Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы



жүктеу 38.32 Kb.
Дата27.12.2017
өлшемі38.32 Kb.


Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы
Зайсан ауданының ТЖ бөлімі Сіздің адамдар жаппай жиналатын обьектілер, сауда үйлері, базарларда болған өрттер туралы ақпараттандырады.

Мәселен, 2012 жылы Республика аумағында 16904 өрт шығып, одан келіп түскен материалдық шығын 5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде сауда обьектілерінде 497 өрт шықты, ол өрттің жалпы санынан 3 % құрайды.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында 2 037, бұл республика бойынша өрттердің жалпы санынан 12% құрайды, оның ішінде 28 сауда обьектісінде.

Осы ұйымдардағы өрттер сауда аудандарын жалға алатын халықтың өз бетімен айналысатындардың қатарындағы кәсіпкерлерінің көбіне мүліктік залал келтіруімен байланысты үлкен дүдәмал тудырады.

Осы өрттердің салдарын, сондай-ақ олардың дамуының қозғалысын зерделеу көп жағдайда өртенудің үлкен ауданға таралуына обьекті жұмысшыларының біліксіз әрекеті, соның ішінде қауіпсіздік және күзет қызметі себеп болады.

Мәселен, 2012 жылы 10 қарашада Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 35 мекенжайы бойынша орналасқан «электроника әлемі» ЖШС филиалының сауда үйінде өрт шықты. Өрттің ауданы 1800 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан ғимараттың құрылымы, сауда электрлік-тұрмыстық техниканың жанғыш орамының тұтануынан болды, қоймады ашық тұтану көзінің жылу әсерінен өрт шығып, одан әрі сауда залына тараған.

Обьектідегі өрт автоматикасының жану туралы белгі күзет ұйымының пультіне дер кезінде берілген, бірақ Қарағанды қаласының орталық өрт байланысы бекетіне күзет ұйымынан өрт туралы хабарлама тек 24 минуттан кейін ғана түскен. Нәтижесінде бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келгенде өрттің ауданы 600 шаршы метрді құрады.

2013 жылғы 16 қаңтарда 06 сағат 14 минутта «Күзет ПЦН» ЖШС күзет ұйымының пультіне Атырау қаласы, С. Датов көшесі, 64 мекенжайында орналасқан «Хозяюшка» 3 қабатты сауда үйінде өрт-күзет дабылының іске қосылғаны туралы белгі берілді. 06 сағат 18 минутта өрт орнына келіп жеткен күзет ұйымының кезекші ауысымы құрылғылардың бүтіндігі мен ғимаратқа өту белгілерін анықтаумен айналысқан. Тек обьектінің иесі келгеннен кейін ғана 06 сағат 40 минутта күзет жиһаз салоны орналасқан 3 қабатта өрт шығып жатқандығын анықтаған. Өздігінен өртті сөндіру мүмкін болмағана соң «Күзет ПЦН» ЖШС диспетчері 06 сағат 47 минутта мемлекеттік өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабарлады. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген уақытта 06 сағат 58 минутта ашық от ауданы 525 шаршы метр 3 қабатқа толықтай тараған.

Осы сияқты жағдай Шымкент қ. Ахунбаев көшесі мен Темірланов тас жолы қиылысындағы «Бекжан» базарында болған өрт кезінде орын алды, нәтижесінде бір адам қаза болды, өрттің ауданы 35 мың шаршы метрді құрады, өртте сауда орындарының 3 мыңнан астам иесі зардап шекті.

Барлық жағдайларда тергеуге дейінгі тексеріс барысында күзет ұйымдарының қызметті нұсқауларында автоматты өрт анықтау жүйелері іске қосылған кезде кезекші персоналдың іс-қимыл жасау алгоритмі дұрыс анықталмаған, оған сәйкес күзетші оқиға орнында іске қосылу себебін анықтап, сонан соң обьектінің басшылығына өрт туралы хабарлайды және қолда бар құралдардың көмегімен өрт сөндіру бойынша өздігінен іс-қимыл жасайды.

«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 25 бабына сәйкес өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету ұйым басшыларын жүктеледі, осыған байланысты Сіз:

- өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарының ұйғарымдамалары мен басқа заңнама талаптарын сақтау;

- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеп, жүзеге асыру қажет;

- өртке қарсы үгіт-насихатты жүргізу, сонда-ақ өз жұмысшыларын өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қажет;

- өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жұмысқа жарамды жағдайда ұстау қажет, мақсаты бойынша пайдаланбауға жол бермеу қажет;

- өртке қарсы қызметіне өрт сөндіруге, олардың туындау себебін және олардың туындау шарттарын анықтауға, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығына кінәлі тұлғаларды және өрттердің туындауын анықтау кезінде көмек көрсету қажет;

- өрт сөндірудің автоматты анықтау және сөндіру құралдарын енгізу бойынша шараларды жүзеге асыру;

- белгіленген заңнама тәртібінде ұйым аумағына олардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде өртке қарсы қызметі өкілдерінің кіруін қамтамасыз ету;



- мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарына өрт қауіпсіздігі туралы, оның ішінде олар өндіретін өнімдердің өрт қауіпсіздігі туралы , сондай-ақ олардың аумағында туындаған өрттер мен олардың салдары туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қажет;

- дереу өртке қарсы қызметіне шыққан өрт туралы, қолда бар өртке қарсы қорғаныс жүйелер мен құралдарының бұзушылықтары туралы, жолдар мен кіру жолдарының жағдайындағы өзгерістер туралы хабарлау;



- уәкілетті органды өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қызметтің басталуы туралы , өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен обьектілерде өрттермен байланысты бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

- уәкілетті органды шөпті өсімдіктерді өртеу бойынша және ашық алаңдарда арнайы от әрекеттерін жүргізу бойынша әрекеттердің басталуы туралы хабарлау.

Хабарламаларды беру «Әкімшілік әс жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қызметті немесе әрекетті бастағанға дейін он күннен кем емес уақытта өтініш беруші береді.

Егер әрекет ету үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты болса хабарламада қосымша өтініш берушінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары көрсетіледі.
Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет