«Қош келдің, жаңа жыл» «Балдаурен» қысқа мерзімді мектепалды даярлау тобы



жүктеу 123.96 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі123.96 Kb.

Бельгибаева Ж.А.

МКҚК № 44 «Үркер» балабақшасының тәрбиешісі

Астана қаласы

Ертеңгілік:

«Қош келдің, жаңа жыл»

«Балдаурен» қысқа мерзімді мектепалды

даярлау тобы

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.



1-ші жүргізуші: Бүгін келді жаңарып,

Даярлық тобы тағы да,

Би билейді, ән салады,

Жасыл шырша жанында. Ақбота


2-ші жүргізущі: Сәлем бізден баршаға

Құттықтаймыз жар сала,

Бүгін бізде Жаңа жыл,

Қош келіпсіз шыршаға. Б. Назым


3- ші жүргізуші: Жаңа жылда көңілді,

Шырқалады әніміз.

Ата-аналар сіздерді,

Құттықтаймыз бәріміз!

Қәне балалар, бәріміз бірге:

БӘРІ: Жаңа жыл- құтты болсын! Адина


Жүргізуші: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік тілейміз! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!
«Жаңа Жыл» әнін қабыл алыңыздар.
Қасқыр: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бақдаулет

Арыстан: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Мен арыстанмын. Әділжан

Қасқыр: Ал мен қасқырмын.

Тышқан: Сәлеметсіздер ме! Мен тышқанмын! Нұрислам

Қасқыр: Айналамыз аппақ қармен жамылған. Мінекей, жаңа жыл да келіп жетті. Бақдаулет

Арыстан: Иә, Аяз Ата жолда келе жатыр. Бізді жаңа жылмен құттықтап, сыйлық әкеле жатыр. Әділжан

Тышқан: Бүгін біздің балабақшада мереке, әдемі шыршамыз да жарқырап тұр. Қандай керемет! Бүгін біз сіздерге көтеріңкі көңіл - күй сыйлағымыз келеді. Қабыл алыңыздар! Нұрислам



  1. Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.

Төрле, төрле жеріме.

Құт береке боп келгейсің еліме.

Үміт артып армандарға аяулы,

Шаттығына бөлегейсің бізді де. Нұрай




  1. Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басыңда әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса. Сара


  1. Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтары тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған. Әбдрайым


  1. Той, мереке, салтанат,

Думандатты шартарап,

Келді міне, жаңа жыл

Тартуларың арқалап. Рамазан


  1. Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймын әрине.

Атамызбен әжемізді,

Әкемізбен анамызды,

Қонақтардың бәрін де! Мансүр




  1. Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш, Арлан

Құттықтаймын сіздерді!


  1. Жаңа жылға кеп тұрған,

Жаңа сыйлық тартамыз!

Қызыл, жасыл құлпырған,

Әсем біздің шыршамыз! Алмаз
1 – ші жүргізуші: Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Би билейік бәріміз. – дей отырып,



«Ақшақарлар» биін қабыл алыңыздар.

БИ: «АҚШАҚАР»

Қарға ұшып келеді.

Қарға: Қар – қар! Аяз Ата жолда келе жатыр, бірақ сендерге жете алмай жатыр. Ол ойыншықтарын жоғалтып алды. Сендерге аққаланы жіберді.

Асқар


Аққала музыкамен кіреді.

Арыстан: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз? Әділжан

Аққала: Сендер мені танымадыңдар ма? Мен – Аққаламын! Сендерге Аяз атадан хат алып келдім. Ақниет

Хатты оқиды:

«Сендерге сондай асықтым, асыққаннан бүкіл сыйлықтарымды шашып алдым. Бұтаққа іліп алып, қабым жұртылып қалды. Сыйлықтарды жинағанша, сендерге аққаланы жібердім. Алаңдамаңдар, көңілдеріңді түсірмеңдер. Тез келемін. Аяз Ата»
Арыстан: Көп күтеміз, балалар.

Мүмкін ойын ойнармыз? Әділжан

Балалар: Иә!

Ойын: Хоккей



Қасқыр ренжулі шығады. Бақдаулет

Арыстан: Сен не ойлап отырсың? Әділжан

Қасқыр: Арыстан, Аяз Ата келеді, бәріне сыйлық береді. Ал Аяз Атаны кім құттықтап, сыйлық береді? Бақдаулет

Арыстан: Мүмкін оған тақпақ, ән айтып, би билеп берерміз? Әділжан

Жүргізуші: Балалар, ондай болса, Аяз атаның құрметіне ағылшын және орыс тілінде тақпақтарымызды айтайық.


  1. Стучат часы, уходит старый год,

Шуршит его последняя страница.

Пусть лучшее, что было, не уйдет,

А худшее не смеет возвратиться. Нұрсалим


  1. Нью е дэй, хэппи дэй

Уи а ол глэд энд вэри гэй

Уи ол данс, энд син энд сэй

Вэлкам! Вэлкам! Нью е дэй! Б. Айша


  1. Праздник мы встречаем,

Елку наряжаем.

Вешаем игрушки,

Шарики, хлопушки. Т. Айша


  1. Хэппи нью е май фрэнд

Хэппи нью е тудэй

Летас данс хэнс из хэнс

Ай уил шоу юз э уэй. Фатима


  1. Дед Мороз прислал нам елку,

Огоньки на ней зажег.

И блестят на ней иголки,

А на веточках – снежок! Данеля


  1. Дед Мороз идет на праздник,

В красной шубе, в валенках.

Он несет с собой подарки,

Для детишек маленьких! Қ.Іңкәр


  1. Елочка, ты елка,

Елка просто диво.

Посмотрите сами,

Как она красива! Серікбай
Музыкамен Мыстан кемпір кіреді, ақшақардың көйлегіңде.

Мыстан кемпір: Сәлеметсіздер ме! Мен Аяз атаның немересі Ақшақармын!

Арыстан: Жоқ, жоқ, сен бізді алдай алмайсың.

Қасқыр: Сен Ақшақар емессің. Өтірік айтып, бізді алдайын дедің бе? Сен жамансың, Мыстан кемпір!

Мыстан кемпір: Дұрыс айттыңдар. Бірақ сендер білмеген шығарсыңдар, мен енді жақсымын, адамдарға жақсылық жасаймын. Жаман болған қызықты емес, оны бәрі біледі.

Қасқыр: Біз саған ешқашан сенбейміз, сен өтірік айтасың!

Мыстан кемпір: Солай ма?! Көрсетемін мен сендерге. Сендердің мерекелеріңнің шырқын бұзамын.
БӘРІ: Кет, кет мыстан кемпір. Сен өтірік айтасың.

(Мыстан шығып кетеді).



1-ші жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.





  1. Жаңа жыл келді міне жерімізге,

Әкелсін құт береке елімізге.

Жақсылықпен қуанатын жыл болып,

Қиындық жолатпасын елімізге. А.Іңкәр


  1. Құтты болсын жаңа жыл барша халық,

Қуанышқа, шатыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық. Мерейлім


  1. Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән қылып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік. Ернар


  1. Тілеймін мен бар адамға,

Жаңа бақыт, жаңа нұр.

Ата – әже, әке – шеше,

Құтты болсын жаңа жыл! Айнара


  1. Жаңа жылға кеп тұрған,

Жаңа сыйлық тартамыз,

Қызыл, жасыл құлпырған,

Әсем біздің шыршамыз. Асыл


  1. Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Бәріміз бір дауыспен,

Дейміз енді шыршаға.

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат. Мейірім


  1. Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге,

Балалар мен жастарға, кәрімізге.

Ашық аспан астында ойнап – күлсек,

Бақыт пен қуанышқа біз бөленсек.

Алланың нұры жаусын әр үйге,

Жақсылық тілеймін бар әлемге. Әли



  1. Жаңа жылың құтты болсын,

Асыл әжем, жан атам.

Жайнап атып келе жатыр,

Алдымызда жаңа таң! С.Іңкәр


  1. Төрлетіңдер, төрлетіңдер,

Шырша сәнің көріңдер.

Әсем әнмен би билеп,

Күй жырларды төгіңдер! Адия
«Кел, жаңа жыл» әнің қабыл алыңыздар.

ӘН: «КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛ»
1-ші жүргізуші: Жаңа жыл бірлік берсін елімізге,

Береке – ырыс келсін елімізге!



2-ші жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын,

Достығымыз мықты болсын!



3-ші жүргізуші: Тауық жылы құт береке әкеп,

Қуаныш ән айтылсын төрімізде!



Қарға ұшып келеді:

Қарға: Кар – кар! Енді не істедік? Мыстан кемпір ақшақарды сиқырлап қойды. Ол мерекені бұзғысы келіп отыр.

Орманшы: (ақшақарды қолынан ұстап Орманшы келеді). Міне, Ақшақарды алып келдім. Оны орманда тауып алдым. Орманның ішін аралап, ешкімді танымай жүр екен.

Жүргізуші: Ай-ай-ай! Ақшақар, сен отыр. Рахмет саған. Ал сен кімсің?

Орманшы: Мен орманшымын.

Жүргізуші: Біз Аяз атаны күтуіміз керек. Ол ғана бізге көмектесе алады.

Орманшы: Аяз ата келгенше мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақтар:



  1. Тікен – тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте. Шырша


  1. Жаздай тынығады,

Қыстай зымырайды. Шана

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолы тонады. Қар

  1. Ақсақалды шал жылына

Бірақ рет келіп кетеді.

Қызы мен ұлына,

Сыйлық алып келеді. Аяз Ата
1-ші жүргізуші: Мыстанның Ақшақарға жасаған сыйқырын тек Аяз ата ғана бұза алады. Ендеше Аяз атаны шақырайық.

2-ші жүргізуші: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.


3-ші жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар,

Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!



Бәріміз бірге: АЯЗ АТА, АЯЗ АТА, АЯЗ АТА!

(осы кезде Аяз ата келеді).



Аяз Ата: Армысыңдар ма, ұлдарым,

Амансыңдар ма, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің

Қандай жарқын жырларың.

Асулармен алысқан

Аталарын сендерге,

Шаршап келді алыстан.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Қош келдіңіз! Аяз Ата бізде бір қиындық бар. Мыстан кемпір Ақшақарды сиқырлап тастады.

Аяз ата:Уайымдамаңыздар, балалар! Қазір мен Ақшақардың бетіне үрлеймін, солай сиқырдың күшін жоямын.

Аяз ата Ақшақарға үрлейді, сосын балалар үш рет санайды. Ал Ақшақар орнынан тұрады.



Ақшақар: Рахмет сендерге, достарым! Мен енді өз – өзіме келдім. Мен сендерге қонаққа келдім. Осындай үлкен мерекеге, сендерді жаңа жылдарыңызбен құттықтауға келдім. Жаңа жыл құтты болсын! Сендерге шашуымды ала келдім.

« »


Жүргізуші: Аяз ата біздің шыршамыз көңілсіз болып тұр. Сіз бізге шыршаны жағып беріңіз.

Аяз ата: Қандай шырша әдемі. Ал енді шырша одан да жарқырап тұру үшін, бәріміз бірге шыршаның шамдарын жағайық. Қанекей, бәріміз бірге: «Бір, екі, үш шырша жарқырай түс!» деп айтамыз.

Балалар Аяз атаның артынан қайталайды. Шырша жанады.


1-ші жүргізуші: Достар, қараңдаршы, қандай биік, әсем шыршамыз, ойыншықтары қандай керемет. Ақбота

2-ші жүргізуші: Шыршамызда шырайлы,

Жұлдызшалар жайнаған.

Шырша тойы ұнайды,

Думандатқан айналам Назым


3-ші жүргізуші: Тақпақтарды жаттадық,

Би де үйрендік қөрсін деп.

Аяз ата шаттанып,

Бізге риза болсын деп. - дей отырып, тақпақтарды қабыл алыңыздар. Адина




  1. Оралды өлкеме,

Жаңа жыл армысың!

Оранды ақ көрпе,

Асқар тау, қарлы шың! Айзия


  1. Келді Аяз атамыз,

Қасыңда Ақшақары бар.

Қызыққа әбден батамыз,

Қарсы аламыз баршамыз. Сұлтан


  1. Асыға күткен жаңа жыл,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа заман, жаңа айлар,

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл! Еңілік


  1. Не ойласаң жаңа жылда,

Орындалады бар арман.

Жаңа жылды сондықтан,

Күтеді барлық балапан. Қ.Назым


  1. Борандатып, аққарлатып,

Аяз ата келеді.

Ақ көңілмен, пәк көңілмен,

Бізге сәлем береді. Мадияр


  1. Сылдырлайды моншағы,

Шыршамыздың мол шамы.

Жаңа жылмен жайдары,

Құттықтаймыз баршаны! Татьяна


  1. Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл! Айзере



  1. Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын – жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр. Әміржан


  1. Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала,

Жарқыратып шамдарың,

Шырша келді ортаға! Жасмина


  1. Аяз Ата біздерге,

Тоғайменен келеді.

Арқасында дорбасы,

Сыйлық әкеп береді! Диана

Аяз ата: Ал, канекей, балалар, шеңбер жасап тұрайық. Шыршаға арнап ән салайық.

Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Би билейік бәріміз. – дей отырып, « » қабыл алыңыздар.


Музыка әуенімен тауық кіреді: Залды айналады.
Маймыл көңіл күйсіз шығады: Жаңа тауық жылы да келіп қалды, ендеше мен сендермен қоштасатын уақытым келді.

Балаларым, достарым,

Алғысым көп айтар менің.

Дәл осылай қуанып,

Қарсы алыңдар тауық жылың.

Бір жыл бойы сендермен,

Бірге жүрдім ойнадым.

Енді міне балалар,

Кезек келді қоштасар!

Сау болыңдар! Сау болыңдар! Дінмұхаммед


Тауық: Мен жаңа жылмын,

Мен жаңа нұрмын.

Нұрымды да себейін,

Жырымды да себейін. Анеля


Жүргізуші: Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт. -дей отырып,


«Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.

ӘН: «ЖАҢА ЖЫЛ»

Аяз ата: Ойын ойнатады.

Аяз ата: Сендер жақсы ойнадыңдар, балалар. Маған өте ұнады. Мен сендерге бос келген жоқпын, сыйлықтар ала келдім. Сыйлықтар таратылады.
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар! Барлықтарын өнерлі екенсіңдер, киген киімдерін де қандай әдемі. Балалар, сендер үлкен болып өсіңдер, әрқашан көңілді болып жүріңдер. Сендерге келесі жылы тағы да келемін.

Ақшақар: Жаңа жыл тек бақыт, береке әкелсін!

Сау болыңдар.


Жүргізуші: Жүздеріннен көрем шаттық арайын,

Болсын солай, әрбір күнің, әр айын.

Жаңа жыл құтты болсын, балалар,

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын! - дей отырып, құттықтау сөзін балабақшамыздың меңгерушісі Қоржабаева Раушан Тұмарханқызына беріледі.


Құттықтау сөз ата – аналарға беріледі.
Жүргізуші: Көп рахмет. Осымен жаңа жылдық ертеңгілігімізді жабық деп жариялаймыз!
Каталог: uploads -> doc -> 0f7f
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет