«Қосалқы тарихи пәндер» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



жүктеу 449.84 Kb.
бет1/2
Дата21.02.2019
өлшемі449.84 Kb.
  1   2

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



3 деңгейлі ОӘК құжат

ПОӘК

ПОӘК

042-16-02.1.

21/03-2013


«Қосалқы тарихи пәндер» пәнінің оқу- әдістемелік кешені

№1 Басылым

30.09-2013




«Қосалқы тарихи пәндер»
ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050203- «тарих» мамандығына арналған


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар



4 Студенттердің өздік жұмысы

1 Глоссарий

  1. Нумизматика – мәнеттерді зерттейтін ғылым

  2. Геральдика – елтаңбаларды зерттейтін ғылым

  3. Сфрагистика – мөрлерді зерттейтін ғылым

  4. Генеология – ру, шығу тегін зерттейтін ғылым

  5. Бонистика – қағаз ақшаларды зерттейтін ғылым

  6. Метрология - өлшем бірліктерді зерттейтін ғылым

  7. Топонимика – жер атауларын, атауларды зерттейтін ғылым

  8. Автономия - өзiн-өзi басқару, белгiлi бiр ұлттың, територриялық аймақтық өзi iшкi билiгiн өз бетiнше шешу құқығына ие болды.

  9. Агрессия - Басқанын жерiне әскер күшiмен шабуыл жасау, басып алу.

  10. Абетизм - Адамдардың саналы түрде азаматтық мiндеттердi орындаудан бас тарту.

  11. Администрация - мемлекеттiк басқарудың реттеушi атқарушы органы

  12. Азаматтық қоғам - Қоғамдағы экономикалық рухани адамгершiлiк дiни, ұлттық қатынастардың жиынтығы.

  13. Сенвестр - /латынның seguestrum/- бөлу. 1/ ‡зiндiк белгiлi бiр мүлiктi пайдалануға Үкiмет органдары тарапынан иесiне тыйым салу немесе шек қою.

  14. Вето - тыйым салу вето құқық салу және заңның күшін тоқтату

  15. Гетто - белгiлi ұлттық маслихаттың өкiлдерiн, ерiксiз түрде орналастырған аймақ

  16. Деклорация - өкiметтiң және партияның атынан салтанатты түрде жариялау

  17. Декрет - бiр мәселе бойынша жоғарғы үкiметтiң заң күшi бар қаулысы

  18. Диктатура - антогенистiк топтар бар, қоғамдағы, бiр топтың саяси билiк жүргiзу жүйесi

  19. Доктрина - Үкiм, ғылым философиялық теория саяси жүйе басты теориялық және саяси принцип

  20. Синдикализм - ХIХ ғ. аяғы мен ХХ басында жұмысшы қозғалысында пайда болған ұсақ буржуазияшыл ағым. Бұл ағымдар таптың күресi мен қажеттiлiгiн мойындамайды.

  21. Силекура - лат/sinecura-қамсыз/ еуропа шiркеуiнде қамсыз кiрiс кiргiзетiн қызмет орны ауыспалы мағынада ерекше еңбектi қажет етпейтiн кiрiс кiргiзетiн қызмет орны

  22. Собор - 1/ ел басқаратын қызмет иелерiнiң немесе халық өкiлдерiнiң жиналысы.2/ Собор- қалалық үлкен шiркеу

  23. Сословия - мемлекетiндегi заң жүзiнде жағдайы бiрдей адамдарды бiрiктiретiн қоғамдық топ сословия бөлiну қоғамның таптық жiктелуi негiзiнде туды, әр бiр сословияның заңда баянды етiлген белгiлi правалары мен мiндеттерi болады.

  24. Стигма - ертедегi Грецияда құлдардың қылмыстылырдың денесiне салынатын таңба, 2/дененiң әр түрлi бұзылулардың жалпы аты.

  25. Конституция - қоғамдық және мемлекеттiк құрылыстың негiзiн мемлекеттiк органдар жүйесiн олардың құрылуы және қызметiн азаматтардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтап беретiн мемлекеттiң негiзгi заңы

  26. Концепсия - Көзқарастар жүйесi және процестердiң құбылысын басқша түсiндiру

  27. Сфинкс - ежелгi Египеттегi басшы адам денесi арыстан бейнесiндегi алыптас мүсiн 2/ фараон күшiнiң символы,3/ түсiнiксiз жұмбақ жан иесi, құпия адам

  28. Тирания - Ежелгi Греция Римде және орта ғасырлардағы мемлекеттерде өкiметтi күштеп басып алушы, және билеушi адам 2/ басқаруды зорлық-зомбылық арқылы жүргiзушi




  1. Титул - лауазым феодалдың және буржуазиялық қоғамдарда адамдарға берiлетiн құрметтi атақ Мысалы граф, барон

  2. Тори - ХVI-ХIХ ғ.ғ. –дағы ағылшын саяси партиясы. Осы партия негiзiнде ХIХ -дың ортасында консерваторлар партиясы құрылды

  3. Аббат - католиктерде ерлер қатынастардың бастығы Францияда католик дiн иесiнiң аты

  4. Временщин - Ежелгi Русьте / ХV- ХVII ғ.ғ/ мұра бойынша жерге иелi етушiлiк

  5. Гросебаулер - Германияда ауыл шаруашылық кулактар осылай аталған

  6. Арбалет - темiр садақ, мылтық орнатылған және керме бауды керетiн механизмi бар

  7. Магистрат - кейбiр елдердегi қалалық басқарма тұрғын үй, муниципалитет.

  8. Магистр - ежелгi Римде кейбiр қызмет адамдардың лауазымы, шенi

  9. Манифактура - еңбек бөлiнiсi қолөнер техникасы құралдарына негiзделген капиталистiк кооперация

  10. Епископ - Көбiнесе християн дiнiндегi жоғарғы дiни атақ. Аймақтың шiркеу бастығы.

  11. Еретик - Рим коталик шiркеуiнiң докладтарын жоққа шығырушы және мойындамайтын адамдар осылай аталған.

  12. Бороко, рококо, ампира -17-19 ғ үстемдік еткен өнер түрі

  13. Буындық жазу- б.з.д 10-11 ғ кезінде турікшілерде буындық жазу қолданды.

  14. Вязь- декаративтік жазу

  15. Гералдика- гербтер тарихын зерттейтін ғылым

  16. Глаголица- ең ежелгі таңбалардың жіңішке түсуімен ежелгі славян әліппесі п.б Бұл глаголица деп аталады

  17. Генеология- рудың, тектің, шығуын зерттейтін ғылым саласы

  18. Григориан календары-осы күнгі халықтардың көпшілігінде қолданылатын санау жуйесі

  19. Грамота- орыс феодалдар правосының қолжазба актілері

  20. Декаративтік жазба- қолжазбалардың әсем етіп көрсету үшін вязь қолданылады, мұнда қысқартып және әсемдеу көмегімен текст біркелкі және тегіс өрнектелумен байланысты.

  21. Дипломатия- екі ел арасындағы қарым-қатынас

  22. Дипломатика- актілерді зерттейді

  23. Жедел жазу-15 ғ пайда болған жазу түрі

  24. Жартылай устав- 14 ғ бастап 15 ғ дейін тұрақтаған Кирилл алфавитінің бір түрі

  25. Криптограмма- ерекше маңыздығы бар адамдарға ғана түсінікті жазба таңбалары

  26. Кирилл мен Мефодий- еж славяндардың жазу өнерінің дамуына улес қосқан ғалымдар

  27. Календарь- әр айдың біріншісі куні деген сөзден шыққан , бірақ таб-ң кезеңінде құб-ң негізінен уақыт санау жүйесінің өзі ертеде шыққан

  28. Кириллица- славян жазу графикасы

  29. Каллиграфалогия- Кытайлық жазу үлгісіне тән. Бейнеленіп жазылған жазудың ерекше зерттелуі

  30. Қағаз- өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен матастыра байланысу арқылы жұқа парақ түрінде жасалған материал

  31. Қолжазба-1 қолмен жазылған немесе жазу машинасымен басылған жазба шығарма2 баспаға ұсынылған немесе терімге жіберілген материалдың түп нұсқасы

  32. Литрология- өлшемдер және ақша системасын зерттейді

  33. Нерграфика- қазіргі кездегі жаңа заманның қолжазбасының сыртқы жақтарын зерттейді

  34. Ономастика- жеке атауларды оқытатын ғылым саласы

  35. Орыс палеографикасы- 1928 ж жарық көрген Щепкиннің оқулығы

  36. Палеографика- жазба түп деректерін түрлі кезеңде жазылған материалдарды олардың форматы мен безендірілуін зерттейді

  37. Пергамент- төл терісінен өңделіп жасалған кітаптың бір түрі

  38. Полимпистер- пергаменттің қымбаттылығынан бір кезе жазылған тексті қырып тастап орнына жаңа текст жазу

  39. Попиралогия- паптрустағы жазу-сызуды оқытатын ғылым

  40. Пуникалық жазу- Орзон-Енисей , Талас өзені бойынан табылған байырғы түркі жазуы

  41. Сфрагитика- мөрлерді оқытатын ғылым

  42. Стенография- текті бейнелеудің жаңа тәсілі

  43. Столпецтер- 16-17 ғ Москва приказының іс жүргізуші практикасвында кеңінен қолданылған матерал

  44. Почерк-индивидуалды маңызды хаттар

  45. Текстология- әдеби шығармалардың мәнінін зерттейтін ғылым

  46. Теротологиялық стиль- өзара өрімделген белдіктер мен бұтақтардың орнына ромка ішінде және одан тыс фонмастикалық жануарлар бейнеленеді

  47. Титло- ертеректе қысқартылып сөз үстіне сауық және жартылай дөңгелек түрінде ерекше таңба қойылады

  48. Тарихи хронология- белгілі бір тарихи оқиғалардың уақытын анықтаумен шұғылданады

  49. Тарихи топонимика- географиялық атаулардың этимологиялық құрылымын , маңызын қайсібір тілге жататындығын зерттейді

  50. Тарихи география- түп деректердің тарихи өткен шақтың қалпына келтірілуі

  51. Устав- 14 ғ дейін ү стемдік еткен Кириллл жазуының түрі

  52. Эпиграфия- тас плиталардың , суйектің металдың , саз балшықтың бетіндегі жазуларды зерттейді

  53. Алфавит- қандай да бір тілдің жазбаша түрде қабылданған әріптердің жиынтығы Белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан әліпби

  54. Археография- қолданбалы тарихи пән. Тарихи деректерждің басылымдарының ережесі мен әріптерін қарастырады

  55. Қайыңтоз- көне Русьте қолданылған жазуға арналған материал

  56. Вержер- көлденең жолақ түрінде сым темір тормен қағазға бастырылған су белгісі

  57. Заставка-жеке тарау мен беттің басында текст үстінде тұратын сурет

  58. Инициал- жаңа жолда размері үлкен, әрі әдемі, болып жазылатын бастапқы әріп

  59. Киноварь- көне жазбашылар қолданған сарғылт түсті краска

  60. Концовка- тараудың немесе беттің соңындағы текст астындағы сурет

  61. Криптография- құпия жазу

  62. Миниятюра- көне қолжазбалар мен кітаптардағы сырмен жазылған кішігірім сурет

  63. Ою- геометриялық, өсімдік пен жануарлар элементтерінің үйлестірілген графикалық өрнек

  64. Теротологиялық ою-фантастикалық түрде бейнеленген қорқынышты аңдық өрнектер

  65. Охра-сары түсті краска

  66. Паерок- сөз болетін белгі. Жарғылық жазбаларда қолданылған «ерь» белгілерінің орнын айырбастаған

  67. Пантюзо- қағазға сым терімен вертикальді линиямен қалдырылған су белгісі

  68. Регест- құжатты оның тілі мен құрылымын сақтай отырып баяндаудың ерекше белгісі

  69. Штемпель-қағазды тауарлық маркілеу, қағазға фабрикалық белгі соғу

  70. Жыл-уақыт бірлігі, жердің кунді айлану периодына тең

  71. Ай- уақыт есебінің бірлігі, айдың жерді айналу периодына тең

  72. Жаз- Көне Русьтегі мезгіл ауысымының толық айналымы

  73. Мезгіл- жыл уақыты

  74. Уақыт есебінің жүйесі- календарь

  75. Дәуір- уақыт өлшемі, кезең, Дәуір кезеңдері: политикалық, діни, фиктивтік, және нақты

  76. Метон циклі-уақыт кезеңі, 19 жылға немесе 6940 тәулікке тең Мұны көне грек астрономы және математигі метон орнатқан оның йиклі көнерек күнтізбесінің негізі болды.

  77. Астрономиялық немесе тропикалық жыл- күн дискісі жүйесіндегі көктемгі теңестіру жүйесіндегі уақыт аралығының интервалы, ол 365 кунге , 5 сағат, 48 минут, 46 секундқа тең

  78. Вруцелето- шіркеулік айлық, таңба, ол жексенбі деген мағынаны береді

  79. Синодтық ай- екі жаңа туған айдың арасындағы аралық

  80. Жұлдызды жыл- қозғалмайтын жұлдыздарға қатысты аспандағы куннің көрінетін бір айналымын тең. Ол 365,2564 кун ге тең

  81. Мүшәйра- 366 тәуліктен тұратын күнтізбелік жыл 4 ке бөлетін әрбір жыл мүшайра жыл болып есептеледі, ал екі нолге аяқталатын жылдар мүшайра болып табылады Мыс: 1700 жыл, 1800 жыл

  82. Индикт- ағымдағы 15 жылдық циклды жылдың реттік орнын білдіретін сан

  83. Күнтізбе- уақыт санағының белгілі бір жүйесі

  84. Юлиан кунтізбесі- бэд 46 ж Ю. Цезарьдың реформасфның нәтижесінде құрылғанкүнтізбе

  85. Григориан күнтізбесі- 1582 ж Рим папасы Григорий 13 бастамасымен реформаланған күнтізбе. Оның уақыты 365 тәулік 5 сағат 49 минут 12 секунд

  86. Редукция-жцыл санаудың бір жуйесін басқа бір жүйесіне аударылған датасы.

  87. Айлық жыл санау жүйесі-өте ертедегі тәуліктер мен айларды теңестіру жүйесі.Айлық күнтізбе ежелгі вавилондық және ежелгі еврейлік болып бөлінген.Ай күнтізбесінің екі түрі белгілі болған: еркін (мұсылман елдерінде таралған) және айлық күндік (түрік монғол елдерінде таралған).


2 Дәрістер

Кіріспе

Қосалқы тарихи пәндер және оның тарих ғылымында алатын орны . Курсты оқу барысында түп деректерге, түп деректерді тану мәселелеріне ерекше көңіл бөлу, анықтау және талдау , зерттеу. Ресейде төңкеріске дейінгі кезеңде қосалқы тарихи пәндердің дамуы. Қосалқы тарихи пәндердің негізгі табыстары. Қосалқы тарихи пәндердің жекелеме бөлімдерін оқу барысында түп-деректерді пайдалану, оның тарихи үрдісіндегі орны. Тарихи пәндерді оқу барысында пән бойынша негізгі материалдарды пайдалану. Орта мектептерде тарих сабақтарын оқытқанда қосалқы тарихи пәндер курсымен сабақтастықты үнемі назарда ұстау.

Қосалқы тарихи пәндер негізінен тарихты зерттеуге үлкен көмекші ілімдерден тұрады. Жекелеп атап көрсету.


Тарихи хронология

Хронологияпәні мақсаты. Математикалық және техникалық хронология. Уақыт есебінің шығуы және астрономия ғылымының дамуымен байланысы. Уақыт өлшемінің негізгі бірліктері. Ертедегі сағат түрлері.

Хронологияның қалыптасып, дамуы.Хронологияның ғылым ретінде қалыптасуындағы Птоломейдің еңбегі. Хронологияның басқа тарихи арнаулы пәндермен байланысы. Э.Бикерманың хронологияға қосқан үлесі. Бируни, Баласағұн, қашқари еңбектеріндегі астрономиялық мағлұматтар. Ұлықбектің «Астрономиялық жаңа кестесі». Қазақсша жыл қайыру ерекшеліктері. Орыс хронологиясы.

Уақыт ішінде белгіліжүйелігіне тарихи оқиғаларды орналастыру.Ежелгі және орта ғасырлардағы жылнамалар мен хроникалар.Хроникалық мәселерге байланысты алғашқыеңбектер.Күнтүзбелер олардың шығу тарихынан.Күндік күнтізбелер.Ежелгі күнтізбелік жүйелердің қалыптасуы:Вавилондық, ежелгі египеттік, ежелгі гректік, римдік, византиялық т.б.Юлиан және григориан күнтізбелері.Мұсылман елдері күнтізбесі.Қазақ елінің күнтізбелері тарихынан.

Адамдарда табиғат құбылыстарына байланысты уақыт туралы түсінігінің қалыптасуы, даму сатылары.Адамзат тарихындағы уақыт өлшеудің алғашқы өлшем бірліктері.(тәулік, ай, тоусай,жыл)т.б.

Күнтізбе түрлері, қолданылуы. Табиғи күнтізбелер. Ежелгі Египет, үнді. Вьетнам, грек, рим күнтізбелері. Славян халықтарының күнтізбелері. Жойылып кеткен күнтізбелер. Юлиан және григориан күнтізбелері. Қазақ күнтізбесі. Сағаттыө белдеулер. Уақыт түрлері. Рим папасы Григорийдің декресімен жасалған күнтізбе, оның бұған дейінгі күнтізбелерден өзгешелігі жәнеортақшылығы.

1699 жылы күнтізбе реформасы. 1918 жылғы күнтізбелерді реттеу жөніндегі реформа.жаздың және қысқы уақыт есебі.Мұсылман күнтізбесі.Монғолдық күнтізбе жүйесі.Ежелгі грузин және армян халықтарының күнтізбесі.
Нумизматика

Нумизматика пәні және міндеттері, маңызы, ғылым ретінде қалыптасуы. Тарихи арнаулы пән ретінде нумизматиканың зерттеу обьектілері. Нумизматика терминдері.Нумизматиканың басқа ғылымдармен байланысы. Монеталар және ақша реформалар тарихы. Монета термині, дамуы, маңызы, алғашқы айырбас құралдары. Ақша атаулары мен өлшем бірліктері, түрлері. Ақша реформаларының тарихы. Тәуелсіз Қазақстан ақшасы. Құнды қағаздар.

Ақшаның шығуы пайда болуы. Турлері. Алғашқы монеттер.

Көне монеталар тарихынана олардың қоғамдағы алатын орны. Нумихматтар көне ақша турлерін жинақтаушы, насихаттаушы, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізушілер, ақша системасымен олардың тарихын жеке тусінушілер. Көне көмбелер монеттердің зерттеу обьектілері, тарихи қайнар көздері.Көне қоймалар, қазыналарнумизматикалыөқ зерттеулердің негізі. Қоймаларды зерттеу әдістері, қой»ма турлері.

Ертедегі Русьтегі күміс және алтын монеттер. Орыс златниктер мен серебниктер тарихынана . Күміс кесекте мен гривеньдер. Новгородтық ақшалар. Орыс княздіктерінің гривеньдері. Рязандағы, Суздальдағы , Тверьдегі Новгородтағы, Псковтағы монет жасау олардың турлері, айырмасы, ұқсастықтары. Москва княздігіндегі ақша шығару ісі. ІІІ –Иван тұсындағы ақша шығару. 14-16 ғ орыс монеттерінің шығарылу техникасының одан әрі жетілдіру . І-Петр билігі тұсындағы ақша системасы. Ақша реформалары оларды жүргізудің қажеттілігі.

І Петрдің тұсындағы елдің одан әрі экономикалық дамуы үшін жургізілген ақша реформасы. Мыс монеттер. Ақшаның сыртқы түр-түсі. Монет сарайлары. Монеттердегі жазулар, номиналдың нақты таңбасы, мемлекеттік герб және патша суреті. 18 ғ шығарылған күміс монеттер. Ақша айналымы. 19 ғ ақша шығару ісі, олардың техникалық сипаттамасы.

Патшалық Ресейдің өмір сүруінің соңғы жылдардығы ақша системасы.

1918 ж ақша реформасы. Қағаз ақшалар. Алтын гервонецтер. 1924 ж шығарылған қағаз ақшалар. Кеңес мемлекеті кезіндегі 1961 ж ақша шығару. Мерейтойлық және тарихи күндерге оқиғаларға байланысты шығарылған монеттер. Кеңес мемлекетінің соңғы кезеңіндегі ақша жуйесі , реформасы. Тарихи зерттеу пороцесіндегі нумизматика деректерін пайдалану.

Қазақ елінің рәміздері Тәуелсіздік символы төл теңге оның тарихынан алатын орны. Тәуелсіз Қазақстандағы ақша системасы.
Тарихи метрология

Тарихи метрология пәні, негізгі міндеттері.Тарихи метрология ның маңызы.Тарихи метрология терминдері, өлшем бірліктері. Тарихи метрологияның қалыптасуы, дамуы. Орта ғасырлық Батыс Европадағы практикалық метрология. Тарихи метрологияның ғылым ретінде дами бастауы. Батыс Европаның алғашқы өлшем бірліктері жүйесі. Сауда кітаптары. 19ғ. ғылыми метрологияның қалыптасуы.

Өлшем бірліктері

Ежелгі Рим бірліктері. Мұсылман өлшем бірліктері. Ұзындық, биіктік, салмақ өлшемдері. Ақша өлшемдері. Өлшем бірліктерін жетілдіру шаралары.

Шығу тарихы, даму сатылары. Ұзындық, бет көлем, салмақ өлшемдері. Өлшеулерді зерттегенде тарихи тұрғыдан қараудың қажеттілігі. Өлшеу системаларының уақыт өткен сайын өзгеріп отыруы.

Өлшеу системаларының одан әрі жетілджірілуі. Новгородтық және Мәскеулік өл шем біріктері. Ұзынық өлшемдері. Салмақ өлшемдері. Сусымалы денелердің өлшемдері. Суйық денелердің өлшемдері. Олардың жетілдірілу жолдары. , даму тарихы. Европалық елдердің метрологиясының және мәселелерін т алқылау озық тұстарын орыс өлшемдеріне енгізу. Ағылшын мемлекеті және капиталистік елдер өлшемдернің даму тарихынан Шамамен Ресецдегі өлшемдер. Алаң өлшемдері. Ресейдегі өлшемдер жүйесін одан әрі жетілдіру және орталықтандыру жолдары.

Қазақ өлшемдерінің шығу тарихы. , оның күнделікті өмірде қолданылу аясы. Қазақ үрдісіндегі өлшем бірлігі. ( бой,кісі бойы, құлаш, құлақ, адым, шынтақ, білем, қарыс, суйем, елі, табан,тұтам, шымшым, уыс, белуар, тізе , тобық т.б.)

Қазіргі кезеңдегі халықаралық метрологиялық жүйе.Өлшем біріктерін бір арнаға халықаралық өлшемге келтіру жолындағы жумыстар. , оның жалпы сипаттамасы. Стандарттау мәселелері, эталондары, Халықаралық деңгейдегі өлшем бірліктері оның әлем елдері халықтары өміріндегі орны.


Геральдика

Геральдика пәні міндеттері , әдістері. Қазақ елдерінің рәміздері

Тарихи пән ретіндегі геральдика, оның басқа қосалқы тарихи пәндермен байланысы. Тарихы дамуы келешегі.Орыс және кеңес мемлекеттерінің гербртері. 10-13ғң Орыс мемлекетінің гербтері. Рыцарлық мәдениет кезіндегі белгілердің қажеттілігі. Белгі мен сфрагистика арақатынасы. Олардың мазмұны безендірілуі Орталықтандырылған орыс мемлекеті гербтері. Кеңес елінің гербтері. Тәуелсіз Қазақстанның елтаңбасы. Тәуелсіз еліміздің рәміздері. Елтаңба оның тарихтағы орны.
Генеология

Генеология ұғымы және ғылым ретінде қалыптасуы. Генеологияның міндеттері және арнаулы пәндермен байланысы. Генеологияны талдау. Гнеологияның тарихқа әсері және шежіренің туындау тарихы. Ежелгі және ортағасырлардағы шежірелер тарихы. Жаңа замандағы Европадағы корольдік шежірелер. Дворяндардық қоғамдағы шежірелер ролі. Қазіргі кездегі шежірелердің зерттелуі. Теоретикалық генеология. Шежіре ұғымы және түрлері, маңызы. 19ғ.генеология тарихнамасы.Қазақстандық ғалымдардың генеологияны зерттеуі.


Тарихи топонимика

Ономастика туралы тусінік. Тарихи ономастиканың негізгі міндеттері. Мен мақсаттары, олардың қолданылу аясы. Тарихи топонимика. Топонимиканың негізгі міндеттері. Мен мақсаттары, турлері ,турлі елдердегі даму деңгейі. Қазақ топонимикасы. Тарихи этнонимика. Этнонимиканың пайда болуы. Оның қоғамдағы даму барысы. Тарихи антропонимика Тарихи антропонимикангың негізгі міндеттері , қазіргі кездегі жағдайлары.Тарихи географияның мазмұны мен міндеттері, негізгі салалары . дерек түрлері. Топонимика пәні негізгі міндеттері . Түрлері мен зерттеу әдістері. Топонимикамен тарихи географияның байланысы, маңызы.

Тарихи география және топонимиканың дамуының негізгі кезеңдері. Батыс европа мен Ресейдің тарихи география және топонимикасының дамуының негізгі кезеңдері.

Ежелгі Қазақстан территориясын мекендеген халықтар мен тайпалардың этнотопонимиясы жайлы тарихи-этимологиялық зерттеулер. Араб географтары. Ұлы даланың тарихи географиясы. Қазақстанның тарихи географиясы мен топонимикасының жүйеленіп қалыптасуы. Қазақстан топонимикасының жеке зерттеле басталуы.

Қазақстанның тарихи географиясы

Ежелгі қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың тарихи географиясы. Халықтардың Ұлы қоныс аударуы. Ертедегі түркілер, территориялары, шаруашылығы, сауда жолддары. Қимақ-қыпшақ тайпалары. 11-12 ғ.ғ.татар-монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстан. Монғол тілінен енген топонимдер. 14-15 ғ.ғ. Дешті Қыпшақтың саяси географиясы. 15-17ғ.ғ. қазақ этносының қалыптасыуы, тарихи географиясы. Қалалардың орналасу географиясы. 18-20ғ.ғ. Қазақстанның тарихи-саяси географиясы.



3 Практикалық сабақтар

Тақырып 1. Қосалқы тарихи пәндерді іс жүзінде қолдану
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. 1.Қосалқы тарихи пәні,міндеті мен мақсаты

2.Қосалқы тарихи пәннің түрлері.

Ұсынылатын әдебиет

1.Кобрин В.А., Леонтева Г.А., Шорин П.А., Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984



2.Вспомогательные исторические дисциплин. при работе над источниками М.,1967

Тақырып 2. Эралар және олардың түрлеріне сипаттама
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Қосалқы тарихи пәндердің басқа ғылымдармен байланысы.

2.Қосалқы тарихи пәндерді іс жүзінде қолдану

Ұсынылатын әдебиет


  1. Идельсон Н.И. История календаря и хронология. М.,1968

  2. Әбдішұлы Х. Халық астрономиясы. А.,1959

  3. Нұрғасымова Р.С. Қазақ халқының күнтізбесі. Көмекші оқу құралы. А.,2002


Тақырып 3. Нумизматиканың негзгі түсініктері мен категориялары

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. .Тарихи хронология пәні, міндеттері, әдістері.

2. Уақыт есептеудің негізгі жүйелері

Ұсынылатын әдебиет


  1. Кобрин В.А., Леонтева Г.А., Шорин П.А., Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984

2.Вспомогательные исторические дисциплин. при работе над источниками М.,1967

Тақырып 4. Алғашқы монеталардың ерекшеліктері

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Календарлар және оның қоғамдағы маңызы.

2 Эралар және олардың түрлері.

Ұсынылатын әдебиет

1.Идельсон Н.И. История календаря и хронология. М.,1968

2.Әбдішұлы Х. Халық астрономиясы. А.,1959

3.Нұрғасымова Р.С. Қазақ халқының күнтізбесі. Көмекші оқу құралы. А.,2002


Тақырып 5. Ақша реформалары

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Ақшаның пайда болуы және түрлері.

2.Алғашқы монеталар.

Ұсынылатын әдебиет

1.Кобрин В.А., Леонтева Г.А., Шорин П.А., Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984



2.Вспомогательные исторические дисциплин. при работе над источниками М.,1967

Тақырып 6. Өлшемдердің шығу ерекшеліктері мен олардың дәлдік ережесі

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Орта ғасырлық Европадағы ақша жасау ісі.

2. Ақша реформалары және қазіргі кездегі құнды қағаздар
Ұсынылатын әдебиет

1.Идельсон Н.И. История календаря и хронология. М.,1968

2.Әбдішұлы Х. Халық астрономиясы. А.,1959

3.Нұрғасымова Р.С. Қазақ халқының күнтізбесі. Көмекші оқу құралы. А.,2002


Тақырып 7. Ежелгі шығыс елдері халықтарының метрологиясы
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Өлшемдердің шығу ерекшеліктері, олардың дәлдік ережесі.

2. Ежелгі және қазіргі кездегі өлшем бірліктер.

Ұсынылатын әдебиет

1.Кобрин В.А., Леонтева Г.А., Шорин П.А., Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984



2.Вспомогательные исторические дисциплин. при работе над источниками М.,1967

Тақырып 8. Батыс Европа елдерінің өлшем бірліктері
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Орта ғасырлық Европадағы ақша жасау ісі.

2.Ақша реформалары
Ұсынылатын әдебиет

1.Идельсон Н.И. История календаря и хронология. М.,1968

2.Әбдішұлы Х. Халық астрономиясы. А.,1959

3.Нұрғасымова Р.С. Қазақ халқының күнтізбесі. Көмекші оқу құралы. А.,2002


Тақырып 9. Геральдиканы зерттеу әдістері мен зерттелу деңгейі
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Геральдика пәні, міндеттері.

2.Геральдиканы зерттеу әдістері, зерттелу деңгейі.
Ұсынылатын әдебиет

1.Идельсон Н.И. История календаря и хронология. М.,1968

2.Әбдішұлы Х. Халық астрономиясы. А.,1959

3.Нұрғасымова Р.С. Қазақ халқының күнтізбесі. Көмекші оқу құралы. А.,2002


Тақырып 10. Орыс Геральдикасы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Геральдиканың қалыптасу тарихы.

2.Герб түрлері. Геральдтар.
Ұсынылатын әдебиет

1.Кобрин В.А., Леонтева Г.А., Шорин П.А., Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984



2.Вспомогательные исторические дисциплин. при работе над источниками М.,1967

Тақырып 11. Қазіргі Батыс Европадағы гербтердің тарихына

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Мемлекеттік, облыстық, қалалық гербтер.

2.Қазіргі Батыс Европадағы гербтердің тарихы.
Ұсынылатын әдебиет

1.Идельсон Н.И. История календаря и хронология. М.,1968

2.Әбдішұлы Х. Халық астрономиясы. А.,1959

3.Нұрғасымова Р.С. Қазақ халқының күнтізбесі. Көмекші оқу құралы. А.,2002


Тақырып 12. Қазақ шежіресі мен Хандар

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Генеология

2.Генеология пәні, міндеттері,әдістері.

3.Генеологияның қалыптасып, даму тарихы.


Ұсынылатын әдебиет

1.Идельсон Н.И. История календаря и хронология. М.,1968

2.Әбдішұлы Х. Халық астрономиясы. А.,1959

3.Нұрғасымова Р.С. Қазақ халқының күнтізбесі. Көмекші оқу құралы. А.,2002


Тақырып 13. Генеология деректерінің түрлері.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Генеологияның қалыптасып, даму тарихы.

2.Генеологияның басқа пәндермен байланысы.
Ұсынылатын әдебиет

1.Идельсон Н.И. История календаря и хронология. М.,1968

2.Әбдішұлы Х. Халық астрономиясы. А.,1959

3.Нұрғасымова Р.С. Қазақ халқының күнтізбесі. Көмекші оқу құралы. А.,2002


Тақырып 14. Батыс Европа елдеріндегі ономастика

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Тарихи ономастика пәні, міндеттер, әдістері.

2.Ономастикалық деректер.

Ұсынылатын әдебиет

1.Идельсон Н.И. История календаря и хронология. М.,1968

2.Әбдішұлы Х. Халық астрономиясы. А.,1959

3.Нұрғасымова Р.С. Қазақ халқының күнтізбесі. Көмекші оқу құралы. А.,2002


Тақырып 15. Генеологияның практикалық маңыздылығы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Генеология пәні, міндеттері,әдістері.

2.Генеологияның қалыптасып, даму тарихы.

Ұсынылатын әдебиет

1.Идельсон Н.И. История календаря и хронология. М.,1968

2.Әбдішұлы Х. Халық астрономиясы. А.,1959

3.Нұрғасымова Р.С. Қазақ халқының күнтізбесі. Көмекші оқу құралы. А.,2002




4 Студенттердің өздік жұмысы

4.1 Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, магистранттардың рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Магистрантты анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға магистранттарды қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы магистранттарды таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студенттердің тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.


4.2. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
1 Деректану және қосалқы пәндер арсындағы байланысты

2 Қосалқы тарихи пәндерінің даму тарихы

3 Уақыт есептеудің негізгі жүйелері

4 Қазіргі кедегі уақыт есептеудің халықаралық жүйесі

5 Нумизматиканың пайда болуы мен дамуы

6 Ақшаның пайда болуы және түрлерінің тарихи дамуы

7 Ресейдегі ақша жүйесінің тарихы

8 Қазіргі кездегі құнды қағаздардың мәні

9 Метрология деректері

10 Қазіргі кездегі өлшем бірліктерге сипаттама

11 Геральдиканы зерттеу әдістері

12 Геральдиканың қалыптасу тарихы

13 Герб ісінің дамуы

14 Қазақстан Республикасының елтаңбасының мәні мен мазмұны

15 Генеологияның қалыптасуы мен даму тарихы


    1. Аралық аттестацияға (емтихан) дайындық сұрақтары

І - нұсқа

1.Тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы жазба ларды зерттеумен айналысатын сала.

А) геральдика Г) полиграфия

Б) эпиграфика Д) текстология

В) сфрагистика

2. Әдеби ескерткіштердегі мәтіндер тарихын зерттеу.

А) текстология Г) папирология

Б) хронология Д) геральдика

В) метрология

3. Папирустағы жазуларды зерттеу.

А) метрология Г) папирология

Б) текстология Д) геральдика

В) метрология

4. Заң актілерін зерттеу.

А) метрология Г) папирология

Б) текстология Д) геральдика

В) дипломатика

5. Адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу.

А) генеология Г) геральдика

Б) метрология Д) эпиграфика

В) сфрагистика

6. ХІХғ. Соңы мен ХХғ. басы ірі орыс ғалымы, академик «Тарихи дерек дегеніміз-адам психикасының ісіке асқан жемісі» деп жазған.

А) Н.Карамзин Г) А.Е. Лаппо-Данилевский

Б) В.Татищев Д) І Петр

В) В.Ломоносов

7. Деректанудың ғылым ретінде қалыптасу тарихын зерттеу қай ғасырларды қамтиды.

А) XVIII- XIXғ.ғ. Г) ХХ-ХХІғ.ғ.

Б) XVII-XVIIIғ.ғ. Д) V-VIIIғ.ғ.

В) XIII XIVғ.ғ.

8. XVIII-ХІХғ.ғ Еуропада ұлттық сананың қалыптасуында неміс халқының тарихи құжаттарын жинап жариялау ісін бастаған белгілі мемлекет қайраткері, либераль-реформатор.

А) Ф.Энгельс Г) Пертец

Б) К.Маркс Д) Г.Вайц

В) Г.Штейн

9. «Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамы» атты ғылыми ұйым қай жылы құрылды.

А) 1830 Г) 1819

Б) 1815 Д) 1802

В) 1920

10. Деректерді жинаудың, ғылыми талдаудың және жариялаудың жалпы перспективалық жоспарын жасаған неміс тарихшысы.



А) Ф.Энгельс Г) Г.Пертец

Б) К.Маркс Д) Г.Вайц

В) Г.Штейн

11. «Герман тарихының ескерткіштері» сериясының бірінші басылымы қай жылы жарық көрді.

А)1826 Г)1819

Б)1836 Д) 1802

В) 1816

12. 1830 ж. неміс тарихшысы Г.Вайцтің жетекшілігімен жарық көрген библиографиялық еңбек.



А) Герман тарихының географиясы

Б) Герман тарихының деректануы

В) Герман тарихы

Г) Германдықтардың саяси тарихы

Д) Герман шаруашылық тарихы

13. Тарихи зерттеуге деген қажеттілік қай ғасырда едәуір артты

А) XVғ. Г) XVIIғ.

Б) XVI ғ. Д) XIXғ.

В) XVIIIғ.

14. 1821ж. Парижде ашылған мектеп.

А) Хартия мектебі Г) Рим мектебі

Б) Бонн мектебі Д) Вена мектебі

В) Лисабон мектебі

15. Вена қаласында Австрия тарихи зерттеу институты қай жылы ашылды.

А) 1821 Г) 1892

Б) 1852 Д) 1881

В) 1854

16. Австрия тарихи зерттеу институтының негізін қалаған неміс тарихшысы



А) Тедор фон Зиннель Г) Г.Пертец

Б) К.Маркс Д) Г.Вайц

В) Г.Штейн

17. «Жаңа өсиет» мәтінін зерттеу негізінде жазба ескерткішті зерттеудің жалпы принциптерін көрсеткен, 1768-1834 ж.ж. аралығында өмір сүрген белгілі неміс теологі және философы.

А) А.Шлецер Г) Г.Пертец

Б) Г.Штейн Д) Ф. Шлейермахер

В) Г.Вайц

18. 1889 ж. Грейсвиль университетінің профессоры Э.Бернгеймнің еңбегі:

А) Герман тарихының деректануы

Б) Тарихты зерттеу

В) Тарихи зерттеуге кіріспе

Г) Европаның күйреуі

Д) Герман тарихының географиясы

19. 1890-1902 ж. Москва университетінде алғаш рет «Деректану бойынша лекциялар курсынан дәріс оқыған орыс ғалымы

А) Н.Карамзин Г) В.Татищев

Б) В.Ключевский Д) В.Радищев

В) К.Бестухов-Рюмин

20. 1863-1918 ж.ж. дүниеге келген деректер туралы тұтас және жүйелі қалыптасуында үлес қосқан орыс ғалымы:

А) Н.Карамзин Г) В.Татищев

Б) В.Ключевский Д) К.Бестужов-Рюмин

Б) А.Ланпо-Данилевский

21. 1911-1913ж.ж.жарық көрген деректану методологиясының концепциясын зерттеген А.Лаппо-Данилевскийдің еңбегі:

А) Метоология истории Г) История государства Российского

Б) Концепции истории Д) Теория истории методологии

В) Методология географии

22. А.Лаппо-Данилевский ілімінің өзегі:

А) мәдениет туралы түсінік

Б) дерек көздері туралы түсінік

В) философия туралы түсінік

Г) саясат туралы түсінік

Д) экономика туралы түсінік

23. МГУ-да арнаулы деректану кафедрасы қай жылы ашылды:

А) 1943 Г) 1983

Б) 1952 Д) 1963

В) 1953

24. Қазақстанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде деректану және тарихнама кафедрасы қашан ашылды:



А) 1998 ж. 1.IV

Б) 1992 ж. 2.X

В) 1991 ж. 16.X

Г) 1992 ж. 15. XI

Д) 1990 ж. 25.X

25. Орыс жылнамасын зерттеу тарихи кезеңдерін ата:

А) V-XII ғ.ғ дейін

Б) XI-XVIIIғ. дейін

В) XVIII-XIXғ.дейін

Г) XI-XVIIғ. дейін

Д)XIX-XXғ. дейін

26. Жылнамалар негізінен кімдердің мүддесін көздейтін:

А) шаруа мен жұмысшы

Б) дін иелері мен билеуші топ

В) дін иелері мен жұмысшы

Г) жұмысшы топ пен шаруа

27. «Бағзы замандар хикаясы» жылнамасының авторы:

А) Нестор

Б) І Петр

В) Шербатов

Г) Ярославль

Д) Халық


28. XIV және XVғ.ғ. жылнама жазудың үш орталығы:

А) Тверь,Киев, Москва

Б) Тверь, Москва, Нижний Новогорд

В) Нижний Новогород, Москва, Алматы

Г) Москва, Ростов, Тверь

Д) Ростов, Новогород, Киев

29. XVIғ. Соңы мен XVIIғ. әдебиетте жылнама жазудың:

А) орыс жылнама жазуының өшу кезеңі

Б) орыс жылнама жазуының гүлдену кезеңі

В) орыс жылнама жазуының бастапқы кезеңі

Г) орыс жылнама жазуының соңғы кезеңі

30. Қай ғасырда жылнама жазудың орнына тарихи еңбектер жазыла бастады.

А) XIX-XX ғ.ғ.

Б) XVII- XVIII ғ.

В) XVII-XVIIIғ.ғ.
Г) ХХ.ғ. аяғы
Д) XVI-XVIIғ.ғ.
31. Жылнамалар жоғалғандығына, өртенгеніне, сатылғанына және ұрланғанына қарамастан ХІХғ. аяғында жылнамалар тізімі қаншаға жуық болды.

А) 100-ге жуық

Б) 50-ге жуық

В) 300-ге жуық

Г) 200-ге жуық

Д) 500-ге жуық

32. «Риторика» ілімінің негізін салушылардың бірі:

А) Тацит


Б) Цицерон

В) Цезарь

Г) Плутарих

Д) Аристотель

33. Ежелгі Римде анналдар мектебі тұңғыш рет

қай ғасырда қалыптасты?

А) VІ ғ.ортасы

Б) Vғ. ортасы

В) VI ғ.

Г) VII ғ.

Д) III ғ.

34. «Иллиада» және «Одиссея» дастандарының авторы?

А) Геродот

Ә) Ксенофонт

Б) Гомер

В) Платон

Г) Аристотель

35. Геродоттың «Тарих» деген еңбег неше кітаптан тұрады?

А) 3

Ә) 4


Б) 8

В) 9


Г) 2

36. «Петербургтан Москваға саяхат» еңбегінің авторы:

А) Татищев

Б) Ломоносов

В) Радищев

Г) Карамзин

Д) Николаев

37. Геродоттың атақты еңбегін атаңыз

А) Дерек

Б) Күндер

В) Құдайлар

Г) Астроном

Д) Тарих

38. А.Аврелийдің еңбегі қалай аталады?

А) «Халық»

Б) «Адам»

В) «Құдай қаласы»

Г) «мемлекет»

Д) «Саясат»

39. «Закат Европы» атты еңбектің авторы кім?

А) О.Шпенглер

Б) И.Кант

В) Гегель

Г) А.Тойнби

Д) К.Ясперс

40. Э.Галлет Каррдың еңбегі қалай аталады?

А) «Тарих дегеніміз не?»

Б) «Тарихи жылдар»

В) «Тарих»

Г) Тарихты зерттеу

Д) Европаның күйреуі.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет