Қосымша 2 Қазақстан республикасы инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 296.17 Kb.
Дата02.04.2018
өлшемі296.17 Kb.



Қосымша 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ

2015 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМ КЕЗЕҢІНДЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

3-бөлім. Тәуекелдерді басқару

р/с

Ықтимал тәуекелдің атауы

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдар

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушы

Тәуекелдерді нақты басқару

Орындалмау себептері

1

2

3

4

5

6

7

8




Сыртқы тәуекелдер













1.

Жаһандық инвестициялық белсенділіктің төмендеуі

АЭА аумағына инвестицияларды тартудың төмен көрсеткіштері

АЭА аумағындағы инвесторларға қосымша қолайлы жағдай жасау бойынша мәселелерді пысықтау

2015 жыл

ИК

Министрлікпен әкімшілік кедергілерді жоюға, ҚР АЭА инвестициялық тартымдылығын көтеруге және басқарудың жаңа моделін құруға бағытталған «АЭА қызметін жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді.(ҚРҚЖ 28.11.2014 ж. №1254). Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісіне енгізіліп, профилді Комитеттің жұмысы қарауында болады. Бұл шаралар АЭА аймағындағы инвесторларға қолайлы жағдайлар тудыруға бағытталған.




2.

Экономикалық және қаржы дағдарысы

Стратегиялық жоспардың мынадай нысаналы индикаторлары мен тікелей көрсеткіштеріне қол жеткізе алмау:

1. Машина жасау өндірісінің НКИ-і

2. ЖІӨ құрылымында машина жасау саласының үлесі

3. Металл емес минералды өнімдер өндірісінің үлесі

4. Жеңіл өнеркәсіп бойынша


Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жағдайда мынадай баламалы іс-шаралар іске асырылады:

1) ішкі инвестициялардың өсуін ынталандыру;

2) БЭА елдеріне экспорттаушыларға үшін қолайлы жағдайлар жасау


2015 жыл

ИДӨҚК

Ішкі инвестициялар өсімін ынтыландыру «Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік 2020» және қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылуда. Сонымен бірге, ұлтық даму институттары грантар бөлу, шығындарды өтеу, субсидия беру және т.б. арқылы құрылыс материалдарды өндіру саласындағы отандық кәсіпорындарға сервистік және қаржылай қолдау көрсетіп келеді.




3.

Өңірлердің бәсекелес нарықтарының тартымдылығын жоғарылату

Туристік дестинация сияқты, елдің туристік имидж тартымдылығының төмендеу мүмкіндігіне, сондай-ақ туристік обьектілер құрылысы қарқынының төмендеуіне байланысты, нысаналы индикаторларға және тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу

  1. Туристік нарықтың даму үрдістерін мониторингілеу және болжау

  2. Елдің шетелдегі оң туристік имиджін ілгерілету жөніндегі имидждік қызметті жандандыру;

  3. Саланы дамыту мәселесі бойынша елдің мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды тереңдету

  4. Халықаралық ұйымдармен, оның ішінде Бүкіләлемдік туристік ұйыммен (БТҰ) ынтымақтастықты күшейту

  5. Қолайлы инвестициялық ахуалға жағдайлар жасау

2015 жыл

ТИК

1. 2012-2014 жылдары орналастыру орындарында келу және ішкі туризмнің дамуы бойынша талдау өткізілді және жергілікті атқарушы органдарға жұмыс үшін жолданды. Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдармен келу және ішкі туризмнің дамуы туралы, талданылатын көрсеткіштерге әсерін тигізген факторлар мен өткізілген шараларды сипаттаумен толық талдаулық баяндаман жолданды.

2. Келесі шаралар ұйымдастырылды және жүргізілді:

- 5 халықаралық туристік көрмелер: ITB (Берлин қ.), «Интурмаркет» (Мәскеу қ.), ATM (Дубаи қ.), ITE (Гонконг қ.), «KITF» Халықаралық Қазақстандық туристік көрмеде.

- Келесі халықаралық іс-шаралар жұмысына қатысу қабылданды: ШБМ - ға мүше-мемлекеттерінің отырысы (Мәскеу қ.); туризм саласындағы Түрік кеңесінің жұмыс тобының кездесуінде.

3. ҚР Үкіметінің 2015 жылға бірінші кезектегі қимылдар жоспарының 1.4 бөлімінің 86 тармағын жүзеге асыру шеңберінде жаңғыртубойынша Ұлттық комиссияға Туризм саласын дамыту тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, туристік сертификаттар шығару тетігңі, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету және экономиканың басым секторларының тізіміне туристік саланы қосу және басым қызмет түрлерінің тізібесіні кеңейту.

4. Грузия, Үндістан, Жапония, Фиджи, Болгария, Франция дипломатиялық өкілдіктердің басшылары және қызметкерлерімен, ҚР «IATA» әуе көлігінің халықаралық ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢөкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді.

5. Қазіргі уақытта туристік салаға ықтимал инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында базалық ынталандыру пакеті келесі қолдау шараларын қосады:

1) Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңының шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін техникалық жабдықтарды енгізу кезінде кедендік төлемдерден босатылады;

2) салықтардың кей түрлерін төлеУден босатылады;

3) Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңының шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік заттай гранттар;

4) Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңының шеңберінде стратегиялық инвестициялық жобалар бойынша салықтық және өндірістік жеңілдіктер;

5) «2020 – Бизнес жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде субсидиялар мен кепілді қарыздар;

6) «Экспорт-2020» мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде экспорттық гранттар, сауда миссиялары;

7) қызметтік қолдау.

Инвесторларды тарту үшін қызметтері Қазақстандағы туристік индустрияны дамытуға бағытталған кәсіпкерлерге келесі қолдаулар жасалады:

Біріншіден, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті қондырғылар мен шикізаттарды енгізу кезінде кедендік салық баждарын төлеуден босатылады;

Екіншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар, жер телімдері, имараттар, қондырғылар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшеуіш және реттеуші аспаптар және құрылғылар, көлік құралдары, жеңіл автокөлік қоспағанда, өндірістік және шаруашылық мүлік.

Үшіншіден, бұл 5 млн. АЕК жоғары жобалар бойынша стратегиялық инвестициялық жобалар үшін мерзімі 10 жылға дейін салықтық жеңілдіктер ұсыну.

Мемлекеттік қолдау аспаптарын пайдалану (БЖК 2020) шеңберінде субсидия арқылы кредиттер бойынша сыйақы ставкалары туризм саласында жалпы кредиттер сомасы 72,5 млрд. теңгеге 284 жоба қолданды. 8,7 млрд. теңге сомасында субсидиялар төленді.

Субсидияланған жобалар бойынша ең үлкен үлесті тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер саласы қамтиды (жалпы кредит сомасы 72 116 млн.теңгеге 269 жоба).

ЕДБ уағдаланған қаражаттар орналастыру бағдарламалары бойынша 2008 жылдам барлығы туризм саласында 732 жоба қаржыландырылды, жалпы сомасы 31,4 млрд.теңге. Қаржыландырылған жобалардың ең көп саны Астана (74 жоба) және Алматы (66 жоба) қалаларында, Қарағанды (61 жоба), Павлодар (59 жоба) және Алматы (55 жоба) облыстарында.





4.

Геосаяси тәуекелдер

Транзиттік тасымалдауға бағдарланған, көршілес елдердің аумағында жаңа баламалы маршруттардың пайда болуы.

Бұл тәуекелдердің төмендеуіне Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасауы ықпал етеді.

1 жыл ішінде

КК

АЖК



Қазіргі уақытта жаңа теміржол Өзен (Қазақстан) – Қызылқия – Берекет – Этрек (Түрікменстан) – Горган (Иран) магистральінің толыққанды қызмет етуі мақсатында тараптармен мәселелерді шешу мақсатында белсенді жұмыс атқарылуда.

Ағымдағы жылдың 31 наурыз – 1 сәуір аралығында Астанада Болашақ – Акяйла – Инчебурун учаскелерін пайдалануға беру және үш ел аймағында жүк тасымалдаудың бірыңғай тарифін орнату мәселелерін ақылдасуға темір жол өкілдерімен үшжақты кездесу өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында қазақстандық компанияларға астық терминалдарының құрылысына түрікмен-иран шекарасында жер учаскесін беру мәселесі оңынан шешілді, осы жобаны іске асырғанда иран арқылы көлік дәлізін дамытуға күмәнсіз оң нәтиже береді.





5.

Техногендік және экологиялық тәуекелдер

Көлік инфрақұрылымының және жылжымалы құрамның тозу шамасына қарай ықтималдығы арта түсетін ірі техногендік немесе экологиялық зілзала күрделі қосымша қаражатты талап етеді және көлік жүйесінің басқа обьектілерінен қаражатты аударуға әкеп соғады.


1. Бұл тәуекелді төмендету үшін алдыңғы қатарлы техникалық және экологиялық регламенттерді, стандарттарды енгізу, көлік активтерін жаңғырту талап етіледі.

2. ТЖМ-мен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және авариялық жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу.



1 жыл ішінде

АЖК

ААК


КК


2. Қазіргі таңда министрлікте ҚР ІІМ мен ҚР ИДМ бірлескен бұйрық жобасының «Көлікте және индустрия нысандарында авария тәуекелдері болған жағдайда өзара ақпарат алмасу» келісу рәсімі өтуде.




6.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша сапасыз жұмыс

Электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланудың төмен деңгейі

Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету бөлігінде бизнес-процестер мен нормативтік құқықтық құжаттарға сапалы талдау жүргізу

1 жыл ішінде

БААК

Бақылауда.




8.

Мемлекеттік телеарналар эфиріндегі бағдарламалардың төмен рейтингі

Мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімсіз іске асырылуы

Рейтингісі төмен бағдарламаларды жабу;

телекөрермендердің қызығушылығын айқындау бойынша әлеуметтік сауал жүргізу;

Жаңа рейтингтік бағдарламалар ашу;

Программингтің тиімділігін арттыру.

тоқсан сайын

БААК

2015 жылғы қаңтар-маусым аралығында «Хабар» агенттігі» АҚ жаңадан ашылған отандық өндіріс бағдарламаларының жалпы саны 29 құрады. 2015 жылғы қаңтардан бастап маусымға дейінгі аралықта «Қазақстан» РТРК» АҚ-да отандық өндірістік 10 теле радиобағдарламалар ашылды.
Қоғамдық пікірлі сауалнамалар жүргізетін TNS «Gallup Media Asia» компаниясымен мемлекеттік сатып алулар арқылы келісім жасалды.
Көрермендердің басымдылығын анықтайтын қоғамдық пікірлі сауалнама TNS «Gallup Media Asia» негізінде құралған.

Программинг тиімділігін арттыру жұмыстары телеарналарда жүргізілген жоқ






9.

Әлемдiк қаржылық дағдарыспен байланысты халықаралық ғарыштық нарық конъюнктурасы мен құрылымының өзгеруi

Жасалған ғарыштық технологиялар, олардың негiзiндегi қызметтер, басқа өнiм сыртқы нарықта сұранысқа ие болмай қалады. Жобалардың өтiмдiлiк мерзiмдерi, басқа да жағымсыз факторлар артады.

Спутниктiк навигация, ЖҚТ қосымшалары, байланыс салаларындағы ғарыш қызметтерiн тұтынудың iшкi нарығын мына шаралар арқылы қалыптастыру:

1) тиісті салаларда ғарыш қызметтерінің нәтижелерін пайдалану бойынша мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен жеке меншік компаниялардың өзара іс-қимылын тереңдету және кеңейту;

2) мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен жеке меншік компаниялардың байланыс, ЖҚТ, спутниктiк навигация және т.б. ғарыш қызметтеріне қажеттіліктері бойынша дерекқор құру;

3) ЖҚЗ деректерін техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңістікті деректер инфрақұрылымын құру саласында нормативтік-техникалық базаны қалыптастыру.



2015-2018 жж..

АҒК, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың орындауы туралы есеп

«РҒБО» АҚ:

Қазақстанның байланыс операторларымен шарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.



«ҚҒС» АҚ:

  1. Тиісті салаларда ғарыш қызметінің жетістіктерін қолдану бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және жеке компаниялармен өзара әрекеттесу үнемі негізде жүргізіледі.

  2. Клиенттердің құрастырылған деректер базасы үнемі жаңартылып тұрады. Қазіргі таңда клиенттердің деректер базасы 280 ұйымнан астам.

  3. 2015 жылдың 1-тоқсанында «ҚҒС» ҰК» АҚ Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құруға тартылған және қатысқан жоқ.

ҰКДИ жобасына қатысу жұмыс тобының құрамына «ҚҒС» ҰК» АҚ өкілдерін қосқаннан кейін мүмкін.





10.

Шетелдік ғарыш байланыс операторларының баға демпингі

Ұлттық операторлардың шетелдік спутниктерге көшуі, елден қаражаттың, оның ішінде бюджеттік қаражаттың шығуы

1) байланыс саласындағы уәкілетті органмен ведомствоаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

2) шетелдік спутниктік операторлар баға демпингінің салдарынан туындайтын өзгерістерді ескере отырып, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу және тарифтік саясаттың икемді болуы жолымен баға саясатын қалыптастыру.



2015-2018 жж..

АҒК, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың орындауы туралы есеп

Бәсекелес шетелдік ғарыштық байланыс операторларының тарапынан бағалық демпинг болмады. Осыған байланысты бұл тәуекел бойынша қандай да бір шаралар қабылданбады




11.

Тараптардың бiрiнiң түрлi саяси және экономикалық себептер бойынша бiрлескен жобалардан бас тартуы

Басталған жобаларды аяқтау мүмкін болмайтын жағдайда келтірілетін зиян

1) келiсiмшарттарда және тиiстi келiсiмдерде бірлескен жобаларға қатысушылардың мiндеттемелердi орындалуынан келтiрiлген шығынның өтелуiн көздеу;

2) басталған жобаларды іске асыруды одан әрі жалғастыру бойынша басқа баламалы әріптестерді іздеу;

3) басталған жобаларды өз күшімен одан әрі жалғастыру мүмкіндігін қарастыру.


2015-2018 жж..

АҒК, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың орындауы туралы есеп

РҒБО» АҚ:

«KazSat-3» ҒА жасау және ұшыру бойынша 20.06.2011ж. № 80 шартқа сәйкес 9 «Мердігер жауапкершілігі» бабында міндеттерді орындамағаны үшін айыппұл санкциялары көзделген.



«ҚҒС» ҰК» АҚ:

Барлық шарттарда іске асырылып жатқан жобалардағы мердігерлердің міндеттерді орындамауынан келген залалды өтеу көзделген






12.

Шетелдік валюта курсының өзгеруі

Ғарыш қызметі жобаларын іске асыруға бөлінген ақшалай қаражаттың жетіспеуі

1) қаржылық құралдардың түрлі нысандарын қолдану (фьючерстер, форвардтар, опциондар және басқа);

2) шарт бойынша жұмысты төлеу үшін бос қаражаттың болуын қамтамасыз ету.



2015-2018 жж..

АҒК, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың орындауы туралы есеп

«РҒБО» АҚ мен «Академик М.Ф. Решетнев атындағы ақпараттық спутниктік жүйелер» ААҚ арасында «KazSat-3» ғарыштық жүйесін құруға жасалған келісім шартқа сәйкес барлық төлемдер ұлттық валютада жүргізіледі.

«ҚҒС» АҚ:

шетелдік валютаның (евро) болжамды курсы «ҚҒС» ҰК» АҚ жобаларының ҚЭН көзделген, ол қазіргі уақытта ғарыш қызметінің жобаларын іске асыруға бөлінген ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне әкеліп соқпайды.









Ішкі тәуекелдер













13.

-Ел заңнамасының тұрақсыздығы;

- ішкі нарықтың төмен ауқымы;

- жоғары біліктілі кадрлардың жетіспеушілігі;

- визалық режим





- инвесторлардың жоқтығы;

- инвестициялық имидждің төмендеуі

- инвестициялық бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуі


Инвестициялық ахуалды жақсарту;

Инвестициялық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

Инвестициялық имиджді ілгерілету;

Инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақты дамыту және экспортты ілгерілету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру;

Өңірлерге инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыру


2015 жыл

ИК

Бүгінгі күні, инвесторлар үшін енгізілген жаңа ынталандыруларды насихаттау бойынша ақпараттық-таныстыру жұмыс жүргізілуде. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес салықтық жеңілдіктер, инвестициялық субсидия, заңнама өзгерісі кезіндегі тұрақтылық (салықтық, халықты жұмыспен қамту), шетел жұмыс күшін тарту қарастырылған. Сондай-ақ, «Бір терезе» және Инвестициялық омбудсмен қызмет атқарады.





14.

Жобалық офистің тұрақты есептілігінің жоспарлы нысандарының толық толтырылмауы

«Қазақстанды индустрияландыру картасының мониторингі» міндеті бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін ақпараттың толық болмауы

Жобалық офисті толтыру мәселесі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және өңірлермен өзара іс-қимыл жасау

2015 жыл

ИК

Әр апта сайын арнайы әкімдердің арнайы орынбасарларының электронды жәшіктеріне Жобалық офистің есептік нысандарын толтыру бойынша ақпарат жіберіліп отырды.

Жобалық офисті сапалы толтыру жайлы хаттар МО жіберілді. Сонымен қатар Жобалық офис туралы мәселелер өңірлермен болған селекторлық жиналыстарда қарастырылды.






15.

АЭА инфрақұрылымының аяқталмағандығы

Инвестициялық тартымдылықтың жеткіліксіздігі

Инфрақұрылым құрылысын аяқтауға қаражат бөлу мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау

2015 жыл

ИК

Елбасы өзінің "Нұрлы Жол - келешекке бастар" атты жолдауында маңызды бағыттардың бірі индустриялы инфрақұрылымның дамуы деп анықтады.

Айтылмыш мақсатты жүзеге асыру үшін Елбасы бар АЭА-да инфрақұрылымның құрылысын аяқтау және оларды шынайы жобаларымен толтыру мақсатын қойды.

Қазақстанда 10 АЭА құрылды. Бүгін инфрақұрылым толығымен 3 АЭА аяқталды «Сарыарқа» АЭА, «Оңтүстік» АЭА, «Бурабай» АЭА.

3 АЭА бойынша инфрақұрылым құрылысы аяқталуға жақын – «Астана – Жаңа қала» АЭА, «Ақтау Теңіз порты» АЭА, «Хоргос-Шығыс қақпа» АЭА.

4 АЭА бойынша инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп жатыр («Ұлттық индустриалды мұнай химиялық технопаркі» АЭА, «Тараз Химиялық паркі» АЭА, «Павлодар» АЭА, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА).





16.

АЭА қатысушыларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) сұранысының төмендігі

АЭА аумағында тауарлар және көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмау

АЭА қатысушыларын тапсырыстармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша әлеуетті тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау

2014 жыл

ИК

АЭА-да инвесторларға барынша қолайлы жағдайлар жасалынды. 2015 жылғы тауар өндірісі туралы мәліметтер 2015 жылдың қорытындысы бойынша жарияланады.




17.

Ел ішінде дайын өнімге деген сұраныстың болмауы

Тау-кен металлургиясы кешенін дамыту бойынша тікелей көрсеткіштер мен нысаналы индикаторларға қол жеткізе алмау

Импорт алмастырушы өндіріс құру. Шығарылатын өнімнің қосылған құнын ұлғайту

2015 жыл

ИДӨҚК

ҚР құрылыс индустрия және құрылыс материалдары өндеу кәсіпорынның дайын өніміне елдің ішінде сұраныс бойынша, Қазақстан Рес публикасы Инвестициялар және даму министрілігі кәсіпорындарды қолдау іс-шаралар талдау жүргізуде, бірінші кезеңде облыстық әкімдіктер мен ұлттық компаниялар, холдингтар және ірі кәсіпорындар арасында өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарымен отандық тауар өндірушілерінің құрылыс материалдарын пайдалану меморандумдар жасалынған.




18.

Қазақстан Республикасындағы құрылыс қарқынының баяулауы

Құрылыстағы техникалық реттеу жүйесін реформалауға байланысты жаңа ұлттық стандарттарға көшу үшін жаңғыртуға және техникалық қайта құрылымдауға кәсіпорындар қаржы қаражатының жетіспеушілігі;

Ішкі нарықтағы әлсіз сұранысқа байланысты құрылыс материалдарына деген сұраныстың түсуі



Ұлттық компаниялар сатып алуында жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмысты күшейту «Қолжетімді тұрғын үй 2020», «2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», «2011-2020 жылдарға ТКШ-ні жаңғырту» бағдарламасын іске асыру

2015 жыл

ИДӨҚК

Ірі кәсіпорындарының жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізіледі.

«ШымкентЦемент» АҚ «дымқыл әдісінен» «құрғақ әдісіне» көшу бойынша жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.

«Жамбылғаныш» АҚ өндірістің және дайын өнімнің ассортиментінің молайту мақсатпен

жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.






19.

Табиғи және техногенді апаттар

1. Туристік аймақтардағы болуы мүмкін жер сілкіністері, ірі авариялар мен өрттер, қоршаған табиғи ортаның қауіпті ластануларын (жұқпалы аурулар) анықтау, нөсерлер, көшкіндер, қар көшкіндері, поездардың, кемелер мен ұшақтардың апатқа ұшырауы ұлттық туристік өнімді қалыптастыруында және оны халықаралық және ішкі нарықтарға ілгерілетуінде теріс ықпалын тигізеді;

2. Әртүрлі сипаттағы форс-мажорлық мән-жайлардың ықтимал туындауына байланысты нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізе алмау



  1. Саланы дамыту және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнеркәсіптік бақылау мен экологиялық мониторинг мәселелері бойынша елдің мүдделі мемлекеттік органдарымен, оның ішінде Бүкіләлемдік туристік ұйыммен (ЮНВТО) өзара іс-қимылды тереңдету.

  2. Тұрақты түрде туристік аймақтардағы форс-мажорлық жағдайлар туралы және өзара алмастыратын туристік аймақтар туралы уақтылы ақпараттандыру бөлігінде БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау және Интернет-ресурста ақпаратты жандандыру.

2015 жыл

ТИД


Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігімен бірлесе отырып, елден тыс туристердің төтенше жағдайлары бойынша есеп жүргізіледі.

Сонымен қатар, тұрақты негізде туризм саласының өңірлік атқарушы органдарына шетелде болу шарттарының келеңсіз жағдайлары туралы мәліметтер жеткізіледі.

Қазақстан Республикасының туристік аймақтарында форс-мажорлық жағдайлар болған жоқ.





20.

Пайдалы қазбалар кен орындарының (қорларының) анықталмауы. Әлемдік тәжірибеге сәйкес кен орындары анықталуы немесе анықталмауы мүмкін, белгілі бір ауданда пайдалы қазбалар кендері болмауы мүмкін.

Пайдалы қазбалардың кейбір түрлері қорларының толықтырылуы бойынша нысаналы индикаторының орындалмауы

Тәуекелді төмендету мақсатында іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстарын анағұрым егжей-тегжейлі талдау және жоспарлау

2015 жыл

ГЖҚПК

Жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша алдын ала қорытынды алынды.





21.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының негiзгi құралдарының моральдық және табиғи тозуы

Қазақстан мүддесі үшін «Байқоңыр» кешенінің әлеуетін пайдалану мүмкіндігін жоғалту.

Бәсекелі артықшылықтардың жоғалуы және қазақстандық ғарыш саласының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.



1) «Зенит» ЗТ базасында «Байтерек» ҒЗК құру

2)  жеңіл кл5астағы ЗТ бар ҒЗК құру;

3) ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын, зымыран техникасының компонеттерін өндіру кәсіпорындарын құру және қолданысқа енгізу;

4) зымыран ғарыш техникасын құру бойынша отандық ҒЗТКЖ үлесін ұлғайту;

5) зымыран ғарыш техникасынын құру технологияларының трансферті;

6) объектілерді күрделі жөндеу мен оларды және инфрақұрылымды тиісінше сақталған қалыпта ұстап тұру, сонымен қатар бұрын орын алған залал келтіру деректері бойынша оларды Қазақстан Республикасына өтеу бойынша Жалға алу шартымен алынған міндеттемелерді орындау бөлігінде «Байқоңыр» кешенін пайдалану тетіктерін реттеу жөнінде РФ өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

7) жалға алатын құрамнан шығарылған «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің ұйымдастыру.


2015-2018 жж..

АҒК, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың орындауы туралы есеп

«ҚҒС» АҚ:

3) № 05-312 келісімшарттарының шеңберінде «Ғалам» ЖШС ғарыш техникасы бөлшектерін өндіру бойынша өндірістік учаскелерді сертификаттауы тиіс. Қазіргі уақытта кабельдік өнім, электроника, ЭВТИ және механикалық учаскенің уақытша учаскелері құрылуда. 3Д принтер жабдығын қабылдау жүргізілді. Кабель учаскесі және 3Д принтинг секторы бойынша оқу аяқталды, стратегиялық әріптес – Airbus DS (Франция) компаниясының кәсіпорындарында электроника учаскесінің мамандары оқуды оқып жатыр.



.

22.

Ғарыш техникасын жасау кезінде технологиялық тәртіпті бұзу, сапаны жеткіліксіз бақылау.

Техниканың жұмыс істемеуі, жұмыс кестелерінің орындалмауы, жобалардың уақтылы іске асырылмауы, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатер.

Өндірілетін ғарыш техникасының сапасына талаптарды мына шаралар арқылы арттыру:

1) ғарыш техникасын құру, сынау және пайдалану стандарттарын әзірлеу;

2) ғарыш техникасын жасау сапасын бақылау жүйесін құру;

3) ұйымдар мен кәсіпорындарда ISO сериялы сапа стандарттарын енгізу.



2015-2018 жж..

АҒК, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың орындауы туралы есеп

«ҚҒС» АҚ

1) 2015 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына (ҚР ИДМ 2015 жылғы 23 ақпандағы № 148 бұйрығы) 2015 жылы ғарыш қызметі саласындағы стандарттарды әзірлеу жұмыстары кіргізілген жоқ.

2) №05-3 келісімшарттарының шеңберінде «Ғалам» ЖШС сапа менеджменті жүйесін және ҒТ АКТБ өндірістік учаскелерін сертификаттауды әзірлеу жоспарланады.

3) Барлық Казкосмос мекемелерінде ISO 9001:2008. сапа менеджмент жүйесі енгізілді.






23.

Ғарыш жобаларын іске асыру барысында қазақстандық мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындамауы, өнім берушілердің міндеттемелерді уақтылы орындамауы

Жобаны іске асыру мерзімін бұзу

1) жобалардың конкурстық құжаттама және техникалық тапсырма сапасын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің шеңберінде әлеуетті мердігерлерді сапалы іріктеуді ұйымдастыру және өткізу;

3) іске асырылып жатқан жобаларда мердігерлердің міндеттемелерін орындамағанынан залалды өтеуді шарттарда көрсету;

4) басталған жобаларды одан әрі іске асыруды жалғастыру бойынша басқа баламалы мердігерлерді іздеу



2015-2018 жж..




«ҚҒС» АҚ

1) Тендерлік құжаттаманың сапасын қамтамасыз ету мақсатында тендерлік комиссияның құрамын (қажет болған жағдайда сараптамалық комиссия құру) бекіту туралы бұйрық және тендерлік құжаттаманы бекіту туралы бұйрық (тендерлік құжаттамаға тендерлік комиссияның барлық мүшелері барлық парақтарына виза қояды) шығарылады

2) Әлеуетті өнім берушілерді сапалы іріктеуін ұйымдастыру және жүргізу үшін мынадай рәсімдер жүргізіледі:

- Тендер КЗ газетінде, мемлекеттік сатып алуының веб.порталында және Қоғам сайтында өткізіліп жатқан сатып алу туралы ақпарат жарияланады

- әлеуетті өнім берушілер тендерге қатысуға өтінімдерін ұсынады

- әлеуетті өнім берушілер ұсынған өтінімдерді қарау

- қорытынды жасау

- тендердің жеңімпазымен шарт жасасу

3) – «Құлагер» ҚК» ЖШС ҒА ҚСК салу 19.06.2012 ж. №05-90 мердігерлік жұмыстарын сатып алу бойынша міндеттерін уақытылы орындамағаны үшін «БЦК» АҚ-на аванстық төлемді қайтаруын қамтамасыз етуге енгізілген кепілденген соманы қайтару туралы талап жолданды.

2015 ж. 12 наурызда «ҚҒС» ҰК» АҚ «БЦК» АҚ қатысты шағыммен 1 525 000 000 теңге көлеміндегі Шарт бойынша аванстық төлемді қамтамасыз етуге енгізілген кепілденген міндеттерді төлеуден бас тарту заңсыз деп тану туралы Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

- Міндеттерді уақытылы орындамағаны үшін 2015 ж. 12 наурызда «Құлагер» ҚК» ЖШС-не 193 516 976 теңге көлемінде №15-06/И-353 айыппұл төлеу туралы хабарлама жіберілді.

4) Жобаларды бұдан әрі іске асыруды жалғастыру үшін өзге баламалы мердігерлерді іздеу «ҚҒС» ҰК» АҚ ішкі нормативтік құжаттамасына сәйкес сатып алу рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.



.


Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИДМ

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

ДСӘҚМ



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлiгi

Қаржымині

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҰЭм

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ

-

«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

АҚ «Kaznex Invest» ҰӘИА» АҚ

-

«Kaznex Invest» ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі» акционерлік қоғамы


«Nadloc» АҚ

-

«NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы

«ҚИДИ» АҚ

-

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы

«Самұрық-Қазына» ЖШС

-

«Самұрық-Қазына» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



«ОКҚ» АҚ

-

«Орталық коммуникациялар қызметі» АҚ

«Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК



«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны


«Бәйтерек» БК» АҚ



«Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны» акционерлiк қоғамы

ЖІӨ



Жалпы ішкі өнім

ХҚО ИАЖ



Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі

ҰАК

-

Ұлттық атомдық компаниясы

ҰҒА

-

Ұлттық ғарыш агенттігі

НҚА

-

Нормативтік құқықтық актілер

ҰҒЗТО

-

Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы

ААК

-

Аэроғарыш комитеті

АЖК

-

Автомобиль жолдары комитеті

ААК

-

Азаматтық авиация комитеті

ГЖҚПК

-

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

ИК

-

Инвестициялар комитеті

ИДӨҚК

-

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

КК

-

Көлік комитеті

БААК

-

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті

ТРМК

-

Техникалық реттеу және метрология комитеті

ӘКД

-

Әкімшілік жұмысы департаменті

ҚД

-

Қаржы департаменті

СЖД

-

Стратегиялық жоспарлау департаменті

КЖД

-

Кадр жұмысы департаменті

ЗД

-

Заң департаменті

ҚБД

-

Құжаттау және бақылау департаменті

СЭЫД

-

Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті

ТИДД

-

Технологиялық және инновациялық даму департаменті

ЭИД

-

Экономикалық интеграция департаменті

ЖҚПД

-

Жер қойнауын пайдалану департаменті

ТКЛДД

-

Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті

МҚДБ

-

Мемлекеттік қызметтерді датыту басқармасы





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет