Өсімдік майларын шығаратын «Шымкентмай» Ақ-ның Ақаба суларын тазалаудың технологиялық схемалары және модельдері



жүктеу 83.6 Kb.
Дата04.01.2019
өлшемі83.6 Kb.
түріҚұрамы

ӘОЖ 665.347.8
Өсімдік майларын шығаратын «Шымкентмай» Ақ-ның

Ақаба суларын тазалаудың технологиялық

схемалары және модельдері

А.Ә.Жұмабеков

Техн.ғыл.канд. Н.А.Ибраева

Мақалада құрамында май және майлы заттары бар ақаба су-ларды тазалаудың қазіргі кездегі қолданылып жүрген технологиялық схемаларына сараптама жасалған және геоинформациялық-математи-калық модельді құру арқылы су қорларын ластанудан қорғау жолдары қарастырылған.

Қазіргі кезде Қазақстанның тамақ өнеркәсібі инвестициялық тартымдылыққа ие болуда. Мысалы, арнайы статистикалық мәліметтерге сүйенсек 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында тамақ өнеркәсібі саласына бөлінген инвестициялық қаржының көлемі 20 млрд. теңгеден асты. Бұл 2009 жылғы осы кезеңмен салыс-тырғанда 60% артық. Тамақ өнеркәсәбінің қызықтыратын негізгі бағытының бірі - өсімдік майларын өндіру болып саналады. 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында соя және күнбағыс майларын шығару сәйкесінше 89% (1,5 мың т.) және 35% (19 мың т.) артты /1/. АТФ Банкінің аналитиктері биылғы жылы «Агроөнеркәсіп секторының даму бағыттары және майлы дақылдарды өндіру және өңдеу» туралы жоба жасады. Онда осы саланың күшті және әлсіз жақтарына сараптама жасалған /2/.

Сол жобаның ішінде «Шымкентмай» акционерлік қоғамы үшін қарқынды дамитын инновациялық-инвестициялық бағытта «Майлы дақылдардың 6 түрін: күнбағыс, соя, мақсары, мақта, рапс қышаны дамыту және олардан май алу» қарастырылған.

Жобаның негізгі қоры 333,76 млн.тг., ал жаңа тазалау цехын соғуға, қажетті қондырғылар сатып алуға кететін инвестиция көлемі - 2,09 млн.евро, бөлшектеп өлшеп -орау цехын соғуға - 1,18 млн.евро қарастырылған.

И.И.Федоровтың /3/ мәліметтеріне сәйкес майлы дақылдардың дәндері бірін-шіден өсімдік майларын шығару үшін шикізат болады, олар тамақ өнімдерін дайын-дауда, сонымен қатар жеңіл өнеркәсібінде - лак, краска өндіруге және фармацевти-калық салада кеңінен қолданылады. Екіншіден, өсімдік майлары биодизель өндірісі үшін бастапқы шикізат болып табылады, яғни органикалық жағар-жанар майларды ауыстырады. Үшіншіден, майлы дақылдарды өңдеу процесінде күнжара және шрот алынады, олар малдарға белгілі бір мерзімде берілетін бағалы белоктың құрамдас бөлігі. Сонымен қатар өсімдік майларының тапшылығы, бағасының тұрақты өсуі және экологиялық зиянсыз жанармай көзі ретінде сұраныстың болуы бұл мәселенің маңыздылығын арттыруда.

«Шымкентмай» АҚ-ның қазіргі кездегі негізгі мақсаты - тез арада халықты әр түрлі өсімдік майларымен қамтамасыз ету. Ол үшін өндіріс ақаба суларын тазалап айналмалы жүйеге қайта беру, техникалық-экономикалық және экологиялық талап-тарға сай келетін өсімдік майларын өңдейтін шағын қуаттылығы бар құралдармен жабдықтау. Зауытта осы мақсатта Ресейде шығатын қуаттылығы тәулігіне 25-30 тонна өсімдік майларын тазалайтын қондырғы орнатылған. Шығатын өнімнің сапасы зауыттың аттестациялау зертханасында тексеріледі. «Шымкентмай» АҚ-ның шығара-тын барлық май түрлері «Мемлекеттік сапа стандарты және сертификациясы» талаптарына сәйкес келеді.

Тазарту технологиясының негізгі және жауапты бөлігі-дезодарациялау (жа-ғымсыз иісті жою) сатысы, яғни оның орындалу процесінде белгілі талаптарға сай параметрлері сақталуы: майлардың температурасы 220-230°С, қысымы 0,4-0,67 КПА (3-5 мм сынап бағанасы) кем болмауы керек. Тек осындай параметрлер сақталғанда ғана ең жоғары сапалы тазартылған және жағымсыз иісі жоқ өсімдік майлары алынады.

Ұсынылып отырған құрал-жабдықтар жинағы кезеңді тазарту жүйесін жүзеге асырады (гидродация және мұздатып қатыру сатысы болмайды). Арнайы режімдерді және параметрлерді енгізу арқылы майларды сумен және сусыз бейтараптандырады. Өсімдік майларын тазалайтын және жағымсыз иісін жоятын технологиялық схемалар сурет 1,2 келтірілген.


Өсімдік майларын тазалау қондырғыларының технологиялық схемасы


Сурет 1

Өсімдік майларының жағымсыз иісін жоятын технологиялық схема

1 - химиялық реагенттерді өлшегіш құрал; 2 - бейтартандырғыш; 3а - вакуум-кептіргіш аппарат, 3б - вакуум-шайғыш аппарат; 4 - топырақ сақтайтын ыдыс; 5 -фильтр-пресс; 6 - тамшы ұстағыш №1; 7 - буды суытқыш; 8 - вакуумдық агрегат; 9 -салқындатқыш; 10 - тазаланған майды сақтау ыдысы; 11 - тұндырылған майды сақтау ыдысы; 12 - аралық ыдыс; 13 - майұстағыш; 14 - артық суды жинайтын бак; 15 - сілті сақтау багы; 16 - тамшы ұстағыш №2; 17 - қысым өлшегіш; 18 - суды шапшытатын эжектор; 19 - аралық бак; 20 - градирня; 21 - генеративтік май жылу алмастырғыш; 22 - дезодоратор; 23 - май-су жылу алмастырғыш; 24 - буэжекторлық блок; 25 - бу генераторы.


Сурет 2

Сурет 2 ұсынылған технологиялық схема бейтараптау процесін 2 кезеңде бейтараптайтын қондырғыда жүргізуді қарастырады, ал бейтарапталған майды шаю мен кептіру - 3а вакуум-кептіру аппаратында, сорбциялық тазалау - вакуум-шаятын ағарту аппаратында 3б және фильтр - престе 5 орындалады.

Ең жауапты таза май алу кезеңі - типтік дезодараторда 22 жүргізіледі. Ол схеманың ерекшелігі дезодарация модулінің құрамы арнайы қалыптасқан циркуляциялық жылу тасығыш - сумен жұмыс істейтін бу генераторымен жабдық-талған. Бу генераторы 25 отын ретінде табиғи газды қолданады. Бу генераторының жұмыс істеу параметірі: будың қысымы -5,0 МПа (50атм), температура -260-2650с. Бу генераторының жұмыс істеуін жоғары дәрежелік сенімділікпен автоматтан-дырылған жүйе бақылайды. Дезодарациялау жүйесіндегі қысым тұрақты және 0,65 0,67 кПа (5мм сынап бағанасы) аспауы қажет, ол төрт немесе бес сатылы буэжекторлық вакуум сорғымен 24 қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бу эжекторлы вакуум-сорғылар құрамына қосымша екі арнайы конструкциялы конденсатормен, су бағыттағыш эжектормен және су айдағыш сорғымен жабдықталған.

Өндіріске қажетті таза судың шығымын азайту үшін су пайдалану жүйесін тұйықтап және жоғарғы тиімділігі бар градирнямен 20 қамтамасыз етілген.

Дезодарантардың суыту жүйесіне майды пайдалану арқылы, жылу алмастыр-ғыш 21 қолданып, жылу көлемін 25-30% үнемделді.

Майланған ақаба сулардың шығымын азайту үшін тазалау құралдардың, құра-мына қосымша арнайы булап тазалайтын қондырғы 13 енгізілген. Булану нәтиже-сінде 6000 мг/л дейін жететін майлы зат және техникалық су алынды. Бұл судың химиялық құрамына байланысты қайтадан кәсіпорының тұйықталған сумен жабдық-тау жүйесіне қолдануға немесе канализацияға тастауға болады.

Тамақ өнеркәсібінің ақаба суларының құрамындағы майлы және қалқымалы заттарды тазалау үшін қысымдық флотациялық - фильтрлейтін модельдік қондырғы-лар (ФФУ) қолданылады. Флотациялық қондырғылар тазалау құрылғыларының негізгі бөлімі болып саналады. Ақаба суларды ластанған заттардан тазалау мақсатын-да келісідей тазалау құрылымдарының схемалары қолданылады /4/:


  1. Тұндырғыштар;

  2. Майұстағыштар;

  3. Ақаба суларды әртүрлі реагенттермен (коагулянттар, флокулянттар және т.б.) тазалау;

  4. Қысымды флотация;

  5. Сорбциялық фильтрлерде қосымша тазалау.

Ұсынылған технологиялық схемалардың тиімділігін негіздеу үшін мақала авторлары экономикалық-математикалық модель жасады (сурет 3).
Геоинформациялық модельдердің функционалдық құрылымы

Сурет 3


Бұл геоинформациялық-математикалық модельді құрған кезде айналмалы су-мен жабдықтау жүйесінің ерекшеліктері ескеріліп су қорларын ластанудан қорғау қарастырылған. Іздеу мақсаты - су қорларын тиімді пайдаланып, талапқа сай сапасын сақтап, өндірісте су пайдалану жүйесінің және суды бұрып алып кетудің оңтайлы жоспарын құру және кәсіпорында аз қаржы жұмсау. Осы мақсаттарды шешу үшін келесідей шартты белгілер қабылданды: j - өнім түрі; К - су қорғау түрлері (тікелей сумен қамту жүйесі, айналмалы сумен жабдықтау жүйесі, ақаба суды тазалау түрлері және т.б.). Хjk - өндіріс көлемі; j - өнімнің К-вариантындағы су қорғау шарасы; Wjk - өндірістегі сумен қамтамасыздау көлемі; У , У - сәйкесінше судың ластануы және кәсіпорында оның азаюы, j - өнімді өндіргенде К-ші су қорғау вариантында; Кj, К - өнімдердің түріне байланысты су қорғау шараларына және зауыттың дамуына сәйкесінше кеткен күрделі қаржы көлемі.

Кіргізіліп отырған өзгерту мақсаттарына келесідей шектеулер енгізілді:


I. (1)
Су қорғау шараларын ескеріп шығарылатын өнеркәсіп өнімдерінің оңтайы көлемі.

II. (2)


Таза суды пайдалану мөлшері.

III. (3)


j - ші өнімді К - су қорғау варианты бойынша оңтайлы суды бұру көлемі.
IV. (4)
j - ші өнімді К - су қорғау вариантымен өндіргенде ластаушы заттардың оңтайлы мөлшері.
V. (5)
Су қорғау құрал-жабдықтарына кәсіпорынды дамытуға және қайта соғуға кететін күрделі қаржы көлемі.
VI. (6)
Өндірісте ластаушы заттарды азайту балансы.

VII. (7)


Өзгеретін мәндер теріс таңбалы болмау керек

Шығарылатын есептердің функционалды түрлері:


(8)
Сызықтық программалау моделінің сандық матрицасы «Шымкентмай» зауытының мәлімдемелерімен тексерілген және су қорғау нормативтік құжаттары көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

«Шымкентмай» зауытында ақаба сулардың орташа жылдық көлемі, айналама-лы және тікелей сумен жабдықтау жүйесінде, 1 т маргарин дайындау үшін 20,18 м3 құрайды. Маргарин цехының ақаба сулары сары түсті, мөлдір және жағымсыз исі бар. Ластану құрамы: БПК5 - 400-1600 мг/л, майлы заттар - 400 -1286, сульфаттар -70 -180, қалқымалы заттар - 600 -1415, хлоридтер - 32-60, жалпы азот - 0,55 -1,62 мг/л. Ортаның белсенді реакциясы рН - 6-7.

Майлы заттар көбінесе өсімдік майы түрінде кездеседі, олардың негізгі бөлігі судың беткі қабатын жабады, ол оттегінің еруін және реаэрация процесін қиында-тады. Ол майлар канализация құбырлары арқылы өткен кезде каналдардың қабыр-ғаларына жабысады, лас заттарды өзіне клейлеп жабыстырады, сол себептен көлде-нең қима ауданы тарылып, су ағысы кемиді. Сонымен қатар ақаба сулардың құра-мында органикалық қышқылдар және азот тектес заттар бар. Ақаба сулардың құра-мында органикалық заттардың көп көлемде болуы, оны тез ыдыратады, химиялық реакцияларға қатысады, соның нәтижесінде шіру пайда болады /5/. Осыны ескере отырып «Шымкентмай» зауытында ақаба сулардың құрамына байланысты оларды әртүрлі канализация жүйесіне тастайды.

Май өнімдері бар және майлы заттары жоқ ақаба сулар бөлек-бөлек тазалана-ды. Канализация жүйесіне тастау алдында ақаба суларды алдын-ала тазалау міндетті. Ол үшін ақаба судың май ұстағыштармен тазалап немесе мұнай ұстағыш құрылғы-сымен майлы заттарды бөліп алып шығарып тастайды. Зауыттағы майұстағыштардан кейін ақаба сулардың құрамындағы ластаушы заттар келесідей мөлшерге азайды, судың температурасы 30-350с болғанда: қалқымалы заттар -160-350 мг/л, БПК5 - 250-600 мг/л, майлы заттар - 100-350 мг/л, рН - 7,1-7,8. Арынды флотация тәсілімен қосымша коагулянттар қолданылғанда: хлорлы темір (ҒеCl), күкірт қышқылды алюминий (Al2 SO4) бұданда жоғары тазалау дәрежесіне қол жеткізілді.

Жалпы Қазақстанның табиғи ауа райы және топырағы әр түрлі майлы дақыл-дарды өсіруге қолайлы, сол себептен олар халықаралық рынокта табысты бәсекеге түсе алады. Ол тек қана Қазақстан үшін дәстүрлі дақылдар күнбағыс, мақта ғана емес, сонымен қатар әзірге аз ауданды алып жатқан, бірақ болашақта белсенді даму мүмкіншілігі бар - мақсары, соя, зығыр, рапс үшін де тиісті. Бірақта қазіргі кезде өсірілетін майлы дақылдар дәні халықты және Республика өндірісін қажетті көлемде қамтамасыз етпейді. Сол себептен майлы дақылдар егетін аудандарды ұлғайтып, мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасау керек.

Әдебиет


  1. Мамытбеков А. Агрокомплекс в стратегии развития/Казахстанская правда, №340, 25 ок-тябрь, 2011.

  2. Бизнес-жоба «Агроөнеркәсіп секторының даму бағыттары және майлы дақылдар-ды өндіру және өңдеу», Алматы, АТФ банк, 2010, - 176бет.

  3. Федоров И.И. Агробиологические основы производства, хранения и переработки продукции растениеводства. Учебник, М., Колос, 2004, -724 бет.

  4. Яковлев С.В., Карелин Я.А., Ласков Ю.М., Воронцов Ю.В. Очистка производственных сточных вод. М., Стройиздат, 1995, -325 бет.

  5. Александров В.И. Экология и промышленная экология.- М.: ООО «Легпромобразование», 2007, -256 бет.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз



ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ СХЕМЫ И МОДЕЛИ

ОЧИСТКИ СТОЧНЫХ ВОД В АО «ШЫМКЕНТМАЙ»

ПРИ ПРОИЗВОДСТВЕ РАСТИТЕЛЬНОГО МАСЛА
А.А.Жумабеков

Канд.техн.наук. Н.А.Ибраева


В статье дана оценка существующим технологическим схемам очистки сточных вод от жира и маслосодержащих веществ, а также рассмотрены геоинформационные-математиченские модели позволяющие охрану водных ресурсов от их загрязнения.

TECHNOLOGICAL SCHEM ES AND MODELS

OF sewage treatment of joiNT-stock COMPANY

shymketmai” by vegetable oil manufacture


A.A.Djumabekov

Сand.tech.sci. N.A.Ibraeva


In article the estimation is given to existing technological sche mes of sewage treatment from fat and fat- contained substaces and also geo-informational - mathematical models allowing protection of water resources from their pollution are considered.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest11 -> 4-2011
4-2011 -> Өсімдіктердің днқ полиморфизмін зерттеуде молекулалық маркерлердің Қолданылуы
4-2011 -> Еңбек қОРҒау охрана труда
4-2011 -> Жол,ҚҰрылыс және көтергіш-көлік
4-2011 -> Ақаба суларды тазалаудың тиімділігі жұмабеков Ә.Ә., а ш.ғ. д., профессор Қадрешев Е. Ж., магистр Маликтай ұлы М., магистр
4-2011 -> Тауарлардың сапасын бағалау теориясын қарастыру
4-2011 -> Ақаба суларды тазалаудың техникалық құрылымдарын жетілдіру
4-2011 -> НарықТЫҚ экономикадағы халықТЫҢ Қаржыгерлік психология процестері және іс-әрекеттері
4-2011 -> Қазақстан республикасында қоршаған табиғи ортаға келтірілген экологиялық зиянның орнын анықтау мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет