Қосымша Жалпы білім беретін мекемелерде интернет желісін қолдану ережелері



жүктеу 66.89 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі66.89 Kb.

Қосымша

Жалпы білім беретін мекемелерде интернет желісін қолдану
ЕРЕЖЕЛЕРІ

(үлгі)


 

1. Жалпы ережелер

1.1. Жалпы білім беретін мекемелерде Интернет желісін қолдану оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешуге бағытталады.

1.2. Бұл Ереже жалпы білім беру мекемелерінде (ЖБМ) Интернет желісін қолдану жағдайларын реттін үйлестіріп отырады.

1.3. Бұл Ереже білім беру мекемесінің жергілікті нормативтік актісінің құқында болады.



2. Жалпы білім беретін мекемелерде интернет желісін қолдануды ұйымдастыру.

2.1. Инетрнет желісінің мүмкіндіктерін білім беру үрдісінде қолдану мәселелері ЖБМ-ң педагогикалық кеңесте қаралады. Педагогикалық кеңес оқу жылына арналған Интернет желісін қолдану Ережесін бекітеді. Ереже ЖБМ басшысының бұйрығымен іске қосылады.

2.2. Ереже үлгі регламент негізінде немесе сыртқы сарапшылардың қатыстырылуымен педагогикалық кеңесте әзірленеді. Сыртқы сарапшылар құрамына:


  • Интернетті оқу үрдісінде қолдануда тәжірибесі бар ЖБМ-ң оқытушылары;

  • ақпараттық технологиялар саласының мамандары;

  • білім беруді басқару органдарының өкілдері;

  • оқушылардың ата-аналары кіруі мүмкін.

2.3. Интернет желісін қолдану ережесін әзірлеуде педагогикалық кеңес:

  • Қазақстан Республикасының заңдарын;

  • ақпараттық технологиялар мен Интернет желісін оқу-тәрбие үрдісінде мақсатты және тиімді қолдану тәжірибелері;

  • оқушылардың мүдделері;

  • білім беру үрдісінің міндеттерін;

  • Желі ресурстарын классификациялау салалары ұйымдастыру мен бағдарлық органдардың ұсынымдарын басшылыққа алады.

2.4. ЖБМ басшысы интернет желісіне тиімді және қауіпсіз қол жетімділігін қамтамасыз етілуіне және Ереженің орындалуына жауап береді. ЖБМ-де қабылданған Ережеге сәйкес білім беру үрдісіне қатысушылардың интернет желісіне қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мекеме басшысы бұйрығымен интернетпен жұмыс істеу және қолжетімділікті шектеуді ұйымдастырушыны тағайындайды.

 

2.5. ЖБМ-нің педагогикалық кеңесі:



  • Интернет желісінің белгілі бір ресурстарына және (немесе) ресурстар категориясына қолжетімділікке рұқсат беру/бұғаттау туралы шешім қабылдайды;

  • ЖБМ-нің интернет ресурстарында жарияланатын ақпараттардың көлемі мен сипаттамаларын анықтайды;

  • Интернет желісі ресурстарына қол жетімділікті ұйымдастыру және желідегі жұмыстың қауіпсіздігін бақылау туралы жауапты адамды тағайындау немесе оны қызметінен босату жөнінде мекеме басшысына ұсыныс түсіре алады;

2.6. Оқу жоспарына сай сабақ кезінде білім алушылардың Интернет желісін қолдануды сабақ беруші оқытушы бақылайды.

Оқытушы бұл кезде:



  • білім алушылардың интернет желісін және компьютерлерді пайдалануын бақылайды;

  • білім беру үрдісіне қатысы жоқ контенттерге кіруге қарсы шаралар қолданады.

2.7. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың Интернет ресурстарын пайдалануына бақылау жасау мекеме басшысы бұйрығымен тағайындалған адамға жүктеледі.

Білім беру мекемесінің қызметкерлері:



  • білім алушылардың интернет желісін және компьютерлерді пайдалануын бақылайды;

  • білім беру үрдісіне қатысы жоқ контенттерге кіруге қарсы шаралар қолданады.

  • оқушылардың білім беру үрдісіне қатысы жоқ контенттерге кіргені туралы сынып жетекшісіне хабарлайды.

2.8. Интернет желісін қолданғанда оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тек білім беру үрдісіне қатысы бар ресурстарды қолдану қамтамасыз етіледі. Бұл талаптардың орындалуын бақылау техникалық құралдар мен ЖБМ-де орнатылған немесе байланыс қызметі операторы ұсынған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

 

2.9. ЖБМ-нің интернет желісін қолданушылары техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы интернет желісі ресурстарын олардың жиі жаңаруына байланысты толық сүзгіден өткізу мүмкін болмайтындығын ескеруі керек. Сондықтан оқушылардың білім беру үрдісіне қатысы жоқ немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін контенттерге кіру ықтималдығы болады. ЖБМ-дегі интернет желісінің ресурстарын қолданушылар мекменің интернет ресурсынан тыс талапқа сай контентке кездейсоқ кіруге қатысты жауапкершілік те болмайтынын түсінуі керек.



 

2.10. Белгілі бір ресурстарды және (немесе) ресурстар категорияларын техникалық құралдармен немесе контенттік фильтрациялауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету топтарына жатқызуды мекеме басшысы тағайындаған жауапты қызметкер ЖБМ-де қабылданған Ережеге сай жүргізеді.

 

2.11. ЖБМ-нің интернет ресурстарына орналастыру принциптері:



  • Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауды, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауды;

  • оқушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің дербес мәліметтерін сақтауды;

  • ақпараттың шынайылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2.12. Білім алушылар туралы дербес мәліметтер (аты-жөні, сыныбы/оқытылу жылы, жасы, фотосуреті, тұрғылықты жері туралы мәлімет, телефоны, т.с.с.) ЖБМ-нің интернет-ресурстарында оқушының ата-анасының немесе оның заңды өкілінің жазбаша келісімімен жарияланады.

2.13. ЖБМ-дегі өткізілген шаралар туралы ақпараттарда жоғарыда аталған адамдар мен олардың заңды өкілдерінен келісімдер алынбаған жағдайда оқушының аты мен фамилиясы, оның мұғалімінің немесе ата-анасының аты, фамилиясы және әкесінің аты ғана көрсетіледі.

2.14. Дербес мәліметтерді жариялар алдында ЖБМ өкілі жарияланымның қандай салдарлары болуы мүмкін екендігін хабарлауы міндетті. Алдын-ала жазбаша келісім алынған болса, дербес мәліметтері бар жарияланымға байланысты келеңсіз салдарларға ЖБМ жауапкершілік алмайды.


3. Білім беру мекемелерінде интернет желісін қолдану.

3.1. ЖБМ-де интернет желісі білім беру үрдісін жүзеге асыру үшін қолданылады.

3.2. ЖБМ-де интернет желісін ұйымдастырушы және оған қолжетімділікті шектеуге жауапты адамның рұқсатымен оқытушылар, қызметкерлер мен:


  • ЖБМ-нің интернет ресурсарында өздерінің ақпараттарын орналастыруға;

  • ЖБМ-нің интернет ресурсарының электрондық пошталарында есептік жазбаларды ашуына құқықтары бар.

3.3. Оқушыларға:

  • мазмұны мен тақырыбы кәмелетке толмаған жастарға арналмаған және/немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ресурстарға (эротика, порнография, зорлық-зомбылықты, лаңкестікті, саяси немесе дінаралық экстемизмді, ұлттық, нәсілдік т.б. жік салуды насихаттау немесе осылармен бағыттас ресурстар) кіруге;

  • интернет арқылы қандай да бір келісімшарттар жасауға;

  • арнайы рұқсатсыз ЖБМ компьютерлеріне файлдар жүктеуге;

  • өзге адамдардың ар-намысына тиетін, жалған ақпараттарды, қауіп туғызатын мәліметтерді таратуға тиым салынады.

3.4. Білім беру үрдісіне қатысы жоқ ресурстарға кездейсоқ кірген жағдайда оқушы ол туралы сабақ жүргізіп жатқан оқытушыға дереу хабарлауы міндетті. Оқытушы бұл ресурстың домендік адресін тіркеп алып, жергілікті желіге жауапты және ақпараттық ресурстарға шектеу қоятын адамға хабарлайды.

Жауапты адам:



  • оқытушыдан ақпаратты қабылдауға;

  • категорияланбаған ресурс туралы ақпаратты техникалық құралдар мен ақпаратқа техникалық шектеу қоятын операторға (бір тәулік ішінде) бағыттайды;


Білім алушылардың Интернет желісін қолдануын бақылауды жүзеге асыратын БМ қызметкерлерінің Ережесі

1. Бұл ереже ЖБМ қызметкерлерінің:

1) білім алушылардың білім беру үрдісіне қатысы жоқ контентті пайдалануы;

2) техникалық себептерден болған білім беру үрдісіне байланысты контентке кіру мүмкін болмаған жағдайлары;

анықталған кездегі әрекеттер ретін орнатады

2. Интернет желісін білім алушылардың қолдануын Бақылауды жүзеге асырады:

1) сабақ кезінде – оны өткізетін мұғалім және(немесе) БМ әдейі көмекке бөлінген қызметкері;

2) білім алушылардың Интернет желісін бос уақытта қолдануы кезінде – БМ басшысының бекітуімен белгіленген БМ қызметкері.



3. Оқытушы:

  • білім беру үрдісіндегі техникалық мүмкіндіктерге, сонымен бірге бір оқушының жұмыс сеансының ұзақтығына сәйкес білім алушының Интернет желісіндегі жұмыс орны мен уақытын анықтайды;

  • білім алушының Интернет желісі мен компьютерді қолдануын бақылайды;

  •  Интернет желісіндегі БМ трафиктік көлемдеріне бақылау жасауды жүзеге асырады;

  • Білім алушы сабақ кезінде Интернет желісімен жұмыс жасау ережесін бұзған кезде оған әрі қарай жұмыс жасауына тыйым салады;

  • Білім алушының  Интернет желісімен жұмыс жасау ережесін бұзғандығы жөніндегі ақпаратты сынып жетекшісіне баяндайды;

  • Білім үрдісіне қатысы жоқ Интернет ресурстарына кіру айқындалған жағдайда, арнайы шаралар қабылдайды.

4. ҚР заңдылықтарына сәйкес тыйым салынған ақпараттар ресурсы анықталған жағдайда Интернет жұмысына жауапты адамға хабарлайды.

5. БМ рұқсат етілген ресурстарға кіруге мүмкін болмаған жағдайда, оқытушы Интернет жұмысына жауапты адамға хабарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет