Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің желідегі Лондонда түскен фотосына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2013 жылы Бергей Рысқалиев "бюджет қаражатын ұрлады және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыппен сырттай 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

"Оған қатысты сырттай шығарылған үкім бар. Өкініштісі, біз бен Лондон арасында экстрадиция немесе азаматты беру туралы келісім жоқ. Тиісті келісімдер болмаса, құқық қорғау органдары ретінде ештеңе істей алмаймыз", – деді Шыңдалиев.

Сотталған экс-әкім Бергей Рысқалиевтің президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусинмен бірге түскен фотосы желіде тарап кеткен еді. Қазақстанның бұрынғы шенеуніктері Лондондағы сәнді Burberry киім дүкенінің алдында көзге түсті. Рысқалиев Лондонда тұрады, ал Аслан Мусин зейнеткерлікке шыққан соң Еуропаға көшіп, Черногория азаматтығын алған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.