Қош келдің, Жаңа 2018 жыл» 5-8 сыныптар



жүктеу 92.74 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі92.74 Kb.



«Қош келдің, Жаңа 2018 жыл»

5-8 сыныптар

«Жаңа жыл» әні орындалады. 4 жүргізуші шығады.



1 - жүргізуші: Ерхан

Қош келдің,Жаңа-жыл

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.

Жадырап, би билеп тербелейік,

Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы

2 - жүргізуші: Гулдаурен

Жаңа-жыл жаңа әннің тербелуі

Жаңа-жыл ақ арманның өрленуі.

Жаңа –жыл партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

3 - жүргізуші: Нұрдаулет

Жаңа-жыл қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

4 - жүргізуші: Дана

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар!-

Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа 2017 жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер

1 - жүргізуші:

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

Жасыл шырша жанында қол ұстасып

2 - жүргізуші:

Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының басшысы Ризуанов Абзал Демеуұлына береміз.

3 - жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендер де, көрмегенде арманда,

Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.

4 - жүргізуші:

Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата - аналар, ұстаздар баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған ойындарға қатысып,әсем әнге, көңілді би билеп көңіл көтерейік.



1-жүргізуші:

Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған маймыл жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?

- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.

Бәрі: Хош келдің ескі жыл.

Ескі жыл:

Ауылдастарым, достарым,

Алғысым көп айтар менің.

Дәл осындай артығырақ,

Қарсы алыңдар ит жылын.

2 - жүргізуші:

- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.

3-жүргізуші:

Би билейік бұралып,

Қыздар тұр сұранып.

Мен де тұрмын құр қалып,

Шаттанайық қуанып.

- Ескі жылымыздың құрметіне 7- сыныптың орындауында биі. Қарсы алыңыздар.

4 - жүргізуші:

Әнші де құс үні бар,

Кірсең кештің сәні бар.

Салайықшы шарықтап.

Жаңа жылдың әніне

Ал ағайын тұрмайық

Жаңа жылды жырлайық.

6-сынып Оразғалиев Ж орындауында «Жаңа жыл »әні. Қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші: . Кешіміз көңілді әнмен басталып та кеткен сияқты.

Жасыл шырша, жасыл шырша жарқыратып жақшы шамды? 

Енді шырша жырын бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық.

( Шырша жыры)


Жарық сөніп,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді.

Мұз ханшайымы:

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.
2 - жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?
Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.
2-жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.
Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.

Кетіп қалады

2 - жүргізуші:- Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдықі екенін білген жоқпыз гой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?

(сақ- сақ күлген дауыстар естіліп, сахнадан сайқымазақ жүгіріп кіреді)

Сайқымазақ: 

Уа,халайық,жарандар

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болсын,

Шалқып күліп тараңдар.

Уа,алайық,құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

3-жүргізуші:Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы.Жаңа мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.
Сайқымазақ: -олай болса не тұрыс, менің жақсы көретін ойынымды ойнайық. Кәне , бәріміз « буги буги» биін билейік. Менің биімді қайталап, көңілденіңдер. (көнілді би)
3-жүргізуші:Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Рахмет сайқымазақ! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Ақ таяғы қасында

Ойын күлкі жанында

Күтеді оны шартарап

Сый дорбасын арқалап

Жаңа жыл сайын келетін

Ол кім?

Балалар: Аяз ата



4-жүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды жаңа жылым кел деп шақырайық.
1-жүргізуші :

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.

Аю: Ау,жарандар мен келемін ала дорба арқалап

Аяз ата келе жатыр ,келе жатыр ән тарат

Ақшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі

Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.


2-жүргізуші: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?

Маша мен аю күрсінеді.


Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен үйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.

(Балалар таңқалысты.)

Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді. Біз Аяз ата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.



Маша:Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)
2-жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.

Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.

Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)

Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)

Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.



2-жүргізуші:балалар,Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.

Ойын ойнап би билейік.



Аю: жарайды , ойнасақ ойнайық.

Маша: балалар мен қарға батпай жылдам жүрудің амалын таптым. Мен 2 топ құрамын. 1-і менің тобым, 2-сі аюдың тобы. Аяғымызға жүзу құралы құс табанды киіп, секіріп жүруден жарыс.

3-жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақардан хабар болмады-ау.

Аю: Онда мен орманнан хабар алайыншы.Келіп қалғанда болар.

Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аю алдымен шығып Аязата мен Ақшақарды қарсы алады.


4-жүргізуші:

Армысың Аязата , жаңа жыл,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым

Асыға тағатсыздық сезімменен

Күтуде өзіңізді барша қауым.

Аяз ата әні орындалады.

Аяз ата: 

Ау, амансыңба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:

 Ал,кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс кап.



1-жүргізуші:

Жаңа жыл жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

2 Жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

Ит жылы:

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса достық бірлік туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

(Ортаға ескі жыл шығады)

Тауық: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.

Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат

Алдыңғы сапта боларсың

Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)
Ит жылы:

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар

Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар

Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

Ақшақарлар қалықтап әуенмен шыршаны айналып билейді.


3-жүргізуші:Аязата, ақшақар сіздер демалыңыздар. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
4- жүргізуші:

Дөңгеленіп тұрайық,

Ойын сауық құрайық.

Ән шашуы шашылсын,

Жаңа жылға ылайық!

Ортада 5-сынып қыздарының орындауында би
Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар !

Аяз ата:

 О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.



Сайқымазақ: 

Сәлем беріп біз сізге

Бар әнерді саламыз.

Өнерлі ханым келді деп

Әлемге жар саламыз!

Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен. ( көңілді би)

Мұз ханшайымы: Менің мына биден кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. (Шығып кетеді)
Ерхан: 6-сынып «Шешуші сәт» әзілін тамашалаңыздар
Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!
Музыка ойналып мыстан келеді.
Мыстан:Аспанда қайдағы бір тікұшақтар мен ұшақтар ұшып жүр. Ал жерге түссең мынандай менің сұлулығыма шек келтіретін балалар жүреді. Аяқтың астында. Тфу, МАИ нені қарап жүр. Осыларды тексермей. Сендерге алаңдаймын деп таяғымды сындырып алдым. Ооо Аяз ата мен Ақшақарда мында екен го . Мен сіздерді келесі мектептегі жаңа-жыл мерекесіне алып кетпекші едім. Жүріңіз. (Мыстан Аяз ата мен Ақшақарды қолынан ұстап кетпекші болады. Сол кезде жүргізуші кеп алып кетеді)

1-жүргізуші: Мыстан әже, қош келдіңіз, жаңа жылыңызбен! Сізсіз Жаңа жылдың сәні кірмес, бізбен бірге бір ойын, не бір би билеп кетіңіз. Келіп қалдыңыз гой. Балаларда соны қалайды , Солайма балалар.

Мыстан: Ай, жарайды менің мына сыпырғышыма мына шыршадан қосып қойыңдар. Мен енді жылдам жететін болайын.

Ал, қандай ойын, қандай би бар мен бір билеп қалайын. Ааа , таптым , таптым мына шарды ішке үрлеп ,жылдам жаңа жылға тілек не тақпақ айтамыз. Сонда бір қызық болады. 8 шар. 4 баладан 2 топ.



Ойын. «Шарды ішке үрлеп жаңа жылдық тақпақ айту.
Мыстан: Аяз ата мен ақшақар кеттік енді балалар күтіп қалған болар-деп іздейді.

Жүргізуші: Аяз ата мен Ақша қар мана кетіп қалған.



Мыстан: Не-дит Ай,ай тағыда алдандым, жаңа қащейге Ақшақарды алып келем деп сөз беріп едім. Жаңа жылда басын қосып үйлендірембе деп едім. Кап, қап

Енді мен сендермен бірге қала берейін, мен кащейге келер жылы барармын.


2-жүргізуші:Ақылға келген мыстан әжейдің құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір билейік. Би

1-жүргізуші:

Бүгінгі кешімізге жақсы қатысып, жаңажыл кешіне арнап кастьюм дайындаған оқушыларды марапаттаймыз.


2-жүргізуші:

Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

3-жүргізуші:

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары



Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.
4-жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін! Барлық жандар бір тілекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет