Атыраудағы балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін әйелдер жұмыс орнында ішімдік ішкен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Мектепке дейінгі мекеменің ішінде мереке ұйымдастырғандардың әрекеті әлеуметтік желіге тарап кетті. Видеода бөбекжай ішінде қызметкерлер емін-еркін стақандарын соғыстырып, ішімдік ішіп, тойлап отырғаны көрінеді.

  • "Бұрын көрмеген жерді көргіміз келді": Түркияда "трансвеститтер клубына" барғаны үшін жұмыстан қуылған қызылордалық мұғалімдер өз шындығын айтты

Осы оқиға бойынша қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп, бейнежазбаның 2023 жылы күзде түсірілгенін анықтады. Жұмыс орнында ішімдік ішкендер тәрбиеші емес, еден жуушылар болып шықты. Оларға қатаң сөгіс жарияланған.

Еске салсақ, бұған дейін Көкшетаудағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршіннің төсегіне жатып алып шугаринг жасатқаны үшін басы дауға қалған еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.