Қорытынды бағдарламалық құжаттың дереккөздері



жүктеу 472.11 Kb.
бет1/3
Дата02.12.2017
өлшемі472.11 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3


Жоба
Қазақстан Республикасының мемлекеттік су ресурстарын басқару бағдарламасын бағалау жөніндегі

ҚОРЫТЫНДЫ
1. Бағдарламалық құжаттың дереккөздері:

2014-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік су ресурстарын басқару бағдарламасы бекітілген құжат: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 4-сәуірдегі бекітілген № 786 жарлығы.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген құжат: ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 5 мамырдағы № 457 қаулысы.

Мемлекеттік әзірлеуші - орган:Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бірлесіп орындаушы: Ұлттық экономика министрлігі, Әділет министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Қаржы министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі.

Іске асыру кезеңі: 2014 - 2020 жылдар.

Есеп беру кезеңі: 2014 - 2016 жылдар.
2. Есептік кезең ішінде қол жеткізген нақты нәтижелер

Жалпы алғанда, мемлекеттік бағдарлама аясында оны іске асырудың барлық кезеңінде 5 нысаналы индикаторларға, 15 нәтиже көрсеткіштеріне,


48 іс-шаралар қол жеткізу жоспарланған.

Бес мақсатты индикаторлардың ішінен екеуінің аралық мәндерінің жетіспеушілігі есеп беру кезеңіне сапалы бағалау жасауға қиындықтар туғызады.



1-мақсатты индикатор. 2020 жылға қарай, 2012 жылмен салыстырғанда 33% -ға нақты мәнде ЖІӨ-нің бірлігіне су тұтынудың төмендеуі.

Мақсатты индикаторға жету аясында 6 тікелей нәтиже көрсеткіштеріне және 21 іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.



2014 жылда 6 тікелей нәтиже көрсеткіштеріне және 4 іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Жалпы 3 іс-шаралар орындалды, 1 жекелей орындалған.



2015 жылда осы мақсатты индикатор бойынша 6 тікелей нәтиже көрсеткіштеріне және 19 іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді, оның ішінде 16 іс-шаралар орындалды, 2 – жекелей орындалған, 1 – орындалған жоқ.

2016 жылда осы мақсатты индикатор бойынша 6 тікелей нәтиже көрсеткіштеріне және 13 іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді, оның ішінде 10 іс-шаралар орындалды, 1 іс-шара жекелей орындалған, 2 іс-шара орындалған жоқ.

Аралық мәндері болмаған жағдайда, тікелей нәтижелер көрсеткіштерін және мақсатты индикаторларының нәтижелер бағалауды жүзеге асыру мүмкін емес.


2-мақсатты индикатор. 2020 жылға қарай қосымша жер үсті суларының ресурстарын 0,6 км3 –ға арттыру.

Мақсатты индикаторға жету аясында 2 тікелей нәтиже көрсеткіштеріне және 9 іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.



2014 жылда 2 тікелей нәтиже көрсеткіштеріне және 4 іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Жалпы 3 іс-шаралар орындалды, 1 іс-шара орындалуда.



2015 жылда осы мақсатты индикатор бойынша 2 тікелей нәтиже көрсеткіштеріне және 6 іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді, оның ішінде 3 іс-шаралар орындалды, 1 – жекелей орындалған, 2 іс-шара орындалуда.

2016 жылда осы мақсатты индикатор бойынша 2 тікелей нәтиже көрсеткіштеріне және 7 іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді, оның ішінде 3 іс-шаралар орындалды, 2 іс-шара жекелей орындалған, 2 іс-шара орындалуда.

Аралық мәндері болмаған жағдайда, тікелей нәтижелер көрсеткіштерін және мақсатты индикаторларының нәтижелер бағалауды жүзеге асыру мүмкін емес.


3 мақсатты индикатор. Ауыз судың орталық жүйесіне үздіксіз рұқсаты бар су пайдаланушылардың үлесі 2020 жылға дейін: қаларда кем дегенде 100% - ден кем емес және ауылдық жерлерде 80 % - дан кем емес.

Мақсатты индикаторға жету аясында 1 тікелей нәтиже көрсеткіш қамтамасыз етеді.



3.1. көрсеткіші Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету орындалды.

2014 жылда қалалар бойынша 39 нысан пайдалануға енгізілген. (Жоспар -86%, Факт – 86%).

Ауылдар бойынша 94 нысан пайдалануға енгізілген. (Жоспар – 47%, Факт – 50,3%).

2015 жылда сумен қамтуға қол жетімділік:

  • қалалалық – (Жоспар – 87%, Факт – 87%).

  • ауылдық - (Жоспар – 49%, Факт – 51,5%).

2016 жылда сумен қамтуға қол жетімділік:

  • қалалалық – (Жоспар – 88%, Факт – 88%).

ауылдық - (Жоспар – 52,3%, Факт – 52,3%).
4 мақсатты индикатор. 2020 жылға дейін канализация жүйелеріне қол жетімділігі бар су пайдаланушыларының үлесі қалалық жерлерде кем дегенде 100%, ауылдық жерлерде кемінде 20%.

Мақсатты индикаторға жету аясында 3 тікелей нәтиже көрсеткіш қамтамасыз етеді.


4.1. көрсеткіші. Су есептеу құралдарымен қамтуды қамтамасыз ету орындаған.

2014 жылы - Жоспар – 70,5%, Факт – 75,3%;

2015 жылы - Жоспар – 74,6%, Факт – 79,5%;

2016 жылы - Жоспар – 78,7%, Факт – 78,7%.
4.2. көрсеткіші қалалық желілерде су шығындарының деңгейін төмендету орындаған.

2014 жылда су ысырабының деңгейі 25% құрады.

2015 жылда 19% құрады.

2016 жылғы бойынша статистикалық мәліметтері үшінші тоқсанның аяғында жарияланатын болады.
4.3. көрсеткіші тұрақты іріктеу үлгілерін: кем дегенде 100 мың адам, 100 мыңнан астам халқы бар қалаларда ұйымдастыру жоспарланған мәндер айтарлықтай жоғары нәтижемен қол жеткізілді.

2014 жылда – Жоспар - қалаларда кем дегенде 100 мың адам- 10 үлгі, 100 мыңнан астам адам - 12 үлгі, Факт - кем дегенде 100 мың адам - 1693 үлгі, 100 мыңнан астам адам - 1993 үлгі.

2015 жылда – Жоспар - қалаларда кем дегенде 100 мың адам- 10 үлгі, 100 мыңнан астам адам - 14 үлгі, Факт - кем дегенде 100 мың адам - 6444 үлгі, 100 мыңнан астам адам - 7992 үлгі.

2016 жылда – Жоспар - қалаларда кем дегенде 100 мың адам- 11 үлгі, 100 мыңнан астам адам - 16 үлгі, Факт - кем дегенде 100 мың адам - 7656 үлгі, 100 мыңнан астам адам - 4224 үлгі

4.4. Орындалатын 3 және 4 мақсатты индикаторлардың қол жеткізу шеңберінде басқа іс-шаралар бойынша 9 іс-шаралар қарастырылған, оның ішінде 8 іс-шара орындалған жоқ.
5 мақсатты индикатор Судың навигациялық 39км³ деңгейін сақтау және табиғи объектілердің жылдық қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша 3 тікелей нәтиже көрсеткіштер және 7 іс-шаралар қарастырылған.
5.1. Көрсеткіші. Табиғи объектілердің экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту үшін олардың суға қажеттілігін қамтамасыз ету, оның ішінде Балқаш көлін жылына 12,0 км3, Арал көлін – жылына 3,6 км3, Сырдария өзенінің атырауын – жылына 2,7 км3, Іле өзенінің атырауын – жылына 2,0 км3 және халықаралық мәні бар Сулы-батпақты алқаптар тізіміне енгізілген басқа да табиғи объектілерді қамтамасыз ету. Осы көрсеткіш орындалды деп санауға қажет. Көрсеткіш бойынша 5 іс-шаралар қарастырылған.
3) Орындалған және орындалмаған іс-шаралар туралы ақпарат.

1-мақсатты индикатор. 2020 жылға қарай, 2012 жылмен салыстырғанда 33% -ға нақты мәнде ЖІӨ-нің бірлігіне су тұтынудың төмендеуі.

Мақсатты индикаторға жету аясында 6 тікелей нәтиже көрсеткіштеріне және 21 іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.


1.1 көрсеткіші бойынша Магистральдық және тарату арналарының шығындары 2020 жылға қарай 20%-дан аспауы 3 іс-шара қарастыралған.

1.1.1. Республикалық және коммуналдық меншіктегі магистральдық және бөліп тарату каналдарын қайта құру және жаңғырту, күрделі жөндеу.

Іс-шара республика меншігіндегі объектілер үшін жоспарланған мәннен айтарлықтай артық жүзеге асырылды (2015 жылыЖоспар - 7 млн.м3 шығындарды төмендету, Факт -150 млн. м3 су шығынын азайту, 2016 жылыЖоспар - 14 млн. м3 шығындарды төмендету, Факт -23,9 млн. м3 су шығынын азайту ).

Үш жыл бойы іс-шараларын орындалуына үшін Республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттерден және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысынан 30 408 млн. теңге көлемінде қаражат көзделген.

2014 жылы 8 нысандағы 7 магистральдық, 5 бөліп тарату каналдардың қайта жаңарту және республикалық меншіктегі 1 нысанды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

2015 жылы республикалық меншіктегі 5 нысанда қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды және 150 млн.м3 су ысырабын қысқартуға жоспарланған мәнінен артық қол жеткізілді.

2016 жылы республикалық меншіктегі 6 нысанда қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, 23,9 млн.м3 су ысырабын қысқартуға жоспарланған мәнінен артық қол жеткізілді.

Үш жыл бойы 46 млн. теңге игерілмеді, соның ішінде:

- 16,3 млн. теңге. – үш нысан бойынша мердігерлік ұйыммен жұмыс өндіріс кестесінен артта қалушылық

- 29,2 млн. теңге – бюджеттік қаражаттың үнемделуі.



2014 жылда Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, БҚО осы тармақ бойынша іс-шараларды іске асыруға қаражат бөлінбеген.

2015 жылда Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, СҚО жергілікті бюджет қаражатынан қаржы қарастырылмаған, себебі облыстар аумағында коммуналдық меншікте магистралдық және тарату каналдары жоқ.

Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Павлодар облыстары көрсетілген іс-шараларды іске асыруға жергілікті бюджет қаражаты қарастырылмаған, себебі қайта жаңарту және жетілдіруге жататын жобалар жоқ.

Алматы облысында 25% су ысырабын қысқартуға қол жеткізілді (млн.м3 бойынша ақпарат жоқ), Қызылорда облысында – 60 млн.м3 (10%), ОҚО -
7,4 млн.м3 (15,6%) су ысырабын қысқартуға қол жеткізілді.

Жалпы, жергілікті бюджет есебінен осы іс-шараларды жүзеге асыру үшін ҚР АШМ-нің есебінде атап өтілген су шығындарының азаюы туралы нақты көріністе (м3, %) жиынтық дәлелдемелер көрсетілмеген.



2016 жылда Алматы облысында 6 нысан бойынша жұмыс ұйымдастырылған. Сонымен бірге, облыс әкімдігімен ысырапты қысқарту бойынша ақпарат берілмеген.

БҚО берілген ақпарат бойынша 1,23 млн.м3 (15%) су ысырабын қысқартуға қол жеткізілді.

Қызылорда облысы бойынша 18% су ысырабын қысқартуға қол жеткізілді. Сонымен бірге, нақты көріністе су шығындарының азаюы туралы мәліметтерді акімдік ұсынған жоқ.

ОҚО бойынша 38 нысандар жөнделді. 98,5 млн.м3 (17%) су ысырабын қысқартуға қол жеткізілді.

Жамбыл облысы - су ысырабын қысқарту бойынша ақпарат жоқ.

Қалған облыстарға жергілікті бюджет қаражаты қарастырылмаған, себебі қайта жаңарту және жетілдіруге жататын жобалар жоқ.


1.1.көрсеткіш шеңберінде 2 іс-шара орындалған жоқ:

1.1.2. Су шаруашылығы объектілерін пайдаланушы АШМ «Қазсушар» РМК жарғылық капиталын ұлғайту арқылы машина-трактор паркін жаңарту және техникалық құралдармен жарақтандыру, технологиялық автокөліктерге қызмет көрсету жөніндегі тірек базаларының құрылысы және қызметтік үй-жайларды сатып алу

1.1.3. Республикалық және коммуналдық меншік объектілеріне көпөлшемді су сараптама жүргізу.

Сонымен қатар,облыстық әкімдіктердің ақпараты бойынша, жергілікті бюджеттен қаражат бөліну жоспарланбаған, себебі қаражаттың болмауы немесе көпфакторлы су тексерулерін қажет ететін коммуналдық меншіктердің тіркелмеуінен (Атырау және Mаңғыстау облыстарында).

Осы іс-шараларды орындамағанын әділдігі бар деп санаймыз, себебі Мемлбағдарламаны бекіткен кезде және 2014-2020 жылдарға арналған Мемлбағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту кезінде 2014-2016 жылдарға арналған Республикалық бюджет 2013 жылғы
3 желтоқсандағы № 148-V ҚРЗ Заңымен қалыптасқан болатын.

2014 жылы 2015-2017 жылдарға республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен сәйкес Министрлікке тұрақты сипаттағы шығындарға және 2012-2013 жылдардағы РБК мақұлданған инвестициялық жобаларды жалғастыруға немесе аяқтауға ғана лимиттер жеткізілген.

Сонымен қатар жаңа бастамаларға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге берілген мораторийға байланысты 2016-2018 жылдарға республикалық бюджетті қалыптастырған кезде тиісті бюджеттк өтінімдер берілмеген.
1.2. көрсеткіші бойынша. Суару инфрақұрылымының шығындары 2020 жылға дейін 30% -дан аспауы 2 іс-шара қарастырылған.

1.2.1. Жайылымдарды суару және гидромелиотивтік жүйелерді мемлекеттік тіркеу және түгендеу.

Гидромелиоративтік жүйелерді түгендеу бойынша жекелей орындалған.



2014 жылы облыстық бюджеттерден қаражат қарастырылмаған, себебі 2014 жылға бюджет 2013 жылдың аяғында қалыптастырылған.

«Қазсушар» РМК жүйелі және көлтабанды суару жерлерінде гидромелиоративтік жүйелерді түгендеу бойынша өз қаражаты есебінен жұмыс өткізілді.

Маңғыстау облысы, гидромелиоративтік жүйелер жоқтығына байланысты жұмыстар жүргізілмеген. Сонымен бірге, жайылымдарды суару үшін Республикалых бюджет арқылы 8 ұнғымалар құрылған.

2015 жылы жалпы Алматы облысы бойынша (6711,9 мың.га) алаңға гидромелиоративтік жүйелерге түгендеу және мемлекеттік тіркеу (5022,2 мың.га) бойынша мәңі бар.

Маңғыстау облысы, гидромелиоративтік жүйелер жоқтығына байланысты жұмыстар жүргізілмеген. Сонымен бірге, жайылымдарды суару үшін Республикалых бюджет арқылы 65 ұнғымалар құрылған.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстарында жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы іс-шаралар өткізілмеген.

2016 жылы Алматы облысында суармалау каналдары үшін 327 мемлекеттік актілер, 304 техникалық паспорттар дайындалған және әділет органдарында тіркелген.

Ақтөбе облысында көлтабанды суаруға 27,0 мың.га құқық қорғау құжаттары әзірленуде, 8,9 мың.га жүйелі суару алаңына жер актілері мен ЖСҚ әзірленген.

ШҚО-да түгендеу нәтижесі бойынша 2020 жылға дейін қажетті суландыру құрылыстарының саны анықталған - 500 құдықтар. Барлығы 2014-2016 жылдарға салынған құдықтардың саны 144 құрады, жоспар бойынша 110 құдықтар

БҚО-да 71 су шаруашылығы нысандарына құқық беретін құжаттар дайындалған.

Қарағанды облысында суландыру жайылымдары үшін 59 жоба мақұлданды.

Қостанай облысында барлық 11 ГТҚ 2012 – 2014 жылдары тіркелген. 2016 жылғы жайылымдарды суландыру мақсатында облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 36 ұңғыма бұрғылады, пайдалануға, енгізу актілері бар. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде паспорттар жасалды.

Маңғыстау облысы, гидромелиоративтік жүйелер жоқтығына байланысты жұмыстар жүргізілмеген. Сонымен бірге, жайылымдарды суару үшін Республикалых бюджет арқылы 76 ұнғымалар құрылған.

Павлодар облысы, 2012 – 2014 жылдары ауыл шаруашлығына негізделген жерлерге инвентаризация жүргізген. Зерттелген жерлердің 21,3 мың га суармалы жүйелері қолайлы, ал 3,5 мың га ауданды қайта құру қажет, 8 мың га есептен шығаруға ұсынылған.

2016 жылы әр түрлі санаттағы АШТӨ барлық ауданнан (72,2 мың га) 41,5 мың га немесе 58,3 % суармалы жер пайдаланылған.

ОҚО-да облыс көлеміндегі жалпы ұзындығы 2325 канал, 632 қашыртқы, 1617 дана тік дренажды ұңғыма, 41 су қойма, 2659 құдықтар бар.

Ақмола, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, СҚО-да осы іс-шара жүргізілмеген.

Жамбыл облысы, ақпарат жоқ.



1.2.2. Жүйелі және лиманды суару жерлерінің гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялау және жаңғырту. Іс-шара орындалған.

2015-2016 жылдарға осы іс-шараға Республикалық бюджеттен және Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің қарызы 1 989 млн.теңге қарастырылған. 140 млн. теңге игерілмеген қаражат.



2015 жылы 119,29 млн.теңге көлемінде игерілмеген қаражат Кеңесшіге аванс төлеу (25%-дан 20%-ға) жоспарланған пайызын азайтуға байланысты.

2016 жылда 10 жоба алдындағы аймақтарда инженерлік зертетулер өткізілді, ирригациялық және дренаждық жүйелердің инфрақұрылым нысандарын жобалауға дайындық жұмыстары өткізілді.

Орындалмау себептері: 19,6 млн. теңге – бағамдық айырмашылық, 1,5 млн.теңге – келесі жылға бару кестесін өткізу себебі бойынша жергілікті кеңесшілердің шығындарын өтеу бойынша толық пайдаланбаған қалдық.


1.3 көрсеткіші. 2020 жылға қарай АШТӨ 80%-ы су тарту мен су берудің барлық кезеңдерінде өлшеу аспаптарымен жарақтандыру және басқаруды автоматтандыру. 1 іс-шара көзделген.

1.3.1. Барлық кезеңдерінде өлшеу жүйелерін орнату, суды жинау және су жіберуді автоматтандыру. 1 іс-шара жекелей орындалған.

2015 жылда Ақмола, Қарағанды, СҚО, Қостанай барлық су тоғандар АШТӨ өз қаражаттары есебінен су есептегіш құралдарымен 100% жабдқталған. Осыған байланысты құралдарды орнатуға қаражат бөлу қажет болмады.

Алматы, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Маңғыстау, ОҚО, Маңғыстау, Павлодар облыстарына 2015 жылы жұмыс жоспарланбаған.

Жамбыл, БҚО, Қызылорда облыстары аталған іс-шара бойынша ақпарат жоқ.

2016 жылда Ақмола, Қарағанды, БҚО, Павлодар, Қостанай облыстары барлық су тоғандары 100% АШТӨ өз қаражаты есебінен су есебі құралдары жабдықталған.

Ақтөбе облысы, «Пригородный» ЖШС суды есептеу құралдарын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 26 млн.теңге сомасына орнатты.

СҚО, суды есепке алу аспаптарын бастапқы пломбалауға өтініш тіркелмеген.

ОҚО, 2015-2016 жылдары автоматтандыруға қаражат көзделмеген.

Қызылорда облысында 697 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бар, оның ішінде аудан әкімдіктерімен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз қаржылары есебінен суды есептеу құралдарын орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Алматы, Атырау, ШҚО, Жамбыл облыстарында жұмыс өткізілмеген.

Маңғыстау облысының әкімдігімен бойынша ақпарат жоқ.

1.4. көрсеткіші бойынша. 2020 жылға қарай 50% мүмкін аудандарда топырақты өңдеуде суды үнемдеу әдістерін және дақылдық егістіктерді қайта құрылымдау кезіндегі суды үнемдеу 2 іс-шара қарастырылған.

1.4.1. Мелиоративтік техниканы сатып алу, мелиорацияға күрделі шығындар. Жыл сайынғы мелиориативтік іс-шараларды өткізу (тереңірек қопсыту және суармалы жерлерді жоспарлау). Осы іс-шара орындалған.

2015-2016 жылдарға осы іс-шараға жергілікті бюджеттерден және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысынан 1 527 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде 2015 жылда жергілікті бюджет арқылы Атырау облысында жабдықтарды сатып алумен суару-суландыру жүйелерінде бас сорғы станциясы ауыстырылған.

БҚО, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарында іс-шаралар шаруашылық етуші субъектілер қаражат арқылы өткізілген.

Ақмола облысында шаруашылықтардың өз қаражаты есебінен жұмыстары өткізіледі. Сонымен бірге, қаражаттың бөлінуі туралы ақпарат жоқ.

Маңғыстау облысы бойынша мелиоративтік іс-шаралар өткізілмейді, , себебі облыс шөлейт және жартылай шөлейт аймақта орналасқан.

Ақтөбе, Алматы, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, СҚО, Қарағанды аумақтарында суармалы жерлерді тегістеу және терең қопсыту бойынша іс-шаралар өткізілмеген.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша, 71,0 мың га жерлерді тегістеу және топырақтың астыңғы қабатына терең қопсыту жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы Ақмола облысы, көктемгі егіс және егін жинау өткізуге шаруашылықтың өз қаражаты есебінен құрады.

Алматы облысы, мелиоративтік техниканы сатып алу қажеті жоқ.

Атырау облысы, 3 дана жүзбелі насос станциясы жергілікті бюджет есебінен сатып алынып «Қазсушар»РМК-ның Атырау филиалына сенімгерлік басқаруға берілді. Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен «Казагрофинанс» АҚ арқылы барлығы 19 дана «Беларус» тракторы және трактордың тіркеме құралдары алынды.

Шығыс-Қазақстан облысы, жыл сайын тыңайтқыштармен құнарландырылады, топырақты өндеу жүргізіледі. Мелиориативтік іс-шаралар, жоспарлау және тереңірек қопсыту жүргізілген жоқ.

БҚО, СҚО, Қарағанды облыстары, мелиоративтік іс-шаралар және тиісінше мелиоративтік техниканы сатып алу жүргізілмеді.

ОҚО, Қостанай облыстары, техника сатып алынды, іс-шаралар өз қаражаты есебінен құрады

Қызылорда облысы, жалпы сомасы 1646,0 млн. теңгеге 173 дана ауыл шаруашылығы техникалары «Агробизнес-2020» бағдарлама шеңберінде сатып алынған.

Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау облыстары, ақпарат жоқ.


1.4.2. Суармалы жерлерде өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының құрамын қайта қарау. Осы іс-шара орындалған.
1.5. көрсеткіш. 2020 жылға қарай ықтимал алаңдардың 30%-на суарудың су үнемдеу технологияларын орнату. 2 іс-шара қарастырылған.

1.5.1. Суарудың заманауи әдістерін: тамшылатып, жаңбырлатып және дискреттік және басқа әдістерін енгізу үшін техникалар мен жабдықтар сатып алу. Осы іс-шара орындалған.

Осы іс-шараларға «Агробизнес-2017» бағдарлама шеңберінде қаражат қарастырылған.



1.5.2. Су шаруашылығы және гидромелиорация үшін отандық машиналар, жабдықтар, материалдары, өндірісін, құрылыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс әзірлеу. Осы іс-шара орындалған.
1.6. көрсеткіші 2020 жылы кәсіпорындардың 20%-ына өнеркәсіпорындағы су үнемдеу технологияларын, сондай-ақ 2020 жылға қарай кәсіпорындардың 30%-ына айналма сумен жабдықтау технологиясын орнату.
1 іс-шара қарастырылған

1.6.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолжетімді су үнемдеу технологиялары және олардың экономикалық тиімділігі туралы ақпараттандыру, кейіннен өндіріске енгізу.

Іс-шара жоспарланған құндылықтарды айтарлықтай артық жүргізді.


2015 жылы – Жоспар - 186 үнемдеу су технологиясы бойынша кәсіпорын, Факт – 584 үнемдеу су технологиясы бойынша кәсіпорын, Жоспар – қайта суару жүйесі бойынша - 188 кәсіпорын, Факт - қайта суару жүйесі бойынша – 584 кәсіпорын; 2016 жылы – Жоспар - 192 үнемдеу су технологиясы бойынша кәсіпорын, Факт – 584 үнемдеу су технологиясы бойынша кәсіпорын, Жоспар – қайта суару жүйесі бойынша - 196 кәсіпорын, Факт - қайта суару жүйесі бойынша – 584 кәсіпорын

Мақсатты индикатор аясында жүзеге асырылған өзге де іс-шараларынан барлығы 10 іс-шаралар орындалған, оның ішінде:

1.7.1. Су шаруашылығы саласындағы ұлттық басымдықтарды/ саясатты айқындау үшін ведомствоаралық кеңес құру.

«Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімімен Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылды, сондай-ақ Кеңес туралы ережесі мен құрамы бекітілді.



1.7.2. «Қазақстандағы су жылы» халықаралық конференциясын өткізу.

Жоспарланған «Қазақстандағы су жылы» Халықаралық конференциясы болған жоқ. Осымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебіне сәйкес, 2015 жылы 2-3 маусымда Астана қаласында жоғарғы деңгейдегі Қазақстандағы су жылы контексте Ұлттық кездесу өткізілді. ЕҚЫҰ-ның 23- экономика-экологиялық форумына және Қазақстандағы су жылына «ЕҚЫҰ өңірінде су шаруашылығы:Ынтымақтастық арқылы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту».

Мемлекеттік бағдарлама жоспарына сәйкес, Халықаралық конференциясын жүзеге асыру үшін 43 млн теңге бөлінуге жоспарланған, алайда аталған Ұлттық кездесу ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесінің қаражатпен есебімен өткізілді.

1.7.3. Су ресурстарын басқаруды, сумен жабдықтауды және су бұруды, жерді мелиорациялауды инновациялық және білікті дамытуды ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету.

2015 жылы, Республикалық бюджеттен 235,2 млн. теңге сомасы арқылы ғылыми қамтамасыз етілген.

2016 жылы, жалғастырылатын 2 ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 206,3 млн. теңге қаражат бөлінді:

1. Күріш суландыру жүйелерде су және жер ресурстарын басқару (орындаушы – «ҚазҰАУ» МАҚ), 2. Су ресурстарын тиімді пайдалануға ғылыми қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы белгілеу жерлерді мелиорациялау технологияларын әзірлеу.



2015-2016 оқу жылында оқушылар саны 1247 адамды құрайды, оның ішінде түлектердәің саны 266 адам.

2016-2017 оқу жылында оқушылар саны 1222 адамды құрайды, оның ішінде алдын ала мәліметтерге сәйкес түлектердәің саны 269 адам.

1.7.4. Суды үнемдеуді насихаттау.

2015 жылы, ҚР ИДМ-нің ақпараты бойынша мониторинг нәтижелеріне сәйкес 2015 жылғы қорытындысы бойынша жетекші республикалық электрондық БАҚ-та 567 сюжет, баспасөз БАҚ-та 618 мақала, интернет-ресурстардың сайттарында 622 ақпараттық хабарлама және өңірлік БАҚ-та 1266 материал анықталды. Барлығы 3073 мақалалар БАҚ-да жарияланды.

2016 жылы, ҚР АКМ ақпараты бойынша суды үнемдеу мәселелерін БАҚ-та жариялау бойынша жұмыс жүргізілуде: республикалық және өңірлік БАҚ-та 1899 материал тіркелген.

1.7.5. Әдістемелік құжаттар әзірлеуді ұйымдастыру, зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу.

Осы іс-шараны орындау үшін Республикалық бюджеттен 287 млн. теңге қаражат қарастырылған.



2014 жылы АШМ «Қазсушар» РМК күшімен «Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына көп факторлы зерттеудің әдістемесінің жобасы» әзірленді.

Оны бекіту үшін су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына көп факторлы зерттеудің әдістемесін әзірлеу және бекіту бойынша қызметтерді су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі уәкілетті орган (ҚР АШМ) өкілдігіне беру бойынша ҚР Су кодексіне толықтыру енгізу талап етіледі.

Қарастырылған қаражат арқылы экономика салалары үшін су тұтыну және су бұрудың іріленген нормаларын әзірлеу бойынша зерттеу жұмыстары басталды.

2015 жылы, су ресурстарын пайдалану және қорғау саласында 4 талдау-зерттеу жұмыстары 119 100 мың теңгеге өткізілді.

2016 жылы, су ресурстарын пайдалану және қорғау саласында 4 талдау-зерттеу жұмыстары 148 263,3 мың теңгеге өткізілді.

1.7.6. Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың бас және бассейндік сұлбасын жаңарту.

Осы іс-шараны орындау үшін Республикалық бюджеттен 84 млн. теңге қаражат қарастырылған.



2014 жылы, Сарысу өзені Нұра-Сарысу бассейнінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың бас және бассейндік сұлбасын жаңарту орындалды.

2015 жылы, Шу және Талас, Асса, Нұра өзендер бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың бас және бассейндік сұлбасын жаңарту өткізілді.

2016 жылы, ағымдағы жылы аталған тармақты іске асыру мақсатында Жайық өзені бассейнінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын жаңарту бойынша жұмысты өткізу жоспарланған.

Алайда, Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының V-ші отырысы барысында Тараптар Жайық өзені бассейнінде сулылықты өзгертуге бейімдеу стратегиясын жасау бойынша бірлескен зерттеулер өткізу туралы келісті.

Бұл жұмыс ағымдағы жылы "Жасыл экономмка моделіне Қазақстанның өтуін қолдау» жобасының аясында БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылады.

Осыған байланысты көрсетілген бірлескен зерттеулерді аяқтағанға дейін Жайық өзені бассейнінде су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын жаңартуды кейінге қалдыруға шешім қабылданды.



1.7.7. Су ресурстары саласындағы тарифтік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

ҚР АШМ-нің Су ресурстары комитетімен Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартуға қатысатын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібі (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) қағидасының жобасына тарифті есептеу (екі мөлшерлемелі тариф қолданып) әдістемесі бөлігінде толықтырулар мен нақтылаулар ұсынылды, суармалау суы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапалық, сенімділік және тиімділік критерийлері толықтырылды.

Сондай-ақ сумен жабдықтау саласындағы реттелетін қызметтер бойынша жеке факторларды бағалау үшін пайдаланылатын құрылымдық параметрлердің төменгі тізбесі бойынша Тарифті құру әдістерін ынталандыру есебімен тариф есебінің әдістемесі жобасы бойынша ұсыныс пен сұрақтар қаралды және енгізілді. «табиғи монополиялар туралы» Заң жобасының тұжырымдамасында табиғи монополиялар субъектілерінің жай-күйі мен реттейтін қызмет түрін ескеріп тарифтік реттеу әдістерін ынталандыруды пайдалануға қатысты ұсыныстар берілген.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктіқорғау комитетінің ақпараты бойынша:

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін (бұдан әрі - ТМС) 2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданылу мерзімі 5 және одан астам жыл ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмысқа көшіру көзделген болатын.

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚҚДБ) ұсынымдарын ескере отырып, Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартуға қатысатын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібі (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығымен бекітілді.

Жаңа Ерекше тәртіп нормаларын ескере отырып, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС, «Қостанай – Су» МКК, «Қызылжар – су» ЖШС үшін шекті тарифтер бекітілген.

2017 жылы ЕҚДБ-нің тартылатын қаражаттарын ескере отырып, «Қазсушар» ШЖҚ РМК арналары арқылы суды беру қызметіне тарифті бекітуге өтініммен шығуды жоспарлап отыр.

Осылайша, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті тарифтік саясатты жетілдіру, оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жұмысты тұрақты негізде жүргізіп отыр.

1.7.8. Су шаруашылығы инфрақұрылымын басқару және пайдалану бойынша Ұлттық компания құру туралы ұсыныс әзірлеу.

Қызылорда облысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі


К.Қ. Мәсімовтың жұмыс сапарының қорытындысы бойынша 2016 жылғы
7 шілдедегі № 11-5/09-32 хаттаманың 1.3. тармағымен облыс әкімдіктеріне халықаралық қаржылық ұйымдармен қаржыландыру үшін жоспарланған суармалы жерлердің су шаруашылығы жүйелерін республикалық меншікке тапсыру бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК облыс әкімдіктерімен бірлесіп осы бағыттағы жұмыс жалғастыруда.

Республикалық меншіктегі су шаруашылығы инфрақұрылымды пайдалану және басқаруды ҚР АШМ СРК «Қазсушар» РМК жүзеге асыратындығын ескеріп, болашақта осы қызметпен Ұлттық компанияны құрудың қажеттілігі жоқ, себебі 2017 жылдың басына қалпына келтіру талап етілген суармалы жерлерге жататын барлық су шаруашылығы инфрақұрылымы «Қазсушар» РМК теңгеріміне берілетін болады, пайдаланылатын суармалы жерлердің инфрақұрылымының барлығы республикалық меншіктің теңгерімінде. Осылайша, «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі су шаруашылығы инфрақұрылымын пайдалану және басқарудың көлденең жүйесі құрылатын болады

1.7.9. Елді мекендерде сумен жабдықтау және ҚР АШМ және су бұру инфрақұрылымын салу және пайдалану бойынша бірыңғай ұлттық операторды құру туралы ұсыныс әзірлеу.

2016 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі


А.И. Мырзахметовтың төрағалық етуімен Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестің отырысында ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су тарту инфрақұрылымын салу және пайдалану бойынша бірыңғай ұлттық операторды (бірыңғай оператор) құру туралы мәселе қаралған, онда бірыңғай операторды құру тиімділігін қарастыру бойынша бірнеше тапсырма берілді.

Сонымен қатар, 2016 жылы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.А.Сағынтаевтың төрағалығымен Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің тиімділігін арттырудың қосымша шаралары туралы»


ҚР Үкімет отырысы өтті және отырыс нәтижесінде топтық су құбырларға қосылған ауылды елді мекендердегі сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мен қызмет көрсету бойынша функцияларды уақытша (2021 жылға дейін) «Қазсушар» РМК қарамағына беру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Бүгінгі күні аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.

1.7.10. Су ресурстарын басқару жүйелерін және су шаруашылығы объектілерін жоба алдындағы және жобалау құжаттамасымен автоматтандыру.

2015 жылы «Сумен жабдықтау жүйесін, гидротехникалық құрылыстарды салу және қайта құру» 235 бюджет бағдарламасы бойынша 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 631,34 млн. теңге сомасына екі жоба іске асырылды (бюджет қаржысы 2.1.1 тармақта есепке алынған):

- Шығыс Қазақстан облысының Тарбагатай ауданындағы Базар өзенінде бас тоғанды қайта құру;

- Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Жеменей өзенінде бөгеттік гидроторапты қайта құру.

2016 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 7,995 млн. теңге сомасына жоба іске асырылда (бюджет қаржысы 2.1.1 тармақта есепке алынған):

- Сырдария өзеніне дейін су тастаумен Арыс өз. бойынша автоматты су есептегіш жүйесін енгізумен Оңтүстік қазақстан облысында қараспан, Шәуілдір, Бүген су қоймаларында гидротораптың су тоған құрылыстарын қайта жаңарту (1-ші кезек).



1.7.11. Су ресурстары саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру. Осы іс-шара орындалуда.

Азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес Су кодексіне бөгеттер қауіпсіздігін декларациялауға, ұйымдарды аттестаттауға және т.б. қатысты толықтырулар енгізілген.

«Гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын әзірлеу мәселесі Қазақстан Республикасы Президентінің 06.09.2016ж. № 314 Жарлығымен бекітілген Заң шығару жұмыстарының тұжырымдамалық жоспарына енгізілген.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйекте бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған ҚР АШМ Заң жобалық жұмыстарының жоспарына сәйкес Әділет министрлігіне – 2018 жылғы ақпан, Үкіметке – 2018 жылғы мамыр және Парламентке – 2018 жылғы мамыр қарастыруға енгізу мерзімдері анықталған.

Қазіргі уақытта әзірленген «Гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Тұжырымдама жобасы бар, ол 2017 жылдың 1 жартыжылдығында заң жобалық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша белгіленген талаптарға сәйкес кезең-кезеңмен пысықталатын болады.
2-мақсатты индикатор бойынша. 2020 жылға қарай қосымша жер үсті суларының ресурстарын 0,6 км3 –ға арттыру.

Мембағдарламен мақсатты индикатор бойынша аралық мәндері қарастырылмаған.



2.1. көрсеткіші. 2020 жылға қарай қосымша жер үсті су ресурстарын 0,6 км³-ға жұмыс жасап тұрған инфрақұрылым есебінен арттыру. 4 іс-шара қарастырылған.

2.1.1. Республикалық меншіктегі гидротораптар мен су қоймаларын қайта құру және күрделі жөндеу. Осы іс-шара орындалған.

2014-2016 жылғы осы іс-шараны орындау үшін Республикалық бюджеттен 21 706 млн. теңге қаражат көзделген.



2014 жылы, Реконструкциялаудан кейін 3 гидротораптар пен 1 су қоймасы пайдалануға қабылданған. Күрделі жөндеуден кейін 1 гидроторап пен 3 су қоймасы пайдалануға қабылданған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет