта шөп түрін қорек етеді. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады.

Ешкі ұсақ мүйіздімалға жатады. Ешкінің ең басты ерекшелігі – кез келген жағдайға бейімделе алатындығы. Жеке шаруашылықта да айтарлықтай төзімді болу ешкіге тән: олардың ас қорыту мүшелері 60 пайызы клетчаткадан тұратын азықты да қорытып жібереді. Біздің жұмысымыздың тақырыбы «Ешкі малының сүтінен түсетін пайда» немесе « Ешкі бизнесі» деп те атауға олады.

Бұл тақырыпты таңдауымыздың басты мақсаты ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы зор екенін біле отырып төрт түліктің үшінде ешкі малына көп мән берілмейді және ешкі сүтін сиыр сүтімен бірдей пайдалануға насихаттау болып табылады.

Ешкінің сүті адамға ана сүтін алмастыра алады. Оның құрамындағы май оңай сіңімді, әрі адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамында кальций мен фосфор минералдық заттарының мол болуы балалардың сүйектерінің қалыптасуы үшін өте пайдалы.

Оны әртүрлі өкпе, суық тию ауруларын емдеу үшін қолданады, сондай-ақ ешкі сүті гепатиттен, асқазан

жарасынан, астмадан және т.б. аурулардан қорғайды. Ешкі сүтінің құрамында В, В2, С және А дәрумендері бар.

Үші маңыраған лақ

Сүті ағып тұрған бұлақ,

Еті тамағыңа бап,

Мүйізі қылышыңа сап,

Ешкінің лағын ту биенің құнына теңестірген қудың тапқырлығын аңыздарда айтылады екен ғой. Сондай ешкі малына мән бермей кеткеніміз дұрыс болмас.

Ешкінің өмір сүру ұзақтығы 14-15 жыл.,азық талғамайды. Ешкіні күтіп-баптау. Ешкілер – талғампаз жануар емес, сондықтан оларды кез келген орында асырауға болады, ең бастысы оның тұратын орны құрғақ, жарық және онда өктем жел болмаса болғаны. Оның орналасқан жерінің температурасы +5-10 градустан төмен болмауы керек. Егер оның тұратын орны ылғалды болса, онда ешкі сүтінің майлылығы азаяды. Ешкі тұратын орынға кішігірім жем беретін аттақыр орналастырады. Аттақырдың төменгі шеті мен еденнің арасы 60-70 см. құрауы тиіс. Бұл малдың шөпті шашпауы үшін жасалады. Ешкілердің суы үнемі қабырғаға бекітілетін шелектерде болуы керек. Суды екі күнде бір рет ауыстырып отырады.

Ешкі – тазалықты жақсы көретін жануар, сондықтан олардың астында үнемі төсеніштері жеткілікті болуы қажет. Төсеніш ретінде ағаш үгінділерін, шымтезек немесе құрғақ жапырақтарды қолдануға болады.

Ешкінің негізгі азығы. Ешкінің құнарлы заттарды қажет етуі жасына, жүктілік мерзіміне, емізу мерзіміне және өнімділік деңгейіне байланысты болады. Дұрыс емізбеу, әсіресе жас кезінде, даму мен өсуінің артта қалуына алып келеді, мұндай ешкілер көп сүт бермейтін болады. Қорада тұру науқанында ешкілердің басты азығы ұсақ шабынды шөп болып табылады. 45 кг. салмаққа дейінгі ешкілерге тәулігіне 2 кг. жуық шөп береді. Дұрыс тамақтану рационында шөптің болмауынан сүт өнімі мен сүттің майлылығы жылдам төмендейді.

Дәнді азықтардың ішінен ешкілерге кебекті ұнтақталған немесе пісірілген түрінде, құрама жемді – сулы жемдермен бірге немесе бұқтырылған түрде беруге болады. Минералды заттардың ішінен ешкілерге ас тұзы мен бор беру керек. Ешкінің қыс мезгілінде қоректенуі шамамен 2 кг. шөптен, 2 кг. тамырлы жемістерден, 0,2-0,3кг. концентраттардан тұрады.

Ешкілерді байланып тұрған жерінен жайылымға біртіндеп шығарады. Жаз мезгілінде ең басты азығы – жасыл шөп. Ешкілерді тек шық кепкеннен кейін ғана өріске шығарады. Жаз мезгілінде оларды екі рет суарады.

Ешкі өсіру. Ешкілер – көбейгіш әрі тез өсіп жетілетін мал. Орташа буаздылық уақыты шамамен 150 күнді құрайды. Ешкінің жыныстық жетілуі 6-7 айынан 1,5 жылға дейін болатындықтан, оларды қашыруға 16-18 айында жіберген дұрыс. Ешкілерді кез келген үй жануарымен бірге бір орында ұстауға болады. Дұрыс коректендіріп, дұрыс қараған жағдайда ешкілер мүлдем ауырмайды.

Күніне әр ешкіден 4-7 литрге жуық сүт алуға болады.

Сүт-адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен содан соң сүтпен қоректенуді үйренген сияқты.Келе-келе біздің ата-бабаларымыз сүтті рәсуа етпей сүтті дұрыс пайдаланіды да ойластырған,сонымен құрамында майы, ақуызы, дәрумендері бар сүтті саууға тырысқан. Осындай жағдайлардан кейін сүт пайда болған деседі.

Сөйтіп сүтті ашытып, қайнатып құрт-ірімшік тағы басқа тағамдар дайындаған.Бұл баға жетпес тағамдар талай жылдар бойы құнын жоғалтқан жоқ.Қазіргі таңда осы сүт өнімдерінен жасалған тағамдардың сапасын мемлекеттік стандартқа сәйкес бақылау жүзеге асырылуда.

«Қойды көсем бастайтын,

Өткелден үркіп саспайтын

Қарағай мүйіз серкелі..

Бұл кезде жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті - оның қуаты 4-5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады.

Қазіргі кезде дүние жүзінде 1 млрд-қа жуық ешкі бар деп есептелінеді. Ешкінің саны жөнінен алдыңғы орында Қытай елі иеленеді . Бұл елде 180 млн-ға жуық ешкі бағылады. Үндістанда -130 млн, Пәкістанда-50 млн, Бангладеште-40 млн, Иран мен Нигерияда-30млн , Судан, Эфиопия, Индонезия, Сомали елдерінің әрқайсысында 20 млн шамасында ешкі өсіріледі . Біздің елімізде ешкінің саны 2млн бастан аспайды.

Сүттің құрамында микроэлементтер , дәрумендер , ақуыздар бар.

Микроэлементтер құрамына: кальций,магний,фосфор,марганец,мыс.Дәрумендерге: А,В1,С,Д,В12, аскорбин қышқылы бар. Ақуыздың құрамына: Май 4,4% ,белок3,6%, лактоза4,9% бар.

Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді. 
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.

Негізгі бөлім

Сондықтан да « айдағаның бес ешкі ,ысқырығың жер жарады» демекші бос ешкіні бағып етін жеп қана қоймай сүтін сауып одан пайда түсіруге де болады.

Ия, мынау нарық шарықтаған заманда «сен де бір кірпіш дүниеге кетігің тап та бар қалан» демекші ешкі сүтінен түсетін пайданы есептеп негізгі жұмысымызға көшейік.

«Қойлы бай-қоралы бай, ешкілі бай,есепті бай демекші есебімізге мән беріп отыруларыңызды сұраймыз.

Ешкі бизнесін бастау үшін алдымен бізге жер керек. Жарайды ауылды жерде тұрғандықтан бастапқы жұмысымызға жеріміз дайын.

Басты мақсатымыз пайданы ешкі сүтінен түсіретін болғандықтан ресейлік заанендік ешкілердің 10-ын сатып аламыз.

Міндетті түрде малымызға қора-жайын дұрыстаймыз. Мынау біздің шаруашылығымыздың кішірейтілген көрінісі. Көріп отырғандарыңыздай бұл жерде аналықтарына бөлек, төлдеріне бөлек жылы қорамыз,төбесі жабық ашық қорамыз және келешекте сүтті өндейтін зауытымыз бар.




8

Болжамды есептеулер.

Табыс:


Ебін тапсаң ешкі бақ демекші, жұмысымызды 10 ешкіден бастайтын болдық.

Ия,бізде 10 ешкі бар. Бір ешкі күнінен 2 рет сауылады.Күніне шамамен 5 л сүт береді.

10*5=50

10 ешкіден күніне 50л сүт аламыз. Оның 5л шығынға кетсін, күніне 45*800 сатсақ күніне 36000 теңге табамыз.



Пайданың көзі енді ашылды. Бір аптада 7 күн бар. Бір күнде тапқан 36000*7=252000 теңге болады.Ал бір айда 4 апта бар. Бір аптада түскен 252000 теңгені *4=1008000теңге.

Бұл бізде тек қана сүттен түсетін табыс. Біздің ешкілер сауынды ешкі болғандықтан етін сатпаймыз,бірақ бір жылда бір рет түбітін тарап аламыз. Түбіті ресейде біздің ақшамен 300тг болса, Солтүстік Қазақстан өңірінде 4500тг екен. Оны біз ортақ есеппен 3000тг деп аламыз. Бір жылда бңр ешкі 300-800гр түбір беретін болса,біз оны шамамен 500гр деп аламыз.

Есептейік 10*500гр=5000гр(5кг) 5000*3000=15000000
1 кесте-өнімнің бір жылға жоспарлаған бағдарламасы


Көрсеткіш

1күн

1апта

1ай

1 жыл

Жалпы

(жылдық табыс)



Ешкі басы

10

10

10

20

20 ешкі


Ешкі сүті

45

315

1350

675

2025л


Түбіті










500гр

5000гр


2-кесте-жоспарланған сату бағдарламасы

Зат

Бағасы

Саны

Құны

сүт

800тг

45л

36000


сүт

800тг

315л

252000


сүт

800тг

1350

1080000


сүт

800тг

1350+675

1620000


түбіт

3000тг

5000гр

15000


Жылдық табыс







1635000тг


3-кесте бастапқы пайдалану шығыстары

Өндірістік

шығыстар



Өлш.бірл

Бағасы

(тг)


1күн

1апта

1ай

1жыл

Ірі ешкі басы

Бас
















Шөп

мың.тг

30

30

210

1470

17640

Кебек,құрама жем

мың.тг

20

20

140

980

11760

Дәруменді-мин.қосынд.

мың.тг

20

20

140

980

11760


10 бас




70

70

490

3430

41160

Жас ешкі(төл)

Бас(20)















Шөп

мың.тг

10

10

70

280

3360

Кебек,құрама жем

мың.тг

10

10

70

280

3360

Дәруменді-мин.қосынд.

мың.тг

10

10

70

280

3360

10 бас төл




30

30

210

840

10080

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет