Орта мектебіндегі «Ертегі» атты алаңқайының маусымы бойынша жұмысының есебі



жүктеу 37.73 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі37.73 Kb.

4 орта мектебіндегі «Ертегі» атты алаңқайының 1 маусымы бойынша жұмысының есебі


«Ертегі» мектепалды алаңқайы – ол өзінің Басқару жүйесі бар, өзінің Жарғысы, өзінің Күн тәртібі және өзінің Заңдары бар кішкентай балалар мемлекеті.

Міне көп жылдар бойы жаз мезгілінде жыл сайын шулаған балалардың көңілді дауыстары естіліп тұрады:


«Ертегі бізге қуаныш әкеледі!»

«Ертегі» мектепалды алаңқайына балалар жазғы демалысын өткізуге, шынығуға, демалуға, қабілеттерін арттыруға және жаңа оқу жылының алдында денсаулықтарын нығайтып спортпен шұғылдану үшін келеді. Балалар осында өздерінің құрбы-құрдастарымен кездесіп жаңа балалармен танысады. Балалардың жақсылап демалып және бос уақыттарын көңілді өткізуге барлық жағдай жасалған:

* бейімдеу студиясы бойынша жұмыс істеуге және мәдени-көпшілік шаралар өткізу үшін жұмыс орындары безендіріліп, ойын бөлмелері жасалған.

* спорттық және ойын алаңқайлары жөндеуден өткізіліп, бір тәртіпке келтірілген.

* медициналық көмек көрсету үшін медициналық пункті бар.
Біз «Ертегі» шаттық әкелді.

«Ертегі» ақыл ой береді,

Ғажайып «Ертегі» әлемінде,

Бақытты болатынына сенеді.

атты ұранымен жұмыс істейміз.

1 маусымда Қазақстандық патриотизм, халық достығы, шығармашылық, танымдық, еңбек, спорт, өлкетану бойынша қазіргі заман технологияларының және салауаттандыру мен тәрбиелеудің әдістемелерін қолдану арқылы тұлғаның экологиялық жағынан жан – жақты дамуы бойынша үлкен тәрбиелеу жұмысы жасалды. 2017 жылы 1 -12 маусым аралығында мектепте «12 күн балалар еңбегіне қарсы күрес» акциясы басталды.

1 маусымға спорт және өлке танумен айналысу үшін сабақтар енгізіліп қалалық мәдени – өлкетану және демалу паркі мен бассейнге бару, табиғатқа және Садовое ауылына саяхатқа шығып және өрт сөндіру бөлімінің мұражайына бару жоспарланып бағдарлама құрастырылған.

Балалардың жақсы көретін жері болып бұрыңғы балалар темір жолы болды, онда мынадай шаралар өткізілді: мерекелік жарыс «Кіші Олимпиадалық ойындар», «Экологиялық ассорти» ойыны, «Айлы жол» атты еңбек десанты.

Шаралар бірнеше түрде өткізілді: эстафета, саяхат ойындар, ойын сауық түрінде, спорттық сауықтыру шаралары, интерактивті тақта қолдану арқылы ойын сабақтар.

Басқа да ірі шаралар өткізілді: саяхатар, Денсаулық күні, ЖЖЕ-рі кәмілеттік жасқа толмаған балалардың арасында құқық бұзушылықтың алдын - алу бойынша әртүрлі шаралар.

Балалардың жарысқа арналған суреттері Отанға деген сүйіспеншілікті білдіреді.

Таза ауада демалу, жорықтар шығу балалардың денсаулығын нығайтып және табиғатты аялауға тәрбиелейді.

Барлық кезең бойы балалармен жоғары сынып оқушылары жетекші ретінде және біздің

Жұмыс кезінде жетекшілер балалармен жұмыс істей алатындығын, кішкентай сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін және әртүрлі ойындар білетіндіктерін көрсетті.

Балалар өздерінің таусылмас әуесқойлықтарын және құлшыныстарын көрсеті білді.

1 кезеңнің бағдарламасы интеллектуалдық, танымдық және ойын-сауық бағдарламаларымен толық болды.

Балаларды күнде көңілді және қызықты саяхаттар күтіп тұрды: «Бізді ғарыштық алыстар шақырады», «Құс жолы» жорықтары, «Түлкі мен қоян» атты ойын сауыққа және «Джунгли шақырады», «Ғарыштық қашу» атты қойылымдарға театрға бару. Сонымен қатар «Синема Әлем» кино театрына, қаланың тарихи өлкетану мұражайына және Садовое ауылына бару.

Алаңқайда сауықтыруу және бейімдеу отрядтары жұмыс істеді (спортық, еңбек, экологиялық жетекшілік, ТКК, дизайн студиясы)

«Ертегі» мектепалды алаңқайының басшылығы тамақтандыруға көп көңіл бөледі. Екі мезгіл нешетүрлі тамақтандыру: үнемі жас көкөністер мен жеміс – жидектер әкелініп тұрды. Бәрі де тәтті тойымды болды.

Медициналық қызмет көрсету тәжірибелі фельдшер жүргізді. Ол әрқашанда қиын сәттерде көмекке келетін «ақ халатты» абзал жандардың бірі. Мектеп лагерінде бірінші жыл істеп тұрған жоқ. Тәулікке арналған азық-түліктер жиынтығын, балалардың денсаулығы жағдайын, бөлмедегі асханадағы тазалықты тексеріп тұрды. Салауатты өмір салты бойынша марафон жүргізді, «Зиянды әдеттер» туралы дискуссия жүргізді сонымен қатар «Батырлар жүгірісі» атты мерекелік шара өткізді, денсаулықты сақтау бойынша кеңестер берді

№4 ОМ алаңқайының бірінші кезеңінде балаларды сауықтандырумен және демалдырумен 200 бала қамтылды, олардың көбісі әлеуметтік нашар отбасынан шыққан балалар.

Олардың ішінде 30 бала әртүрлі аурумен ауырады. Жоспар бойынша балалар әртүрлі сауықтыру гимнастика түрінде жалпақ табан мүсін аурулары бойынша емдер қабылдады. Сонымен қатар күнде таңертеңгілік зарядка, шынықтыру шаралары, таза ауада ойнау, серуендеу, спроттық жарыстар жүргізіліп тұрды.

Балаларға арналған мектептегі «ЕРТЕГІ» лагеріндегі демалыс балалардың көңілінен шықты, өйткені онда мейірімді, қамқоршы, сезімді жандар жұмыс істейді

Жадрасинова С.Е.лагерь жетекшісі

БЕКІТЕМІН:

___________ Маликова Г.К.

№4 ОМ директоры



4 орта мектебіндегі «Ертегі» балалар алаңының (1 кезең) есебі
Отчет детской пришкольной

площадки «Сказка» СШ№4

( 1 сезон)

Көкшетау қ.

2017ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет