Қортынды. Пайдаланған әдебиеттер



жүктеу 392.29 Kb.
Дата01.10.2017
өлшемі392.29 Kb.

Кіріспе
І. Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы кеңес-ағылшын

қатынастары (1939-1941ж.ж)

ІІ. Соғыс өршіген уақыттағы кеңес-ағылшын ынтымақтастығы (1941-1944ж.ж)

ІІІ. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі кеңес –ағылшын қатынастары (1944-1945ж.ж)




Қортынды.


Пайдаланған әдебиеттер:

Тақырыптың мақсаты :

Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы КСРО және Англия арасындағы саяси, әскери, стратегиялық және дипломатиялық қатынастарының сипатын анықтау. Соғыстың әр кезеңіндегі осы қатынастардың өзгеруін ашып айқындау. Соғыс кезінде кеңес- ағылшын қатынастары нығайып отртақ жауды жеңіп жеңіске жетуін ашып көрсету.



Міндеті :

Екінші дүниежүзілік соғыстағы кеңес- ағылшын қатынастарының хронологиялық кезеңдерін анықтау;

Соғыстың алғашқы кезеңіндегі кеңес-ағылшын қатынастарының сипатын айқындау;

Соғыс өршіген уақыттағы әскери, саяси және дипломатиялық қатынастардың деңгейін зерттеу;

Екінші дүниежүзілік соғыс соңындағы кеңес-ағылшын қатынастарын зерттеу және сипатын анықтау

Өзектілігі:

Қазіргі таңда адамзат өміріне қауіп төндірген ылаңкестік, ұйымдасқан қылмыс , заңсыз қару-жарақ сату, есірткі тасымалдау, саяси -экономикадағы ғаламдық неготивтік құбылыстарға барлық мемлекеттің бірігіп қарсы тұрып әрекеттенуін қажет етеді. Елдер арасындағы мемлекет басшылары саяси қайшылықтарға қарамастан ортақ проблема алдында ынтымақтасу барысында нәтижеге қол жеткізе алады. Сол сияқты екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы екі түрлі саяси жүйедегі ( капита-листік және социалистік) мемлекеттер біріге отырып , фашизм сияқты жауға тойтарыс бере алды.



КІРІСПЕ
Екінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болған фашистіктің екінші ошағы Германияда пайда болды. Бұл агрессиялы саясатқа Италияда біріккен болатын. Сөйтіп Үштік одақ құрылуына себеп туғызып, құрамына Жапония , Италия және Германия кірді.

Германия мен Италия ортақ мәмлеге келіп, 1936 жылы келісім шартқа қол қояды. Ал дәл сол жылдың қараша айының 25-і жұлдызында Германия Жапониямен Коммунистік Интернационалға қарсы пактіге қол қояды, бұл шартты Италия да жөн көріп қолдайды. 1938 жылғы 30 қыркүйекте Мюнхен конференциясына Чехословакия елінің өкілінен басқа , Гитлер , Италиядан Муссолини

Францияның премьер-министрі Даладьде және Ұлыбританияның премьер –министрі Чемберленнің қатысуымен өтілді. Онда Чехославакиядан Судетскке дейінгі аймақты күшпен алып, сонымен бірге Венгрия мен Польшаны Германияғаберу жайлы келісім жасалды. Сөйтіп 1938жылдың 15 наурызында Германия Чехословакияға басып кіреді. Ал сол жылдың 22 наурызынла агрессивті саясатын Литваға бұрып Клайпед ауданын тартып тартып алады . /1/

1939 жылдың 22наурызында Германия Румыния , Польшаға бағытталған күйде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезінде Англия , Франция тарапынан Германиядан тартып алынған колонияларды қайтаруын талап етеді. Фашизмнің әсіресе англо-франко-американдық имперализмге қарсы қауіп төндіруі еді. Сөйтіп 1939 жылдың 12-і тамызынан 21-е дейін Мәскеуде КСРО, Англия, Франция арасындағы фашизмге қарсы миссия ұйғарылды . Кейінірек жоғарыда айтылған одаққа АҚШ-та қосылады. Ал 1939 жылдың 1қыркүйегінде таң ертең фашистік Германияның әскерлері соғыс жарияламастан Польшаға басып кіреді . Үш бағытта : батыстан, солтүстіктен және оңтүстіктен Польшаға бес неміс армиясы тап берді. Польшаның одақтастары Ұлыбритания мен Франция 3қыр-күйекте Германияға соғыс жариялады. Соғысқа Англия мен Францияның доминиондары мен отарлары да кірісті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды ./2/

Поляк әскерлері ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ саны аз және нашар поляк армиясы немістердің авияция қолдаған қуатты танкі және моторланған дивизияларына шыдас бере алмады. Соғыс басталғаннан кейін Польша талқандалды . Ал осы уақытта батыс майданындағы ағылшын- француз әскерлері саны жағынан көп болғанымен , немістердің басты күштерінің Польшаға екендігіне қарамастан , Германияға қарсы ешқандай қимыл- әрекет жасамады. Батыс майданда 1940 жылдың көктеміне дейін созылған теке-тірес “түсініксіз соғыс “ деген ат алады . Англия мен Франция үкіметтері “түсініксіз” соғыс кезінде қорғаныс стратегиясын ұстанады . Олар ағылшын- француз флотының теңіздегі үстемдігі Германияны қоршау құрсауында ұстайды және француздардың Германиямен шекарада күшті бекітілген “Мажино” белдеуі немістердің батысқа шабуыл жасауына мүмкіндік бермейді деп есептеді. 1940 жылдың көктемінде неміс әскерлері Батыс майданда шабуылға шықты . Ағылшын – француз әскерлері Дюнкер-се ауданында яғни Францияның солтүстігінде қоршауға қалды. Ауыр қару –жарақтарын тастап , қоршаудағы топтың негізгі бөлігі Англияға өтіп кетті.

Англия мен Францияның жеңілуі шешілген іс деп , 10 маусымда оларға қарсы соғықа Италия да кірісті.

1940 жылы 22 маусымда Компье орманында 1918 жылғы Германиямен уақытша бітімге қол қойылған, ескерткіш ретінде сақталып қалған маршал Фоштың вагонында француз-герман уақытша бітіміне қол қойылды. 25-і маусымда Франция Италиямен де уақытша бітімге келді .

Француз- герман және француз - итальян уақытша бітімдерінің шарттарына сәйкес Франция барлық соғыс қимылдарын тоқтатуға, армиясы мен флотын қарусыздандыруға міндеттенді . Германия оның територриясының үштен екі бөлігін Парижді қоса басып алды . Франция аса көп оккупациялық төлем төлейтін болды./3/ Ал 1940 жылдың 27-і қыркүйегінде Германия , Италия және Жапония Үштік пактіге қол қойды, бұл іс жүзінде дүниені қайта бөлісу туралы келісім болды . Пактіге қатысушылар бір-біріне барлық құралдармен көмек беруге келісті . Ұзамай Румыния, Венгрия , сосын Болгария Үштік пактіге қосылады . Олардың территориясына неміс әскерлері орналастырылды.

Германиямен одақтастарының КСРО-ға шабуылы , одан соң Жапонияның АҚШ пен Ұлыбританияға қарсы басқыншылығы фашист басқыншыларына қарсы күресіп жатқан барлық күштердің біртұтас антифашистік одаққа бірігуіне алып келді . Оның маңызды құжаты Черчилль мен Рузвельттің 1942 жылдың тамызында Канаданың Атлантикалық жағалауында кездесу барысындағы Атлантика хартиясына келісім шартқа қол қойды . Атлантикалық хартияда АҚШ пен Ұлыбританияның “ешқандай территориялық немесе басқа да жаулап алушылыққа ұмытылмайтындығы және барлық халықтардың өздері өмір сүргісі келетін басқару түрін таңдап алуға құылы екендігі “ туралы айтылды. Ұлыбританиямен АҚШ “нацистік тиранияны түпкілікті құртқаннан кейін олар жұрттың барлығы ешқандай қорқынышсыз , жоқшылық көрмей өмір сүретіндей , дүиені құруға үміттенетіндігін жариялады . Ол үшін басқыншылықты қарусыздандыру және жалпыға бірдей қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру , ал келешекте “күш қолданудан бас тарту” қажет деді .

КСРО Атлантика хартиясына қосылды. 1941 жылы шілдеде Германияға қарсы бірлесіп қимылдау жөнінде ағылшын- кеңес келісіміне қол қойылады . АҚШ президенті Рузвельт ленд-лиз ( яғни қарыз , жалға беру ) туралы заңның күшін Кеңес Одағына да таратты , сөйтіп Кеңес Одағына американ қару –жарақтары мен құрпал-жабдықтары келе бастады . 1942 жылы 26-ы тамызда Лондонда “ Гитлерлік Германия мен оның Европадағы сыбайластарына қарсы соғыста одақтастық және соғыстан кейінгі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы” 20 жылдық мерзімге байланысты келісім шартқа қол қойылды . 1942 жылдың 11 маусымында Вашингтонда өзара көмек туралы кеңес- американ келісіміне қол қойылды

Ұлы үш мемлекеттің , КСРО , Ұлыбритания және АҚШ-тың әскери- саяси одағы құрылды .

Фашизмге қарсы мемлекеттердің бірігуіне басты себеп , олардың басқыншыларға қарсы күресте күш біріктірудің қажеттілігі еді. Кеңестік режимді сынап , оның дүниежүзіне таралу қаупінен сескенгендіктеріне қарамастан , Рузвельт пен Черчилль КСРО -мен ынтымақтасу ауадай қажет деп есептеді .

Бірақ одаққа енген елдердің арасында олардың әлеуметтік – экономикалық және саяси сипаттарының ерекшеліктеріне және соғыстан кейінгі жоспарына байланысты терең қарама-қайшылықтар бар еді .

Одақтастар арасында көп уақыт бойында талас туғызып келген мәселе екінші майданның ашылуы жайында болды . Фашистік Германияның Европадағы негізгі күштері өзіне қарсы тұрған Кеңес Одағы, Англия мен АҚШ –тан Европада тезірек екінші майдан ашуды , соғыс қимылдарын Германияға төте жолы бар Франциядан бастауды табанды түрде талап етті . Бірақ АҚШ пен Англияның үкіметтері күштернің жеткіліксз екендігін сылтау етіп , Европада екінші майдан ашылу туралы мәселені кейінге қалдырып отырды ./4/

КСРО 1939 жылы Англиямен фашистік агрессияға қарсы коалиция құрады . Бұл бағыттың алғы шарты КСРО-ның қауіпсіздігі және Германияға тойтарыс беруі еді . Алайда Англияның КСРО-ға деген көзқарасы антисоветтік еді , оның дәлелі У.Черчилльдің 1939 жылдың 1-і қазанында радиодан сөлеген сөзі : “Польша оны 150 жыл бойы құлдықта ұстап , бірақ польяк халқының рухын жоя алмаған екі ұлы державаның шабуылына тағы да ұшырап қалды . Варшаваны ерлікпен қорғау Польшаның рухының өлмейтінін және қуатты су толқыны астында уақытша қалып қойған жартастай Польшаның қайтадан көтерілетінін көрсетеді . Ресей өзінің жеке мүдделерінің қырыс саясатын жүргізіп отыр. Біз орыс әскерінің қазір алған шебінде басқыншы ретінде емес, Польшаның досы және одақтасы ретінде тұрғанын қалар едік . Алайда Ресейді нацистік қауіптен қорғау үшін орыс әскерлеріеің осы шепте тұру қажеті болғаны түсінікті . Қалай болғанда , бұл соғыс шебі бар , демек , Шығыс майдан құрылды , оған шабуыл жасауға Германия бата алмайды ... “ Францияның жеңілуінен кейін Черчилль елді тек билеп қана қоймай , саясатқа да басты назар аудару қажет болды . АҚШ сияқты одақтас іздеп , КЕңес Одағы сияқты мемлекетпен жақынырақ танысуды ұйғарды . КСРО Англиямен қарым-қатынас жасауға дайын еді . Алайда ағылшын саясатында антисоветтік ұғым әлі өше қоймаған еді .

Н.Чемберленнің билік басында болған сәттерінде ( 1940 ж 18 наурыз ) ағылшындар КСРО мен 1939 жылы үзілген сауда қатынасын жаңартуын сұраған болатын . бірақ ағылшын меморандумында 1940 жылдың 4 сәуірінде министрлер кеңесі бойынша КСРО территориясына ағылшын әскерлерін орнатып , экспортты басқа елдерге жіберуде бақылаушы ретінде орнатылды

1940 жылы 27 –і сәуірде Кеңес жетекшілері Лондонға кеңес-ағылшын сауда қатынасы жайлы меморандум жіберді . КСРО Англиямен біріге сауданың өсуін қалап , ішкі саудаға мән бермейді . Сауда мәселесі жөнінде Англия мен КСРО арасында келіспеушіліктер туындаған сәттер де болды . 1940 жылы 22 қазанда Вышинский мен Криппс арасында бір қатар келісім шарттар орнайды . Келісім шартта сауда қатынасын ретке келтіре отырып , бір-біріне қарама- қайшылық орнатпау , сонымен бірге ағылшын- кеңес қатынасын үзбеу .

1941 жылы 18-і сәуірде ағылшын мемлекеті құйтырқы саясатын ұстана отырып , ағылшын елшісі Криппс КСРО-ға меморандум жібереді . Бұл меморандумда КСРО-ға әлем имперализмін қарсы тұрғызбақ ойын білдіреді . Алайда КСРО Англияға төнген қауіп- қатерді ескертуді ұмытпады .

Алайда Кеңес Одағы Англиямен қақтығысуды жөн көрмеді . Уақыт өте келе Германия қуапі төніп , фашизм әлемге үрей туғыза бастады . КСРО –ға Германия қауіп төндіре қалған жағдайда , Англия Кеңес Одағына көмек бере отырып , өзін де қауіптен құтқаратыны анық еді . /5/

1939 жылдың 1-і қыркүйегінде екінші дүниежүзілік соғыс басталады . Агрессиялы бағытты ұстанған Германия әуе ұшақтарымен қалармен ғимараттарды аяусыз бомбалады . Алғашқы жау отына оранған Польша мемлекеті еді .

Польяк әскерлері ерлікпен қарсылық көрсетті . бірақ саны аз нашар қаруланған польяк армиясы немістердің авияция қолдаған қуатты танкі және моторланған дивизияларына шыдас бере алмады . Соғыс басталғаннан соң екі аптадан кейін Польша талқандалды.

Осы кезде 1939 жылдың 23-і тамызында жасалған құпия протоколға сәйкес Кеңес Одағы Польшаға қарсы шықты . 1939 жылы 17-і қыркүйекте кеңес әскерлері ешқандай қарсылық кездестірместен Польшаның шығыс аудандарына басыпе кірді . 200 мыңнан аса солдаттары мен офицерлері кеңес тұтқына аоынды . 1940 жылдың көктемінде олардың 20 мыңнан артығы Хатынь ( Смоленск қаласында ) және басқа жерлерде құпия түрде атып өлтірді . 1939 жылы 28-і қыркүйекте Мәскеуде Германия мен КСРО- ның Шығыс Европадағы біріккен әрекеттерін заңдастырған достық пен шекара туралы герман - кеңес келісіміне қол қояды .

Польша мемлекеті жойылды . Батыс Украина мен Батыс Беларуссиямен КСРО құрамына енді , ал Германиямен шектес польяк жерлері Берлиннен басқарылатын неміс генерал -губернаторлығы деп жарияланды . Кеңес үкіметі Эстония , Латвия және Литвадан КСРО- мен өзара көмек туралы шарт жасауға және өз территорияларында кеңес әскери гарнизондарын орналастыруға келісулерін үзілді- кесілді түрде талап етті . Бұл талаптар орындалды . /6/

Осы кезде Кеңес Одағы Финляндиядан шекараны Ленинградтан ары жылжытуды талап етеді , оның орнына көлемі екі есе көп, бірақ халқы аз кеңес территоиясын алуды ұсынады . Көп уақытқа созылған келіссөздер сәтсіз аяқталады , Финляндия ұсынысты қабылдамайды . 1939 жылы 30-ы қарашада кеңес әскелері Финляндияға қарсы соғыс қимылдарын бастады . Кеңес- фин соғысы ұзаққа созылмағанымен , өте ауыр болды . Ұлттар Лигасы КСРО-ның бұл әрекетін айыптап , оны мүшеліктен шығарды .

Ал Германия келесі шабуылды Батыс Европаға бағыттады . Батыс Европадағы Франция мемлекетін жаулап алып өз үстемдігін орнатады . Бірақ 1938 жылдың 6-ы желтоқсанында Франция Германиямен жауласпау және де (Германия тарапынан) жаулап алмау жайлы пактіге қол қойды . Алайда Германия Францияны өзіне бағындырып , өз әскерлерін енгізді .

Екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы кезінде Кеңес Одағының дайындық барысы жайлы айтсақ , ауыр өнер кәсіптің дамуы , әуе , теңіз , құрлықтағы әскерді қайта жабдықтауға мүмкіндік туғызды . Бұл мүмкіндік ғылымның әрі қарай өсуімен оның жетістіктері мемлекетті қорғау мақсаттында ұйғарылған еді .

Кеңес одағының оқымыстылары , конструкторлары , өнертапқыштары аянбай Отан үшін қызмет жасады . Жаңа қажетті техникаларды өмірге әкелді .

Германия шабуыл жасамас бұрын Кеңес Одағы жаңа жетілген қарулар мен соғысқа қажетті техникалар жасақтап , тағайындады . Ауыр танк “КВ” және орта танклер “Т-34” жасап шыкты . Бұл танклердің пайда болуын Кеңес Одағының бронетанкалық техникалары жоғары сатыға көтерілгенін куәләндрді .

“Т-34” танкісі екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін әлемдегі мықты танк болып саналды .

Сонымен бірге әуе конструкторлар ұжымымен инженерлер жаңа ұшақ ойлап тапты . Бронялы шабуылшы ұшақ “Ил-2” және жеңіл ұшақтар “Як-1” , “ЛаГГ-3 “ . Сонымен бірге “МиГ-2” деген .

Шүйіле бомбалушы “Пе-2” соғыстың аяғына дейін ғажап қару ретінде саналды .

Германияның шабуылнан бұрын кеңес оқымыстылармен конструкторлары қаһарлы қаруды жасады . Бұл қару автомашинаға жегілген реактивті миномет , сонымен бірге халықпен армия мақтанышына бөленген “ Катюша” болатын .

Жасақ және соғыс техникалар саны өсті . 1929 жылдан 1941 жылға дейін жеңіл , орта , ауыр артиллерия өсті . Қызыл әскер жасақ барысында 17 ел танкі саны өсті . Ал 1934 жылға қарағанда 1939 жылы танк әскер саны 2,5 есеге өсіп , ұшақтар саны 1930 жылға қарағанда 1939 жылы 6,5 есеге асқақтап өсті . /7/

Ал Ұлыбританияның жағдайы қандай болған еді екінші дүниежүзілік соғыс басталған сәтінде .....

Гитлердің Польшаны ойрандауы және де Германияға Англия мен Францияның қарсы шығуы бүкіл әлемді таң қалдырды . Сол кездегі Ұлыбританияның премьер- министрі Н. чемберлен еді .

Француз әскері Германияға бет алмаған күйде , мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайынан , соғыс жағдайына көшірді , яғни мобилизацияланды . Алайда соғысқа ынтасы жоқ , Франция әрдайым тыс қалып , бейтараптық танытып жатты .

Неміс ұшақтары Англия мен Францияға бірнеше апта бойы ешқандай шабуыл жасамады . Себебі бұл кезде неміс әскери машиналары Польшаны таптап жатқан еді . Гитлердің келесі жорығы батысқа бұрған болатын.

Дания , Норвегия , Голландия , Бельгия, Югославия , Люксембург , Греция және Францияны жаулап алып , өзінің одақтасы ретінде Финляндия , Румыния , Венгрия , Болгарияны тартты .

Ендігі жерде Англияға қауіп төнгеннен кейін , алдын –ала премьер- министр Чемберлен бір шара қолдануды ұйғарды .

1939 жлы жазында қауіп -қатер төніп тұрған еді .

Біріншіден қарсыласының суасты жүзетін кемелерден , екіншіден әуе қаупінен сақ болу еді .

Ендігі жерде Англия үшін қауіп зор болғандықтан премьер –министр Чемберлен дұрыс жол тапқандай болады . Оның жоспары бойынша фашизмнің диктаторы Гитлермен мәмлеге келіп , жауласпау жайлы келісім шартқа отыруды ұйғарады . Алайда бұл шешімді қабылдағаннан кейін соңында не боларын білген консерваторлық бағытты ұстанған У.Черчилль , Чемберленнің бұл көзқарасына қарсылық танытады . Себебі әй-шәйға қарамастан Германияның Польшаны талқандауы , және тағы бас қа қалалар мен мемлекеттердің фашизмнен зардап шегуін мысал келтіре отырып , Черчилль оңай ғана келісім жасалатына көзі жетпеді .

1939 жылдың наурыз айында ағылшын парламентінде консерваттардың басым бөлгі бірігіп , құрамында шетел ісінің ұйымдастырушысы Иден де қатысуымен жиналыс өткізеді . агрессиялы күшке , жаңа одақтас қажет екендігі жайлы У.Черчилль ашық мәлімдейді . Осы уақытқа дейін большевизмді мойынсынбаған ағылшындар Кеңес Одағымен бірігуді жөн көреді /8/

У.Черчилль Гитлердің “ Менің күресім “ ( “Моя борьба”) еңбегімен жақсы таныс еді .

Гитлердің сол еңбегінде 14-і бөлімінде әлемді билеп-төстеу жөніндегі құжатты айқындап жазған болатын .

1937 жылы 5-і қарашада империялық концелярияда жиналған жиналыста Германияның саяси және әскери жетекшілері әлемдік соғыстың Гитлермен оңтайлы шешіміне қарсы келмей , барлық келісімді мақұл көреді .

Сонымен бірге Гитлер : “ Егер КСРО-ны талқандасақ , онда Англияның үмітін сөндіргеніміз, одан кейін Европа мен Балқанды Германия ғана билеп -төстейді “ деп айқын айтты

Бұл жағдай Англия мен Кеңес Одағының ауыз біршілігі бір жерден шықты . Сонымен 1939 жылы 4-і мамырда КСРО мен Англия арасында келісім жасайды . /9/

1941 жылдың 22 маусымынан бастап Германия ешқандай хабар бермей КСРО-ға жаппай соғыс күшін жүргізеді .

Рига , Виндава , Либава , Каунас , Кобрин , Лида , Брест , Бобруск , Житомир , Киев , Севастополь және тағы басқа сол сияқты қалалар талқандалып жатты .

Кеңес Одағындағы ұзыннан- ұзын созылған темір жолдар , әскери теңіз базалары , сонымен бірге аэродром дар бомба астында қалып , күлі көкке ұшты . Балтық теңізінен Карпатқа дейігі орналсатырылған КСРО әскерлерін немістер атқылап , енгі жерде тура бағытты Кеңес Одағына , дәл өіне шабуыл жасады .

Осылай Кеңес Одағының халқында Ұлы Отан соғысы басталып кетті .

Германияда таңғы уақытта А. Гитлер декларациясында (неміс халқына жолдауында ) Кеңес Одағына соғыс ашқаны жайлы радиодан хабарларды .

КСРО-ға енген фашистік күш толығымен 190 жинақталған дивизиясы , 5,5 млн-ға жуық солдат пен офицерлері , және де 4300 танкпен шабуыл жасайтын , 4980 әскери ұшақтар , 47.200 минометпен басып керген еді .

Сондағы Германия сияқты агрессиялы күшке қарсы Кеңес Одағының жасағы : 2,68 млн адам , 1800 танк , 1540-қа жуық ұшақтар және де , 37.500 минометпен соғысқа қажетті саймандармен жауды қарсы алды .

Керемет жасақтанған агрессиялы күштің тәжірибесі ретінде Европадағы жасалған әскери операциясы дәлел еді . Герман фашистері өзінің мықтылығымегн жеңіске жетеміз деп сенді .

Соғыспас бұрын Гитлер бірнеше апта бойы жоспар құрып , ондағы басты мақсат Кеңес Одағын толығымен жою болатын .

Неміс экономикасы толығымен әскери темір жол арқылы өз қорын байытып нығайта түсті . Бақылап отырған жерлерден ( Германияға тәуелді жерлер ) 400 миллион тоннаға жуық көмір , 32 млн тонна болат және тағы басқа азық –түлікпен шикізаттар тасыды .

Ал Кеңес Одағы халқы үшін Ұлы Отан соғысы оңайға соқпады. /10/

Германия КСРО-ға соққы берген күннен бастап Лондондағы елшісі Ш.М .Майский көптеген хат, телегараммалар жолдады. Жолдаған телеграммалардың бірінде:

“Бас көтеріп ер жүректік танытқандығын мадақтап , ағылшын халқы бірге екендігін айтып жазды .”

1941 жылы 22 маусымда яғни соғыс басталған күні ағылшын премьер- министрі У. Черчилль АҚШ ; Ұлыбритания және де Кеңес Одағы қосылып фашистік Германияға қарсы тойтарыс беретіндігі жайлы ашық радиодан хабарлады .

Кеңес Одағындағы шетел ісінің наркомы ( халық комиссары) Молтов ағылшын елшісі Криппспен кездеседі . Криппс КСРО-ның одақтасы ретінде Ұлыбритания мемлекетінен , қандай мөлшерде көмек қажет екендігі , сонымен бірге екі ел арасындағы қарым -қатынасты нығайту үшін келісім шартқа қол қояды .

Келісім шарт 1941 жылдың 12-і шілде айында Мәскеу қаласында жасалады . Мұнда : екі елде Гитлерлік армияға қарсы тойтарыс беруі және де бір- біріне қандай жағдай болмасын көмек көрсеу ;

Сонымен бірге Геманиямен ешқандай да бейбіт келісімін , келісім шарт жасаспау жайлы мәмлеге қол қойды . /11/

Келісім шартта ортақ мідеттеме екі елге жүктелгенмен КСРО мен Ұлыбритания арасында достық пен одақтастық қатынас қалыптасты .

Кеңес -ағылшын келісіміне қол қойған соң , Германияға тойтарыс беру мақсатында Кеңес Одағынынң үкіметі 18- і маусымда ағылшын премьер-министріне үндеу хат жолдады . Онда Европада екінші майданның ашылуы жайлы мәселені қозғай отырып , КСРО мен Ұлыбритания арасындағы одақтың нығаюына сенім артып , екі мемлекетке ортақ жауды ойсыратуға шамасы жетеді деп жазды .

Дәл осы хатында : “ Менің ойымша Кеңес Одағының әскери жағдайы Ұлыбританиямен тең . Алайда Гитлерге қарсы соғысты Батыстан (Солтүстік Франция ) немесе Солтүстіктен (Арктика) өрбіткен жағдайда тіптім жақсы болар еді .

Дәл қазір Гитлердің назары Шығысқа аударулы . Осы сәтті пайдалынып соғысты солтүстіктен бастаған жөн . Ол үшін ағылшын теңіз және әуе күштері қажет . Бұл операцияға кеңес әскерлері де ат салыспақ . Немістер бас көтере қалған жағдайда даярлық қажет “ деп аяқтады .

Бұл хаттың мәтінімен толық таныс болған ағылшын премьер - министрі Черчилль , Кеңес үкіметнің елшісіне теріс жақтарын түсіндіре отырып , ауқымды әректпен Германияны аямай тасталқан етуге уәде береді .

Екінші майданның ашылуын премьер –министрмен бірге Европада ағылшын бас штабында ой бөліскен еді . Черчилльдің И.В. Сталинге жазған хатында Ұлыбританияның бас штаб комитеті ағылшын бағдарламасын қарастырумен Германияны әлсірету үшін , әуе , теңіз , және экономикалық көмегімен Алыс және Таяу Шығысқа Ұлыбританияның жайын нығату керектігін ескертеді:

“ Бұл бағдарлама әрине Ресей үшін жанама көмек . Ал тікелей көмекке келсек , орыс армиясы арқылы жасалған операция және де әскери әуе күшіне көмек жағынан дәрменсізбіз “- деп жазды.

21-і шілдеде ағылшын елшісі Криппс Кеңес үкіметіне Черчилльдің жазбаша үндеу хатын табыс етті.

Премьер –министр : “ Сіздерге қандай көмек болсада қол ұшын беруге дайынбыз . Ресейге немістердң бірінші күні шабуыл жасаған күннен бастап Франция мен Норвегияға қолдау көрсету жайлы ұсынысты бас штабқа ұсынған едік , өкінішке орай келіп -кетер пайдасы жоқтығын айтып келіспеді . Алайда мойынсынбаңыз әлі-ақ ортақ жауымызға соққы беріп жеңеміз... “- деп соңғы сөзін аяқтады .

Бірақ кеңес –неміс соғысына ағылшындар бейтараптық танытады . /12/

Премьер -министр У. Черчилльдің Сталинге хать жолдауы :

“ Әскери кабинетің шешімімен әуе жойғыштарының ресурстары жедел түрде Ресейге 200- дей “Томахон” атты ұшақтарын жеткізумен қатар Англиядан Архангельскке 140-қа жуық қырып - жойғыш ұшақтарын жекізіп , ал 60 ұшқыш партиясыннан құралғанын АҚШ бізге жіберуге міндетті .

Кейбір жағдайда машиналарды жабдықтап , жинақтау үшін американдық қолдау керек . Ол үшін американдық үкіметпен келісімге келу қажет.

Қазірге біздің 2-3 млн- ға жуық жұп- жұбымен бәтеңкелер бар . Оларды жөнелтеміз деген ойдамыз . Сонымен бірге каучук , жүннен тоқылған мата , қалайы және тағы басқа материалдарға сұраныс жіберген жағдайда , өзіміз жеткізе алмай қалған жағдайда , одақтасымыз болып саналатын АҚШ-пен қосымша келіс сөз жүргіземіз....” -- деп жазды.
1941 жыл 25 шілде. /13/

Алайда Ұлыбритания мен Кеңес Одағы арасындағы байланыс үзілмеді.

1941 жыл 13 -і қыркүйек .

Сталиннің премьер –министрге жолдаған хатында :

“ КСРО үкіметінің көзқарасы бойынша екіші майданның ашылуы жағдайды жақсартар еді !

Бірақ сіз әлі де екінші майданның ашылуы жайлы мүмкіндік туып тұрса да , жөнсіз деп санаймыз . Бұл әрекет ортақ жауымыздың жеңілуіне әкеп соғады емес пе...

Ағылшын үкіметті Кеңес Одағына Жеңіс тілейтініне шүбә келтірмеймін , алайда екінші майданның Батыстан басталуын ағылшын үкіметі қолдамаса , онда Кеңес Одағына жауды жою мақсатында күшті әскери көмек қажет .

Менімше Англия тәуекелге бел буып 25- 30 дивизиясын Архагельскке қондырып , немесе Иран арқылы КСРО- ның оңтүстік жағына өткізіп , онда кеңес әсерлерімен әскери тәжірибемен үлгі алып үйренсе . Бұл үлкен көмек болар еді . Менің ойымша агрессиялы гитлерлік күшке қарсы ауқымды соққы берер едік .

Әр айда Англия тарапынан алюмении, ұшақ және танкімен қамтамасыз етті , ол үшін үлкен айтамын

Ағылшын үкіметінің көрсеткен көмегі алып сату мақсатында емес , достық пен қызметті арттыру деп ойлаймын .

1941 жылы 12-і қыркүйекте Ұлыбританияның елшісі азамат Криппстің Мәскеуде В.М.Молотовқа берген хаты адамға көп ой салады .

Леинградтағы кеңес кемелерін жойған жағдайда Кеңес одағына жіберілген эияндықтың құнын ағылшын үкіметі төлейді . Бұл іске түсініп Кеңес үкіметі жоғары бағалайды . Алайда Ленинградтағы кеңеес кемелерін кеңес халқы жояды дегенге күдіктенемін . Бірақ шығын үшін Англия емес , Германия жауап береді . Сол үшін Германия шығынның есесін соғыстан кейін өтейді ......”/14/

Ағылшын үкіметі КСРО-ға мөшермен соғысқа қажетті материалдармен қамтамасыз етті.

1941 жылы 6-ы қазан

Премьер- министрдің Сталинге жазған хатында:

“ Мәскеуде өткен үш жақтамалы конференцияның сәтті өтуіне лорд Бивербруктан естіп қуандым.

Біз он күндік аралық жерде сапар шегетін қарауыл отрядтарды қамтудамыз . Келесі жүк жолда , ал 12-і қазанда Архангельскке жетеді . Онда: 20 ауыр танклері , 193 жойғыш күші (истрибитель) . Келесі жүк 12-і қазаннан жөнелкен жағдайда 29-ы қазанда жетеді деген үміттеміз . Онда 140 ауыр танклері , “ Харрикейн” типтегі 100 ұшақтар, пулеметтерге арналған “ Брен” типтегі 200 транспортер , 200 танкіге қарсы қару –жарақтар сонымен бірге снарядымен 42 мм калибрльі 50 зеңбірек .

Ал келес жүкті 22-і қазанда жөнелткен жағдайда ; 200- ге жуық жойғыш күші , 120 ауыр танкілер , жеткізілуі тиіс .

Осыдан қазан айының ағына дейінгі үлес ұшақпен 280 танкілер Ресейге 6-ы қарашада жетеді . Персия арқылы 20 танкі арттырылды , сонымен бірге 15-і жедел Канада арқылы Владивастокқа жеткізіледі .

Жалпы 315 танк жіберілген болатын “ деп жазды ағылшын премьер -министрі У.Черчилль . /15/

Германия агрессивті саясатын КСРО- ға бастаған күннен бастап Қызыл Армия әскерлері тойтарыс берген болатын .

Ал соғыс қарсаңында В.М .Молотов ел қорғаушылардың рухын көтеру мақсатында “ Біз жауды тасталқан етіп жеңеміз ! Жеңіс біздікі ! “ деп ұран тастады .

Қызыл Армияның 1941- 1942 жылдары жеңіске жету жайлы , сонымен бірге халықаралық қатынастың әсері көптеп септігін тигізетін жайлы француз ізденушісі А.Константини жазады ./16/

1941 жылдың 5-і желтоқсанында У.Черчилльдің Сталинді құттықтауында :

“Британ халқы сіздер үшін бәріне дайын . Сонымен қоса Ленинград пен Москваның аяғына нық тұруы бізді таң қалдыруды . Орыс армиясы үшін біз өте қуаныштымыз . Ростов Дон маңындағы ортақ жеңісіміз құтты болсын.!!! “ - деп жазды .

КСРО фашистерге қарсы алғашқы жеңістерінде АҚШ және Англия жерінен әкелінген қару- жарақтарды пайдаланды . Алайда бұл қару мен әскери жабдықтар дер кезінде жеткізілмей жатқан кездері де болды . Факт бойынша Англия КСРО- ға ( 1941 жылдың 22-і маусымынан 30-ы сәуіріне дейін , 1944 жылға дейін ) 1044 мың тонна жүк арттырды.

Сонымен бірге 3384 ұшақ , ( 2442 американдық ұшақтар Ұлыбританияның үлесінен ) , 4292 танк , 12 мина сүзетін кеме , 5239 автокөлік пен бронетранспортер , 562 зенит зеңбірегі , 548 танкіге қарсы қару -жарақ және тағы басқа материалдар жеткізілді .

Келесі жылы , яғни 1942 жыл 6-ы ақпанда кеңес - ағылшын қатынасының нығаюы жайлы Иде меморандум тағайындайды . Кейде ағылшындар тарапынан бейтараптық , ,пассивтік байқалып жатты.

Сол жылы Черчилль мен Сталиннің кездесу барысында , Англия тарапынан салғырттық танытқандығын айта келе , берген уәдені уақтылы орындау жайлы Сталин талап етті.

АҚШ , Ұлыбританияның қалған қалдықтарына зәру еместігін ашық ескертіп айтты . Алайда Гитлерлік фашизмнің қаһары басым болғандықтан бірігіп тойтарыс беруге мәжбүр болған батыс елдері , қандай ұсыныс болсын оны дер кезінде орындауға талпынды. /17/

Англия мен АҚШ Трансирандық темір жолымен әскери материалдарды артуды қысқартты . Сол қарқынмен 1942 жылдың шілде- тамыз айларында да Англия КСРО-ға бірде- бір ұшақ жібермеді . .

1942 жылдың жартысына дейін Англиядан 1000 ұшақтың орнына 384 , ал 1250 танкінің орнына 642 танк жібереді . Кеңес одғы операция жоспарлауға немесе әскери команда беруге қажетті материалдың жоқтығы салдарынан соғысқа шығу мүмкін емес еді .

Сонымен бірге Англияның ішінде ерекшеленген бөлігі де өмір сүруде еді .

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес халқына жақын бұл Англия , өзінің прогессшіл жұртшылығымен таныс .

Ұлыбританияның халқы , билеуші топтарға қарағанда , ортақ жауларын ойсырату мақсатында одақтастарына бейтараптық танытпады . Екінші майданның ашылуын талап етіп , фашизмді жеңу мақсатында аянбай еңбек етті .

Кеңес халқына моральді және материалды көмек көрсетіп , КСРО-ға қарсы антисоветтік топтарының теріс бағыттарын әшкерелеп , антигитлерлік коалицияның нығаюы үшін күресіп , соғыстан кейін де АҚШ , КСРО және Англия одағының сақталуын қалаған еді .

Ертедегі Кеңес одағының досы ретінде , британдық коммунистер жақын болды . Бұл жағдайда Англия мен КСРО арасындағы , саяси- әскери қарым- қатынасқа лейборист партиясы мен британ коммунистері де ат салысты ./18/

1941 жылдың қыркүйек айында британ коммунистерінің сьезінде кеңес - ағылшын кәсіподақ комитетінің құрылуын бірауыздан шешім қабылдады . Бірінші мәжіліс Мәскеуде өтті . Онда өз үкіметтерін бұл күресте қолдау үшін , ортақ жауларына соққы беру мақсатында Англия және Кеңес одағының кәсіподағы тез бірігуін талап етті .

1942 жылдың қаңтар- ақпан айларында Англияға

Н.М.Шверником басшылығымен кеңес кәсіподағының делегациясы келді . КСРО- дан келген жұмысшы өкілдері 60-қа жуық шахта , завод және тағы басқа кәсіпорындарды аралап шығады .

1942 жылдың мамырында Кеңес одағы фашистік агессияға қарсы әлемнің барлық оқымыстыларына бірігуге шақырады . Бұл үндеуде :

“ Ағылшын оқымыстылары ! Қымбатты біздің достарымыз , біз әрқашан бір- бірімізге қолдау көрсетіп , көмектесіп күшейген фашистік соғыста , мемлекеттің әскери техникасы және армияны жабдықтап , жау техникасына қарағанда біздің техника күшті болуы қажет . Барлығы соғыс және жеңс үшін! “ - деп жолдады .

Жауп ретнде Лондон корольдік қоғамы Кеңес одағының ғылым академиясына жіберген хатында :

“ Біз толығымен сіздердің айтқандарыңызға қосыламыз . Сонымен бірге еркіндік пен демократияны азат ету үшін , соғысқа қарсы техникамен ғылымның бірігуі қажет ... “ - деді.

1942 жылдың 10 маырында Ұлы Отан соғысна қатысқан әйелдердің митингі болып өтті , Онда бүкіл әлем әйелдеріне үндеу тастаған Мәскеу әйелдері әсіресе Лондондағы әйелдерге жолдаған хатынан үзінді.

“ Бейбітшілік және адамзатты гитлерлік жаудан құтқару үшін , тарих біздің халыққа алып , бірақ игілікті мідетті артты ! “- деп мақтанышпен жариялады . Жауап ретіде ағылшын әйедері :

“ Гитлерге қарсы соғыста біз сендермен бірге тойтарыс беруге ант етеміз!
Біз егістікте , өндіріс орындарда , жергілікті қорғаныс орындарда , тіпті соғыста екі есеге дейін күш салдық . Сонымен бірге біз ерлерімізбен қатар соғысып , Батыс жақтан соққы беруді көздеп отырмыз.

Осы жылы жеңіп , біздің балаларымызға еркіндік және бақыт сый лауымыз қажет .....” деп қайырды. /19/

И.В:Сталиннің ағылшын премьер- министрі У.Черчилльге құпия түрде жазған хатында :

“ Сізге өтінішім бар еді . Дәл қазір КСРО- ға арналған 90 кемеден құралған жүк Америкадан Исландияға бағыт алуда . Маған жеткен мәліметтер бойынша ағылшын теңіз күшінің күзет ұйымының салдарынан , жіберілген кемелер ұзақ мерзімге ұсталады екен .

Бұл жағдайда Англия тарапынан жүзеге асыратын істеріңіз мол .

Соғысқа қажетті бұл жүктер мамыр айының аяғына дейін КСРО- ға жеткізуіңізді сізден сұранамыз .

Жақсы тілекпен сәлемімді қабыл алыңыңз !

1942 жыл 6-ы мамыр И.Сталин

У. Черчилльдің И.В .Сталинге жазған хатында :

“ Азамат Молотовтың Лондонға келуі біз үшін үлкен ғанибет . Біз әскери мәселені қозғай отырып , саясатты да тыс қалдырмадық....

Егер азамат Молотов Амрикадан Англияға оралған жағдайда ортақ іске пайдалы болар еді . Сонда біз әскери қызметтестікті тығыз байланыстырып , үш мемлекеттің ( АҚШ , Англия , КСРО) бірігуіне септігін тигізеді . Саяси келіссөздерімізді әрі қарай жалғастырармыз деген үміттемін.”

деп жауап жазды . /20/

1942-1943 жылдардағы Кеңес армиясының жеңісінен кейін кеңес - ағылшын қатынасындағы әскери бағдарлама жөнінде дау- дамай орнына бейбіт келісімдер орын алды .

Лондонмен Вашигтонда КСРО- ның барынша әлсіреуін , сонымен бірге европалық және әлем ітерінен шеттетуін қалады . Р.П . Даттың пайымдауынша 1943 жылдағы үрей коммунизмнің жеңіп , фашизмнің құлау мүмкіндігі батыс үкіметін таң қалдырады .

Кеңес әскері Сталинград түбінде фашистерге тойтарыс беруі сәтінен , Лондондағы керітартпалы топтар жедел түрде достық құшақтарын жайды .

Бірнеше айдан кейін Сталинград шайқасы аяқталғаннан кейін , Германия екінші майдан ашылмай- ақ талқандалды деп У.Черчилль шешеді . КСРО-нің майдандардағы жеңістерімен , экономикалық және соғыстың күш-қуатының нығаюымен қатар оның халықаралық беделі артты , советтік сыртқы саясаттың бұрынғыдан гөрі жандана түсуіне қолайлы жағдайлар туды . Совет үкіметінің күш-жігері бұрынғысынша антифашистік одақты нығайтуға , екінші дүниежүзілік соғысты тезірек аяқтауға бағытталды . Сондықтан да Европада екініш майдан ашу туралы мәселе барған сайын көбірек маңыз ала түсті .

Соғыстық- саяси жағдай тез арада мұны істеуге әбден мүмкіндік берді . Шабуыл әрекетін кеңінен өрістеткен Қызыл Армия гитлерлік командованиені едәуір шамадағы әскери құрамаларын Батыс Европадан кеңес-герман майданына жеткізуге мәжбүр етті . АҚШ пен Англияның жақсы жарақтанған ірі қарулы күштерінің болуы да екінші майдан ашуға қолайлы жағдай туғызды . 1943 жылы жазға қарай ағылшын әскелерінің саны 2600 мың адамға жетті .

Францияға басып кіру мүмкіндігін АҚШ ,Англияның және Германия басшы қайраткерлері мойындады . АҚШ- тың вице- президенті Уоллес 1943 жылы ақпанда былай деді : “АҚШ пен Англия халқы бірлесе отырып орыстарша тамаша күш жұмсаса , Германия 1943 жылы талқандалады . “ Екінші майданның ашылуын фашистік рейхтің билеп- төстеушілері үрейлене күтті . “Ағылшындар мен американдықтар тұтқиылдан басып кіруге әрекер жасай қалғанда не болатындығы ойлаудың өзі сұимдық қорқынышты “ , деп жазды 1943 жылы наурызда Геббельс өзінің күнделігінде .Басып кіруді 1943 жылы болады деп күткендерін гитлерлік фельдмаршал Рундштедт те растады , өткені герман командованиесі Шығыста майданды тұрақтандыруға тырысып , Батысты ашық тастады да , әскерлерді өте кең майдан бойына ыдыратып жіберді . Алайда батыстық одақтастарымыз асықпады . Англия үкіметтернің басшылары 1943 жылы қаңтарда Касабланкада болған конференцияның өзінде операцияны Жерорта теңізі бассейнінде жүргізуге ұйғарған болатын . Ал Батыс Европаға , Черчилльдің сөзімен айтқанда , “Германияның қарсыласуын қажетті дәрежеде әлсіреген “ кезде ғана әскер түсіру көзделді . Конференцияның шешімдері туралы Кеңес үкіметіне берілген ресми хабарда американ- ағылшын әскерлері Францияға “ басып кіруді жүзеге асыруға мүмкіндік болысымен –ақ “ жүзеге асырады делінген . Соншалақты тиянақсыз уәде алған КСРО үкіметі Англия мен АҚШ үкіметтерінен Батыс Европада болатын операцияның басталатын нақты мерзімі туралы хабарлауды сұрады .

Ақпанда Британның премьер –министрі операция шамамен 1943 жылы тамыз- қыркүйек айларында болады деп жауап береді . Бірақ Черчилль мамырда Вашингтонға барып, одақтастарының әскерлері 1944 жылдың отрасына дейін Жерорта теңізіндегі соғыс әрекеттері майданымен тына тұратындығы туралы Рузвельтпен келісті . Бірқатар қиыншылықтардың себебінен екінші майданды 1943 жылы ашудың мүмкін еместігі туралы Кеңес үкіметіне хабарлады . Мұның өзі соғыс созылады деген сөз деі . Біздің үкіметтің қайтарған жауабында одақтастардың келтіріп отырған себептерінің дәлелсіз екендігі атап айтылып , былай деп әділ көрсетілді : “ Әңгіме Батыс Европа мен Россияның басып алынған аудандардағы миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалу , кеңес армиясының орасан көп құрбандықтарын азайту туралы болып отырғанын ұмыту болмайды , ол құрбандықтармен салыстырғанда ағылшын –американ әскерлерінің құрбандықтары теңізге тамған тамшыдай . “ Бірақ миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалу мәселесіне американ және ағылшын импералистерінің жаны , сәрі , онша ауырмайтын болса керек . Англияның билеп-төстеуші топтары 1943 көктемінен қарашаға дейін Кеңес одағына солтүстік жолмен кемелер жібермей қойды . Соның салдарынан Қызыл Армияға соғыстық шиқізатпен қару- жарақ жеткізу едәуір азайып кетті Ал мұның өзі Курск түбіндегі ұлы шайқастың қарсаңында болды .

Англияның билеп-төстеуші топтарының мұндай саясатының өзі үкіметтерінің әрект- қимылдарына үзілді- кесілді қарсы шыққан ағылшын халықтарның мүдделеріне үш қайнаса да сорпасы қосылмады .

Алайда У.Черчилльдің көздеген жоспары КСРО- мен байланысты болғанымен , әрқашан құйтырқы саясатын ұстауды ұмыт қалдырған жоқ ..../21/

Жеке және құпия жолдама премьер- министр

У.Черчилльден азамат Сталинге :

“ Өткен түні Корольдік әуе күші Берлиннің төбесінен 700 тонна бомбаны үстінен тастап , сәтті операйияны аяқтады . Бірақ 19 офицерімізден айырылып қалдық .. “

1943 жыл 2-і наурыз
У.Черчилль агрессиялы күшке жұмсаған операцияларын Сталинге баяндап отырды . Алайда АҚШ-тың президентімен ауыз бірілгі бірлесіп КСРО –ға деген көмек , атқарылатын операциялар ұмыт қалып жататын . Төіп тұрған қауіптен қашып құтыла алмаған Черчилль КСРО- ға да тәуеді болы . Сол үшін Сталинмен қарсыласпауды ұйғарды . Ал Сталин Германияға соққы беруді көздеп , барын аямады ...

Сталиннің У.Черчилльге жолдаған хатында :

“ Сәтті Гамбургті бомбалағаныңызды естіп хабардар болдық . Германияны тасталқан ету мақсатында , британ әуе күшіне қажырлық тілеймін .

Ржевті біздің әскерлер алдын- ала алғандығы жайлы құттықтауыңыызға үлкен рахмет . Бүгін біздің әскер Гасатск қаласын алды .

Сіздің және азамат Рузвельттің жолдамасын күтудемін...”
1943 жыл 6-ы наурыз /22/
Жұмысшы табы алдыңғы сапта болды . Англияның фабрикалары мен заводтарында екінші майданды ашуды талап еткен митингілермен жиналыстар өтті Жұмысшы аудандарындағы үйлердің қабырғалары мен көшелерде : “ Екінші майдан жөнінде саботаж жасауды тоқтатыңдар ! “ , “Орыстарды алдамаңдар ! “ , “ Батыста соққы беріңдер ! “ деген жазуларды жиі көруге болатын . Автомобиль өнеркәсібі жұмысшыларының 800 мыңға тарта адамы бар пікірін айқын дәлелдейді . Онда былай делінген : “ Қазір , біздің Кеңес тік одақтасымыздың соққысынан Гитлер есеңгіреп отырған кезде , сыбайлас елдерді сөзсіз тізе бүктіру үшін Европаға басып кіру өте қажет . Американ халқы мен барлық Біріккен Ұлттар халықтарының айбынды ұраны -- сыбайлас елдерді 1943 жылы жеңіке ұшырату . “

Англия еңбекшілері Қызыл Армия мен кеңес халқына көмектесу қорына қаржы жинады . 1943 жылы шамамен 10 миллион американдық бұл қорға өз қаржыларын берді . Елде ақша жинау үшін 500 жергілікті комитет құрылды , жиналған қаржыға дәрі – дәрмек , азық-түлік , киім-кешек алынды .

Англияның біздің елге қару-жарақтың , өнеркәсіп жабдықтарының және азық- түліктің кейбір түрлерін беріп тұруының белгілі бір маңызы болғаны әбден түсінікті . Кеңес халқы да бұл көмекті орынды бағалады . Бірақ Кеңес одағы фашизмді жеңудің ортақ ісі үшін бұрынғысынша бір өзі құрбандыққа барды . Ал адам өміріне ешнәрседе тең келмейді . Американың ленд-лиз әкімшілігінің басшысы Стеттиниус былай деп әділ жазды : “ Осы көмектің барлық төлемін орыстар қазірдің өзінде –ақ өтеді , ол төлемді доллармен немесе тоннамен өлшеуге ешбір болмайды . “

Екінші майданды нақ Батыс Европада ашудың кеңес халқы үшін маңызы зор еді , өйткені Германияның біраз күші соған бөлінетін еді . Сондықтан кеңестік сыртқы саясат ерекше табандылық және белсенділік көрсетті . 1943 жылы 19- 30қазанда Мәскеуде болған сыртқы істер министрлерінің конференциясында кескілескен айтыс болды . КСРО делегациясы В.М.Молотов , АҚШ делегациясы К.Халл , Ұлыбритания делегациясынан А.Иден басқарды . Кеңес делегациясы ең алдымен “Германияға және оның Европадағы одақтастарына қарсы соғыстың мерзімін қысқарту жөніндегі шараларды “ қарау керек деп ұсыныс енгізді . Мұның өзі , шын мәніне келгенде , Европада екінші майдан ашу мәселесін талқылау деген сөз еді .

Алайда Англияның өкілдері өздеріне ешқандай нақты міндеттемелер алғысы келмеді . Олар былай деп мәлімдеді : Батыс Европаға басып кіру 1944 жылдың көктемінде жүзеге асырылуы мүмкін , онда да жағдайлар болса ... Содан әрі толып жатқан “егер” қайталана берді :Ла-Манш ауданында ауа райы қолайлы болса ; егер Батыс Европада германиның әуе- соғыс күштері едәуір азаятын болса ; егер басып кіру кезінде Германияның Франциядағы резеві 12 дивизиядан аспаса және егер неміс командованиесі басқа майдандардан 15 дивизиядан артық келтіре алмайтын болса . Мұндай мідеттеменің өте-мөте көмексі болғаны түсінікті . Дегенмен конференцияның коммюникесінде үкіметтер “соғыстың аяқталуын тездетуді “ өздерінің “ ең бірініші мақсаты ... “ санайды деп атап көрсетілді .

Конференцияға соғыс біткеннен кейінгі құлыстың аса маңызды проблемалары , ең алдымен герман мәселесі қаралды . Америка мен Англия делегациялары сол кездің өзінде-ақ Германияны бөлшектеуді жақтап шыққан болатын . КСРО өкілдері фашизмді толық жойып , Германия жөнінде Европада баянды және ұзақ бейбітшілікті қамтамасыз етерліктей бақылау орнату принцпін дәйекті түрде жақтады . Кеңес Одағы Германияны бөлшектеу жоспарларын қолдамады .

Конференцияға қатысушылар шытырман саяси жағдай туып отырған Италия туралы мәселе талқылады . Елінң оңтүстігіне ағылшын- американ әскерлері түсуінің және кеңес-герман майданында Италия армиясы талқандалуының нәтижесінде фашистік Италия тізе бүкті . Англияның билеп-төстеуші топтары өз әскерлеріне сүйеніп , бұл елде реакцияны қолдап , демократиялық күштерді жаныштау саясатын жүргізді . Осындай жағдайда Италия халқына көмек көрсетудің айрықша зор маңызы бар еді . Кеңес делегациясы АҚШ пен Англияның бір жақты әрекет жасауларына батыл қарсы шықты . Конференцияда Италия туралы Декларация қабылданды . Онда одақтастардың бүл ел жөніндегі саясаты негізгі талапқа - фашизмді толық жойып , Италия халқының демократи принцпін не негіделген үкімет мекемелерін және басқа мекемелер құруына мүмкіндік беру талабына сүйену керек деліген . Италияда одақтастардың саясатын ойластырып отыру үшін Консультациялық кеңес құрылды . Конференцияның шешімдері Италияның патриоттық күштерін реакци мен фашизмге қарсы , өз отанын азат ету жолында онан әрі күрес жүргізуге жігерленді .

Конференция сонымен қатар Австрия туралы да Декларация қабылдады . Онда Австрияны Геманияға қосу заңсыз деп танылып , үш үкіметтің “ қалпына келтірілген азат және тәуесіз Австрияны көргісі келетіндіктен “ ниеті туралы айтылды . Сонмен бірге Австрияның “соғысқа гитлерлік Германия жағында болып қатысқаны үшін сөз жоқ жауапты екендігі “ көрсетілді .

Англия мен Америка делегтыПольша туралы мәселеге ерекше көңіл аударды . Олар бұл елде өкімет басына КСРО-ға дұшпандық көзқарастағы польяк эмигранттарының арасынан өздерінің қол шоқпарларын қоюға күш салды . Кеңес үкіметі , әрине бұған келісе алмады . Ол біздің мемлекетімізге достық ниеттегі үкімет басқарған тәуелсіз , демркратиялық әрі күшті поляк мемлекті болуын жақтады .

Конференцияда басқа да маңызды мәселелер талқыланды . Соғыстан кейінгі бейбітшілік құрлысының аса маңызды проблемалары жөніндегі саясатты келісіп отыру үшін , ең алдымен Германияның және оның одақтастарының тізе бүгу шарттарын әзірлеу үшін КСРО , АҚШ және Ұлыбритания өкілдерінен Европалық консультациялық комиссия құрылды . Ісеген жауздықтары үшін гитлершілдердің жауапкершілігі туралы Декларация соғыс қылмыстылары үшін қатты ескерту болды . Ақырында , конференция соғыстан кейінгі кезеңде жаппй қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары туралы мәселе қарап , арнайы декларация қабылдады . Онда осы мақсатпен халықаралық ұйым құру КСРО, АҚШ және Англия сыртқы істер министрлерінің Москва конференциясы антифашистік коалицияны нығайтуға себепші болды . “ Конференция , деп жазды “Правда “ 1943 жылы 2-і қарашада ,- барлық бейбітшілік сүйгіш халықтардың мүддесі үшін одақтастардың күштерін онан әрі топтастырудағы өз міндетін орындады . “

Кеңес - ағылшын қатынастары тіпті жоспарланған конференция тұсындада үзілмеді . Екі ел басшылары бір- бірінен хал- жағдайын сұрасып , күні бойы қандай іс атқарғандығы жайлы хат арқылы хабарласып отырды . Бұл Сталиннің де У.Черчилльдің де бір-біріне деген жақындастығы еді . Не дегенмен де екі елдің ортақ проблемасы болғандықтан ажырамастан , бірауыздан жоспар , бағдарлама құру аса маңызды еді . Сол үшін үш алып мемлекет арасында үлкен конференция болуын қалайды . Ендігі мәсле конференция болатын мекенді айқындау еді .Кеңес- ағылшын қатынасқа байланысты болғандықтан , осы екі мемлекет конференцияның болатын жерін анықтайтындады .

И.В. Сталиннің У.Черчилльге хаты:

“ Үш одақтас мемлекет басшыларының бас қосуы дұрыс шешім . Алайда АҚШ-тың президенті мемлекетіндегі ішкі жағайына байланысты кешігіп жатыр . Мен үшін ең қолайлы кезең қараша—желтоқсан айлары екенін ескерткім келеді . Кездесуді сол мерзімдерде өткізсек қалай болар еді ....

Конференция өтілетін мекеніміз Иран екендігіне қарсы емеспін , ендігі жерде нақта уақыт - мерзімін айқындасақ .

Конференция барысында кеңес- герман соғысы жайлы мәселе түбегейлі ашылады деген ойдамын .... “

1943 жыл 8-і қыркүйек .

Сталиннің ыңғайына уақытынша болса да көнген

У.Черчилль ендігі жерде жағымпазданып төз ойын танытып жазған хатын жауап жазады .

У.Черчилльдің Сталинге хаты :

“ Бұл кездесу мен үшін ас маңызды . Алайда қазір сыртқы істер министрлерімен кездесудемен . Мен сізге бірнеше күн бұрын хабарлаған едім емес пе , қай жер болмасын , қай уақыт болмасын , қауіп төген жағдайда да жетемін . Сол үшін мен Тегеранға шұғыл түрде болса да , жетемін .

Алайда Кипр немесе Хартумда кездесу өткізігенде тым жақсы болар еді , бірақ сіздің айтқан сөзіңізге қарсы келмей , қосыламын . Бұл кездесуде одақтас үш мемлекет , тек соғыстың аяқталуын жоспарлап қоймай , болашақта достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуды көздеу ... “
1943 жыл 10 қыркүйек /23/

Тегеран конференциясы бастау алып есігін айқара ашты . Онда басты кейіпкер ретінде АҚШ , КСРО , Ұлыбритания басшылары келді . Көріскен сәттен бастап , бір-бірінен есен - саулықты сұрасып , қалай Иранға жеткендігі жайлы , басты мәселенің ұш - қиырмен танысып жатты .

Сол кездегі ағылшын премьер -министрі У.Черчилль мен Сталиннің Тегеран конференциясында кедездесу барысында айтылған әңгімеден үзінді :

“ Жерорта теңізі арқылы Францияның оңтүстік бөлігінен Италия маңайында ағылшын және американдық әскерлерді жайғастыру қажет .

Неміс дивизиясы ол жақа да бет бұруы мүмкін . Сол операцияны уақытылы пайдаланып жылдам әрекет жасаған жағдайда неміс әскерін талқандай аламыз ... “ деп ортақ жауды жеңу мақсатында жоспар түзген болатын . /24/

1943 жылдың 26- ы мамырдан 1944 жылға дейін “Правда” газеті ағылшын- кеңес қатынастарының бір - екі жылдығына үйлестіріп арнайы статья жазды .

Бір жылдан кейін екінші статьясында КСРО мен Англия халқымен бірігіп орта мәмлеге келуі және де жауларына қарсы күресуін ерекше жазды .

Сонымен бірге еркіндікке деген сүйіспеншіліктің мол болуы тарихқа елеулі үлес қосты деп пайымдап жазды ./25/

Конференция сонымен қатар үш держава басшыларының Тегерандағы кездесуін әзірлеуде де маңызды кезең болып табылды .

Екінші дүние жүзілік соғыстың тарихында көрнекті орын алған Тегеран конференциясы 1943 жылы 28-қарашадан 1-і желтоқсанға дейін болды. Мұнда антифашистік одақтың үш ұлы державасының басшылары -- И.В . Сталин , Ф. Рузвельт және У.Чер-чиллькездесті Конференция соғыс мәселелеріне , ең алдымен Батыс Европада екінші майдан ашуға баса көңіл бөлді . Бірінші болып сөйлеген АҚШ президенті американ-ағылшын әскерлерінің Францияға басып кіруі 1944 жылы майда немесе маусымда болуы ықтимал деп мәлімдеді . Англия премьеріне келетін болсақ , ол бұрынғы пікірде қалып , “Европада екініші майдан қашан ашылады .... “ деген сұраққа тікелей жауап беруден жалтарды .

Екінші дүние жүзілік соғыстың мерзіін қысқартуды басшылыққа алған КСРО үкіметі одақтастар әскерлерінің ең алдымен Батыс Европаға басып кіруін талапт етті . Мұны 1944 жылы мааыр айынан кешіктірмей , десант түсіруге неғұрлым қолайлы уақытта жасау ұсынылды . Кеңес делегациясының басшысы Жерорта теңізіндегі операцияны тек диверсия ретінде қарау керек деп баса көрсетті . Бұл жөніндегі айтыс шиленіскен саяси сипатта өтті Құрамында И.В .Сталиннен басқа В.М.Молотов пен К.Е . Ворошилов болған тек кеңес делегацисының кеңес ұсыныстарымен келісуге мәжбүр етті . Осыдан кейін конференцияға қатынасушылар екіші майданды Батыс Европада 1944 жылы мамыр айында ашу туралы аса маңызды шешім қабылдады . Солтүстік Франциядағы одақтастар әскерлерін түсіруді ( « Оверлорд » операциясы ) Оңтүстік Франциядағы қимыл- әректтер арқылы қолдауға тиіс еді . Кеңес үкіметі өз тарапынан « неміс дивизвяларын Шығыс майданда өзіне алаңдатып , бөгеп тұру үшін және немістердің « Оверлордқа » қандай да болсын бір қиыншылықтар туғызуына мүмкіндік бермеу үшін , мамыр айына немістерге бірнеше жерде үлкен шабуыл ұйымдастыруға » міндеттенді . Осының бәрі Тегеран конференциясының соғыс жөніндегі құпия шешімдеріне атап көрсетілді .

Сонымен , Тегеран конференциясы саяси- соғыстық маңызы зор шешімдер қабылдады . Олардың ішіндегі ең бастысы --- 1944 жылы майда Европада екіші майдан ашу туралы шешім . Соғыстан кейінгі бейбітшілік құрлысының бірқатар проблемалары жөнінде державалардың позициялары анықталды .

Екінші конференция 1945 жылдың 4-11-і ақпанда Қырымда өтті . Державалы АҚШ, КСРО , Ұлыбритания сияқты үш одақ жетекшілері қайта қауышты . Фашистік Германияға бағытталған одақтьң күресі толығымен жеңіспен аяқталды ./26/

Сонымен бірге Ялта конференциясында :

антигитлерлік коалиция бүтіндей қызығушылық танытты

Онда Европа соғысының аяқталуын тездетіп бейбітшілік пен қауіпсіздікке есік ашу болатын . Югославия , Чехославакия , Польша , Румынияны азат етіп , сонымен бірге , Германия одағынан Болгария , Венгрияны , қатарынан шығару . Сонымен бірге ағылшын - кеңес қатынастары да ұмыт қалған жоқ...

КСРО Совет халық комиссарының председательі Ұлыбритания премьер- министрмен әңгімелескендегі , жазып алынған мәлімет:

( Воронцовский сарайында 1945 жыл 4-і ақпан.)

У.Черчилль И.В.Сталинге қонақ жайлығына қатты ризшылығын білдіре отырып , соғыстан қандай хабар бар жеткендігін сұрайды .

Сталин : “Құдайға үшкір ! Қазірге бәрі жақсы “

Черчилль : “ 8-і ақпанда Британ әскерлері американдық армиямен бірігіп солтүстікке бет алады .

Бұған қалай қарайсыз ..... “

Сталин : “ Ендігі жерде неміс әскерлерін бас көтере алмастай етіп жағдай жасау қажет . Жоспарланған позицияларымыз зая кетпес , деген ойдамын... “

Черчилль : “ Жүріп жатқан соғыс жайлы бізді хабардар етен фельдмаршал Александр жақын арада келіп қалуы мүмкін еді .

Сталин : “Германия әйгілі көмір кені саналатын Силезский және де кен , қазба байлықтарына бай Рурдан айырылғаны бұл жеңілгені .... “

Черчилль : “ Сонда қалай ....” (Таң қалуда )

Сталин : “ Немістердің қазіргі жағдайын айтсам , әскери дайындығы жағынан тым әлсіз . Олар шығыста әскери күшті енгізу барысында көптеген әскерлерінен айырылып қалды .

Себебі ол жақта жақсы жасақтаған әскери күштер орныққан еді . Біздің әскерлерге қосымша күштердің де қажеті болмаған сияқты .”

Черчилль : “ Мен әлі күнге дейін таң қалудамын ...

Рундштед ( неміс фельдмаршал ) қалай аяқ тартып , шегініс жасады ....”

Сталин : “ Германия әлі күнге дейін өзін Ұлы державалы ел ретінде санайды .

Державалық қасиеттен айырылғаны қашан , бірақ оны мойындағысы келмейді - ау ... Алайда олар үшін жаңа операция жасап ,резерв даярлау қажет . Бірақ Германияда ол резерв деген нәрсе жоқ қой .... “

Сонымен Кеңес Қарулы Күштерінің Берлин операциясындағы жеңісі неміс – фашист әскерлерінің Чехословакия территориясында тұрған ақырғы ірі тобын жою үщін қолайлы жағдай жасады және гитлерлік Германияның тізе бүгуін тездетті . Чехословакияны азат ету жолындағы күрес өте ұзаққа созылған және табан тірескен күрес болды . Бұл күрес тіпті 1944 жылғы қыркүйекке кеңес әскерлері Закарпатье Украйнасынан жауды қуып шығу үшін күрес жүргізе отырып , тойтарыс берді .

1945 жылдың қаңтарында Кеңес әскерлері Висла- Одер операциясын бастады . Шабуыл Балтық теңізінен Карпатқа дейінгі созылған орасан кең майданда жүргізілді . Польша жері толық азат етілді . Соғыс қимылдары Германияның жерінде жүргізіле басталды . 1945 жылдың көкек айында кеңес әскерлері Одер және Нейседегі жау шебін бұзып , Бирлин бағытында шабуылын өрістетті .

1945 жылдың ақпан айында ағылшын- американ әскерлері батыста шабуылға шығып , Рейн өзенінен өтіп, Рурда герман әскерлерінің 325 мыңдық тобын қоршап алды .

Көкек айының ортасына қарай одақтастар әскері Эльбаға шығып , Берлинге 100-200 шақырым жерде , ал Кеңес әскерлері шығыс жақтан 60 шақырым жерде тұрды . 1945 жылдың 16-ы көкегінде Кеңес әскерлері Берлин операциясын бастады . Берлинге шабуылды Белоруссия және Украина майданының әскерлері жүргізді . 19- 25 көкек аралығында кеңес әскерлері Берлиндегі герман әскерлерін қоршап алып , топ-топқа бөліп тастады .


25 –і көкекте Торгау ауданында одақтастар әскерлері бір- бірімен кездесті . 26 көкек -8 мамыр аралығында Берлиндегі герман әскерлерін талқандау іске асырылды . Берлинде шайқас жүріп жатқанда 30 көкекте бункердегі Гитлер өзін-өзі өлтірді .

2- і мамыр күні Берлин гарнизоны тізе бүкті . Батыстағы герман әскерлері 7-і мамырда Реймсте тізе бүгу туралы хаттамаға қол қойды . 8-і мамырдан 9-ы мамырға қараған түнде маршал Г.Жуков Берлинде Германияның тізе бүгуі туралы құжатқа қол қойды .

Алада жеңіс туы желбіреп немістердің тізе бүгуі тарих үшін ұлы өшпес оқиға болды . Сталин мен Черчилль арасындағы қарым – қатынас жақсы болды . Оған дәлел 1945 жылдың 10-ы мамырында жолдаған хатында :

« Бүкіл Британдық халықты шын жүректен Ұлы жеңіспен құттықтаймын ! Ортақ жауымыз болып табылатын Германдық фашизмге қарсы КСРО мен Ұлыбританияның бірігу арқасында жеңіске жеттік.../27/

Ендігі жерде достық қарым - қатынасымыз әрі қарай дамып , нығаюына сенім арта отырып , ешілеріңіз арқылы құттықтау жолдадым .....»

Сонымен 1945 жылдың 17-і шідеде -2-і тамыз аралығында Берлин түбіндегі Потсдам қаласында да КСРО мен Ұлыбританияның қарым- қатынастыры үзілмеді .

Кеңес үкіметі соғыстан кейінгі бейбітшілікті ұйымдастыру проблемаларына бүкіл соғыс бойында үлкен көңіл аударылды . Ол тіпті майдандарда өте-мөте ауыр жағдай туған кездерде де бұл мәселелермен шұғылданды . Әділетті істің жеңетіндігіне берік сенген және халықтардың тағдыры үшін үнемі өзінің аса зор жауапкершілігін түсінетін мемлекет қана осыылай істей алды .

Жауды бір жолата талқандау ісінің жақындай түсуіне қарай соғыстан кейінгі бейбітшілік проблемаларына КСРО үкіметінің дипломатиялық қызметінде барған сайын үлкен орын беріді . /28/

Қортындылай келгенде дүниені дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыс көптеген елге ауыр қасірет әкелді .

Агрессиялы бағытты ұстанған үштік одақдүниені қайта босатуды жөн көрді. Сыныққа сылтау іздеп , алып державалы АҚШ, Англия сияқты мемлекеттердің позициясын бақылап екінші дүниежүзілік соғыстың бастамасын Польшадан өрбіткен болатын .

Германияның агрессиялы фашистік алып күші КСРО-ға да жеткен болатын . Бұл жағдайда өршіген соғыстың отының астында әр мемлекеттің бірігуі қажет еді Алайда ол әрекет ті тез арада жүзеге асыру мүмкін емес еді ...

Бірақ КСРО соғыс алдында Батыс Европа елдерімен қарым- қатынас , келісім шартқа , келуін ұйғарған болатын ...

Дәл осы уақытта екінші дүниежүзілік соғыс өршіген кезде екі арасындағы қатынас дами түсті . Соғыстың алғашқы кезеңдерінде сауда қатынасы жақсы дамыды .

Алайда Англиянцың одақтасы Францияның талқан болуынан кейін одақтас іздеп дал болады . Сонымен төнген қауіптен қоғану мақсатында КСРО мемлекетімен жақынырақ танысады .

Бірақ ағылшын мемлекетінде қаншалықты қауіп- қатер төнгенімен антисоветтік позицияны ұстанды .....

Кейде құйтырқы саясат ұстанып , КСРО-ға деген көзқарасы өзгеріп жатқан кездеріде болған . Бірақ фашистік күштен айырылмайтынын анық білген ағылшын премьер –министрі У.Чер-чилль И.В Сталиннің айтқан айқын сөздеріне, қарсылық танытпады .

Екінші майданның ашылуы да бір тарих болып табылады .

Ұлыбритания мемлекетінде халық тіптім көтеріліске шығып ұзақ уақыт бойы созылған екіші майданның ашылуын талап етеді .

Британ елдері соғыстан зардап шегіп жатқан кеңес халқына моральді түрде да болсын , қару-жарақ , киім- кешек , шикі зат түрінде болсын көмегін аямады .

« Жұмыла көтерген жүк жеңіл » демекші алып КСРО , АҚШ және Ұлыбритания сияқты мемлекеттердің бірігудің салдарынан жеңіске жетті .

Қарсылас болған үштік одақтың жоспарланған жоспарлары іс- жүзіне аспай ойсырап қалуы , быт-шыт еткен қалаларының түгелмен дерлік азат етіліп , өз тәуелсіздіктерне қол жеткізді....

Сілтеме тізімі :

/1/ В.В .Александров Новейшая история стран Европы и Америки 1918-1945 г.г М. 1986 г 46-52 бет

/2/ М.М . Микосян Великая Отечественная Война советского союза М . 1970 г 22 бет

/3/ В.Г. Трухановский Новейшая история Англиий М.1958 г 181-185 бет

/4/ Антифашисткая движение сопротивление в странах Европы в годы второй мировой войны М. 1962 г 83-89 бет

/5/ У. Черчилль Вторая мировая война , т І , М 1991 г 199 бет

/6/ Итоги и уроки Великой Отечественной Войны . М 1970 г 5-10бет

/7/ В.Г . Трухановский У. Черчилль М1968 г 295 бет

/8/ История дипломатии М. 1975 г 160-166 бет

/9/ В.А. Анфилов Крушение похода Гитлера М. 1989 г 210-215бет

/10/ А.С Исмаилов Война и дипломатии 1939-1945 г.г Шымкент 2000 г . 44- 45 бет

/11/ В.М . Бережков Страницы дипломатичес кой историй

М. 1987 г . 92-93 бет

/12/ И.И Земсков Дипломатическая история второго фронта в Европе М. 1982 г 26-29 бет

/13/ Вторая мировая война в воспоминаниях У. Черчилльях., Ш де Голлья , К . Хэлла , У. Леги , Д. Эзенхаузера И.1990г 105бет

/14/ Совет-англиское отношение Великой Отечественной Войне

1941-1945 г.г М. 1986г , т І, 1983 г , 213 бет

/15/ У. Черчилль Вторая мировая война М.1991 г, т ІІ , 218бет

/16/ Н.В Новиков Воспоминания дипломата М 1989 г 86 бет

/17/ И.И .Рыжков Советско- англиское отношение М. 1987г , 93-95бет

/18/ Совет- англиское отношение ВОВ 1941-1945 г.г , т ІІ , М1983 г 92-98 бет

/19/ Совеский Союз на международных конференциях период ВОВ 1941-1945 г.г М. 1978 г , 122 бет

/20/ Переписка СССР с президетом США и премьер-министр Велоикобританий ВОВ М1989 г, т І , 173 бет

/21/ А.О Ржешевского Великая Отечественная Война 1941-1945 г

М. 1991 г, 208-2090бет

/22/ Переписка СССР с президентом США и премьер- министр Великобританий ВОВ М 1989 г, т ІІ , 120бет

/23/ А.А Грамыко Советский Союз на международных конференциях периода великой отеч-й войны 1941-1945 г.г

Тегеран конференция руководителей трех союзных держав -СССР , США и Великобританий 28 ноябрь -1 декабрь М1978 г, 56 бет

/24/ Ш.П Санаков Тегеран - Ялта –Потсдам Алматы 1991г , 75-80бет

/25/ А.А Грамыко Советский Союз на международных конференциях периода ВОВ 1941-1945 г.г

Крымская конференция 4-11 февраль 1945 г М.1984 г , 159 бет

/26/ Переписка СССР с президентом США и премьер-министр Великобританий ВОВ М1989 г , т ІІІ , 44-45бет

/27/ История дипломатий т 4, М1975 г , 160-166 бет

/28/ Совет Одағының Ұлы Отан соғысы Алматы 1972 г , 368-369бет



.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет