Қорытынды аттестаттауға және жаңа форматты Ұбт – ға дайындық химия



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/4
Дата19.10.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4


Шымкент қаласының білім бөлімі

Ғылыми-әдістемелік орталығы


Қорытынды аттестаттауға және жаңа форматты ҰБТ – ға дайындық

ХИМИЯ

Жалпы білім беретін орта мектептің химия пәні мұғалімдері мен оқушыларына арналағн көмекші құрал



Шымкент


Рецензенттер
Сагиндикова К.А – Шымкент қаласы білім бөлімі;

ғылыми-әдістемелік орталығының директоры


Сыздыкова Ж.А. – Әдіскер

Құрастырушылар


Жарасова К.С. – Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицей

Химия және биология пәні мұғалімі


Тәженова Ұ.Қ. - Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицей

Химия пәні мұғалімі


Жалпы білім беретін орта мектептің химия пәні мұғалімдері мен оқушыларына арналағн көмекші құрал

МАЗМҰНЫ
Мазмұны
Алғы сөз
Заттардың электорлиттік диссоциациясы
Оттегі топшасы
Азот топшасы
Көміртегі топшасы
Мателдардың жалпы қасиеттері
Темір. Металлургия
Органикалық заттар
Өндірістік және пәнаралық мазмұны бар тапсырмалар
Өзіндік жұмыс
Пайдаланған әдебиеттер

Алғы сөз
Бұл көмекші құралдың мақсаты - химияны оқу барысында оқушылардың бағдарламалық материалды меңгеру деңгейін анықтауда мұғалімдерге көмек болу.

Мұнда органикалық емес химия курсының барлық тақырыптары бойынша бірнеше жұмыстар берілген, бұл мұғалімдерге оқушылардың жекелеген мәселелер бойынша білімін тексеруге мүмкіндік береді. Барлық жұмыстар төрт нұсқада берілген, олар мазмұны мен сипаттамасы бойынша ұқсас болып келеді. Тапсырмалар өзінің дидактикалық мақсаты бойынша ерекшеленеді: олардың біреуі оқушылардан тек материалды қарапайым қайталауды талап етсе, екіншілері салыстырып, анализ жасауға машықтандырады, үшіншілері шығармашылық деңгейде ойлап, жаңа жағдаяттарда оны қолдана білу деңгейін талап етеді.

Мұндай тапсырмалар жалпылама жұмыста барлық оқушыларды бірдей жұмылдыруға да, олардың жеке жұмысын ұйымдастыруға да мүмкіндік береді. Әр тақырып қорытындалады, бұл барлық тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруде ыңғайлы болып табылады.
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы

Жұмыс 1. Заттардың электролиттік диссоциациясы жәнеион алмасу реакциясы

І нұсқа


  1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) темір (ІІІ) хлориді Б) калий сульфаты

В) барий нитраты Г) фосфор қышқылы Д) натрий гидроксиді

2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:

А) барий хлориді мен күкірт қышқылы Б) калий гидроксиді мен фосфор қышқылы

В) натрий карбонаты мен қорғасын (ІІ) нитраты
ІІ нұсқа
1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) кальций гидроксиді Б) мыс (ІІ) хлориді

В) күкірт қышқылы Г) темір (ІІІ) сульфаты Д) калий нитраты

2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:

А) Тұз қышқылы мен күміс нитраты Б) барий хлориді мен мыс (ІІ) сульфаты

В) кальций гидроксиді мен азот қышқылы


ІІІ нұсқа
1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) алюминий хлорид і Б) калий фосфаты

В) азот қышқылы Г) натрий сульфаты Д) магний хлориді

2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:


А) натрий карбонаты мен кальций хлориді Б) барий гироксиді мен тұз қышқылы

В) күкірт қышқылы мен натрий нитраты


ІVнұсқа
1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) мыс (ІІ) нитраты Б) тұз қышқылы

В) алюминий сульфаты Г) барий гидроксиді Д) мырыш сульфаты

2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:

А)литий гироксиді мен азот қышқылы Б) мыс (ІІ) нитраты мен натрий гидроксиді

В) калий карбонаты мен фосфор қышқылы



Жұмыс 2. Ион алмасу реакциясы және тұздар гидроксиді

І нұсқа

  1. Ерітінділер әрекеттескен кезде қандай заттар тұнбаға түседі?

А) AgNO3 және K3PO4 Б) CuSO4 және NaOH

В) KOH3 және HCl Г) BaCl2 және K2SO4

Реакция теңдеулерінің молекулалық және иондық түрде жазыңдар.


  1. Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды: Натрий карбонаты; калий хлориді; мыс (ІІ) нитраты? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар.

ІІ нұсқа

  1. Қай заттардың ерітінділері әрекеттескенде реакция өнімінің біреуі су болып табылады?

А) Na2 CO3 және HNO3 Б) MgCl2 және AgNO3

В) HCl және Ba (OH)2 Г) NaOH және H3PO4

Реакция теңдеулерінің молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

2. Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды: калий нитраты; натрий сульфаты; темір (ІІІ) хлориді? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар.


ІІІ нұсқа

  1. Ерітінділер әрекеттескен кезде қандай заттар тұнбаға түседі?

А) FeCl және NaOH Б) HNO3 және KOH

В) Ba (NO3)2 және Na2CO3 Г) Al2 (SO4)3 және K3PO4

Реакция теңдеулерінің молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

2. Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды: натрий сульфаты; мырыш нитраты; калий карбонаты? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар


ІVнұсқа


  1. Қай заттардың ерітінділері әрекеттескенде реакция өнімінің біреуі су болып табылады?

А) K2 CO3 және HCl Б) Ka (OH)2 және HNO3

В) NaOH және H2SO4 Г) NaNO3 және H2SO4



Реакция теңдеулерінің молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

  1. Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды: алюминий хлориді; натрий хлориді; калий сульфаты? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар

Жұмыс 3. Электролиттік диссоциация теориясы негізінде қышқылдардың, тұздардың және негіздердің химиялық қасиеттері

І нұсқа

  1. Тізілген заттардың қайсысына барий гидроксидінің ерітіндісі әсер етеді: натрий сульфаты; темір (ІІІ) оксиді; мыс (ІІ) хлориді; азот қышқылы; калий гидроксиді; көміртегі (ІV)

оксиді? Орындалатын реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

  1. Темір (ІІ) сульфаты арқылы:

А) темір(ІІ) хлориді Б) темір(ІІ) нитраты? Молекулалық және қысқартылған иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
ІІ нұсқа

  1. Тізілген заттардың қайсысына сұйытылған күкірт қышқылы әсер етеді: Сынап; натрий гидроксиді; мырыш, барий хлориді; алтын, мыс (ІІ) оксиді? Орындалатын реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

  2. Натрий сульфаты, тұз қышқылы және барий гидроксиді өзінің реті бойынша натрий хлоридін қалай алуға болады? Молекулалық және қысқаша сандық теңдеулерін жазыңдар.


ІІІ нұсқа

  1. Тізілген заттардың қайсысына мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі әсер етеді: күміс нитраты; натрий хлориді; темір, фосфор қышқылы; мырыш оксиді; калий гидроксиді? Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.

  2. А. Күкірт қышқылының қоспасынан азот қышқылын қалай тазартуға болады?

В. Калий хлоридін калий нитратына қалай айналдырады? Молекулалық және қысқартылған иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.

ІVнұсқа

  1. Тізілген заттардың қайсысына тұз қышқылы әсер етеді: кальций гидроксиді; алюминий, натрий карбонаты, күміс, магний оксиді; сынап? Молекулалық және қысқартылған иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.

Жұмыс 4. Реакция теңдеулері бойынша есептеулер, егер әсер етуші заттың біреуі артық мөлшерде берілсе

  1. 260 г. барий нитраты мен 220 г. калий сульфаты ерітінділерін қосқан кезде түзілген тұнбаның массасын есептеңдер?

  2. 42,6 г. алюминий нитраты бар ерітіндіге 16 г. натрий гидроксиді бар ерітіндіні құйды. Түзілген тұнбаның массасын есептеңдер.

  3. 53 г. натрий карбонаты бар ерітіндіге 400 г. массалық үлесі 200%-тік азот қышқылының ерітіндісін қосқанда қанша көлем газ бөлінеді?

  4. 20 г. магний оксиді 94,5 г. азот қышқылы бар ерітіндісімен әрекеттескен кезде магний нитратының қандай массасы алынатынын есептеңдер.

  5. 40 г. мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндісіне 12 г. темір опилкаларын (жаңғақтарын) қосты. Реакция аяқталған соң мыс (ІІ) сульфаты ерітіндіде қалады ма? Есептеңдер.

  6. 15 г. 5%-тік барий хлориді ерітіндісімен 10 г. 8%-тік натрий сульфатының ерітіндісін араластырған кезде түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар

  7. 400 г. 5%-тік темір (ІІІ) сульфатының ерітіндісіне 200 г. 3%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісін қосты. Түзілген тұнбаның массасын есепте.

  8. 16 г. мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісіне 12 г. темір жаңғағын қосты. Мұнда мыстың қанша массасы бөлінеді?

  9. 200 г. 20%-тік натрий гидроксиді ерітіндісіне 3 моль мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісін қосқан кездегі бөлінген газдың көлемі қандай?

  10. 150 г. 30%-тік тұз қышқылына 0,5 моль тұзы бар натрий карбонатының ерітіндісін қосқан кездегі бөлінген газдың көлемі қандай?

  11. 40 г. 10 30%-тік күкірт қышқылының ерітіндісіне 2,61 г. барий нитратын қосты. Түзілген тұнбаның массасын тап.



  1. 10 г. магний оксидін 40 г. азот қышқылының ерітіндісімен өңдеді. Мұнда қанша масса тұз түзілді?

  2. 200 г. 7% күкірт қышқылының ерітіндісін 2 моль тұзы бар барий хлориді ерітіндісін әрекеттестірген кезде түзілген барий сульфатының ерітіндісін табыңдар.

  3. 16,2 мырыш оксидін 30 г. азот қышқылы бар ерітіндімен әрекеттестірген кезде түзілген мырыш нитратының массасын табыңдар.

Жұмыс 5. 1 тақырып бойынша қорытынды.

І нұсқа

  1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) калий хлориді Б) күкірт қышқылы

В) кальций гидроксиді Г) мыс (ІІ) нитраты Д) алюминий сульфаты

2. Ерітінділердің қосылуы арқылы жүретін реакция теңдеуінің молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар:

А) натрий хлориді мен күміс нитраты Б) азот қышқылы мен кальций гидроксиді

В) тұз қышқылы мен калий карбонаты

3. Бұл қатардағы қай затқа тұз қышқылы әсер етеді: кальций оксиді; мыс (ІІ) гидроксиді; натрий нитраты? Орындалатын реакция теңдеулерінің молекулалық және реакция теңдеулерін жазыңдар

4. 32 г. мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 21 г. темір жаңғағын қосты. Мұнда қанша масса мыс бөлінді?
ІІ нұсқа


  1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) натрий гидроксиді Б) азот қышқылы

В) калий карбонаты Г) темір (ІІ) нитраты



  1. Ерітінділердің қосылуы арқылы жүретін реакция теңдеуінің молекулалық және иондық қысқаша теңдеулерін жазыңдар:

А) калий гидроксиді мен мыс (ІІ) нитраты Б) тұз қышқылы мен барий гидроксиді

В) натрий сульфаты мен барий нитраты

3. Берілген заттардың қайсысына кальций гидроксидінің ерітіндісі әсер етеді: мыс (ІІ) сульфаты; барий хлориді; сынап, калий фосфаты; көміртегі (ІV) оксиді? Орындалатын реакция теңдеулерінің молекулалық және реакция теңдеулерін жазыңдар

4. 5 г. магний оксидін 40 г. азот қышқылының ерітіндісімен өңдеді, қанша масса тұз түзілді?


ІІІ нұсқа

  1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

2. Ерітінділердің қосылуы арқылы жүретін реакция теңдеуінің молекулалық және иондық қысқаша теңдеулерін жазыңдар:

А) темір (ІІІ) хлориді мен натрий гидроксиді Б) күкірт қышқылы мен литий гидроксиді

В) азот қышқылы мен натрий карбонаты

3. Берілген заттардың қайсысына сұйытылған күкірт қышқылы әсер етеді: алюминий, натрий нитраты; алтын, калий гидроксиді; барий нитраты? Орындалатын реакция теңдеулерінің молекулалық және реакция теңдеулерін жазыңдар

4. 6,5 г. мырышты 20 г. күкірт қышқылының ерітіндісіне салды. Бөлінген сутегінің массасын есепте.



ІІ тақырып. Оттегі топшасы. Химиялық реакция жүруінің негізгі заңдылықтары

Жұмыс 1. Оттегі. Күкірт. Күкірт қышқылы

І нұсқа

  1. Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:

А) күкірттің оттегімен Б) күкірттің литиймен (элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)

В) күкірт қышқылының ерітіндісі магниймен

Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі кальций оксидімен

Д) күкірт қышқылының ерітіндісі барий гидроксидімен (молекулалық және иондық формада)

2. Оттегі мен азонның молекулалық құрылысы мен қасиетін салыстырыңдар. Аллотропияның бар екенін түсіндіріңдер.

3. Пробирканың біреуінде натрий сульфатының ерітіндісі бар, ал екіншісінде күкірт қышқылының ерітіндісі бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.



ІІ нұсқа


  1. Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:

А) күкірттің алюминиймен Б) күкірттің көміртегімен (элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)

В) күкірт қышқылының ерітіндісі мырышпен

Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі магний оксидімен

Д) күкірт қышқылының ерітіндісі мысгидроксидімен (молекулалық және иондық формада)




  1. Табиғатта күкірт қандай түрінде кездеседі? Оны қолданудың негізі облысын сипаттаңдар

  2. Пробирканың біреуінде күкірт қышқылы бар, ал екіншісінде тұз қышқылы. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.


ІІІ нұсқа


  1. Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:

А) күкірттің сутегімен Б) күкірттің мырышпен(элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)

В) күкірт қышқылының ерітіндісі темірмен

Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі мыс (ІІ) оксидімен

Д) күкірт қышқылының ерітіндісі натрий гидроксидімен (молекулалық және иондық формада)



  1. Оттегі мен күкірт-химиялық элементтерін, түзетін жай заттардың атауларын жазыңдар. Бұл құбылысты түсіндір.

  2. Пробирканың біреуінде калий сульфаты бар, ал екіншісінде тұз қышқылы. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.


ІVнұсқа

  1. Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:

А) күкірттің натриймен Б) күкірттің фтормен (элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)

В) күкірт қышқылының ерітіндісі алюминиймен

Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі темір (ІІІ) оксидімен

Д) күкірт қышқылының ерітіндісі кальций гидроксидімен (молекулалық және иондық формада)



  1. Күкірт қышқылының өнеркәсіпте және ауылшаруашылығында қолданылуының негізгі облысын сипаттаңдар.

  2. Пробирканың біреуінде натрий хлоридінің ерітіндісі, ал екіншісінде натрий сульфаты бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.

Жұмыс 2. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік.

І нұсқа

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы әсер етуші заттардың табиғатына байланысты екеніне нақты мысалдармен сипатта.

  2. Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады?

прямая со стрелкой 1прямая со стрелкой 2 СО(r) +H2O(r) СО2(r) + H2(r)+Q

А) температураны жоғарылатқанда;

Б) көміртегі (ІІ)оксидін концентрациясын жоғарылатқанда. Негізгі жауабын бер

ІІ нұсқа


  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы әсер етуші заттың концентрациясына байланысты екеніне нақты мысалдармен сипатта.

  2. А) температураның төмендеткенде;

Б) Қысымды жоғарылатқанда

Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады?



прямая со стрелкой 3прямая со стрелкой 4 2H2(r) +O2 (r) 2 H2O(r) +Q

Негізгі жауабын бер



ІІІ нұсқа

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы температураға тәуелді екеніне нақты мысалдармен сипатта.

  2. А) температураның төмендеткенде;

Б) Қысымды төмендеткенде

Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады?



прямая со стрелкой 5прямая со стрелкой 6 N2(r) +3H2 (r) 2 NH3(r) +Q

Негізгі жауабын бер



ІІІ нұсқа

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы катализаторларға тәуелді екеніне нақты мысалдармен сипатта.

  2. А) температураның жоғарылатқанда;

Б) Бромсутектің концентрациясын жоғарылатқанда;

Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады?

2прямая со стрелкой 7HBr(r) H2(r) + Br2(r)-Q Негізгі жауабын бер

Жұмыс 3. ІІ тақырып бойынша қорытындылау

І нұсқа


  1. Төменде келтірілген заттардың қайсысына күкірт қышқылы әсер етеді?: калий гидроксиді; алюминий, күкірт (ІV) оксиді; темір (ІІ) оксиді; барий нитраты; мыс, мырыш гидроксиді? Орындалатын рекция теңдеулерін жазыңдар

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

S→SO2→ SO3→H2 SO4→SO2

  1. 2прямая со стрелкой 8прямая со стрелкой 9 SO2(r)+ O2 (r) 2 SO3(r)+ O2

А) температураны жоғарылатқанда;

Б) қысымды төмендеткенде;

Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады? Негізгі жауабын бер


  1. Күкіртқышқылды зауытта пиритті жаққанда реакцияның жылдамдығының артуы қандай әдіспен қолжетімді болады?

ІІ нұсқа

  1. Төменде келтірілген заттардың қайсысына күкірт қышқылы әсер етеді?: Сынап, темір (ІІІ) гидроксиді; барий хлориді; литий гидроксиді ; магний оксиді; мырыш, көміртегі (ІV) оксиді? Орындалатын рекция теңдеулерін жазыңдар

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

H2S→ S→ FeS→ SO2

Na2S





  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы неге тәуелді?

А) температураға;

Б) Әсер етуші заттардың концентрациясына

Мысал келтіріңдер


  1. Күкіртқышқылды зауытта қандай үрдіс жылу алмасу принципінің қолданылуына негізделген. Осы принциптің қолдануына не жеткізеді?

ІІІ нұсқа

  1. Төменде келтірілген заттардың қайсысына күкірт қышқылы әсер етеді?: натрий гидроксиді ; алтын, мыс (ІІ) оксиді; магний , барий хлориді; күміс, алюминий гидроксиді? Орындалатын рекция теңдеулерін жазыңдар

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

S→ZnS→ SO2→ SO3→H2 SO4

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы неге тәуелді?

А) катализатордан;

Б) әсер етуші заттардың табиғатына;

Мысал келтіріңдер


  1. Неге көмірқышқылды зауытта күкірт (ІV) оксидін тазартуға көп мән береді?

ІV нұсқа

1. Төменде келтірілген заттардың қайсысына күкірт қышқылының ерітіндісі әсер етеді?: мыс, кальций гидроксиді ; мырыш оксиді; темір, кремний (ІV) оксиді; барий нитраты; мыс (ІІ) гидроксиді? Орындалатын рекция теңдеулерін жазыңдар

2. прямая со стрелкой 10прямая со стрелкой 12SO2(r) + H2O (c) H2 SO3(с) + Q

А) температураны жоғарылатқаннан;

Б) күкірт (ІV) оксидінің концентрациясын жоғарылатқанда;

Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады? Негізгі жауабын бер

3. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Hпрямая со стрелкой 112S←S→ SO2→ SO3



Al2S3

  1. Негі күкірт қышқылыды зауытта күкірт (ІV) оксидін сумен емес, концентрлі күкірт қышқылымен сіңдіреді?

ІІІ тақырып. Азот топшасы.

Жұмыс 1. Азот. Аммиак. Аммоний тұздары

І нұсқа

  1. Реакция теңдеулерін жазыңдар:

А) азоттың литиймен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;

Б) аллюминий тұзынан аммиакты алу;

В) аммоний хлоридінің ерітіндісі мен күміс нитратының ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)

2. Сутегі, хлор және азот арқылы аммоний хлорын қалай алады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

3. Азот молекуласының молекулалық , электрондық және құрылымдық формуласын бейнелеңдер. Азоттың физикалық қасиетін көрсетіңдер
ІІ нұсқа

1. Реакция теңдеулерін жазыңдар:

А) азоттың сутегімен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;

Б) аммиактың күкірт қышқылымен әрекеттесуі;

В) аммоний сульфатының ерітіндісі мен барий нитратының ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)


  1. Үш номерленген пробиркаларға күкірт қышқылы, натрний сульфаты және аммоний хлоридінің ерітінділері бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар

  2. Аммоний ионының түзілу схемасын бейнелеңдер. Азот пен сутегі арасындағы химиялық байланыстың түрін, тотығу дәрежесін және аммиактағы мен аммоний ионындағы азоттың валенттілігін көрсетіңдер


ІІІ нұсқа

1. Реакция теңдеулерін жазыңдар:

А) азоттың магниймен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;

Б) аммиактың оттегінде жануын;

В) аммоний карбонатының ерітіндісі мен азот қышқылының ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)

2. Азот, сутегі, күкірт (ІV) оксиді және су арқылы аммоний сульфатын қалай алуға болады? Реакция теңдеуін жазыңдар

3. Азот молекуласының түзілуінің схемасын бейнелеңдер. Азот атомдары арасындағы химиялық байланыстың түрін және тотығу дәрежесін көрсетіңдер



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет