Қош бол, сүйікті Әліппем



жүктеу 56.2 Kb.
Дата09.05.2018
өлшемі56.2 Kb.
түріОқулық

Бар білімге бас болған -әліппе ғылым анасы!

Мақсаты :білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға, білімді болуға шақыру.Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата- анасының, Отанының адал ұл- қыздары болуға тәрбиелеу. Ой өрісін дамыту. Сүйікті оқулықтары-Әліппемен қоштасу кешіне оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін таныту.

Көрнекілік:Қабырғада жазылған сөздер «Қош бол, сүйікті Әліппе » ,Әліппе, оқу-білім туралы жазылған өлең жолдары.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, 1 сынып оқушыларының Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Әліппені аяқтау тойларыңыз құтты болсын!

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым!

Өзі оқып, жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балардың!

Ата- ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласын мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты,

Барлық маман мектептен аттанады. Ал ендігі кезектімен өз көмекшілеріме беремін.

Мұғалім: Уақыт....Уақыт - жарыса ескен жел секілді,бір күннің артынан екінші күнін қалай туып,жатқанын байқамай қаласың. 
Уақыт – жөңкіле көшкен бұлт секілді,бүгінгі күнінің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың. 
Уақыт – жарысы аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап, өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер. Бұрынғы сәттерің кімнің есімде қалған екен. 
Көрініс: Ол менің есімде: 
Бағдат .
Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны 
Айқара есік ашып тастағаны 
Бір мереке думан боп осы маңда 
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны. 

Шахназ : Иә, иә Бағдат есімізге енді түсті. Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп – кішкентай ерке балалары едік. Тіпті кейбіреуіміз мектепке кіруден қорқып, әндете жылағанбыз. Кейін үйрене келе барлығымыз бір – бірімізге бауыр басып, бір отбасының балаларындай достасып кеттік емеспе.Ал, бүгін әліппемен қоштасқалы жатырмыз. 
Бекмақсат

Айзере

Нұрдана

Жанарыс

Мұғалім:-Балалар мен сендрге жұмбақ жасырайын.Сендер соған жауап беріңдер.

 Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан?

Оқушылар:

Болашаққа жол бастар,

Ол сүйікті Әліппе.

Балалар олай болса бәріміз ең қымбатты Әліппені ортаға шақырайық.



Әліппе ортаға шығады: 
- Армысыңдар жас достар! 
Армысыңдар, ата - ана! 
Болашаққа жол бастар, 
Әліппең келді ортаға. 
Білім деген ғажаптың, 
Әліппесін меңгерген. 
Келешегі қазақтың, 
Басталады сендерден. 
Таудай болса талабың, 
Айтары көп әріптің 
Қуанышы баланың 
Қуанышы ананың 
Жақсы білім көрімдік, 
Болсын бізге халайық. 
Не үйретіп, не білдік, 
Қане, ортаға салайық! 

Мұғалім:

Рақмет әліппе.Енді балалардың білімін байқайық.. Ортаға келіңіз.



Ендеше Әліппеге арнаған өлеңдерімізді айтып берейік.

ӘН: «Әліппе» Орындайтын Шахназ

Дина


ӘН: «Ұстазым» Орындайтын: Нұрдана

Айбөпе


Шахназ

Санжар


Рамазан

Айшабибі


Сабина

Өте жақсы балалар Әліппеге арналған тақпақтарыңды жақсы жаттапсыңдар. 

Әліппе: 
Ал, достар менің сендермен қоштасатын уақытым келіп жеткен сияқты,бірақ қоштаспас бұрын мен сендерді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі пәнімен таныстырайын.

Кітапханашы: Бүгінгі ертеңгіліктерің құтты болсын! Сендерге жаңа оқулық ана тілін әкелдім. Ана тілі оқулығын құрметтеп, таза ұқыпты ұстаңдар.Жаңа оқулық-ана тілін,математиканы шақырайын.

Ана тілі: 
Сәлеметсіздер ме, балалар? 
Туған елдің тілімін, 
Ақылымен танылам. 
Түсіндірер бәріне 
Ана тілі мен болам. 
Ана тілің- арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте. 
Ана тілі: Балалар мен сендерге сұрақ қойып Әліппені қалай меңгергендердің көрейін: Сендер Әліппе оқулығынан қандай өлең – тақпақтарды жаттадыңдар.(оқушылар тақпақтарын айтады) 
Құралай

Райымбек


Шұғыла

Гүлжан Аяна

Албина

Самал


Аягүл

Бектұрған

Ән: «Мен қазақтың қызымын» Орындайтын Айзере.

Өте жақсы балалар! Мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін. 

( математика) - Сәлеметсіздер ме, менің достарым! Сендер сандарды жазуға , есеп шығаруға үйрендіңдер. Мен сендермен осы мектепті бітіргенше қастарыңда боламын. Ал, енді бүгін өз білімдеріңді көрсетіңдер. Мен сендерге сұрақ қояйын./-----------------

Әліппе: 
Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! 

Наргиз


Айзере

ӘН: «Ақ мамам» Орындайтын Бағдат пен Бектұрған


Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызға ата-аналарымыз да, ұстаздарымызда қуанышымызға ортақтасып отыр.

ӘН: «Ахау Гүлдерайым» Орындайтын Аяна

Ата-анамен ойын

Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналар мен сіздермен қызықы ойын ойнағым келіп тұр.3 ата-ананы ортаға шақырамын.

1.    Сіз болашақта балаңыздың кім болғанын қалайсыздар?

2.    Сіз осы кеште қандай сезімде болдыңыз?

3.    Сіздің ең алғашқы ұстазыңыз қандай жан еді?

Ойын шарты бойынша  шарды инені дәлдеп тигізу арқылы жару керек.Сол шардың ішінде сіздің балаңыздың болашақтағы кім болатыны жазылған.



Балалар биі

қыздар биі: «Кемпірқосақ»

Ант қабылдау.

Мұғалім:Ертеңгілігімізді аяқтай келе:

Балалардың білімі құтты болсын!

Денсаулығы әрқашан мықты болсын!

Білімдерін әрі қарай дамытатын,



Ерінбейтін, еңбекқор, мықты болсын!-дегім келеді.

Құттықтау сөзі: Мектеп директорына ,ата-аналарға, ұстаздарға береміз.

Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.



Каталог: uploads -> doc -> 12a7
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет